Аударма ісі | Қараманұлы батыс әдебиетінің аудармашысы

КІРІСПЕ
Қазақ аудармасының тарихына зер сала қарасақ, халқымыздың мәдени даму байланыстарының түрлі кезеңдерінде аударманың рөлі айрықша болған. «Жеті жұрттың тілін біл» деген халқымыз көп тілді білудің қадірін, қажеттілігін ежелден сезген. Әсіресе, 19-шы ғасыр мен 20-сыншы ғасырда аударма жаңа сипатта қоғамдық озық ойлармен, әдеби шығармалармен танысудың тиімді көзі болып саналғанымен, аударматану ғылымы, аударма теориясы жүйелі ғылыми айналымға енген жоқ. Әбу Насыр әл-Фарабидің 70-тен аса елдің тілін білуіне мән бере қарасақ, ғұлама ғалымның талай еңбектер жазып қалдыруының сыры терең білім мен көптеген тілді меңгеру қабілетімен ұштастырылады.
Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Тіл дамуындағы процесстің барысында аударма қызметінің атқаратын рөлі орасан зор. Қай халықты алып қарасақ та, өзінің мәдени, рухани байлығын ең алдымен екі негізден алып дамытып отырған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | Білім жүйесін дамытудағы мемлекеттік бюджет қаражаттарының алатын рөлі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жасаған 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жобасын егжей-тегжейлі қарады.
Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы – Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі даму стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың өзекті бағыттарының бірі. «Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты», – деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекеттік бағдарлама жобасын ұсына отырып, білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың орнықты өсімі мен азаматтардың әл-ауқатының артуын қамтамасыз ететін адамдық капиталды дамыту үшін түбегейлі жаңарту екендігін атап өтті. Білім беру саласын реформалау және жаңартудың негізгі бағыттары ретінде мыналар ұсынылады: қаржыландыруды жетілдіру (қаржыландырудың жан басына шаққандағы ұстанымын енгізумен), білім менеджментін жақсарту, педагогтің мәртебесін арттыру (мемлекеттік қолдауды күшейту және педагог қызметкерлердің еңбегін ынталандыру), электрондық оқыту жүйесін енгізу ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ахмет БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту, оку-тәрбие ісінде кеңінен пайдалануға қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе ұлттық педагогикамыздың қайта жаңғыруына байланысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет екені анық.
Алайда, қоғамымызда орын алған әлеуметтік-экономикалық кедергілерге байланысты бұл мәселенің көптеген жақтары әлі де өз шешімін таппай отыр. Мәселені шешуде педагогика ғылымы халқымыздың мәдени мұрасын, педагогикалық ой-пікірлер саласында қорланған барлық құнды, қажетті жәдігерліктерді және халық ағарту мен қоғамның даму кезеңдеріндегі тәжірибелерді жүйелі түрде зерттеп, пайдалануы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда, халықтық идеялардан нәр алған қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары адамгершілік асыл қасиеттерді дамытып жетілдіруге, қоршаған ортаны танып білуге, ата дәстүрін ардақтап, қадір тұтуға және, ең бастысы, қоғамдық тәрбие беруге бағытталған....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары мен қызметі

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту, оку-тәрбие ісінде кеңінен пайдалануға қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе ұлттық педагогикамыздың қайта жаңғыруына байланысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет екені анық.
Алайда, қоғамымызда орын алған әлеуметтік-экономикалық кедергілерге байланысты бұл мәселенің көптеген жақтары әлі де өз шешімін таппай отыр. Мәселені шешуде педагогика ғылымы халқымыздың мәдени мұрасын, педагогикалық ой-пікірлер саласында қорланған барлық құнды, қажетті жәдігерліктерді және халық ағарту мен қоғамның даму кезеңдеріндегі тәжірибелерді жүйелі түрде зерттеп, пайдалануы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда, халықтық идеялардан нәр алған қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары адамгершілік асыл қасиеттерді дамытып жетілдіруге, қоршаған ортаны танып білуге, ата дәстүрін ардақтап, қадір тұтуға және, ең бастысы, қоғамдық тәрбие беруге бағытталған....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні

Зерттеудің өзектілігі: Абай - өз заманының биік парасат иесі ғана емес, бүгінгі заман айшылықтарын шегінуте де оң бағыт берген биік тұлға. Ақынның гуманистік идеясы тек өледдерінде ғана емес, қарасөздерінде де терең философиялық толғаныспен көрініс тапқан. Абай қарасөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған ақын шығармашылығындағы айтпақ ой, терең филососриялық мұғалім өзі зерттеп, түсінгенде ғана осы бағытта баламен жүргізілетін білімдік және тәрбиелік істері нәтижелі болмақ.
Курстық жұмыстың мақсаты: Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәнін қазақтың мақалдарын сынай отыра Абай дүниеқоңыздық, ұятсыздық сияқты адамды аздыра-тын қылықтардан жиренуді мақсат етеді. Жақсы, жаманның арасын айырып, ақиқатын айтады немесе "7-ші", "31-ші" сөзінде Абай оқу, өнер-білім мәселесі төңірегінде келелі ой қозғауы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Абайдың педагогикалық көзқарастары

Абай - өз заманының биік парасат иесі ғана емес, бүгінгі заман айшылықтарын шегінуте де оң бағыт берген биік тұлға. Ақынның гуманистік идеясы тек өледдерінде ғана емес, қарасөздерінде де терең философиялық толғаныспен көрініс тапқан. Абай қарасөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған ақын шығармашылығындағы айтпақ ой, терең филососриялық мұғалім өзі зерттеп, түсінгенде ғана осы бағытта баламен жүргізілетін білімдік және тәрбиелік істері нәтижелі болмақ.
Курстық жұмыстың мақсаты: Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәнін қазақтың мақалдарын сынай отыра Абай дүниеқоңыздық, ұятсыздық сияқты адамды аздыра-тын қылықтардан жиренуді мақсат етеді. Жақсы, жаманның арасын айырып, ақиқатын айтады немесе "7-ші", "31-ші" сөзінде Абай оқу, өнер-білім мәселесі төңірегінде келелі ой қозғауы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | Адам құқығы мәселесінің халықаралық қатынастарға тигізер әсері

Бүгінгі өркениетті елдердің көпшілігі адамзаттың өсіп-өркендеу тарихын межелеп отыру үшін, шартты түрде, Ғайса пайғамбардың туған күнінен бастайтын жылсанау тізбесінде жиырмасыншы жүзжылдық қарама-қайшылықтарғасыры боп мәңгілікке қалатын шығар, сірә. Адам парасатының кемел мүмкіндігін танытқан ғажайып ғылыми-техникалық жаңалықтар да осы ғасырда ашылды, пендеге тән қатыгездіктің кейде қанқҰйлы соғыстар мен жаппай жазалауларға ұласатынын көрсеткен аласапыран төңкерістер де осы ғасырда болды. Азат ел болуды аңсап ұзақ күткен ірілі-ұсақты кейбір Ұлттардың дербес мемлекетін орнатуға бүгін ғана қолдары жетіп жатса, өркениет шуағына малынып, ішкі қуатын толық таныта алған кейбірхалықтар енді, керісінше, бір-бірімен қайтадан қосылуға үмтылуда.
Пайда табу мен бір-бірімізден өктемдігімізді асыру мақсаттары жолында бәрімізге ортақ алтын бесік - жер ана төсін аямай-ақ бұлдірген, улаған біз - адамзаттың бүгінгі ұрпағы өзімізге түпсіз-түңғиық ғаламда бұдан өзге қоныс жоғын түсініп, баршамыздың бір кеменің үстіндегі тағдыр-ластар екенімізді сезіне бастағандаймыз ....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | Адамның жеке басын тексеріп қарау кедендік бақылаудың ерекше нысандары ретінде


Адамның жеке басын тексеріп қарау, кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп санауға негіз болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оның орынбасарының жазбаша шешімі бойынша жүргізілуі мүмкін.
Адамның жеке басын тексеріп қарау, жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және оны ресімдеу тәртібінің арнайы ережесі қабылданған. Аталған ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 448-бабына сәйкес әзірленген және оны жүргізудің тәртібін және тіркеу нысанын айқындайды...
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Ақпарат жүйелерін жобалаудың әдістемелік негізін жүйелік қарастыру

Ақпарат жүйелерін жобалаудың әдістемелік негізін жүйелік қарастыру құрайды. Сондықтан осы қарастыруға сәйкес кез – келген жүйе, сонымен қатар ақпарат жүйесі ортақ мақсатқа жетуде бірегей әрекеттесетін өзара байланысқан объектілерден тұрады.
Жүйелерге олардың объектілерінің күйінің өзгеруі тән, жүйе күйінің өзгеруі белгілі мерзімде түрлі үрдістерде және сыртқы ортада өзара әрекеттесуі нәтижесінде жүзеге асырылады. Жүйенің мұндай іс қимылдары негізінде келесі қағидаларды ұстанған жөн:
- эмердженттік, яғни жүйенің жалпы құрлымы негізіндегі бүтіндігі,мұнда жеке объектілердің іс-қимылдары бүкіл жүйенің әрекеттесіуіпозициясынан қарастырылады.
- Гомеотазис, яғни жүйенің тұрақты әрекет етуін және ортақ мақсатқа жетуін қамтамасыз ету.
- Сыртқы орта бейімділігі және жүйе элементтеріне әсер ету арқылы басқарылу мүмкіндігі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Ақша қаражаттар қозғалысы

Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде ақша - қаражаттар қозғалысының ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес субъектіні айқындауға, субъектілердің қаржылық қызметі туралы сапалы, уақытылы ақпаратты қалыптастыру ақша қаражаттар қозғалысының есептілігінің басты мақсаттары болып табылады.
Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар. Өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи турде дамып келген экономикалық категория.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
• жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
• айырбас құнының дербес формасы;
• еңбек өлшемінің заттай формасы.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектік ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикада атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
1. құн өлшемі және баға масштабы;
2. айналыс (айырбас) құралы;
3. төлем құралы;
4. қорлану және қор жинау құралы
5. дүниежүзілік ақша
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.....
Курстық жұмыстар
Толық