Айдын Ақанұлы Айымбетов (1972)

 Айдын Ақанұлы Айымбетов (1972)

Айдын Ақанұлы Айымбетов — қазақ ғарышкері, Қазақстан республикасының азаматы, космосқа ұшқан әлемнің 545-ші ғарышкері. Қазақстан Халық Батыры, Қазақстан ӘӘК (ВВС) полковнигі. Қазақтан шыққан ғарышкер 1972 жылы 27 шілдеде Алматы облысының Талдықорған қаласында дүниеге келген.

Ғарыштық миссиясы- Союз ТМА-16М, Союз ТМА-18М

Тұңғыш ғарыштық қызметі- Союз ТМА-16М

1989 жылы Талдықорған қаласындағы №20 орта мектепті алтын медальға бітірген соң Авияцияның бас маршалы П. С. Кутахов атындағы АРМАВИР жоғары авиация училищасына түсіп, оны 1993 жылы бітіреді. «Командалық, тактикалық жою авиациясы» мамандығы бойынша бітіріп, ұшқыш- инженер мамандығын алып шығады.

1993 жылдың мамыр айынан бері ҚР Әскери- әуе күштерінің қатарында әртүрлі қызметте болады. 1993 жылы ғарышкерлер қатарына енгізу жөнінде өтініш білдіреді. Ғарышкерлер қатарына қосылмай тұрып, ол Талдықорған қаласы маңындағы әуе базасындағы әуе желісінің командирі болып қызмет еткен. Ол 470 сағат әуеде ұшып парашютпен 360 рет секірген. 2002 жылдың 9- қарашасында ҚР-ның ғарышкерлерінің қатарына қосылып 2003 жылы медициналық тексеруден өтіп жаттығу жұмыстарына кіріседі.

Ал, 2009 жылдың 15 желтоқсанында А. Айымбетов Мемлекеттік ант қабылдап, «Қазғарыш» басшысының кеңесшісі болады. Содан кейінгі жылдары осы Агенттікте бөлім басшысы, департамент басшысы сияқты бірқатар лауазымды қызметтерді атқарған. 2014 жылы оған ҚР Әскери- әуе күштерінің полковнигі атағы берілді.

Бүгінде 43 жасар Айдын Айымбетов «Байқоңыр» айлағынан ғарышқа ұшты. Жалпы алғанда айдынның қызмет жолы тұтастай тек әуе және ғарыш қызметімен байланысты, яғни ол осы салаға кездейсоқ келген адам емес, өз ісінің маманы.

Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов ғарышқа «Союз ТМА-16М» кемесімен 2 қыркүйек күні аттанып, 4 қыркүйек күні «Союз» Халықаралық ғарыш станциясына автоматты режимде сәтті түйісті. Сапар барысында ол өзінің көңіл-күйімен, сезімдерімен Twitter парақшасында бөлісіп отырды, тіпті суреттер мен видеолар салды.

Айдын Айымбетовтың ғарышқа сапары он күнге созылды. Қыркүйектің 2–12 дейін. Он күнге созылған сапар барысында ол бірқатар физикалық- ғарыштық эксприменттер мен Арал және Каспий теңіздерінің экологиясына мониторинг жүргізіп шаңды дауылды зерттеді. Сонымен қатар қазақтың ұлттық тағамдарын самақсыздықта дегустациялады.

«Салмақсыздықта болу — қайталанбас сезім. Менің арманым орындалды. Жер орбитасында жұмыс істеп жатырмын. ХҒБ құрамы швейцар сағаттары сынды тығыз кестемен жұмыс істейді екен. Мен де соларға үйренісіп келемін. Жерге оралғаннан кейін Қазғарыш агенттігінде жұмыс істеуді жалғастырамын», — дейді қазақ ғарышкері. Тілшілердің сұрақтарына жауап берген Айымбетов ғарыштағы әріптестеріне қазақтың ірімшігі мен құрты ұнағанын жасырмады.

«Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінің жерге қонушы аппараты өз миссиясын сәтті аяқтап, ғарышкерлер капсуладан аман-есен шықты. Дәрігерлердің айтуынша, үшеуінің де қан қысымы қалыпты жағдайда. Одан кейін ғарышкерлерге шай мен апорт алмасы берілді. Айдын Айымбетов қазақстандық журналистерге «Көңіл-күйім жақсы. Жоспарланған эксперименттерді орындадым. Тағы да ұшуға дайынмын» – деп жауап берді. Қазақ ғарышкерін оның туыстары мен мамандар қарсы алды. Екі сағаттық медициналық тексеруден соң Айдын өзге ғарышкерлер секілді Қарағандыға емес, бірден Астанаға, Елбасымен кездесуге ұшып кетті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкер Айдын Айымбетов пен «Союз ТМА-16М»экипажының мүшелері Геннадий Падалканы (Роскосмос) жəне тұңғыш даниялық астронавт Андреас Могенсенды Астана əуежайында күтіп алды.

Ғарышкерлерді əуежайдан күтіп алған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау лебізін жеткізді.

- Біз ғарышкерлердің сапардан аман-есен оралуын ел болып тіледік. Бұл біз үшін үлкен тарихи оқиға. Қазақ жері 60 жылдардан бастап ғарышқа жол тартатын мекенге айналды. Сапардың сəтті өткеніне қуаныштымыз, — деді Н. Назарбаев. Сондай-ақ, Елбасы әлемдегі 200-ден астам мемлекеттің барлығының ғарышкерлерін ұшыруға мүмкіндігі жоқ екендігін атап өтті.

«Осындай мүмкіндікке ие елдердің қатарында біз бармыз. Бала кезден біз аспанға қараймыз, түнде жұлдыздарды санаймыз. Адам баласы ылғи ғарышқа ұмтылады, бірақ бәрі ұша бермейді. Ғылыми жағынан да, техниканың өркендеуі жағынан да ғарышпен шұғылданған өте дұрыс. Ресей Федерациясымен осы жұмысты жалғастыра беретін боламыз. Бұған жұмсалған шығын мен ғылыми-зерттеулер өз-өзін ақтайды деп санаймын», — деді Президент.

Бұл Қазақстан тарихында мәңгі қалатын айтулы оқиғалардың бірі болары сөзсіз. Өйткені Қазақстан өзінің Ғарыштық өнімдерді сатып алушы елдің ғаламды зерттеуші мемлекетке айналары сөзсіз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 7
  1. Мустафаұлы Сағадат
    2 + 2 -
    өте керемет
  2. ZHARAR
    ZHARAR 30.04.2019 10:32
    16 + 4 -
    Бағындырып ғарыш бағын, үн берген. Естіледі атың нәзік үндерден. Көрінетін бізге жаңа күн берген. Жеке тұлға, ғарыштағы сұр мерген ●Бақберген Намазбай)
  3. Сая
    Сая 26.04.2018 06:04
    14 + 6 -
    Өлең барма
    1. Оқырман Мадина
      Оқырман Мадина 19.04.2022 18:40
      4 + 4 -
      Ачкнчънучешвғуъчщнанщсқвч
  4. Сая
    Сая 26.04.2018 06:04
    9 + 10 -
    Өлең барма
  5. Adiljan Shapatayev
    Adiljan Shapatayev 14.04.2017 12:07
    3 + 13 -
    ты чего
  6. Adiljan Shapatayev
    Adiljan Shapatayev 14.04.2017 12:06
    3 + 14 -
    бро