Құқық | Құқықтық тәртіп Құқық бұзушылық Және заң алдындағы жауаптылық

Заңдылықты нақты жүзеге асыру нәтижесінде қоғамдық қатынастарды іс жүзінде тәртіпке келтірудің жай-күйі дегеніміз құқық тәртібі. Қалыптасып және өзгеріп жататын құқық тәртібі – мемлекет жариялайтын заңдылықтың нақты қамтамасыз етілуінің, оның кепілдіктері пәрменділігінің маңызды көрсеткіші. Әртүрлі маңызды құқықтар мен міндеттердің субъектілері ретінде адамдардың заңды еріктілік қызметі, мінез-құлық құқық тәртібінің мазмұнын айқындайды, құқық тәртібін жасайды.
Ең алдымен құқық тәртібін қорғауға тиісті мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықты сақтаудың елдегі заңдылықтың жай-күйінің айнасы деп саналатын кездейсоқ емес, өйткені заңдармен реттелген нақты қоғамдық тәртіптің ұйтқысы ретінде құқық тәртібін тек заңды құралдар ғана қамтамасыз ете алады, ал заңдардың орындалуы құқық тәртібін нығайтуға жеткізуге тиіс.
Құқық тәртібі демократияны дамыту мен нығайтуға жәрдемдеседі. Құқық тәртібі болмайынша демократия берекесіздік пен бетімен кетушілікке айналады.

Құқық бұзушылық – қоғамның, мемлекет пен жеке адамның мүдделеріне зиян келтіретін субъектінің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті әрекеті.
Кез келген құқық бұзушылық дегеніміз адамдардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі ретіндегі әрекеті. Оларға табиғат құбылыстары мен жануарлардың мінезін жатқызуға болмайды.
Құқық бұзушылықтың бәрі құқыққа қарсы. Бірақ құқыққа қарсы әрекеттің кез келгенін құқық бұзушылық деп тануға болмайды. Нәтижесі субъектінің еркін өз ықтиярымен білдіруі, яғни оның кінәлі мінез-құлқы болған әрекет қана құқық бұзушылық болады. Әдетте, жасы толмағандар мен ақыл-есі кем адамдар өз әрекеттерінің сипатын ұғынбайды деп саналады, сондықтан да олар құқық тұрғысынан құқық бұзушылыққа қабілетті болып танылмайды. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП

Құқықтық деп заңдылық қағидаларын іс жүзіне асыруда қоғамдық қатынастардың жүйелі түрде құқық нормаларымен реттелуін және тиімді қорғалуын айтады.
Құқықтық тәртіп заңдылықтың ажырамас белігі болып табылады. Құқықтық тәртіпті нығайту қоғамдық тәртіпті және заңдылықты нығайтуға тікелей әсер етеді. Керісінше, қоғамда құқықтық тәртіп әлсіресе қоғамдық тәртіп те, заңдылық та әлсірейді, дағдарыс процесі дамиды. Құқықтық тәртіпті нығайту негізінде мемлекеттің құқық қорғау функциялары арқылы іс жүзіне асырылады. Сот, прокуратура, полиция, ұлттық қауіпсіздік комитеті сияқты органдар өздерінің құзырымен міндеттеріне байланысты құқықтық тәртіпті нығайту ісіне үлестерін қосады. Бұл жерде әр мемлекеттік органның функциялары ведомстволық мүддемен шектелмеуі тиіс. Бірігу, координациялық шаралар арқылы құқықтық тәртіпті нығайту, олардың басты міндеттерінің бірі.
Құқықтық тәртіпті нығайтуда азаматтық қоғамның үлесі зор. Бұл мемлекеттік емес қоғамдық қатынастар арқылы жеке адамдар мен ұжымның мүдделері құқық шеңберінде іс жүзіне асырылады «тыйым салмағанның бәріне рұқсат» қағидасы аясаңда құқықты тәртіп нығаяды. Бірақ мемлекет азаматтық қоғамның барлық институттарының іс-әрекеттерінің Конституцияға сәйкес болуын бақылайды, заңдарды қатаң сақтауын талап етеді.
Құқықтық мемлекеттің басты мақсаттарының бірі құқықтық тәртіпті сақтауды әрбір азаматтың ішкі жан дүниесінің, психологиясының қажеттілігіне айналдыру.
Ол үшін қоғамдық сана деңгейі моральдық құндылықтарды, діни қағидаларды күнделікті ереже мағанасында қабылдауы тиіс. Ондай талаптардаң мүлт кетуді бүкіл қоғам айыптаумен қатар, элементарлық тәрбиесіздік деп бағалануы қажет.
Адам құқының даму эволюциясы мемлекет және құқықтың пайда болуымен бірге дамып, сапалы құндылықтар деңгейіне көтерілді. Уақыт адам құқықтарының асқақтауына, тиімді қорғалуына өзінің ықпалын тигізуде. Олай дейтін себебіміз адамзат тарихы, оның прогрессивтік саяси-құқықтық идеялары адам құқықтары қай заманда болмасын қастерлеу қажеттілігін үлкен, маңызы зор проблема етіп ұсынады. Себебі адам жаратылыстың ең саналы, ең нәзік, ең күшті ажырамас бөлігі. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Заңдылық құқықтық тәртіп және заңды тәжірибе

Қоғам тәртіпке, заңдылыққа негізделіп, соған арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың әсерімен орнатылады. Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі; ол көп салалы, көп жүйелі процесс. Құқықтық басқарудың екі күрделі бағыты: құқықтың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері, ықпалы және құқықтық реттеудің, басқарудың рөлі. Бұл екі процесті қосып айтқанда – қатынасты құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі дейді.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Заңдылық және құқықтық тәртіп

Заңдылық туралы заң ғылымында құнды зерттеулер мен монографиялар жарық көрді. Көптеген ғалымдар заңдылықты екі мағанада түсінеді: Бірінші топтағы ғалымдар заңдылықты мемлекеттегі басқару режимі десе, екінші топтағы зерттеушілер заңды бұлжытпай орындау деген идеяны алға тартады. Сонымен қатар заңдылық құл иеленуші және феодалдық мемлекеттерде болмаған деген пікір қалыптасқан.
Адамзат тарихында қабылданған тарихи-құқықтық ескерткіштерге назар аударсақ, заңдылық құл иеленуші, феодалдық мемлекеттердеде болған, бірақ мүддені қорғауда тар шеңбер аумағында, таптық сипат деңгейімен ғана шектелген. Мысалы, ежелгі Римдегі Юстинианның Дигестерінде заңдылық туралы мынандай норма бар: «Заң деген ол сол, оған барлық адамдар бағынулары тиіс». Хамурапи, Ману заңдарынан да осындай талаптар аңғаруға болады. Мысалы, б.э. дейін XVIII ғ., қабыл-данған Хамурапи заңының шығуы мынандай қағида негізінде қабылданған: ....
Рефераттар
Толық