Экология | Қоршаған ортаның тазалығын бақылау жүйесін жақсарту

Табиғат – бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғат өлі және тірі табиғат болып екіге бөлінеді.
Өлі табиғатқа – ауа, су, пайдалы қазбалар, топырақ құрайтын аналық жыныстар жатады.
Тірі табиғатқа - өсімдік дүниесі, майда ағзалар, насеком, құс, балық, аң мен біздер, адамдар жатамыз. Өлі табиғат тірі табиғаттың тірегі, ал тірі табиғат өзінің қалдықтарымен өлі табиғатты баытып отырады. Ал топырақ осының екеуіне де жатпайды. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар. Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан адамдардың көиегісіз-ақ өзін-өзі тазартып аала алады. Ал адам баласының бөліп шығарған көң-қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген халық шаруашылығының (ауыл, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс) улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалануға табиғатта шама жоқ. Табиғаттың адам баласының қажетін тек уланбаған, былғанбаған тек таза қалпында ғана өтуге мүмкіндігі бар. Уланған, былғанған табиғат байлығын қажетіне пайдаланса, жазылмас ауруға ұшырайды, ондай табиғат адамзаттың сорына айналады. Қысқасы, таза табиғат – біздің ырыс – құтымыз, ал былғанаған табиғат – біздің ауруымыз, өліміміз. Ал табиғатты былғайтын тек адам ғана. Таза табиғат үшін күрес – адам үшін күрес, келешек үшін күрес. Табиғаттың тозуы – экологиялық кризис. Бұл үлкен ғаламат апат. Ал одан құтылудың бірден бір жолы – халықтың, түгелдей табиғаттың, адамның санасыз әрекетінен тозуына қарсы күрес жүргізу. Ел біріксе, алынбайтын қамал, жеңілмейтін қиындық жоқ. Ендігі мәселе-әр адамның саналы түрде табиғаттың тозуына қарсы күресуі. әрбір кісіге табиғатты қорғау өзінің өмір қажетіне керек. Пайдаланғанда оны быгғану мен уланудан, тозып кетуден қорғауды үйрету, бұл әрине, педагогикалық оқу мен тәрбиелеу проблемасы. Табиғат қоғауға әрбір кісіні тәрбиелеу педагогика ғылымының негізгі принципі болуы керек. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Қазақстандағы қоршаған ортаның ластануын бақылау жүйесі

Барлық тірі табиғат соның ішінде жүгірген аң, жорғалаған жәндік пен ұшста, жалпы бүкіл тірі организмдер ауамен дем аламыз, су ішіп, онымен жуынамыз. Бұлар бізді қоршаушы ортаның басты үш құраушысы болып табылады. Ғылымда оны биосфера, яғни тіршілік ортасы деп атайды.
Биосфера – түрлі тірі организмдер мекен ететін жердің үстіңгі қабаты мен судан, өзендер мен көлдерден, теңіздер мен мұхиттардан, яғни жердің асты – үстіндегі су мен будан және 2-3 шақырымға дейінгі тереңдіктегі жер қойнауынан тұратын нәзік қана өмір әлемі. Сондай-ақ ауа 12-15 шақырым биіктігіне дейінгі аралықты қамтитын және тропосфера деп аталатын төменгі қабаты да осы тіршілік аясына кіреді. Биосферадағы тепе-теңдік, ондағы заттық және күш қуаттық алмасулар,онда тұрушы барлық тіршілік иелерінің өмір сүруінің нәтижесі болып табылады. Бүгінгі таңда тіршілік аясының аумағы бірнеше кеңейе түсуде.
Табиғи орта миллиардтаған жылдарғы даму барысында қалыптасқан өте күрделі құрылымды жүйе. Оның құрылымды бөліктеріне ұсақ организмдер, саңырау құлақтар, өсімдіктер, жан-жануарлар, адамзат, топырақ, қызу, жарық, басқа ғаламшарлар, жұлдыздар, түрлі тартулы күштері, магнитпен электр өрістері жатады.
Тірі табиғат пен тірі емес табиғат өзара тығыз байланыста болады. Бұл байланыс бірінші кезекте атомдардың ары бері сапырылысуы,яғни заттар мен күш қуат түрлерінің шексіз айналымға түсіп, табиғатта үнемі қайтадан таралып тұруы түрінде көрінеді және оның өзі тіршілік етушілердің ат салысуымен жүзеге асырылады.
Адам табиғаттың сан-алуан кен байлықтарын пайдалана, өңдей отырып, оларды түрлі қалдықтар түрінде кері қайтарады. Яғни, адам мен табиғат арасында белгілі бір алмасу орнайды. Осы қатынас барысында заттардың табиғатта таралуы мен шоғырлануы елеулі өзгеріске ұшырайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | Денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау

Автор бұл зерттеу жұмыстары мен 3 жыл жұмыс жасауда, әр оқушының өз денсаулық деңгейін білу,оларға коррекциялық түзетулер енгізу арқылы денсаулық деңгейін көтеруді мақсат еткен ол,зерттеу нәтижелерінің оңды көрсеткіштерімен зерттеу белгіленген жұмыстарды жүйелі, салауатты өткізсе, әр оқушы өз денсаулығына қамқор бола алады. Зерттеу кезеңдері 3 жылға арналған.
І - КІРІСПЕ.
1. 1 Адам денсаулығы бүгінгі таңдағы - ең өзекті мәселе.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқушылардың денсаулық деңгейін анықтау, денсаулық мониторингісін шығару, әр оқушының денсаулық деңгейін білу, денсаулығын нығайту және қамқорлық жасау.
Оқушылар өз денсаулық деңгейін өздері анықтап, дәрісіз жаттығулар, емдік гимнастикалар, дәрілік шөптер және ағзаны шынықтыру арқылы денсаулықтарын әр жыл сайын көтеріп, денсаулық деңгейлерін жоғарылату. .....
Ғылыми жобалар
Толық

География | Атмосфераның ластануы және қоршаған ортаға әсерін бағалау

Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қабаттан – тропосфера (10-12км), озон қабаты стратосфера (40-50км), мезосфера (70км), термосфера (80км) және экзосферадан (800-1600км) тұрады. Әр қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.
Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері – ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдардың шығарлыуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды.
Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары Атмофера – бұкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен ( оттегі, азот, көмір қышқыл газы, аргон т.б) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасуларды, ауа райының кызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.
Бірақ, адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көршеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп саналады.
Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауаттар, жылу энергетикасы, қару жарақтарды сынау, ғарыш кемелер мен ұшақтар т.б. Жоғарыда аталған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысумен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, топыраққа түсіп, барлық тірі организімдерді, ғимараттарды, құрлыс материалдарын бүлдіреді ....
Курстық жұмыстар
Толық

Есте сақтау қабілетін жақсартудың ең оңай жолы

Қазіргі таңда жасы ұлғайған кісілермен қатар, жастардың да есте сақтау қабілетінің төмендегені жиі байқалады. Оның себептері де көп. Солардың бастыларына тоқталсақ:

1. Күйзеліс. Қоршаған орта, у-шуы көп қала мен экология. Таза ауада көбірек жүру, тыныш....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық