Экономика | Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіндегі банктік қызмет

Банктік қызметтің қазіргі таңдағы экономикамыздағы алатын орны ерекше. Банктік қызметті мемелекеттік реттеуді жетілдіру жолында 2003 жылы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемелекеттік реттеу және қадағалау туралы» Заңы негізінде банктік қызметті мемлекеттік реттеу жаңа жүйеге негізделіп, іс жүзінде асырылуда. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы А. Г. Сайденовтың пайымдауынша «Бүгінде Қазақстан қаржы жүйесінің қарқынды дамып келе жатқан сегменті болып банктік сектор табылады...»1.
Халықтың және заңды тұлғалардың қаражатын тарту, онымен түрлі қаржылық операцияларды жүзеге асыратын институтттар ретіндегі банктердің ерекшеліктерін ескере отырып, банктің банкроттығы –– бұл оның салымшылары мен клиенттерінің тойтарылмайтын банкроттығы екендігін аңғару қиын емес. Банкроттық қатері төніп тұрған немесе банкроттыққа ұшыраған банк өз салымшыларының қаражатын пайдаланғаны үшін сыйақыны айтпағанда, ол бойынша негізгі қарызды өтеуге мүмкіндігі болмайды. Осыдан банк салымшылары мен клиенттерінің мүдделерін қорғау механизмін құру мәселесі туындайды. Мұнда қоғамның мүддесі жөніндегі мәселені шешуде мемлекет ерекше рөлге ие болады.
Аталмыш мәселе қазіргі таңда өзектілікке ие болып отыр, өйткені республикамызда банктік қызметтің дамуымен қатар жеке тұлғалардың салымдары мен заңды тұлғалардың депозиттерінің көлемі де өсу үстінде. Сонымен қатар, банктер мемлекеттегі төлем айналымының дамуына өз септігін тигізеді.
Бүгінде, Қазақстандағы банктік қызмет аясындағы мемлекеттік басқару процестері өтпелі нарықтық кезеңдегі аса күрделі реформалар мен ұзаққа созылатын әр қилы түрлендірулер ауқымында жүзеге асырылуда. Егемен елімізде қарқынды жүргізіліп жатқан нарықтық түрлендірулерге орай нарықтық экономиканың аясындағы банктік қызметті басқару реттеуге айтарлықтай назар аударылып, тиісті заңдар шығару ауқымын кеңейту шаралары көзделіп отыр. Сонымен бірге банктік қызмет аясын мемлекеттік басқару мемлекеттік қаржы, валюта, ақша-кредит саясатын, оның ішінде монетарлық саясатын, оның ішінде монетарлық саясатты жүргізудің тиімді құралы ретінде танылғандықтан және түбегейлі реформаларға байланысты өзекті проблемалары мен мәселелері көп мемлекеттік қызмет болғандықтан, сондай-ақ мемлекет пен қоғам мүдделері тұрғысынан алғанда қажеттілігіне байланысты қазіргі кезде алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан Республикасының елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан –– 2030» –– барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жөнінде Қазақстан халқына жолдауында: «экономиканы ілгерілеті мақсатында таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтаруға, фискальді және монетарлық
қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз ....
Курстық жұмыстар
Толық