Қарагөз (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мынау қолым, Қарагөз саған созған,
Махабаттың жүректе оты қозған.
От-жалындай көзіме көрінеді,
Желбіреген көйлегің берен боздан.

Қайырмасы:
Қарагөз сәулем көз көрген,
Түн ұйқысын төрт бөлген.
Шақырғанға бармаған,
Сұм басым,үйбай, сөзге ерген.....
Өлеңдер
Толық

Ақ сұңқар (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жебесі шын күмістен садағымның,
Әдеті осылай ма еді базарлымның.
Несіне сөйлер сөзден іркілейін,
Тұсына кез келгенсің ажарлымның.

Қайырмасы:
Ақ сұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.....
Өлеңдер
Толық

Шалқар вальсі (Қазақ ауыз әдебиеті)

Шахарда Шалқар деген ұлтымыз бар
Осында ер жігіттер, өңки қыздар
Көлі бар құралай көз мөлдіреген
Жағаға шатыр тігіп қондыңыз ба?

Қайырмасы:
Шалқар көлі өзімізге шағалаға нық теңіз
Шалқар құмы өзімізге
Күндей ыстық леп теңіз....
Өлеңдер
Толық

Қараторғай /2-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қарағым, айналайын, қара қасым,
Жібектей қара мақпал қара шашың, еркем-ай.
Еліктің лағындай егілемін,
Мөлдіреп, сені ойласам, көзден жасым, еркем-ай.

Қараторғай, қарағым-ай,
Мөлдіреп, сені ойласам, көзден жасым, еркем-ай......
Өлеңдер
Толық

Қараторғай /1-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

(Сырдың “Қараторғайы”)

Құс болсаң жібектен бау тағар едім,
Күмістен тұғырыңды жабар едім.
Мойныңа сары алтыннан алқа тағып,
Қолға алып, сылап-сипап бағар едім.

Салайын мен әніме
Қараторғай, қараторғай......
Өлеңдер
Толық

Қарағым-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қара тайға жарасқан қара терлік,
Жараспайды жігітке төтен ерлік.
Жамандардың жабыққан ісі дейді,
Өлең айтып көңілді көтерелік.

Қарағым-ай,
Қырға шығып
Жолыңа қарадым-ай......
Өлеңдер
Толық

Қара көзім (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аулым көшіп барады белден басып,
Белден асқан бұлтпенен араласып-ай.
Аулың алыс кеткенде, әй қарағым,
Ақ қағазбен жүрелік амандасып-ай.

Қара көзім,
Бар ма есіңде сондағы
Айтқан сөзім-ай......
Өлеңдер
Толық

Қара жорға (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айдап салдым жылқымды теріскейге,
Бақпай қойса мал шіркін өрістей ме-ай.
Жылқы ішінен саңлақты ұстап мініп,
Осылайша ән салсам-ай, келіспей ме-ай.

Қара жорға,
Жорғалатып салайын-ей,
Жолдан жолға-ай......
Өлеңдер
Толық