file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ғашық болып көрмедім


Ғашық болып көрмегенмін мен деген,
Махаббаттың дәмін татып көрмегем.
Бос әурелік махаббатты не қылам?
Өзге тұрмақ, өзімді де сүймегем.

Ғашықтықты тәттілікке балайды,
Ғашық болсаң неге сонша қинайды?
Екі жақтан екі жүрек жете алмай,
Бірін-бірі бір көруді аңсайды.

Шын ғашықтар қосылмайды деседі,
Десе десін, оны қойшы, мейлі енді.
Еңлік - Кебек, Қозы - Баян қосылса,
Жаппай халық айтар ма еді бұл сөзді?

Авторы:Алина Ғалым


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу