Қадыр Мырза Али (Одағай)
Мана сен трамвай ішінде
Бола қап ойланған пішінде,
Таяқты әжейді көрмедің,
Түрегеп орныңды бермедің,
Ұят-ай!
Тентек деп айтпайды ел текке,
Оқымай бардың да мектепке,
Есепті біреуден көшірдің,
«Екіні» дәптерден өшірдің,
Ұят-ай!
Сабақтан қайтарда тағы да
Кірісіп ойынның қамына,
Бұрымын жұлқылап көп қыздың,
Бостан-бос уақытты өткіздің,
Ұят-ай!
Ұятың қайда еді, бәтір-ай!
Бір күннің ішінде, япыр-ай,
Геройы боларлық мысқылдың
Қаншама одағай іс қылдың,
Ай-ай-ай!
Бола қап ойланған пішінде,
Таяқты әжейді көрмедің,
Түрегеп орныңды бермедің,
Ұят-ай!
Тентек деп айтпайды ел текке,
Оқымай бардың да мектепке,
Есепті біреуден көшірдің,
«Екіні» дәптерден өшірдің,
Ұят-ай!
Сабақтан қайтарда тағы да
Кірісіп ойынның қамына,
Бұрымын жұлқылап көп қыздың,
Бостан-бос уақытты өткіздің,
Ұят-ай!
Ұятың қайда еді, бәтір-ай!
Бір күннің ішінде, япыр-ай,
Геройы боларлық мысқылдың
Қаншама одағай іс қылдың,
Ай-ай-ай!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қадыр мырза али Одағай өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Одағай