Аспан жер арасын Өрт қаптады жалыны жалаңдаған, Көңірсіді құйқадай адал далам. Бір-бірінің қанынан ұрттамаса, Тыншымастай сұстанды Адамға Адм. Түндер келді жарыңның құшағында Рахаттың орнына алаңдаған Жас орнына мөлдіреп жанарда қан Тамайын деп тамбаған, тама алмаған. Алмасты лез күрсіну, күңіренумен Жүректерден шарықтап таралған ән. Түнде соғар дүлейін жасырғандай, Күліп-атып қылымсып таң алдаған. Бейнетімен бақ құшқан кең далаға Қанды өзендер құйғандай сан арнадан. Мазасыз әлі қысқа бұл тіршілікте Болар кейде мейірімді адамнан аң Сәби көңіл жандардың жанын улап Бітіспес кек, ызамен арамдаған. Дөңбекшіді сонда жер қанға бөгіп: “Не кінәң бар, Адамдар, табар маған?!”
Иә, қара жерді дөңбекшітіп, жазықсыз жандардың жанын жазылмас жарамен қан жылатқан көп қазақ халқының ер жүректілігі мен қанға сіңген қаһармандағын әлем алдында тағы да әйгі еткен екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына да келер жылы 60 жыл толғалы отыр. Ерліктің салтанатты жеңісіне жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, соғыс қантөгісін бастан кешірген талай адамдар соғыс салған азап пен қасіретті күні бүгінге дейін ұмытқан емес және бұл еш уақытта да көмескіленуі мүмкін емес. Адал жарды аяуласынан, ананы жалғызынан айырған бұл сұм соғысты қалай ғана естен шығарарсыз. Жеңіс салтанаты. Миллиондарды өмір мен үміттен айырған осы соғыстағы жеңіс салтанаты оп-оңай келген жоқ. Отан сүйгіш ұл - қыздардың майдан мен тылдағы жан аямас еңбегінің жемісі еді – бұл. Иә, Отан қорғауға тек асыл ер – азаматтарымыз ғана емес, қолына қару алып, майдан үшін тағдырын белге буған ардақты апа, әпкелеріміз де болды. Ана және соғыс. Бір – бірінен жер мен көктей алшақ жатқан осы екі ұғымның бір сәт басын қосып көріңізші. Сіздің көз алдыңызға өртеген үй мен шырылдаған сәби, жүректі ысқылаған қайғымен аралас ыза мен кек оты жанраынан ұшқан ана бейнесі елестер еді. Балғын сәбиіне көкірегін тосып, емірене аймалаған ана мейірімін елестетіңізші!
Не деген бақыттылық! Отыр еді көзінде жақұт тұнып “Соғыс” деген бір сөзден есеңгіреп, Зәресі ұшты орнынан атып тұрып.
Мейірім мен шаттық үшін ғана жаратылғандай бал – бұл жанған ана жүзін ашу мен кек торлады. Күле шаттана білген ана ел басына мұнар күн туғанда, қасіретімен Жре үстіндегі жазықсыз тіршілікті қорғауға деген шексіз махаббаты пен бір қайратқа мінгендей жігерленді. Он сегіз бен жиырманың арасындағы әлі жігіт сүйіп үлгермеген, күні кеше қос тұлымы желбіреп, ертеңгі болашаққа аппақ арман, балауса үмітпен күлімдеп қараған жас қыздар нәзік балтырын сыздатқан солдат етігін киіп, гұл құшуға жаралғандай нәзік саусақтары ауыр автоматты көтеріп, майдан өтіне бара жатты. Ұлы Отан соғысының от-жалынды жылдарында ер-азаматпен бірге қолына қару алып, майдан шебіне аттанған Әлия мен Мәншүктей қыздарымыз сан жүздеп саналады. - Майданға жету, қалайда жаумен бетпе-бет келіп, кек алу – біздің бар ой – арманыңымыз осы болатын,- деп еске алады Ленинград қаласын әуе шабуылынан қорғаған зенит зеңбірегі расчетінің командирі Әлима Ақжолова.....
Соңғы кезеңнің өзекті проблемаларының бірі – ұлттың сақталуы, халықтың саулығы. Бұл мәселенің көтерілуі кездейсоқтық емес. Адамзат тарихында тұтас бір халықтың жойылып кеткен кездері де аз болмаған. Оның басты себептерінің бірі – зорлық-зомбылық. Ол ғылыми тілде «геноцид» деп аталады.Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысынан бастап қазақ аспанын бір қара бұлт торлай бастады. Ол бірте-бірте түйіле келе отызыншы жылдардың басында ызғарлы дауылға ұласты. Даланы, қазақ сахарасын үрей биледі. Ұлы үрей! Содан да болар, Алаштың азаматтары басының ауған жағына көшті, босты. Сіңіріне ілінген сорлылардың көбі-ақ ажалдың ащы шеңгеліне ілікті. Демографтардың нақты деректеріне сүйенсек, 20-30-жылдардың бұл ойраны анау «ақтабан шұбырындыңызды» екі орап алардай тым алапат. Демек, қазақтардың тарихта бұрын-соңды өз басына түсіп көрмеген ұлы қырғынға ұшырағаны ғой. Сонда тұтас бір халықтың көз-жасын шығарып, ұлы сүргінге душар еткен кім? Ол ел жадында аса бір сүйкімсіз «Қужақ» деген лақап атпен жатталып қалған, жұрт аузында әлі сан ғасырлар бойы Қужақ аталып кете баратын кәдімгі Филипп Исаевич Голощекин еді. Голощекин кім еді? Ф.И.Голощекин (Шая Ицкович) 1876 жылы 26 ақпанда (ескіше 10 наурызда) Витебск губерниясындағы Невель деген шағын қаладағы ұсақ буржуаға жататын отбасында дүниеге келді. Голощекин 1903 жылы Ригада РСДРП қатарына кірді. Оның бұдан кейінгі Қазан төңкерісіне дейінгі өмірі қуғын-сүргінмен өтеді. Небәрі алты жылдың ішінде жеті рет түрмеге отырып шығады.1918 жылдың ақпанынан бастап Уральск әскери комиссары болады. Сол жылдың шілде айында Екатеринбург ақ казактар мен ақ чехтардың қоршауында қалады. Урал облыстық советінің құрамындағы солшыл ехерлер, анархистер, әсіресе, қызыл революционерлер Романовтарды құртуды талап етті. Олардың қатарында Голощекин де болды. Осы кезде Урал облыстық советінің шешімі бойынша 17 шілдеде Ипатьев үйінде қамалған ІІ Николай патша атылды.Голощекин – 1929 жылдың сәуір-маусым айларында Түркістан әскери-революциялық советінің мүшесі, ал тамыздан бастап Челябі губерниялық ревкомының төрағасы. 1920-22 жылдары Башқұртстанға, Костромада түрлі шаруашылық қызметін атқарды. 1923 жылдың қыркүйегінен Қазанға келгенге дейін Самара губерниялық атқару комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. Алғашқы әрекеттер Қазақстанға келе сала Голощекин бірден өзіне тән шапшаңдықпен іске шұғыл кірісті. Ол ең алдымен «1917 жылы қазан мен 1925 жылғы қыркүйек аралығында қазақ сахарасында Совет үкіметі болмады, коммунистік партия ұйымы жоқ» деген шешімге келді. Голощекиннің командалық-әкімшілдік жұмыс әдісі етек алып өрістей бастаған кезде республикалық партия, совет активі оған қарсылық та көрсете бастады. Міне, осы тұста әккі әкімшіл, өктем Ф.Голощекин оппозиция қанатын бірден қырқу үшін жаңа саяси бағытты дәлелдеп Сталинге хат жолдады. Көп ұзамай оның арандатушылық саясатына тоқтаусыз жол ашқан: «Тов. Голощекин. Я думаю, что политика, намеченная в настоящей записке, является в основном единственно правильной политикой. И.Сталин», – деген жауап та келіп жетті. Міне, осы тұста Голощекиннің әкімшілік-әкімгер басшылық әдісіне қарсы шыққандарға неше түрлі жала жабылды. Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, С.Сейфуллин, О.Жандосов, Н.Нұрмақов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, С.Меңдешев, А.Әйтиев сияқты партия, Совет қызметкерлерінің, өнер қайраткерлерінің атына ғайбат сөздер, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және басқалардың соңына шам алып түсушілер көбейді.....
Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын «Валюта» терминінің мәніне тоқталаиық. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңына (24.12.1996 ж) сәикес, «Валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билетер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен аиырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай ақ шоттардағы, соның ішіде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары». Осы заңда «валюталық операцияларға» төмендегідеи түсінік берілген: 1) Меншік құқығының және өзгеде құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде төлем құралы ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы өзгеде төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәмлелер: 2) Валюталық қүұндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай – ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту: Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады : 1) Шетел валютасы: 2) Номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары: 3) Тазартылған құйма алтын: 4) Ұлттық валюта, резиденттер мен беирезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдаида құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары. Мұндағы резиденттерге жататындар: - Қазақстан Республикасының тұрақты тұрғыны, соның ішінде уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға: - Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәикес құрылға барлық заңды тұлғалар, олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілеттігі: - Қазақстан Республикасынан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық, сауда және өзгеде өкілеттіктер жатады. Ал, беирезиденттерге резидент құрылымында көрсетілмеген Қазақстан республикасының барлық заңды және жеке тұлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады.....
Адамзат баласына рух берген Құдай азар беруден алшақ тұрса, адамзат баласы қалайша адамға азар берсін. Мұны адамзат игілігін көздеген барша руханият қолдап, уағыздап келеді. Соның ішінде сопылық қауымдастықтар бұған үлкен мән береді. Сопылық жолындағы тақуаларды ізгі ниеттілікпен жаратылған адамзат жанының азапталуы ресми түрде ойландырды. Адамзаттың есен-амандығын тілеген тақуалар Аллахтан өзіне азар беруді сұранады. Сондықтан да жетілу жолындағы муридтерде азап беруден гөрі азап тарту басымырақ. Аллахтың жүзіне ғашық болған муридтерге азап тарту ғашықтық өтеуіне айналған сынақ тәрізді. Ахмет Иассауи де пайғамбар хадистеріне сүйене отырып, бұл тұрғыда:
Жалған атақтан арылып сәби болдым, Алла атын айта-айта ашық болдым. Аллаға бар жаныммен адал болдым, “Фанафи Алла” мақамына салдым, міне.
Сүндет емес кәпірге де берсе азар, Көңілі қатты, діл азардан құдай безер. Ондай құлға Алланың азабы даяр, Даналардан бұл сөзді естіп айттым, міне [1.20].
Мутасаууфтардың “Қайырымды ісіңе жоғары қайырымдылық аласың, зұлымдық істесең жазырын тартарсың”-деп тереңнен толғаған сөздерінен аңғаратынымыз да адам баласына азар бермеу. Ахмет Иассауи де бұл дәстүрден алшақ кетпеген. Хикметтерінде көңілі қатты, тоң мінезді жандардан Алла да безініп, оларға қахарын төгумен қатар азап та бергендігі айтылады. Жетілу жолындағы муридтер жан тазалығын сақтаған. Оның жүрегінде мұндай дертке орын жоқ. Ахмет Иассауи муридтерінің әрбір істеген ісі мен сөйлеген сөзінен ақиқаттық сарын байқалып, ол оның мәртебесін асқақтатқан. Бірақ ол өзінің беделінің өскенін, халықтың құрмет тұтып қарағанын еш уақыт елемей, өз бойындағы қасиеттердің барлығын Алладан берілген деп санайды. Халқының қамын ойлап, солар үшін Аллаға басын исе, Алланың назарын өзіне аударғандай хәл кешкен.....
Арал теңізі – Қазақстанның інжу – маржаны, шөл белдеміндегі бірден – бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км 2, тереңдігі – 30 – 60 метр, тұздылығы – 10 – 12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50 – 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік – экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алында. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрыңғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5 , Түрікменстанда 2,4 , Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960 – 1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970 – 1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері – антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды. Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары боыйнша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Аралға 1960 – 1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974 – 1978 жылдары 13 мың м3 , ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның суайдыны 30 – 2000 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын – соңды болмаған көрсткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10 -15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 миллион тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады ....
Қазақ халқының тарихында әр ғасырдың басы аласапыран оқиғаларға толы болды. Бұл өз кезегінде тарих сахнасына ірі-ірі тұлғалар мен қайраткерлерді шығарып, түбірлі өзгерістерге алып келіп отырды. Әсіресе ХХ ғасырдың басы айрықша күрделілігімен, сансыз оқиғалардың сапырылысымен, ұлттық сананың оянуымен ерекшеленеді. Осы тұста қазақ сахарасында да Алаш ұранын көтеріп, қазақ баласын азаттыққа бастаған бір шоғыр қазақ қайраткерлерінің ой-пікірі мен іс-әрекеті жарқырап көрінді. Бұл кез қазақ халқы тарихындағы ең бір талмау тұстардың бірі болатын. Алаш ардагерлерінің айтуынша, «қазақтың бар болу немесе жоқ болу» мәселесі таразыға тартылған кез еді. Олай болатыны, бұл шақта қазақ халқы толықтай патшалық Ресейдің басыбайлы боданына айналған еді. Қазақ даласындағы хандық билік ыдыраған, билер институтының қадірі кетіп, орыс сотына қараған, дәстүрлі тіршілік қалпы мен өмір салты елеулі өзгеріске ұшыраған, ұлттық рух бәсеңдеген шақтағы кетеуі кеткен бір кер заман-ды. Қазақ жеріне орыс мұжықтарын тобымен орналастыруға байланысты еркін көшіп-қонып жүру үрдісінің де тынысы тарыла бастады. Дәстүрлі ырғағынан айрылған тіршілік салтының кесірінен барша қазақ баласының бір-бірімен хат-хабар алмасуы мен өзара қарым-қатынасы да іркіліске душар болды. Қысқасы, осынау жағдайлардың барлығы қазақтың санасында саңылауы бар бас көтерер адамдарын ойландырмай қоймайтын мәселелер еді. Алашорда қозғалысы мен Алаш идеясының пайда болуына тікелей осы аталған тарихи жағдайлар себеп болды. Қазақтың алғашқы оқығандары қазақтың жеке өз алдына ел болып, дамыған елдермен терезе теңестіре алатындай жағдайға қол жеткізуін көкседі. Жалаң сөз, жадағай ұранға баспай, бұл ойларын нақты іспен негіздеді. Ең алдымен қазақ баласының бір-бірімен пікір алмасуын қамтамасыз ету үшін мерзімді баспасөз құралдарын шығарды. Қазақтың тұңғыш журналы «Айқап» пен «Қазақ» газеті «ұлттың көзі, құлағы һәм үніне» айналды. Бұлардың ұлттық сананы оятудағы маңызы орасан зор болды. Кішкентай жылғадан басталған бұл әрекет ұлғайып, арналанып зор халықтық қозғалысқа ұласты. Алаш қайраткерлері қазақ халқын азат ел ету бағытындағы мақсатты ойларын бес тұғырға негіздеді. Солардың ішіндегі ең бір маңызды тұғырының бірі – қазақ тілінің мәселесі болатын. Бұлай болатыны, А.Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда «тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады». Ұлттың ұлы ұстазы Ахаң бұл бағытта бос үгіт насихатқа салынбай нақты іске кірісіп, қазақ жоғының орнын толтыруға білек сыбанып кірісті. Қазақ әдебиеті тарихында ұлы Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі мен мәдениеті тарихында Ахмет Байтұрсынұлының орны сондай. Оның өмірбаяны, бар тірлік-тынысы, ой-арманы туған халқына деген қалтқысыз қызметтен тұрады. Оның өмірін сондықтан да жеке адамның, жеке бір маманның өмірі деп қарауға болмайды. Ол – халықпен біртұтас, қалың елмен тамырлас, ел жүгін қайыспай көтерер нағыз халық перзенті.....
Ұлт тарихы тек қана саяси, әлеуметтік, қоғамдық оқиғалардан ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар жалғастығынан, өміршең дәстүрлерден құралатыны да белгілі. Сол игі дәстүрлерден тағылым ала отырып, мемлекет, әлеумет, жеке адам көшін түзейді, бағытын айқындайды. Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндеріне көз салсақ, тарих ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді көрер едік. Қазақ тарихының осындай белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ даласын азаттық идеясына жұмылдырған бұл ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Алаш қайраткерлері ұлтты ұлт ететін талай-талай шаруаны бастағаны, жолға салғаны белгілі. Сол зиялы қауым көтерген іргелі мәселенің бірі – тіл мәселесі. Алаш зиялылары бастаған рухани мәселелер бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатыр дегенде, олардың тіл тақырыбы төңірегіндегі ойларының қазірде де өміршең екендігін аңғаруға болады. Қазақ тіліндегі басылымдар, ана тілінде білім алу, тілдің қоғамдағы мәртебесі, ана тілінде тәрбие беру, Қазақстандағы қазақ тілінің басымдығы сияқты мәселелер А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Шонанұлы тағы да басқалардың істері мен еңбектерінен көрініс тауып жатты. Алаш қайраткерлерінің сонау ХХ ғасырдың басында тіл туралы айтылған ой-пікірлерінің ХХІ ғасырдың басында өмір сүріп отырған қазақ қоғамы үшін де маңызды болуы – біздің бұл салада атқарар шаруамыздың көптігін де көрсетеді. Себебі қоғамымыз тіл саласында әлі де Алаш зиялылары көтерген мәселелер деңгейінде отыр. Сондықтан да жоғарыда есімдері аталған қайраткерлердің, қаламгерлердің ойларын басшылыққа алып, бірқатар жұмыстар атқаруға тиістіміз. Айталық, бүгінгі мектеп, ондағы қазақ тілінің жай-күйі, жас ұрпақтың қазақ бола отырып, Қазақстан мектебінде оқып, орысша білім алуы және ондай қазақ балаларының мыңдап, тіпті он мыңдап саналуы. Қазақ баласының орысша білім алуы деген сөз оның орысша тәрбие алуы болып шығады. Осыны ұлттық қадір-қасиетімізді қалпына келтіру жолында орасан істер атқарған Алаш зиялылары бұдан бір ғасыр бұрын ұғынып, сөзбен де, іспен де шешуге тырысқан. Қазіргі кезде Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде қазақ тілі басымдыққа ие бола алмай отыр. Мынау ақпарат заманында тілдік қолданыстың зор кеңістігі ақпаратпен байланысты екендігін білесіздер. Телехабарлар, газет-журналдар орыс тілінде болған соң, үлкен де, кіші де сол тілде сөйлеуді дағдыға айналдырған. Өз тілін біле тұрып, өзге тілге үйір болудың үлкен бір сыры да осында. Алаш ардақтыларының бірі Жүсіпбек Аймауытов: «Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл – күйініш» деген еді. ....
Астана қаласының әкімдігі мен Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Елорданың 10 жылдығы мен Алаш қозғалысының 90 жылдық мерейтойына арнап «Әлем қазақтарының рухани сұхбаты: тіл, мәдениет және Алаш мұраты» атты халықаралық конференция ұйымдастырған екен. Алаш алыптарының даналық идеясына халқымыз жер-жерде шынайы құрмет көрсетуде. Осы құрметтің биік реті Елордасы Астанаға да келіп жетті. Осы қуаныштарыңызбен Сіздерді шын жүректен құттықтап өоюға рұқсат етіңіздер. Осы бір айдың көлемінде ХХ ғасыр басында Алаш қаласы атанған Семейде данышпан Шәкәрімнің 150 жылдық, Алаш қозғалысының 90 жылдық мерейтойына орай дүбірлі мәдени шаралар өткенін өздеріңіз білесіздер. Шәкәрімге арналған мерейтойда Семей қаласының орталық саябағында оған ескерткіш ашылып, отандық ғылымдағы тұңғыш жеке тұлғаға арналған «Шәкәрімтану мәселелері» сериялық ғылыми жинағының алғашқы алты кітабының және «Шәкәрім» тұлғалық энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Келген қонақтар тарапынан жақсы бағасын алды. Бұларды санамалап айтып отырған себебім, аталған еңбектердің дүниеге келуіне бүгінгі жиынға қатысып отырған ғалымдардың көбінің атсалысқанын атап өткім келеді. Сондай-ақ Семейде өткен Алаш қозғалысының 90 жылдығына арналған ғылыми-мәдени шаралар аясында алда істелер іргелі жұмыстардың жобасы айқындалды. Олардың басым бағыттарын «Алаш» энциклопедиясын дайындау, 100 томдық «Алаш қаласының кітапханасы» сериясы бойынша Алаш алыптарының еңбектері мен шығармаларын дайындау, тағысын тағылар. Қаламыздағы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті ректоры Ерлан Сыдықов, Семей мемлекеттік педагогикалық институты ректоры Мейір Ескендіров, М.О.Әуезов атындағы Семей университеті ректоры Шырын Құрманбаеваның үш жақты келісімінің арқасында жоғары оқу орындары аралық Алаштану ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бас ғимаратының алдында Алаш көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханға елімізде тұңғыш ескерткіш орнатылды. Бұл жерде айта кететін бір мәселе, осыдан бес жыл бұрын біз «Алаш – Семей» энциклопедиясын дайындауға кіріскен едік. Академик Рымғали Нұрғалидың басшылығымен «Алаш» энциклопедиясының сөзтізбесі болып дайындалған еді. Аумалы-төкпелі кезеңде ол бастама өзгеріске түскен болатын. Алаш – қазақ санасында берік орын алған қасиетті макроұғым болғандықтан келешекте Алаш философиясы метағылым деңгейіне көтерілетіндіктен бұл мәселе қайта айналып келіп алдымыздан шыға берері сөзсіз. ....
Кез келген әдебиет бір күннің төңірегінде өрбитін немесе белгілі бір тарихи кезеңнің оқиғасын баяндайтын тар ұғымды дүние емес. Мәдениеті бай елдердің әдебиеті де қаз тұрып, қалыптасқанша қоғамның дамуы секілді толып жатқан өзгерістерді қорытындылай келіп, алдымен өз халқының, кейін жалпы адамзаттың ортақ игілігіне айналды. Бұл заңды құбылыс. Тамырын тереңнен тартқан тарихымен қоса мәдениеті өркендеген қазақ халқы басында өткерген ұлы оқиғалар мен әлеуметтік жолдарымен ауыз әдебиеті эпостық жырлар, тарихи аңыз әңгімелер арқылы ұрпақтан –ұрпаққа жеткізді. Алғашқы газет журналдар да басылды. Кейінірек осының барлығы кітап болып жарық көрді. Тарихи-мәдени, әдеби дүниелерін кезінде қағаз бетіне түсіріп отырмаған қазақ халқының тасқа басылып, хатқа түскен ескерткіштерінің ішіндегі революциядан бұрынғы газет -журналдарда басылған нұсқаларының алар орны ерекше. Олардан рухани мұралардың бай көріністерімен қатар туған әдебиетіміздің тарихын жете білуге және оны халық тарихымен біртұтас зерттеумізге де мүмкіндік береді. [3] Қазақ баспасөзі XIX- ғасырдың екінші жартысында, яғни Қазақстанның Россияға қосылуының нәтижесінде пайда болды. Оның даму тарихы әлі толық зерттеліп, бір жүйеге келтірілген жоқ. [9] Бұл саладағы ең алғашқы сөз, бізге белгілі дерек бойынша 1925 жылы айтылған екен. Осы жылы жазғы тұрым Ташкентте «Ақжол» газетінің ұйымдастырумен жалпы қазақстандық баспасөз тілшілерінің съезі өткізілген. Съезде Байтасұлы «Қазақ баспасөзінің тарихы туралы» деген тақырыпта баяндама жасаған. ....