Әлеуметтік желіде танымал әнші Қайрат Нұртастың болашақ депутаттық мансабы елді біраз шулатып, жұрттың ойын сан-саққа жүгірткені рас. Дархан Мұқани есімді қолданушының Facebook желісінде жариялаған сауалын өзгелер бірден іліп әкетті.
Гүлзира Айдарбекова 4 жастағы арбаға таңылған Даяна есімді бүлдіршіннің алғаш рет қадам басқанына куә болды. Ол емхананың бас дәрігері мен ата-анасының өтініші бойынша Даянаның тұсауын кесті.
Отандық журналист Айгүл Сапарханқызы қазақ эстрадасында ерекше танымалдыққа ие болып, өнерімен көпті тәнті еткен Қайрат Нұртас соңғы уақытта қазақы тәрбие көрген жасқа тән емес жат қылықтар танытып жүргенін сөз етті.
Қазақ әншілерінің өзге елдің әндерін көшіруі тым жиілеп барады. Қырғыз әндерін көшіріп алуға құмар шоу-бизнес өкілдері енді армян әндеріне көз тіге бастады, деп жазады oinet.kz порталы.
Ақынның қолына қалам алғызып, шабыт беретін ару қыздарымыздың сұлулығы, еркелігі мен наздығы екені рас. Ал сол әдемі шумақтарға композиторлар кереметтей әуендер жазып, орындаушылар қазақ қыздарының сұлулығын жұрт арасында насихаттап жүр. Бүгінде қыздарға арналған әндер аз емес. 8 наурыз қарсаңында сол әндердің бірегейін жинақтадық.
Қайрат Нұртас қысқы демалысын отбасымен бірге Бурабайда өткізіп жатыр. Әртіс қалың қарда көлікпен серуендеп, таза ауа мен әсем табиғаттың аясында бой жазуда.