Тәуелсіздікке қол жеткізген жарқын күндер

Тәуелсіздік! Біз тәуелсіздікке аталардың қаны, бабалардың арманы, ұрпақтардың сан ғасырлық күресінің арқасында жеттік. Қазақ қазақ болғалы қаншама жаугершілік пен қиыншылықты, қаншама қасірет пен қанды қырғынды, қаншама қара зұлмат пен тоқырауды басынан өткізді. Халақымыздың тарихына үңіліп, өткеннің естелігін таразыласақ менің халқымның көргенін, басынан кешіргенін ешбір халық көрмеген екен.
Жоңғардың шапқыншылығынан құтыламын деп Ресейдің қоластына паналағанда басқаға тәуелді боламын деп ойламаған еді. Қытай мен жоңғардан құтыламын деп Ресейдің отына түсерін аңғал халқым сезбей де қалды емес пе? Талай шұрайлы жері мен құнарлы өлкесін өзгеге беріп өзегі өртенсе де, сенімін жоғалтпады. Еркіндік үміті кешегі өткен Сырым, Махамбает, Кенесары сынды батырлардың көтерілісі кезінде жандана түсті. Бірақ бұл үкілеген үміт ұшқыны ер рухты батырлардың ажалы мен қазақтың қайғысын басынан кешіргенде жалыны өшкен оттай төмендеген кезеңдерді де өткізді.
Кеңес үкіметі орнаған жылдары қолына қалам алып күрескен қазақтың зиялылары Сәкен, Ілияс, Ахмет, Мағжан ағаларымыздың арманы да елімнің еркіндігі мен халқымның тәуелсіздігі үшін болған күрес емес пе еді?! Ұлтым деп еңіреген Алаш арыстары да, қазақтың азаттық, бостандығын жырлаған, кеңес үкіметінен көп нәрсені күткен ағалардың үміті де ақталмай кетті. Олар екі жолды таңдаса да, екі майданда күрессе де ,армандары бір, үміттері жалғыз-қазақтың еркіндігі еді.
Қазақ халқының кеудесіндегі оттың жалыны төмендегенмен, жүрегіндегі сенім ұшқыны өшпеген еді. Талай дауылды топандар мен қаралы қырғындардан аман қалған халықымның еркіндікке деген сенімі жоғалмады. Еңсесін көтеретін күнді асыға күтті, күресін тоқтатпады, сергелдеңге түссе де сенімін жоғалтпай, желтоқсанның ызғарында жас қыршын жауқазындарын үсікке шалдырып, аңырап қалған кезеңді көрді.
Міне, талай батырдың күресімен, талай ақынның жырларында жырланып, талай қазақтың қанымен жеткен Тәуелсіздікке 25 жыл болып отыр. Осы 25 жылдың ішінде еліміз жылдар бойы жетпеген жетістіктерге, шықпаған белестерге шықты. Еленбеген ерліктері ескеріліп, айтылмаған ойлар айтылды. ....
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік - қол жеткен мұрат

Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол
тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз,
қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын,
елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет.
Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы
Н. Ә. Назарбаев
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып,нарықтың қиын өткелектерінен аман өтіп келеміз. Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың асыл арманы, мақсат-мұраты еді. Ол күнге жетіп отырған өзімізді бақыттымыз деп есептейміз.Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі-Тәуелсіздік. Тәуелсіздік...
Осы бір ғана сөздің астарында қаншама қайғықасірет,қаншама жүрегім,елім,жерім,халқым деп соққан,арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты,қырандай күшті қанатты жастарымыз бен ұрпағым деп қасықтай қаны,шырқыраған жаны қалғанша ұлтарақтай жері үшін,атамекен елі үшін жанын пида еткен ата-бабаларымыздың рухы жатыр. Тәуелсіздік-тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма бес жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар атқардық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік - біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Дәуір жасампаздығы сенімді және серпінді дамуға байланысты. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті елдерінің қастарына қостық. Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша......
Шығармалар
Толық

Қан төгіп, қолы жеткен Ұлы Жеңіс

Жеңіс туы, Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры, Асқақтасын жаңғырып!
Жеңісім – салтанат, сән, сәулет,
Жеңісім – береке, бақ, дәулет!
Дүниеге келдім. Бақытты балалық шағым өтті. Есейдім. Мектеп табалдырығын аттап, сапалы білім алып жатырмын.Ешқандай қиындықсыз, қарным тоқ, көйлегім көк, аспаным ашық, бейбіт өмір сүрудемін. Қоғамды танып, елімнің тарихын біліп, Отанымның салт-дәстүрін үйреніп жүрмін. Соғыс. Тарихта осы бір сөзді естігенде менде бір жеккөрушілік сезім оянады. Бұл соғыс талайдың өмірін қыршын қиған жауыз десем де болады. Өйткені, соғыс талай дүниені талқандап, бұзып, жер бетіндегі барды жоғалтып кетті. Ол туралы біз, өскелең ұрпақ, газет -журнал материалдарынан, радио мен телехабарлардан, ардагерлеріміздің әңгімелерініен естіп, кинолардан көріп біліп отырмыз. Аталарымыз бен аналарымыздың Отан үшін көрсеткен ерліктерінің арқасында біз бүгінгідей бақытты күнге жетіп , бейбіт өмірде өсіп жатырмыз.
И. В. Сталин халыққа 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады.1941 жылғы 22 маусым - тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс бес жыл бұрын осы күні Ұлы Отан соғысы басталды.Аталған күні таңға қарайфашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасапты.Ұлы Отан соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс орасан зор кеңістікте жүргізілгенімен, соғыс қимылдары кеңес елінің аумағында өтті. Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысына дайындықсыз кірісті. Алғашқы жылдары сәтсіздіктер көп болған. ......
Шығармалар
Толық

Сабақ жоспары (қмж): Әлкей Марғұлан қола дәуірі ескерткіштерінің қандай сырын ашты (Қазақстан тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі Мектеп:
Сабақтың тақырыбы: Әлкей Марғұлан қола дәуірі ескерткіштерінің қандай сырын ашты
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама-сына сілтеме): 5.2.2.5 Ә.Марғұланды ғалым-археолог ретінде айқындау
5.2.2.2 археологиялық деректерге сүйене отырып, Андронов мәдениетінің белгілерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Ғалым-археолог Ә.Марғұланның зерттеулерін талдай отырып, Беғазы Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктерін анықтайды, маңызына баға береді.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Сабақ жоспары (қмж): Не себепті ботайлықтарды жылқыны алғашқы қолға үйретушілер деп атайды? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
Сабақ тақырыбы: Не себепті ботайлықтарды жылқыны алғашқы қолға үйретушілер деп атайды?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.4.1.1 ежелгі адамдардың алғашқы кәсібін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Қазақстанның мыс-тас дәуіріндегі ерекшеліктерін, адамдардың тұрмыс-тіршілігі туралы бейне-баяннан көрсете отырып түсінік қалыптастыру. Мәтінмен жұмыс арқылы кезеңнің ерекшеліктері мен, өзгерістердің себеп-салдарларына талдау жүргізу
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Терлей бересіз бе?

Денеден тердің бөлінуі — адам терісінде жүзеге асатын маңызды функция. Тер адам ағзасындағы артық сұйықтық болғандықтан, оның сыртқа шығуы — заңдылық. Бірақ, денеміздің көзге көрінер жерлерінен тердің тым көп мөлшерде бөлінуі ыңғайыссыздық тудырады. Тершең адамның бойынан тәулігіне 3 литрден 14 литрге дейін тер бөлініп шығуы мүмкін. Артық тердің шығуы жайсыздық қана емес, денсаулықта бір ақаудың бар екенін білдіреді....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Қазақстанда қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстар (9 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Атмосфера
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстар
Оқу мақсаттары: 9.3.2.4 Қазақстанда атмосфералық қолайсыз және қауіпті құбылыстардың қалыптасуын, таралу аумақтарын картада көрсетіп, сақтану шараларын ұсынады
Сабақтың мақсаты: Оқушылар атмосфераның қолайсыз және қауіпті құбылыстарын болжап, олардан сақтану жолдарын үйренеді....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қолайсыз атмосфералық құбылыстар Атмосфера (7 сынып, II тоқсан)

Пән:География
Ұзақ мерзімді жоспарм бөлімі: Гидросфера
Сабақтың тақырыбы: Қолайсыз атмосфералық құбылыстар Атмосфера
Оқу мақсаты:7.3.2.7 Қолайсыз атмосфералық құбылыстарды талдай отырып, сақтану шараларын ұсынады (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде)
Сабақтың мақсаты: Қолайсыз атмосфералық құбылысардың әсерін анықтай алады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық