Мұрат ақын XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақындардың ішіндегі ең көрнектілерінің бірі. Ол 1843 жылы қазіргі Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау деген жерде туған. Мұрат жас шағында әкеден жетім қалып, ағасы Матайдың тәрбиесінде өседі. Болашақ ақын ауыл молдасынан оқып.......
Қазақ халқының эпосында батырлар жыры – ең бір мол сала. Бұл дастандар көбінесе сонау бір бағы заманда Орта Азияны, Қырым мен Еділ бойын жайлаған көшпелі тайпалар бастан кешірген нақтылы тарихи оқиғалардың поэтикалық көрінісі болып табылады. Батырлар жырының кейіпкерлері – Қобыланды, Қамбар, Тарғын сияқты аға батырлар мен Алпамыс, Сайын тәрізді іні батырлардың есімдері тарихи оқиғаларға.....
Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би .....
АйдынАқанұлыАйымбетов — қазақ ғарышкері, Қазақстан республикасының азаматы, космосқа ұшқан әлемнің 545-ші ғарышкері. Қазақстан Халық Батыры, Қазақстан ӘӘК (ВВС) полковнигі. Қазақтан шыққан ғарышкер 1972 жылы 27 шілдеде Алматы облысының Талдықорған қаласында дүниеге келген......
Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Aрғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701 – 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835) жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен....
Бұқаржырау Қалқаманұлы – XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Ол ұзақ өмір сүріп, көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған қазақ жырауы, мемлекет қайраткері 1668 жылдар шамасында туған. ұқардың арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл Қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Бұқаржыраудың өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты. Бірақ та жастық шағы, қандай өмір өткелдерінен өткендігі, туған, өлген жылдары жайында нақты деректер жоқ. Бұқаржырау ерте кезден көзге түсіп, Тәуке ханның тұсында-ақ.....
Жазушы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған. Ең алғаш өлеңін 13 жасында жазады. 1914 жылы Павлодар қаласындағы орысша-қазақша екі класты мектепті бітіріп, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, оны 1918 жылы....
Майлықожа - Шымкент облысы, Сарыағаш ауданында 1835 жылы туып, алпыс жасқа келгенде, 1898 жылы Арыс ауданында дүние салған. Әкесі Сұлтанқожадан он төрт жасында жетім қалып, Майлықожа жоқшылық - мұқтаждықты көп көреді. Бірақ талапты жас өлең өнерін ерте машық.....
МұхтарШаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Мамандығы тракторшы, филолог. 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын сырттан оқып бітірген. КСРО Жазушылар Одағының мүшесі (1969), КСРО Жазушылар Одағының пленум мүшесі (1978), «Жалын» альманахының (1984), «Жалын» журналының бас редакторы (1986), Қазақстанның халық жазушысы (1996), Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының хатшысы (1986), Республикадағы тұңғыш құрылған экологиялық қозғалыс - Арал және Балқаш проблемалары жөніндегі қоғамдық....
Қаз дауысты Қазыбекби, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған. Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған. Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп....