Мен өз елімнің патриотымын
Мирза Фатали Ахундов
Мен өз елімнің патриотымын. Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін.....
Қазақстан табиғаты
Қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен Мемлекет басшысы құттықтады
- Әрбір отбасына жақсылық пен бақыт нәсіп болып, азаматтарымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі арта берсін, Қазақстанның тәуелсіздігі мәңгілік болсын, - деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев елімізде шамамен 2,5 мың мешіт бар екенін, оларға....
Қазақстанның ең танымал продюсерлерінің тізімі жасалды
16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік таңы - атқан күн)
Ыбырайқызы Рыскүл
Тәрбие сағат мақсаты: Тәрбиеленушілердің ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Тәрбие сағат көрнекілігі: Желтоқсан жаңғырығы тақырыбында шығарылған плакат, нақыл сөздер жазылған плакат, желтоқсан оқиғасының құрбандарына, желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған буклеттер, магнитофон;
Қазақстанның алтын-валюта қоры 90 млрд АҚШ долларынан асып түсті
Қазақстанның алтын-валюта қоры 90 млрд АҚШ долларынан асып түсті.
Бұл туралы бүгін "Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік" тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
"Бүгінгі таңда біздің алтын-валюта қорымыз, ұлттық қорды қоса алғанда, 90 млрд. доллардан немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 30 пайызынан асып түсті", - деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, Қазақстан еуразиялық кеңістікте инвестициялық бизнес ахуал бойынша көшбасшылық орында.
Сонымен қатар Елбасы Қазақстанның жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу бағытында шұғыл реформа жасағанын атап өте келе: "Қысқа уақыттың ішінде сәйкесінше заңдар қабылдап, инвесторлардың сеніміне ие болды және шамамен 200 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тарта алды", - деді.
Назарбаев Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің біріне айналу мүмкіндігін сөз етті
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік" тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумы басталды.
"Біздің елімізге көңіл бөліп, біздің стратегиялық бағдарламамызды талқылауға, пікір білдіруге келгендеріңіз біз үшін өте бағалы. Былтыр желтоқсан айында мен "Қазақстан-2050" стратегиялық бағдарламасын жарияладым. Бұл Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің біріне айналуын көздейді. Осы мақсатқа жетуге біздің еліміздің толық мүмкіншілігі бар. Біздің Тәуелсіздік жылдардағы жетістіктеріміз осыған дәлел бола алады", - деді Елбасы шетелдік меймандарға қаратып айтқан сөзінде.
"Бүгінгі талқылаулар барысында сіздердің ұсыныстарыңыз біздің бағдарламаны толықтырып, бізге дұрыс қадамдарды таңдауға көмектеседі деген ойдамын", - деді Мемлекет басшысы. Айта кетейік, аталған форумға белгілі ғалымдар, бірқатар елдердің мемлекет және саяси қайраткерлері қатысуда.