Бақытжан Мұсаханұлы Қанапиянов (1951 жылы 4 қазан)

Бақытжан Қанапиянов - 1951 жылы 4 қазанда Көкшетау қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын 1974 жылы бітіріп, Қазақ КСР ҒА жанындағы Металлургия және кен байыту институтында инженер болып істеген. Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. «Жалын» баспасында аға редактор, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болған. 1991 жылдан бері «Жібек жолы» баспа үйінің президенті. Алғашқы өлеңдері 1975 жылы «Простор» журналында басылған. Бірнеше жинақтардың авторы. Абай өлеңдерінің еркін аудармасын жасап, Жамбыл, Кенен дастандарын, «Қыз Жібек» эпосын орыс тіліне аударды.

1986 жылы Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1998), Қазақстан Журналистер одағының С.Сәдуақасов атындағы сыйлығының иегері (1999), «Алтын лираның үміткері» атты Дүние-жүзілік ақындар байқауының лауреаты (2003), Тәуелсіз Тарлан сыйлығының лауреаты (2003), Махамбет сыйлығының лауреаты (2003). Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (2001). «Парасат» орденімен (2006), Қазақстан, Ресей, Украинаның медальдарымен, «Чернобыль апатына 20 жыл» құрмет белгісімен (Ресей, 2006 жыл) марапатталған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының (2005) лауреаты....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Сегіз Сері / Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақов (1818 - 1854)

Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақов
Дүниеге келгені: 1818
Қайтыс болғаны: 1854
Мансабы: СӨЗГЕР
Жұбайы: Ырысбике
Сегіз сері (1818–1854) — шын аты — Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақов.

Өмірбаяны
Арғы атасы Қожаберген — әрі ақын, әрі әнші, әрі батыр кісі екен. Қалмақтармен шайқаста қол бастап, көзге түскен. «Ақтабан шұбырынды» заманының ұлы ескерткіші — «Елім-ай» дастаны мен әннің иесі. Өз әкесі Баһрам батырлығына қоса білімді, діндар адам болған. Баласын жастайынан мұсылманша өзі оқытып, мылтық атуға......
Рефераттар
Толық

Иса Байзақов (Қанапия)

Айқайлап жылқы бақтым мен жасымнан,
Бейнетке қарсы тұрмай кім жасыған.
Аспандап, жоғары өрлеп дәуірлеймін,
Суымын Ақ Жайықтың мен тасыған.

Айқайлап жылқы айдадым Сыр жағынан
Қамаған бай мен манап.....
Өлеңдер
Толық