Қол жеткенге көңіл көгі толмайды, Толмай жатып толдым деген оңбайды. Аңғал аға, Әзір бізге Жүлделі Орындардан дәметуге болмайды! Бәрінің де, Бәрінің де бар мәні. Асқар тауға шыға алмадық қарманып. Атымыздың қамау терін алғанша.....
Әрине, сен қолдамайсың мұнымды, Әйтсе де мен айтып тынам шынымды: Өксіп-өксіп, Өксіп-өксіп жыласаң, Көздің жасы шаяр еді мұңыңды. Қытығыңа тиген кезде ғашығың, Күтіп жүрмей күннің шуақ, ашығын......
Жүректе оты жанған жігіт едің, Атаның алып қалған үміт – кегін, Жөнелдің қарсы бастап қалың жауға, Қазақтың қайсар ноян жігіттерін. Еріндей ертегінің қайта туған, Ашуың атқан толқын айбатыңнан; Кегінен қалың қазақ қайнап жігер, Тасыған қайратыңмен жауға атылған. .....
Қаржы секторының өзі нарықтың әлемдік экономикалық өзгерістеріне барынша сезімталдықпен қарайтын сегменттерінің бірі. Соның ішінде Қазақстанның қаржы секторы халқаралық қаржы жүйесімен көбірек интеграциялаанған себепті ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда әлемдік экономиканың құбылыстарына көбірек байланған. Сондықтан осы қаржылық дағдарыстардың алдын алып, үйлестірілген саясат жүргізу үшін 2007 жылдың аяғында Үкімет, Ұлттық банк және Қаржылық бақылау агенттігі қаржы тұрақтылығы мәселелері бойынша мемарандумға қол қойған болатын. Желтоқсан айында Ұлттық банк ақша-несие саясаттының 2008-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттарын мақұлдады. Бұл саясаттың негізгі мақсаты жылдық инфляцияны 7,9-9,9% және 2009 жылы 7,5-9,5%көлемінде ұстап тұру болып табылады. Әлемдік экономиканың келеңсіз үрдістерінің мемлекеттің макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсіміне қысым дәрежесін азайту үшін Үкімет елдің әлеумменттік- экономикалық дамын тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар енгізіп жатыр. Бұл қатарда елбасының қатысуымен былтырғы қазан айында болған кеңесте «Қазына» қоры мен Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы 2007 және 2008 жылдардағы республикалық бюджеттен елдің ипотекалық рыногын қолдау үшін 4 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлінгенін айта кетуге болады. Басқаша айтқанда, ол тұрғын үй құрлысын қаржыландырады. Сонымен қатар, ол үлесшілердің құқын қорғауды қамтамасыз етеді. «Салықтар және басқада міндетті төлемдер туралы» кодекс 2002 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Оның тұжырымдамасы халықты салық жүйесімен әділ қамтамасыз етуге бағытталды және оның тұрақтыллығы мен ықтималдылығы анықталған, салық салмағының барлық категориядағы салық төлеушілерге теңгерімдігі қарастырылады. Бірақ кейінгі жылдары кодекске енгізілген толып жатқан өзгерістермен толықтырулардың кесірінен ол көптеген жеңілдіктер мен преференцияларға толып кетті. Мәселен, қандай да бір мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысы оған қатысушыларға салықтың преференциялар берумен қосарланып отырды. Ерінбегендердің бәрі де Салық кодексіне сілтеме жасай отырып, өзгеруіне әйтеуір бір жеңілдіктер мен преференциялар талап етті. Соның салдарынан 170-тен артық преференциялар мен жеңілдіктер пайда болды.ал экономиканың нақты секторындағы салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен мүлдем шаршады. Шынында да, Кодексенгізілген кезден бері оған 60-тан арттық өзгерістермен толықтырулар енгізілген екен. Сондықтан Қазақстан дамуының жаңа кезеңі жаңа Салық кодексін әзірлеуді талап етті. Мен оған өзгерістермен толықтырулар жылына бір-ақ рет енгізілгені дұрыс дер едім. Жыл бойына түскен ұсыныстарды жинап және жүйелеп негіздегеннің нәтижесінде Парламентке енгізілетін жаңа заң жобасын әркім емес, депуттатардың бастамаларынан басқа экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігі ғана дайындауы керек....
Біздің еліміздің болашағы –оның интелектуалды қоры, ғылым және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған жолдауында айтылған болатын. Қазіргі таңда өкілеттілік пен ресурстарды тиімді пайдаланып, жоғарғы сапалы және ең соңғы ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологияларды қолдана отырып экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті - шағын инновациялық кәсіпорындар болып табылады. Сондықтанда, ғылымға , ғылыми-техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Инновация(жаңартпалар) дегеніміз - тауар мен қызметтердегі, технология мен өндіріс факторларындағы қандай болмасын өзгерістер, жаңа өнімдер. Көптеген экономикалық,әлеуметтік және саяси мәселелерді шешуге қабілетті болғандықтан шағын инновациялық кәсіпкерліктің экономикадағы маңыздылығы зор. Себебі, өнімнің жаңа сапасы мен түрлеріне жаңашылдық енгізу арқылы инновациялық кәсіпорындар өз бәсекелестеріне қарағанда іскер топтың біріне айналып, екпінді оқшауланады. Нарықтық экономикада өз алдына жүйелі түрде қызмет ететін шағын инновациялық кәсіпкерлік экономиканың даму қарқынын жоғарғы деңгейге жеткізері анық Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында Қазақстан ғылыми-техникалық потенциалы қиындықтар мен қақтығысын түбірімен өзгеріске ұшырады. Тек 1999 жылдан бастап қана ғылым жетістіктері мен инновацияларды игеру, ғылыми- өзгеріс тізбегін дамыту маңыздылығын мойындай бастадық. Нарықтық экономика тұсында ғылыми жаңалықтарды инновациялық компаниялар игеріп өндіріске енгізіп отыр. Бұл сатыда шағын инновациялық кәсіпкерлік айтарлықтай үлес қосады. Шағын кәссіпкерлік кез келген мемлекет экономикасының негізгі саласының бірі. Шағын және орта кәсіпкерлікке кез келген нарықтық экономикасы дамыған елдерде 10 кәсіпорынның 9-ы кіріп отырады. Егер Европа елдерінде әр мың тұрғынға шаққанда 45-50 шағын кәсіпорын болса, онда АҚШ-та ол көрсеткіш 75 кәсіпорын шамасында, ал Қазақстанда не бары 7-8 кәсіпорын ғана құрайды екен. ....
Төреғали Төреәлі сахнада өзіне гүл сыйлаған кішкентай баланың аузына түкіріп, кейін теуіп жіберген. Бұл видеоны көрген желі қолданушылары әншінің әрекетін қызу талқыға салған деп жазады NUR.KZ.
Барлық химиялық элементтердің 4/5 – нен көбі металдар.Элементтердің сырқы белгілерімен қасиеттері бойынша металдар және бейметалдар деп бөлінеді. Табиғатта металдар көбіне түрлі қосылыстар түрінде кездеседі, кейбіреулері бос, еш затпен қосылыспаған күйде болады. ондай жеке кездесетін түрін сап металл дейді.ол- платина, алтын, күміс және мыс қалайы, сынап сияқты металдар. Соңғы үш метал, көбіне қосылыс түрінде болады. металдардың жер қыртысында кездесетін қосылыстары түрлі минералдар түрінде болады. ....
Турбо-Прологта тізім деп аталатын байланысқан объектілер қолданылады. Тізім дегеніміз- бірінен соң бірі келетін, реттелген объектілер жиынтығы. Тізім құрамы бір-бірімен байланыста болғандықтан олармен топ бойынша да(бүкіл тізім), жеке объект(тізім элементтері)түрінде де жұмыс істеуге болады. Турбо-Прологта тізінің көмегімен бірнеше операцияларды орындауға болады. Олардың қатарына төмендегідей операциялар кіреді: • Тізім объектілеріне еркін кіру; • Тізімге жататындығын тексеру; • Тізімді екіге бөлу; • Тізім элементтерін өсу және кему реті бойынша сұрыптау. Тізімдер деректер базасын, эксперттік жүйелерді, сөздіктерді т.б. жасағанда өте қажетті және маңызды болып табылады.Тізім бір домендік типтің объектілер жиынтығы болып табылады. тізімнің объектілері болып бүтін және нақты сандар, символдар, символдық жолдар және структуралар табылады. Элементтердің орналасу реті тізімнің ерекше белгісі болып табылады; тура сол элементтерді басқа тәсілмен орналастырсақ , онда ол басқа тізім болып саналады. Салыстыру барысында рет маңызды роль атқарады. Тізім элементтері тік жақшаға ( [ ] ) алынып жазылады және элементтері бір бірінен үтір арқылы ажыратылады. Тізім ретінде мыналар алынуы мүмкін: [1,2,3,6,9,3,4] [3.2, 4.6, 1.1, 2.64, 100.2] [“YESTERDAY”, “TODAY”, “TOMORROW”] ....
Өндірісте шығарылатын таблеткалардың барлығы дерлік қосымша заттар қосу арқылы дайындалады. Тек аздаған тобы ғана қосымша заттарсыз дайындалады. Қосымша заттардың негізгі қолданылу мақсаты — бұл бір жағынан оңай дозаланатын және престелетін масса алу, екінші жағынан — дәрілік заттардың таблетка құрамынан қажетті жылдамдықпен бөлініп шығуын қамтамасыз ету. Таблетка құрамына енгізілетін қосымша заттардың негізгі мөлшерлері МФ XI басылымында „Таблеткалар" статьясында көрсетілген. Қосымша заттардың жалпы мөлшері дәрілік заттың мөлшерінің 20 процентінен аспауы керек. Тек толтырғыштардың қолданылатын мөлшерінде ғана ерекшеліктер бар, олардың таблеткадағы мөлшері белгіленбейді. Нормадан ауытқулар жеке статьяларда көрсетіледі. Мысалы, таблетка салмағынан тальктың мөлшері 3 %-тен, стеарин қышқылының, магний немесе кальий стеоратының мөлшері 1 %-тен, твин-80 — 1 %-тен аспау керек. Қазіргі кезде таблетка өндірісінде қолданылатын қосымша заттардың 150-ден астам түрі бар. Ал олардың тек 70 ғана мемлекеттік реестрге кіргізілген. Химиялық-фармацевтік өндіріс медицина қажеті үшін арнайы қосымша заттар шығармайды. Оларды химия, тамақ, тау-кен және т. б. өндірістерден алады. Осы заттар санитарлық-гигиеналық нормалары бойынша медицина қажетіне жарамайтынын атап айту керек. Сондықтан да болар, МФ XI — басылымына таб¬летка өндірісі үшін қосымша заттардың тек 23 түрі ғана енгізілді. Таблетка өндірісінде қолданылатын барлық қосымша заттарды олардың қолданылу мақсаты бойынша мына топтарға бөлуге болады: • байланыстырғыштар • антифрикциондық заттар • ыдыратқыш заттар • толықтырғыштар • бояғыш заттар • препараттың әсерін ұзартатын заттар....