Тақырыбтың өзектілігі. Күміс мөңке балығы Garassius auratus Қазақстан су айдындарында таралған балықтар түрінің бірі болып, басқа түрлерімен салыстырғанда ең қолайсыз ортаға шыдамды, маниторингтік түр талабына сәйкес дене өлшемі жеткілікті және судың экожүйесінде улы заттардың әсерін бағалауға арналған перспективті объект болып табылады. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қапшағай су қоймасы мөңке балығының биологиялық ерекшеліктерін және морфометриялық көрсеткіштерін зерттеу. Менің «Мөңке балығының морфо - биологиялық ерекшеліктері» тақырыбындағы дипломдық жұмыстың мақсатына сай зерттеу жұмыстарын атқару үшін төмендегідей міндеттер қойылды: Қапшағай су қоймасындағы мөңке балығының биологиялық және морфологиялық талдау жүргізу арқылы ерекшеліктерін зерттеу және басқа бағалы кәсіптік балықтарға бәсекелестік маңызына тоқталу, әдебиетке шолу. Адамзат балықты басқа объектілермен бірге ерте заманнан бері маңызды тамақтық зат есебінде пайдаланып келеді. Балықтардың табиғаттағы маңызы ерекше себебі, жер жүзіндегі 43 мыңдай омыртқалылардың 50 % шамасын құрайтын балықтар. Планетамыздың 2/3 бөлігін алып жатқан судағы өсімдіктер мен басқа организмдер жинаған энергия қорын өңдеуде балықтардың орны бөлек. Қоректік спекторының әртүрлілігінен барлық қоректік тізбектерге әсер етеді. Балықтар судағы және құрлықтағы көптеген жануарлардың қоректік қоры. ....
Қапшағай суқоймасының кәсіптік ихтиофаунасы жерсіндірілген түрлерден құралады. Балық қорының кәсіптік игерілуінің дұрыс жасалмауынан, суқойманың қолайсыз гидрологиялық жағдайы кейбір бағалы балықтардың түрлері үшін суқойманың биоценозы тұрақсыз жағдайға тап болуда. Көбіне балықтардың бағалы түрлерінің популяциясы олармен бәсекелес кәсіптік маңызы аз балықтарға қарағанда кәсіптік ауыртпашылықты көбірек кешуде. Қапшағай суқоймасы Қазақстан ихтиологтарының бірден көзіне түсті, ең алдымен «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» мамандары мен Әл-Фараби атындағы КазҰУ-нің гидробиология және ихтиология кафедрасының оқытушыларының. Зерттеу жұмыстары көптеген бағыттар бойынша жүргізілді, ол өз кезегінде қайта құрылған суқойманың ихтиоценозының қалыптасу процестерін тануға үлкен үлес қосты. Суқойманың қалыптасуының алғашқы жылдарында ақ қоректік базаны жақсарту туралы ұсыныстар мен кәсіптік балықтардың сапалық құрамы (торта, сазан, тыран, көксерке, ақмарқа) жасалды. Жиналған тәжірибелер арқасында көптеген балықтар популяциясының болашақтағы жағдайына болжам берілді. Қапшағай суқоймасының ауыр металдармен ластануына байланысты ондағы тіршілік ететін балықтардың жағдайына әсері жаңа зерттеулерді қажет етіп отыр. Қапшағай су қоймасы еліміздегі балық қоры мол және кәсіптік маңызы бар көксерке, сазан, тыран, торта және т.б. балықтар ауланатын суқойма.
Жұмыстың мақсаты: Торта балығының биологиялық көрсеткіштерін зерттей отырып, қазіргі кездегі жағдайына баға беру. Жұмыстың міндеттері: 1. Торта балығы бойынша жасалған ғылыми зерттеу жұмыстарына шолу жасау; 2. 2008 – 2009 жж. аралығындағы жиналған материалдардың биологиялық анализінің көрсеткіштерінің динамикасын көрсету; 3. Көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде Қапшағай суқоймасындағы торта балығының қазіргі жағдайына баға беру.....