Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардыңоларғадегенізгіниеттерінкөрсету. Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б. Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу...
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәункелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады. Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Мембанкісінің жоспар-нұсқауы бойынша қызмет етті, сондықтан банктік тәжірибеде “тәуекелдік” деген түсінік те болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматты түрде оған төлем несиесін ұсынатын. Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады. Банк тәуекелдігі дегеніміз не? Тәуекелдік негізінде ықтималдылықты, ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар. Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негіз болып табылады. Шығындар. Банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады. Бұл салымшыларға төленетін пайыздар; басқа қаржылық институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп айырысу операцияларымен, бағалы қағаздармен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, ғимараттарды, т.б. ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясына қатысты тәуекелдік, көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады.....
Экономикалық көзқараспен қарағанда банктің меншікті капиталының қаражатының былай бейнеленеді: 1. Несиелік ұйымдардың қоры. (жарғылық, резервтік, қорланым қоры, тұтыну қоры). Қордың құрылу көзі алдыңғы кезеңдегі таза пайда болып табылады. Қорлар баланс шоттарының 102-107 бөлімінде көрсетілген. 2. Банктің таза пайдасы. Таза пайда банктіңағымды табысымен және ағымды шығысы + алдыңғы кезеңдегі пайда – қолданылған пайда. 3. Тәуекел резервтері. (қарыз мүмкін болған резерв, бағалы қағаздарды құнсыздандыру резерві, басқа да міндеттемелер бойынша резерв). Баланстар бұл резервтік синтетикалық шоттар бойынша пассивті қалдықтар түрінде беріледі, онда бағалы қағаздар мен несиелерге салынған салымдар көрсетіледі. Мысал: 45501- 30 күнге дейін жеке тұлғаларға несие (актив), 45508- осы несиелер бойынша резерв (пассивті қалдық). Меншікті қаражаттарға сондай-ақ болашақ кезеңдегі шығыстың көлеміне бағытталған. Сондай-ақ, коммерциялық несиелік ұйымдарда меншікті қаражаттың (капитал) есеп-айырысу әдісі несиелік ұйымдардың №.31-П 1998 жылдың 1 июнь айында жалпы белгіленген меншікті капиталды анықтау әдісі белгілеген. Осы әдіске сәйкес, несиелік ұйымның меншікті қаражаттары негізгі және қосымша капитал сомасы болып есептелінеді. Өз кезегінде, негізгі капитал келесі сатылардан тұрады: 1. жарғылық капитал; 2. аудитормен бекітілген несиелік ұйымдардың қор бөлігі; 3. бағалы қағаздар салымының құнсыздану резерві, оның ең негізгісі несиелік ұйымдардың акциясындағы салым резерві; 4. аудитормен бекітілгенболашақтағы пайда. Негізгі капитал материалдық емес активтерінің көлеміне, меншікті акциясына, акционерлердің сатып алғанына және шығындарға байланысты азайып отырады. Қосымша капитал өзіне мыналарды енгізеді: 1. 01.01.97 жылға дейін бағалау шоты бойынша жасалған мүліктің өсімі; 2. 1-ші топ тәуекеліне қатысты қарыз бойынша резерв (төменгі тәуекел); 3. несиелік ұйымдардың қалған қор бөлігі (негізгі капиталға кіре алмағандар); 4. аудитормен бекітілген пайда; 5. Субординарлық несиелер (заимдар).....
Тәуекел банк қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Басқару және рұқсат қиыншылықтар тәуекелінің амалдарына жататындар: 1. Тәуекелден қашу немесе тәуекелден бос тарту; 2. Тәуекелді ұстау немесе мойындау; 3. Тәуекелді бақылау; 4. Тәуекелді ескерту; 5. Тәуекелді сақтандыру немесе аудару.
Банктің несиемен басқару келесі механизмдерді бөліп көрсетуге болады: 1. Тәуекелдіктердің диверсификациясы; 2. Хеджерлеу; 3. Көптеген қатысушылар арасындағы бөлу; 4. мүмкін болатын шығындарды орналастыру.
Банкті активтер және пассивтер портфелі ретінде қарастыру, сондықтан банктің портфелінің тәуекел негізгі тәуекел ретінде қарастырылады. Өз кезегінде, тәуекел портфелі мыналарды өзіне қосады: 1. Тәуекелдік портфель; 2. Тәуекелдік пайыз; 3. Балансталмаған өтімділік тәуекелі немесе ресурстардың құрылымының мерзімі мен көлемі; 4. Ағымды өтімділік тәуекелі.
Қорыта айтқанда, банктің портфелінің тәуекелі – анықталмаған жағдайда банктің портфельдік басқару шешім қабылдау нәтижесінде жағымсыз жағдайдың болуы мүмкін.
Банктің тәуекелділік портфелінің басқарудың негізгі мәселесі: банктің активтер мен пассивтерін басқару процесінде өтімділік пен табыстылықтың қатынасын қолдау, яғни болатын банктік шығыстарды болдырмау. Коммерциялық банктердің өтімділігі оның қызметінің сапалық мінездемесі болып табылады. Активтерді ақшалай қаражаттарға айналдыру арқылы салымшының қажеттілігін шағыссыз қанағаттандыру. Қазіргі уақыттағы коммерциялық банктің мүмкіншілігін көрсетеді.
Бұл мүмкіншілігі мынаған тәуекелді болады: - активтер сапасына; - пассивтер құрылымына; - банктік капиталдың жеткіліктігіне; - қарызгердің қаржылық тұрақтылығына.....
Қоғамдық еңбекті дамытудың маңызды белгісі, оны бөлісу мен бірлесу. Өндірістк еңбекті жүйелі түрде бөлісу мен бірлесу басшы еңбегін адамдардың іс-әрекетіндегі ерекше түрге бөлуге ықпал етті. Басшылықта бірлескен еңбек объективі қажеттілік, өйткені оны жүзеге асыру үшін адамдардың бірлесіп әрекет етуі қажет, ал мұның өзі басқару арқылы қамтамасыз етіледі. Басқару еңбегі жалпы еңбек секілді әлеуметтік-экономикалық табиғаты болады. Оның өзі қоғамдық еңбектің даму процесінде пайда болады. Басқару еңбегі өндірістік еңбек болып саналады. Мұның өзі өндірісті, соның ішінде басқару еңбегінің өнімділігін арттырудан туындайды. Басқару еңбегінің өзіндік ерекшелігі болады, оны еңбек өнімділігін салыстыру арқылы анықтайды. Өндірістік және басқару еңбектерін салыстыруды мынадай тиісті белгілері бойынша жүргізуге болады; еңбек заты, тікелей мақсат пен еңбек нәтнжесі, еңбек құралы, еңбек сипаты, оның мазмұны. Еңбек заты дегеніміз адам еңбегіне арналғаны, адамның еңбекке күш жұмсауы. Өндірістік еңбек заттарына материалдық және физикалық компоненттер жатады, адамдар еңбек құралдарының көмегімен өндіріс өнімдерін өңдейді және түрлендіреді. Басқару еңбегінің затына көбінесе мәліметтерді жатқызады. Өйткені, басшы қызметшілер шындығында мәліметтерді өңдеумен шұғылданады. Алайда, мәліметтерді басқару еңбегінің бірден бір құралы деп есептеуге болмайды. Тағы бір атап көрсететін жайт, басқару объектісі адамдар болып саналады. Еңбек заты – бұл іс-әрскетке бағытталған нәрсе. Басқару кезіндегі ықпал ететін объектілері – адамдар, ұжым мүшелері, өндіріс процесі және басқару (ІІ. 204-205).....
Қарапайым және жиі қолданатын батырмамыз Button және ол Standard бетінде орналасқан. Оқиғаға жауапты қалыптастыратын командалық батырма .Сирек қолданатын батырмамыз BitBtn , оның айырмашылығы бейнелеу мүмкіндігі бар .Олардың қасиеттері мен оқиғалары бірдей . батырманың сыртқы тұрғыда негізгі қасиеті Caption . Батырмаға жазғанда пернені қолдануға болады тездетілген доступ үшін , яғни жазудың бір символын ерекшелейміз .Бірақ символдың алдында амперсанд ‘&’ қойылады. Бұл символ жазуда болмайды , ал келесі символ сызулы болады . Мысалы : Caption қасиетіне ‘&выполнить’ , ал батырмада мынандай жазу болады ‘выполнить’. Кез-келген батырманың негізгі оқиғасы – onclick , өзін басқанда пайда болады . Әсіресе бұл жерде операторлар жазылады , яғни олар батырманы басқанда орындалу керек . Cancel қасиеті, егер ол ақиқат болса , ол анықтайды қолданушының басуы, яғни Esc пернесі эквивалентті басылады батырмаға . Default қасиеті True болса , енгізуші Enter пернесін берілген батырмаға эквивалентті басылуын анықтайды . ModalResult қасиеті модальді формада қолданылады . Қарапайым жағдайда mrNone – ға тең болу керек . BitBtn батырмасына тоқталатын болсақ , онда батырмаға бейнелеу қасиеті Glyph беріледі . Бұл қасиетті ашқанда Обьект инспекторында терезе шақырылады . Load батырмасын басқанда , файл суреті ашылады , және керекті файлды таңдайсыз .bmp , суреттерден тұрады .Delphi батырмаларға арналған көптеген суреттер бар .Олар Images\Buttons , Images мына каталогта орналасқан program files\borland\borland shared .Суретті таңдап алынғаннан кейін ОК батырмасын басыңыз және таңдалған суретіміз батырма жазуының сол жағында пайда болады ....
Басқару еңбегі өнндірістік еңбек болып саналады. Мұның өзі өндірісті, соның ішінде басқару еңбегінің өнімділігін арттырудан туындайды. Басқару еңбегінің өзіндік ерекшелігі болады, оны еңбек өнімділігін салыстыру арқылы анықталады. Еңбек заты дегеніміз адам еңбегіне арналғаны, адамның еңбекке күш жұмсауы. Өндірістік еңбек заттарына материалдық және физикалық компоненттер жатады, адамдар еңбек құралдарының көмегімен өндіріс өнімдерін өңдейді және түрлендіреді. Еңбек заты – бұл іс-әрекетке бағытталған нәрсе. Басқару кезіндегі ықпал ететін объектілері – адамдар, ұжым мүшелері, өндіріс процесі және басқару. Басқару – ең алдымен адамдармен жұмыс істеу. Тек мәліметтерді өңдеу басшының бағыныштылармен тікелей қарым, қатынас жасауын алмастыра алмайды. Кейде басшының бағыныштарымен қарым-қатынасын мәлімет ісіндегі ерекше түрі, мәліметтерді алудың және таратудың ерекше түрі ретінде қарастырылады. Алайда, «мәлімет» ұғымын, басқарудың ерекше және оның негізгі заты ретіндегі «адам және оның іс-әрекеті» ұғымымен біріктіруге болиайды. Адамдарға және олардың іс-әрекеттеріне басқару еңбегінің негізгі ықпалдары бағытталған. Ал, мәлімет адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін құралы болып саналады. Қоғамдық еңбекті бөлісу жүйесінде басқару және өндірістік еңбектің тікелей мақсатының ерекшеліктері болады. Нақты өндірістік еңбектің тікелей мақсаты мен нәтижесі нақты өнімді әзірлеу немесе белгілі бір қызмет көрсету болып саналады. Бас, қару еңбегі басқаша мақсатты көздейді, оның сипаты мен мәні де өзгеше. Басқару еңбегінің тікелей мақсаты – ұжымның бірлескен күш-жігерін ұйлестіру және оның мүшелерінің ақырғы жоспарланған нәтижеге арналған бірлескен іс-әрекетін қамтамасыз ету. Өндіріс процесінде адамдар, еңбек құралдары мен еңбек заттары тікелей байланыста болады. Басқару процесінде басқару субъектісі ретінде адамның өзі және оның іс-әрекеті, ал оның еңбек құрал ретінде - ұйымдық-техникалық құралдар қатысып, бұлардың әрекеті басқару мүмкіндігін арттыра түседі. Өндірістегі адам дене еңбегін қол мен машина арқылы, ал басқару еңбегіндегі адам мәліметтер және оларды өңдеу құралдары көмегімен атқарады. Басқару еңбегі – көбінесе ой еңбегі. Бұған әлеументтік, экономикалық, ұйымдық, техникалық-технологиялық сипаттағы шешімдерді бағалау мен жобалау жатады. ....
Көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. «Стратегия» гректің – «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді. Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады. Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді. Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау. Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері. 1. Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді. 2. Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның болашағы үшін жасалады. 3. Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректкрмен негізделуі тиіс. Қазіргі әлемдегі бизнесмен тиімді бәсекелесу үшін, фирма сапа, рынок, бәсеке және басқадай факторлар туралы толып жатқан ақпаратты ұдайы жинауы, әрі талдауы тиіс. 4. Стратегиялық жоспар фирманың айқындылығын, дербестілігін білдіреді, мұның өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді. 5. Стртегиялық жоспарды жасағада, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс. ....
Биологиялық қару қазіргі заманның қауіпті қаруларлық бір түрі және ол халықты жаппай қырып жою мақсатына арналған, оның потенциалы орасан зор: құрғақ биоматериалының әр грамм мөлшерінде жүздеген миллиард микробтар болуы мүмкін. Мысалы. таза кристалды ботулиникалық токсинның 1 граммы 8 млн. адамды уландырып өлтіре алады. Химиялық қару бірінші дүние жүзілік соғыста, ядролық қару екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған болса, биологиялық қару әлі пайдаланылмаған. Сондықтан оның салдары ешкімге беймәлім. Айтарлық кейбір инфекциялы аурулар (тұмау) бір мезгіл кетерілісінде бірнеше мемлекет территориясына, бірнеше құрлыққа таралады - бұл құбылысты пандемия деп атайды. Химиялық қару сыңайлы биологиялық қару ғимараттарға, құрылыстарға, жабдықтарға тікелей озінің осерін тигізбейді, бірақ адамдарды ауруға ұшырату арқылы өндіріс тірішлігін мүлде тоқтату мүмкін. Биолгиялық қару құралдары ретінде жау мынандай аурулардың қоздырғыштарын пайдалануы мүмкін: - адамдарды зақымдау үшін - түйнек, обз, нағыз Шешек, туляремия, сан, мандам, тырыспа, сары қызба, орнитоз, іш сүзегі, қу-қызбасы, Цуцугамуши қызбасы, солар мен қатар ботулипикалық токсин; - жануарларды зақымдау үшін - аусыл оба сан, түйнек және т.б.; өсімдіктерді зақымдау үшін - астық тұқымдастарының тотоқтырғышы, күріш пирикуляриозы, картоп фитофторозы, мақта гоммозы, ж.т.б. Биологиялық қарудың негізін биологиялық құралдар қалайды. Олар: бактериялар, вирустар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар; микробтардың өнімдері - токсиндер, мал және ауыл шаруашылық өсімдіктеріне зиян келтіретін жәндіктер мен зиянкестер, ауру қоздыратын микробтарды тасымалдайтын жәндіктер және өсімдіктерді I шірітетін синтетакалық химиялық заттар-гербицидтер мен дефолианттар. Биологиялық қаруды нысаналарға жеткізу немесе қолдану әдістерін екі топқа бөлуге болады: негізгі әдіс және диверсия жасау әдісі. ....
Қаржы есеп – қисаптармен және есеп айырысу жүйесімен өте тығыз байланысты, өйткені іс- әрекет етуі жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуға негізделген. Есеп – қисаптар экономикалық категориялар емес, олар- аталған категорияларды іске асырудың құралы. Бұл жерде ақшаның айналыс құралы және төлем құралы ретіндегі функциясы пайдаланылалды. Қаржылық операциялардың уақытылы жасалуы, мақсатты қорлардың қалыптасуы, қаржы ресурстарының қажетті бағыттары бойынша кедергісіз қозғалуы есеп-қисаптардың айқындығына, жолға қойылғандығына байланысты болып келеді. Ақшалай есеп-қисаптар коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруды жүзеге асырудың маңызды буыны болып табылады. Олардың қалыпты жұмыс істеуі ұдайы өндіріспен құнның экономикалық категорияларының – бағаның, қаржының, кредиттің, еңбек ақы төлеудің, іс-қимылының өте қажетті шарты болып табылады. Экономикалық категориялар өзара іс-қимылы туралы қаралған негізгі қағидалары оларды ұдайы өндірісті басқарудың практикасында, оны жүзеге асырудың тиімділігін ынталандыруда пайдалануға келісілген, өзара үйлесілген тәсілдемені қажет етеді. Қаржылық есепті жүргізетін Navision Financials басқа қосымша программалардың бөліктерімен біріктірілген. Мұнда қаржылық операциялар құрылады, деректер өңделеді және есептемелер жасалады. Қаржылық есеп модулінде: аудит үшін қажетті ақпаратты тіркеуді; кез келген кезең, күн, апта, ай, тоқсан немесе жылдық әрбір шот бойынша бөлім немесе бюджет құруды, фирма балансын, пайда мен шығын есептемесін, ақша қаражатының қозғалысы туралы есептемені қамтитын ішкі және сыртқы талдауға арналған баланстардың түрін және басқа да қаржылық есеп беруді құру; шоғырландырылған балансты және басқа есептемелерді даярлаумен отандық немесе шетелдік филиалдардың деректерін шоғырландыруды істей аласыз.....