— Көк-ек, Кө-кек, Кө-кек!— деп, Күні бойы секектеп, Өзін өзі кекеткен Не күтесің Көкектен! Ақылы оның ауысқан!— Деді суайт Сауысқан. — Ұрлықпенен күнелткен, Төңірегін түңілткен Сауысқан да құс боп па, Талтаңдаған қыстақта?!— Деді Қарға,— От басын .....
— Уа, халайық, халайық, Сөзге құлақ салайық! Кім жөнінде, не жайлы Әбден ұғып алайық! «Жау жүрекке өлермен Жан емеспін көнер мен. Жігіт болсын, шал болсын, Жеңіп алсын өнермен»,— Деп ақылды ханшамыз, Бас берсек те қаншамыз, Бір тіл қатпай ешкімге, Бәйік болдық баршамыз. Сертінде сол қалмақшы, Көпке салмақ салмақшы. Сөйлеткеннің ғана ол Сүйген жары болмақшы. Азаматты пішінді, Ақылы мол кішіңді........
КӨКТЕМ Көктем келді: құс келді, Күн ұзын, түн қысқа енді. Көктем келді: су ақты, Күннің көзі шуақты. Көктем келді: гүл өсті, Көбелектер гулесті. Көктем келді: көл үсті Көңілді де келісті. Көктем келді: іс келді, Күн ұзын, түн қысқа енді. .....
КӨТЕРГІШ КРАН Кран деген бек қызық: Басын бұлттан өткізіп, Тұрады ылғи Тұмсығын Тура көкке жеткізіп. Бір күні өзің келіп сен Белдесіп көр, желіксең. Түу аспаннан шығасың Тіліне бір іліксең. Жалқау емес сұлаған, Жұмысшыға ол ұнаған. Ерте шығып ұядан, Кеш батады күн оған. .....
Жаңа жылдың тойында Жақсы күлкі, ойын да. Тамашаға жиналды Қарсақ, Қасқыр, Қойың да. Қара жердің кең үсті, Қоялық та керісті, Деп барлығы бас қосып, Дос болуға келісті. Аңдар біткен қаптап кеп, Айтылды жыр, тақпақ көп......
— Әрі момын, әрі үркек Балапандар сары үрпек, Менен босқа саспаңдар, Қорықпаңдар, Қашпаңдар! Иттікті мен сүймеймін, Әлсіздерге тимеймін! Келіңіздер, ойналық, Жаз қызығын тойлалық!.....
Айтып көрді жалынып, Қорқытты да, Қоймадым. Асыққа бір салынып, Армансыз-ақ ойнадым. Досым маған тіл қатып, Досым маған қарайды. — Кетіпті ғой күн батып, Жетеді осы, Жәрәйді!.....