Сегіз Сері / Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақов (1818 - 1854)

 Сегіз Сері / Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақов (1818 - 1854)

Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақов
Дүниеге келгені: 1818
Қайтыс болғаны: 1854
Мансабы: СӨЗГЕР
Жұбайы: Ырысбике
Сегіз сері (1818–1854) — шын аты — Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақов.

Өмірбаяны
Сегіз Сері / Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақов (1818 - 1854)Арғы атасы Қожаберген — әрі ақын, әрі әнші, әрі батыр кісі екен. Қалмақтармен шайқаста қол бастап, көзге түскен. «Ақтабан шұбырынды» заманының ұлы ескерткіші — «Елім-ай» дастаны мен әннің иесі. Өз әкесі Баһрам батырлығына қоса білімді, діндар адам болған. Баласын жастайынан мұсылманша өзі оқытып, мылтық атуға, садақ тартуға, найза шаншуға, қылыш шабуға, ат өнеріне, балуандықтың айла-тәсілдеріне баулыған. Кейін талапты жігіт қамшы өруден бастап, киіз үйдің шаңырақ, керегесін, аттың ер-түрманын, өмілдірік-тартпасын, жүгеніне дейін өзі жасайтын шеберге айналған. «Сегіз» деп ат қойған — жеңгелері. Себебі, ағаларына ілесіп аңга барып жүргенде сегіз жастагы Мұхамедқанапия оқтап берген мылтықпен қашқан киікті атып түсіріпті. Он үш жасынан домбыра тартып ән айтатыны, есейе келе бүркіт, қаршыға баптап, жүйрік ат ұстайтыны байқалған соң «сері» деген ат қосылған. Сегіз он жеті жасында қазіргі Қостанай облысының «Құсмұрын» деген жерін қоныс етіп отырған аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың ауылына қыдырып келеді. Серінің жан-жақты өнерін тамашалаған Шыңғыс дүниеге жаңа келген сәбиіне соған ұқсап өсер ме екен деген тілеумен Мүхамедқанапия деп азан шақыртып ат қояды. Шоқанның шілдехана тойын арнайы шақырылған Сегіз сері бастады деген дерек бар. Омбыдағы орыс әкімдері оны қазақтың ру басыларымен, беделді билерімен келісім сөз жүргізу саясатына пайдалангысы келген.

Түпкі мақсаттары — халықтың ең шүрайлы жерлерін тартып алу екеніне ерте көзі жеткен Сегіз әуелі ауызекі наразылық білдіреді, қисыны келмеген соң атқа қонады.

Соғыс кездері
Айналасына жігіт жинап, отаршылардың мекен-жайына ойран салады, соғыс өнерін жетік білетін ол мүздай қаруланған әскерден де қорықпай жол торып, аңдып жүріп соғысады, талай рет жеңіске жетеді. Бірақ екі жақтың күші тең емес еді. Патша әкімдері оны ұстап қамауға, алыс Сібірге айдауға, қарсыласса атып тастауға жарлық береді. Сегіз Нияз сері деген сенімді жолдасымен бірге Сырдария жаққа қоныс аударуға мәжбүр болады. Той-думаны көп Сыр бойында жас жігіттің асыл қасиеттері жарқырап ашылған. Көпшілік жиналган жердің көркіне айналып, жақсы көрген қыздарға арнап, талай тамаша әндер шығарған. Ерлігімен көзге түсіп, Бүхара, Хиуа жақтан қарумен келіп, бейбіт елдің мал-жанын тонайтын қарақшыларға қарсы жасақ ұйымдастырады, басқыншылардың талай рет бетін қайтарып, кек алған.

Алайда бүл жақта да көп тұрақтау қиын-түғын, артында қуғын бар. Өзіне ерген жігіттерді бастап, ол Батые Қазақстан жаққа жол тартады. Жайық өзені мен Нарын қүмында бүл кезде патша, хан саясатының озбырлығына қарсы наразылық оты лаулап келе жатқан. Бүл ел Сегіздің нағашы жүрты болғандықтан ішке оңай сіңеді. Исатай, Махамбет бастаған көтерілісшілерге әскери кеңес береді.

Бүл жақта да түрақтай алмай, Кавказдағы елдерге өтеді, атақты Шәміл бастаған мүсылмандар көтерілісіне катысады. Соңынан Иран, Ауғанстан жаққа кетеді. Ақырында төрт жылдан кейін Сыр бойына қайтып оралады.

Мұз жастанып, қар төсеніп, жорықта жүрген жылдарында өкпесіне суық тигізіп, Сегіз 36 жасында (1818 жылы туған) ауырып қайтыс болады. Нияз сері, Біржан сал, Жаяу Муса, Нүржан т. б. шәкірттері ол туралы арнау өлең шығарып, жоқтау жазған. Оның қайғылы махаббаты жайында шөкірттері «Мақпал-Сегіз» деген бірнеше дастанды жарыса жазып, елге таратқан.

Сегіз серіні бүгінгі үрпақтары әлі күнге дейін жөнді тани алмай келеді. Шындыққа жүгінсек, ол — қазак сал-серілерінің атасы!

Шығармашылық өмірі
Соғыс өмірі «Қашқын келбеті» деген дастанында өлеңмен баяндалған. Ақмешітке келген соң Арқадан Сыр бойына қатынап жүрген адамдар арқылы елдегі атақты болыс-билерге сөз салады. Омбы генерал-губернаторына беделі өтетін ага сұлтан, билердің көмегімен кешірім алып, Солтүстік Қазақстандагы қазіргі Жамбыл ауданына қарайтын Гүлтөбе — Маманай деген жердегі ата қонысына келеді. Көп ұзамай өзі қалаган Ырысбике деген қызға үйленіп, балалы-шағалы болған.

Серілік, салдық туын тігетіні де осы кез. Бозбала шағында Біржан сал, Жаяу Муса, Үкілі Ыбырай, Нүржан Наушабаев, Ыбырай Алтынсарин тағы басқалар Сегіз серіден әр түрлі өнер үйреніп, бата алған. Оның әндерін жалпақ елге жаюшылар да — солар. Көп шәкіртінің бірі Жаманқүл Дәндібайүлы; «’Елу бес өнін Сегіздің өзім елге тараттым», «Қырық бес күйін Сегіздің тартып бердім әр жерде», «Тарап кетті халыққа жүзден астам…» — деп жырлаған. Соған Караганда Сегіздің біз білмейтін әндері көп, талайы бүрынғыша «халық әні» делініп немесе басқа сал-серілердің қанжығасында кеткен тәрізді. Ал күйлерін зерттеген ешкім жоқ. Оның «Ер Исатай», «Жорық», «Қашқын келбеті», «Өкініш», «Ақылсыз шаһзада», «Ақбүлақ» атты жыр-толгаулары, дастандары Ғылым академиясының қолжазба қорында жатыр. «Ер Тарғын», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Қозы-Көрпеш — Баян сүлу», «Қамбар батыр» сияқты жыр-дастандардың Сегіз жырлаған нүсқаларын Жүсіпбек Шайхысламүлы Арқа жақты аралап жүріп, хатқа түсірген де, Қазанда өз атынан бастырған.

Шығармашылығы:
«Қашқын келбеті»,
«Ер Исатай»,
«Жорық»,
«Қашқын келбеті»,
«Өкініш»,
«Ақылсыз шаһзада»,
«Ақбүлақ»,
«Ер Тарғын»,
«Қыз Жібек»,
«Айман-Шолпан»,
«Қозы-Көрпеш — Баян сұлу»,
«Қамбар батыр»
Шәкірттері:
Нияз сері,
Біржан сал,
Жаяу Муса,
Нұржан


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу

Ілмектер: сегіз сері туралы қазақша реферат, сегиз сери туралы казакша реферат, сегиз сери туралы казакша омирбаяны, сегіз сері туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке сегиз сери, биография на казахском языке сегиз сери, биография на казахском языке, сегиз сери, реферат на казахском языке, сегіз сері туралы, қазақша реферат, сегіз сері, Мұхамедханафия Бахрамұлы Шақшақов туралы қазақша реферат, Мухамедканапия Бахрамулы Шакшаков туралы казакша реферат, Мухамедканапия Бахрамулы Шакшаков туралы казакша омирбаяны, Мұхамедханафия Бахрамұлы Шақшақов туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке Мухамедканапия Бахрамулы Шакшаков, биография на казахском языке Мухамедканапия Бахрамулы Шакшаков, Мухамедканапия Бахрамулы Шакшаков, Мұхамедханафия Бахрамұлы Шақшақов туралы, Мұхамедханафия Бахрамұлы Шақшақов, Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақов туралы қазақша реферат, Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақов туралы қазақша өмірбаяны, Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақов туралы, Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақов, сегіз сері баһрамұлы шақшақов реферат