Құқық | Заңдылық құқықтық тәртіп және заңды тәжірибе
Қоғам тәртіпке, заңдылыққа негізделіп, соған арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың әсерімен орнатылады. Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі; ол көп салалы, көп жүйелі процесс. Құқықтық басқарудың екі күрделі бағыты: құқықтың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері, ықпалы және құқықтық реттеудің, басқарудың рөлі. Бұл екі процесті қосып айтқанда – қатынасты құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі дейді.
1. Заңдылық және құқықтық тәртіп
Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеу механизмі құрылымының элементтері: құқықтық норма, құқықтық қатынас және заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы акті.
1). Құқықтық норма – арқылы қоғамдағы заңдылықтың, тәртіптің талабы, мазмұны, шеңбері, мүдде-мақсаты анықталады; олардың орындалу бағыттары, жолдары, тәсілдері көрсетіледі. Егер дұрыс орындалмаса, жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі.
2). Құқықтық қатынас арқылы субъектілердің арабайланысын мүдде-мақсатын, құқық пен міндеттерін анықтап, біліп отырады. Ол мүдде-мақсаттарды қандай нормативтік актілер арқылы іске асырады; қатынастың басталуы мен аяқталуы көрсетіледі.
3). Заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы актіде қатынастың толық орындалып, аяқталуы; мүдде-мақсаттың екі жақты іске асуы; дұрыс орындалмаса себептері көрсетіледі, оны түзеу, орындау жолдары анықталады.
Осы үш элементтерге сәйкес қатынасты реттеу механизмі үш кезеңге бөлінеді: қатынастың басталуы, ол қатынасты реттеу үшін жаңа норманың өмірге келуі, субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің орындалуы.
Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу механизмінің жақсы сапалы жүмыс атқару үшін субъектілердің рухани сана-сезімі, құқықтық білімі, мамандық тәжірибесі жоғары дәрежеде болуы керек. Мемлекет осы мәселелерге зор көңіл бөледі.
Себебі бұл механизмнің алдында тұрған мақсат қоғамдағы ең күрделі, аса жауапты мүдде-мақсат – ол нормативтік актілердің дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз ету. Сол арқылы халықтың бостандығын, теңдігін дұрыс дамыту, қоғамда әділеттікті, демократияны орнату, құқықтық мемлекетті қалыптастыру.
Сонымен, қатынасты құқықтық реттеу механизмі дегеніміз –субъектілердің арақатынасын нормативтік актілер арқылы реттеп, басқарып іске асыру бағыты, әдісі, тәсілі. Бұл заңды жүйе, заңды механизм.
Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеудің жақсы дамуы мемлекеттің, бірлестіктердің, саяси ұйымдардың, дұрыс әділетті жұмыс жасауының сипаттамасы; халықтың бостандығы, теңдігі дамып, жеке адамның, қоғамның мүдде-мақсаттары бірігіп қалыптасуының сипаттамасы.
Заңдылық дегеніміз – мемлекеттің конституциясын, парламенттің қабылдаған заңдарын, президенттің заң күші бар жарлықтарын қатаң бақылап, оларға нышан келтіруге жол бермеу. Заңға тәуелді актілерді бақылау заңдылыққа жатпайды. Заңдылықтың мазмұны үш элементтен құрылады.
1. Қоғамда әділ заң саясаты болу керек. Сол арқылы мемлекеттің заңдары бостандықты, теңдікті, адамгершілікті, инабаттылықты, парасаттылықты т.б. жақсылықты қорғау керек; мемлекет пен азаматтардың арақатынасын дұрыс басқару.
2. Конституцияның, заңның мазмұнын толық іске асыру, дұрыс орындау. «Сөз бен іс бір жерден» шығу керек.
3. Конституция мен заңды халықаралық құқықтың принциптерін қатаң қорғау, оларға нұқсан келтіруге жол бермеу.
Міне осы элементтер іс жүзінде бірігіп, қалыптасса, қоғамда заңдылық орнап, құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік болады.
Заңдылықты қорғау субъектілері: мемлекет, оның органдары, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар егерде заңды рұқсаты болса. Жеке тұлғалар-азаматтар заңдылықгы қорғаудың субъектісі болмайды. Олар заңды бұзса, құқықтық тәртіпті бұзған болып саналады.
Заңдылық – дамыған елдердің саяси, мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік құрылысының негізі. Жақсы заңдылық қоғамның барлық саласына өзінің әсерін, ықпалын тигізеді. Заңдылықтың өзіне тән ерекшеліктері:
- заңдылық барлық қоғам көлемінде дамиды; оны орындау, дамыту барлық қоғамның жұмысы. Бұл жұмысты қамтамасыз ету мемлекеттің, бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, саяси партиялардың міндеті. Бақылау мемлекеттік органның жұмысы.
- заңдылық нормативтік актілермен тығыз байланыста дамиды. Олар бір-біріне зор әсер етіп отырады. Бірі жақсы дамыса екіншісі де жақсы дамиды, нашар дамыса, екеуінің де деңгейі төмен болады.
Сондықтан заңдылық мемлекетте бір-бірімен тығыз байланысты екі мәселені дұрыс дамытуды қалайды:
- заң шығаруды дамыту, нығайту, кемшілікке жол бермеу;
- заңды бұлжытпай, уақытында орындауды қамтамасыз ету. Заңдылықтың негізгі талабы:
- заңның үстемдігін қамтамасыз ету;
- заңды түсіну мен орындаудың бірлестігін қатаң, орындау;
- адам өз құқығын, өз бостандығын қорғаймын деп басқаның құқығына нұқсан келтірмеуге міндетті;
- заңдылыққа еш мәселені қарсы қоюға болмайды;
- құқықты бұзушылыққа қатаң күрес жүргізу.
Құқықтық тәртіптің жоғары дәрежеде болуы заңдылықтың деңгейіне байланысты. Заңдылық жақсы болса, тәртіп те жақсы болады. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.
Азаматтарды тәрбиелеудің өр мемлекетте тиісті жүйелері болады, оның түрлері: саяси, құқықтық, моральдық, эстетикалық т.б. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болады. Бірақ бәрі бірігіп бір мүдде-мақсатты іске асыруға, орындауға үлес қосады. Мақсат – азаматтардың рухани сана-сезімін, психикасын, білімін, өмірлік тәжірибесін, тәртібін, адамгершілігін көтеріп жақсарту. Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептілік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға әдептілік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттік, адамгершілік мәні жоғары болады.
Осы жүйенің негізгі түрлерінің бірі – құқықтық тәрбиелеу. Бұл жұмыс екі бағытта жүргізіледі: бірінші бағыты – азаматтарға құқықтық білім беру; екінші бағыты – олардың құқықтық сана-сезімін жақсарту. Құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты:
- адамдардың қоғамдағы құқықтық жүйесін, оның мазмұнын жақсы біліп, жақсы түсінуін қамтамасыз ету;
- адамдардың заңға, құқықтық тәртіпке деген мінез-құлқын, іс-әрекетін жақсарту;
- адамдардың құқықтық нормаларды дұрыс қолдану, дұрыс орындау тәжірибесін жақсарту.
Құқықтық тәрбиелеу жүйесі үш элементтен тұрады:
1) субъект – мемлекеттік орган, лауазымды тұлғалар – тәрбие жұмысын жүргізетін;
2) объект – адамдар;
3) құқықтық тәрбие көлемінде жүргізілетін арнаулы жұмыстар, іс-әрекеттер.
Құқықтық тәрбиені іске асыру, орындау механизмі төрт бөлімнен тұрады:
1) қоғамдық құқықтық сана;
2) құқықтық норма жүйесі;
3) құқықтық тәрбие жұмысының нысаны және әдіс-тәсілдері;
4) тәрбие жұмысымен қамтылған адамдардың құқықтық сана-сезімі.
Осы құқықтық тәрбиенің механизмі арқылы қоғамдағы заңдылықты, құқықтық тәртіпті дамытып, жақсартуға мүмкіншілік қалыптасады.
Құқықтық тәртіптің мазмұны – субъектілердің дұрыс тәртібі, нормативтік актінің талабына сәйкес жұмыс жасау, іс-әрекетте қателікке жол бермеу. Құқықтық тәртіптің құрылымы – қоғамның санасымен байланысты тұрғыда іс-әрекет жасап, қатынас арқылы өздерінің мүдде-мақсатын іске асыру. Құқықтық тәртіптің ерекшелігі – бұл қарым-қатынас құқықтық норма арқылы өмірге келіп, мемлекеттің бақылауында болады. Егерде қарым-қатынаста қателіктер кетсе, оны мемлекеттік орган түзетуге тиіс.
Әскери құқықтық тәртіптің өзіне тән ерекшеліктері болады: өздерінің жеке арнаулы заңдары, ережелері болады. Барлық қарым-қатынас сол заңдармен реттеліп, басқарылады. Жалпы саясатта ешқандай айырмашылық жоқ. Тек реттеуде, басқаруда өзгешіліктер болады.
Сонымен, құқықтық тәртіп дегеніміз қоғамдағы қатынастардьщ жүйе-салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалуы.
Заңдылықтың, құқықтық тәртіптің кепілдіктері:
1. Материалдық кепілдік – егерде субъектілер өзара қателіктер жіберсе, өздері келісімге келіп, нормативтік актіні дұрыс орындауға тиіс.
2. Саяси кепілдік – қоғамның саяси тұрақтылығы заңдылыққа, тәртіпке көп әсер етеді. Қоғамдағы барлық бірлестіктер, одақтар, ұжымдар, саяси партиялар дұрыс, жақсы жұмыс жасауы көп әсер етеді.
3. Моральдық кепілдік – қоғамның инабаттылық, парасаттылық деңгейі жақсы болса, заңдылық, тәртіп те жақсы болуға тиіс.
4. Заңды кепілдік – мемлекеттің заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын арнаулы органдарының рөлі, маңызы, әсері өте зор.
Қоғамдағы заңдылық, бостандық, құқықтық тәртіп, демократия бір-бірімен тығыз байланыста дамиды, бір-біріне зор әсер, ықпал жасайды.
Әр мемлекетте қоғамдық тәртіп және құқықтық тәртіп болады. Қоғамдағы қабылданған барлық әлеуметтік нормаларды мемлекеттік органдар, бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар, азаматтар дұрыс, уақытында орындау – қоғамдық тәртіп. Қоғамдық қатынастардың жағдайы құқық нормалардың талабына сәйкес болса – құқықтық тәртіп. Екеуі бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің әлеуметтік маңызы: 1) қоғамдық өмір бір қалыпты жақсы дамиды; 2) мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық ұйымдармен органдар жақсы жұмыс жасайды; 3) Барлық адамдардың құқығын, бостандығын, барлық ұйымдардың, ұжымдардың мүдде-мақсатын дұрыс орындап, дамытуға мүмкіншілік туады.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті жақсы дамыту әдіс-тәсілдері:
- құқықты бұлжытпау шараларының жүйесінің сапасын жақсарту;
- кінәға сәйкес заңды жауапкершіліктің түрін анықтау, әділетті жаза қолдану;
- еріксіз жауапкершілікті қолдануды дұрыс пайдалану;
- заңдылыққа, құқықтық тәртіпке мемлекеттік бақылауды әділетті жүргізу.
Құқықтық тәртіп – заңдылықтың дәйекті, нақтылы толық орындалуы. Заңдылық-құқықтық тәртіптің мазмұны мен мақсаты, мұраты мен қағидалары. Заңдылық пен құқықтық тәртіп тығыз байланысты. Құқықтық тәртіп – заңдылықтың мазмұны мен мүдде-мақсаты. Осы екі ұғым бірлесіп орындалады.
Құқықтық тәртіп
2. Заңды процесс және заңды тәжірибе түсінігі мен мазмұны
Мемлекеттік аппараттың жақсы, сапалы қызмет атқаруы үшін қоғамның барлық саласында қатаң тәртіп болу кажет. Оны әр мемлекет өздерінің заңдары, қаулылары, ережелері, нұсқаулары арқылы реттеп, тиісті тәртіп қалыптастырып отырады. Мысалы, халықтың өкілдік органдарының жұмыс регламенті, мемлекеттік оргаңдардың қызметінің ережелері, жалпы халықтық сайлау жүргізу ережелері, мұрагерлік мәселелерін шешу ережелері т.б. нұсқау-құжаттар. Осы нормативтік актілер, нұсқауларға сәйкес әр мемлекеттік аппарат өз жүйесіндегі органдардың қызметінің жоспарын, бағдарламасын жасап отырады. Сол арқылы әкімшілік, мемлекеттік тәртіпті үнемі бақылауға алып, сапасын жақсартуға мүмкіншілік жасап отырады.
Мемлекеттік органдардың қызметінің заңды нысандары екі топқа бөлінеді: 1) азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың, ұжымдардың, партиялардың құқықтық іс-әрекеттері; 2) сол іс-әрекеттерді заңды құжаттармен реттеп, басқару. Бұларды заңды іс-әрекеттер нысаны және заңды құжаттар нысаны деп атайды.
Заңды процесс дегеніміз – қоғамдағы барлық заңды іс-әрекеттерді нормативтік актілер арқылы реттеп, басқарудың нысандарының топтасқан түрі. Заңды процесс бірнеше кезеңдерге бөлініп, әр кезеңнің өзіне тән іс-әрекеттері болады. Мысалы, азаматтық құқық процесінде жеті кезең болады: 1) сот процесін қозғау; 2) істі соттың қарауына дайындау; 3) сотта істі қарау; 4) істі кассациялық инстанцияда қарау; 5) істі бақылау – қадағалау инстанцияда қарау; 6) жаңадан белгілі болған жағдайға сәйкес істі қайтадан қарау; 7) соттың шешім-үкімін міндетті түрде орындау. Осы кезеңдердің әрқайсысында міндетті түрде үш элемент болуы қажет: а) кезеңнің міндет-мақсаты; б) ол мақсатты орындау үшін іс-әрекеттің ерекшеліктерінің болуы; в) заңды құжаттардың ерекшеліктері.
Заңды процестің объективтік басталу негіздері, себептері болады. Мысалы, барлық кодекстерде, ережелерде, заңдарда кіріспе бөлімі болады. Онда сол нормативтік актілердің мақсаты, мазмұны, нысандары көрсетіледі. Соған сәйкес мемлекеттік органдардың, азаматтардың, ұйымдардың, ұжымдардың, партиялардың іс-әрекеттері реттеліп, басқарылып жатады.
Заңды процесс әр қоғамның іс-әрекеттерінің екі бағытын біріктіреді: 1) құқықтық (процедураларды) дәстүрлерді; заң шығару, жалпы халықтық сайлау жүргізу, қызметке тағайындау, босату т.б. дәстүрлері іс-әрекеттері; 2) сот процесі арқылы қоғамда мемлекеттің сот билігі орындалып жатады; Сот процесі төрт түрге бөлінеді: азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, конституциялық.
Қоғамның объективтік даму процесінде тәжірибенің атқаратын қызметі өте зор. Онсыз қоғамның прогрестік жолмен дамуы мүмкін емес. Адам қоғамының салаларына сәйкес тәжірибе қалыптасады. Сол көп салалы тәжірибенің күрделі бағыты құқық тәжірибесі. Заңды тәжірибе – мемлекеттік органның әлеуметтік-құқықтық тәжірибелерді жинақтап-сараптап қорытынды ресми заңды тұжырымдар жасау қызметі. Заң тәжірибесінің белгі-нышандары:
- Қоғамды құқықтық басқару процесінде әлеуметтік тәжірибе бірте-бірте заң тәжірибесіне айналуы;
- Заң тәжірибесі адам қоғамының даму процесінде мәдениеттің негізгі салаларының күрделі бағыты болып қалыптасуы. Мысалы, көне Рим республикасының заң тәжірибесі кейінгі дәуірде мемлекеттерге көп әсер етуі;
- заң тәжірибесі қоғамдық, ұжымдық, ұйымдық іс-әрекеттің нәтижесінде тексеріліп, анықталып өмірге келеді;
- заң тәжірибесінің даму процесінде қоғамда материалдық, саяси, әлеуметтік құбылыстар, өзгерістер болып соған сәйкес заңды нәтижелі қарым-қатынастар туып нормативтік актілердің, өмірге келу, іске асу процесінің сапасын жақсартады;
Заң тәжірибесі қоғамның барлық саласына әсер етіп оның даму процесін шапшандатады немесе бәсендетеді.
Сонымен заң тәжірибесінің қоғамның құқық жүйесінде атқаратын қызметі өте күрделі, көп салалы.
Қоғамдағы барлық нормативтік актілерді қолдануда, іске асыруда орындалуында көптеген жақсы-жақсы тәжірибелер қалыптасады, сонымен бірге кемшіліктер де анықталып жатады. Өмірде оларды сараптап, кемшіліктерді түзеп, жақсы тәжірибелерді пайдалану заңды процесс. Сөйтіп заңға тәуелді актілерді шығару, қабылдау, бекіту жүмыстарын жақсартып, құқықтық нормалардың сапасын жақсартып отырады. Бұл істің маңызы өте зор.
Заңды тәжірибелердің түрлері:
- заңды, заңға тәуелді актілерді шығарудағы тәжірибе;
- нормативтік актілерді қолданудағы тәжірибе;
- нормативтік актілерді іске асырудағы, орындалуындағы тәжірибе;
- заңдылықты, құқықтық тәртіпті реттеудегі, бақылаудағы тәжірибе;
- субъектілеріне сәйкес заңды тәжірибенің түрлері: парламенттік тәжірибе, соттың тәжірибесі, нотариалдық органның тәжірибесі т.б.
Заңды тәжірибенің маңызы:
1) қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық, демографиялық, рухани, мәдени т.б. жұмыстарын жақсартуға зор әсер етеді.
2) норманы шығару, қолдану, түсіндіру, қорғау жұмыстарының сапасын жақсартуға үлес қосады.
3) норманың нақты жағдайға тигізетін әсеріне қарай заңды тәжірибенің екі түрі болады: тіркелу-куәландыру – субъектілердің өзара қатынасын мемлекеттік органның тіркеп, куәландыруы (көбінесе бұл жұмысты нотариалдық органдар жүргізеді). Екінші түрі – реттеп бейімдеу - қоғамдағы қатынастарды бір орталықтан, өлкелік нормативтік және жекелік реттеу, басқару.
4) нормативтік актінің уақытына сөйкес тәжірибенің функциясы төртке бөлінеді: түпкілікті, уақытша, негізгі, арнаулы.
Заңды тәжірибенің қоғамдағы маңызы өте зор:
- заңды тәжірибелерді іріктеп қалыптастыру арқылы құқықтық нормаларды шығарудағы, қабылдаудағы, бекітудегі, іске асырудағы, орындаудағы, қорғаудағы кемшіліктер түзетіледі;
- заңдардың, құқықтық нормалардың сапасын жақсартып, олардың дұрыс, уақытында орындалуына мүмкіншілік жасап қоғамдық қатынастарды реттеп, басқару дамып, нығаяды.
- заңды жақсы тәжірибелер заң ғылымының дұрыс дамуына зор әсер етеді.
Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес құқықтық нормаларда өзгеріп, ескеріп жаңарып, дамып жатады. Бұл өте күрделі процесс. Сондықтан өмірде құқықтың дамуында кемістіктер кездесіп жатады. Ол кемшіліктердің түрлері:
- нормативтік актілердегі кемістіктер;
- заң шығарудағы кемістіктер;
- құқықтағы кемістіктер.
Бұл кемшіліктер норманың грамматикалық қателіктері емес немесе құқықтың жүйе салаға бөлінуінің кемістігі емес. Бұл қоғамның объективтік даму процесі арқылы қатынастардың сан алуан өзгеріп, ескіріп, жаңарып, дамып жатуынан жаңа қатынас қалыптасып оны реттейтін, басқаратын жаңа құжаттың болмауы. Өйткені қоғамның дамуы катынастарды дамытады. Қатынастардың дамуы құқықты дамытады. Құқықтың дамуы нормативтік актілерді сала-салаға, жүйе-жүйеге бөліп дамытады. Міне осы даму процесіне қоғамдағы қатынастардың бір саласында құжат жедел шықпай, құқықтың дамуында кемшіліктер қалыптаса бастайды. Осы кемістіктерді көпке созбай, тезірек жаңа нормалар қабылдап, олқылықтарды жою мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі. Бұл мәселе мемлекеттің нормативтік актілер шығаратын органдарының бақылауында болады. Мұндай кемістіктер ешқашан толастамайды. Өйткені қоғам бір орында тұрмайды. Бір кемшілікті бүгін жойсаң, ертең екінші кемістік өмірге келеді. Сондықтан нормативтік актілерді шығаратын органдардың қызметкерлері өте сауатты, білімді, тәжірибелі болулары керек. Сонда ғана олар өмірдің даму процесіне сәйкес нормативтік актілерді дамытып, жаңартып отырады.
Құқықтың дамуындағы кемшіліктер объективтік процесс. Сол объективтік кемістікті субъективтік қателікке айналуына жол бермеу керек. Егерде ол субъективтік қателікке айналса, онда ешкімге кешірім жасауға болмайды. Барлық күшті, мүмкіншілікті сол субъективтік қателікті тезірек жоюға бағыштау керек.
Өмірде құқықтың дамуындағы кемшіліктерді білу, байқау өте қиынға соғады. Оны тек заң мамандары, заң ұйымдары, көп тәжірибелі мамандар ғана байқай алады. Олар осы бағытта өздерінің жұмысын ешқашан тоқтатпайды. Егерде кемістік байқалса, оны жан-жақты ғылыми тексерістен өткізулері керек. Тексерісте төмендегі сұрақтарға нақты жауап алулары керек.
- Кемістік шын ба, әлде жалған ба?
- Ол кемістікті бар нормативтік актілермен реттеуге, басқаруға бола ма?
- Жаңа норма кабылдау керек пе?
Осы сұрақтарға ғылыми тұрғыдан толық жауап алғаннан кейін қорытынды шығару керек болса, онда жұмысты осы бағытта тездету керек. Ол үшін атқаратын жұмыстар:
- құқықтың кемістігі бар жүйе-саласын анықтау;
- жаңа норма жобасын жасау; мазмұнын, материалдық шығынын, уақытын анықтау;
- тиісті мемлекеттік органға жобаны тапсыру. Мемлекеттің нормативтік актілерді шығаратын органдары жаңа жобамен танысып, мына сұрақтарға толық жауап алу керек:
- қандай кемістікті жоюға керектігі;
- кемістікке сәйкес жаңа норманың шеңберін, мазмұнын анықтау;
- жаңа норманы орындау бағытын анықтау;
- оны орындайтын жауапты адамдарды белгілеу.
Жаңа норманы тек тиісті мемлекеттің органы қабылдайды. Кемшілікті жоюдағы норманың заңды күші жай нормалармен бірдей.
Дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес егерде бір істі қарап, шешуге тиісті нақты норма болмаса, оны ұқсастық жолмен қарауға рұқсат беріледі. Құқықтағы кемшілікті жойып, жаңа норма қабылдау үшін көп уақыт керек. Сондықтан тиісті органдар өздері шешуге міндетті.
Ұқсастықтың екі түрі болады: заңды ұқсастық және құқықтық ұқсастық.
Заңды ұқсастық – мәселені ұқсас заңға, ұқсас нормаға сүйене отырып шешу.
Құқықтық ұқсастық – мәселені құқықтық саясатқа сүйене отырып шешу.
Дамыған елдердің құқығы да өте жақсы дамиды. Сондықтан бұл елдерде аналогияны өте сирек қолданады.
Біздің мемлекетте ұқсастық жолмен мәселені шешу көп деуге болады. Себебі нарықты экономикаға әлі толық көшіп болғанымыз жоқ. Құқық өте жақсы дамыған жоқ, нормативтік актілердің кемшіліктері жеткілікті.
Норманы ұқсастық әдіспен қолдану үшін тиісті шарттар болу керек:
- егерде құқық жүйесінде норма анық болмаса;
- егерде істің ұқсастығы айқын болса;
- егерде қаралатын іс төтенше жағдайда өмірге келіп, кейінге қалдыруға болмайтын болса;
- егерде мемлекеттің саясатына қарсы келмейтін болса.
Қорытынды
Мемлекеттік аппараттың қызметтері санқырлы болады. Оның жеңіл және күрделі түрлері болады. Мысалы, азаматтық актілер беру, (адамның тууы, өлуі, үйленуі туралы құжаттар), нотариалдық кеңседе әртүрлі құжаттар растап-бекіту т.б. Бұл қызметтер жеңіл іс-әрекетгер. Ал, азаматтық, қылмыстық құқықтағы істерді жан-жақгы объективтік тұрғыдан тексеру, ол істерді сотта қарап, әділетті үкім немесе шешім шығару өте күрделі процесс. Сондықтан мемлекет күрделі қызметтер мен істер туралы арнаулы ережелер, кодекстер, заңдар қабылдап отырады. Мысалы, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық-процессуалдық кодекстер. Мемлекеттік аппараттың қызметтерінің жеңіл-ауыр, күрделі түрлеріне қарамай, бәрі де іс-әрекетпен дұрыс, сапалы шешілуі қажет. Егерде мемлекеттік орган қате жіберіп, істі сапалы қарауды қамтамасыз етпесе, онда тиісті мемлекеттің органы іске араласып, заңдылықты, құқықтық тәртіпті реттеуге және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуға міндетті.
Заңды қызметтердің іс-әрекеттердің атқаруының мемлекеттің бекіткен заңды нысандары болады, оны бұлжытпай орындау барлық органның, лауазымды тұлғаның міндеті. Бұл міндеттерді орындауға барлық азаматтар, ұйымдар, ұжымдар, партиялар тиісті, сапалы үлес қосулары ете қажет. Себебі қоғамдағы заңдылықты, құқықтық тәртіпті тұрақты, сапалы процеске айналдыру барлық жеке және заңды тұлғалардың міндеті.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
4. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. Алматы, 1994.
5. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
6. Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
7. Теория государства и права. /Под ред. Профессора М.Н.Марченко. МГУ, 1996
8. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
9. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Учебное пособие. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
10. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет пен құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Заңдылық құқықтық тәртіп және заңды тәжірибе туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Құқық жоспарымен, казакша реферат жоспар, Заңдылық құқықтық тәртіп және заңды тәжірибе