Тарих | XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы

Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи – Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.
Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік – батыста Сырдың оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік – шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады.
Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанаы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізген.
Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты.
Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек, Керей, Бұрындық хандар – Ақ Орданың атақты ханы Ырыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес тәжірибесіне бай адамдар болды. Ал Қасым хан өте үздік шыққан мемлекет қайраткері болды.
Қазақ хандығы алғашқыда Моғолстан мемлекетімен достық қарым-қатынас орнатып, Әбілхайыр ханның Жетісуға төндірген қаупіне және ойрат- жоңғар тайпаларының Моңғолстанға жасаған шабуылына қарсы күресті. Жошы тұқымынан шыққан хандармен одақтасып Әбілхайыр ханның мұрагері Шаих Хайдарды жеңді.
Қазақ хандығы Қасым хан тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынас жасап, батыс Европаға танылды.
Ұлы князь Василий III тұсында (1505-1533) Москва князьдығымен дипломатиялық байланыс орнатты.....
Рефераттар
Толық

Xxi ғасырдың көшбасшылары

Өз ортасында беделі биік, қандай қадам жасаса да, нық сеніммен алға жүретін адам нағыз көшбасшы бола алады.
Жауапкершілік, терең ой, батылдық, тапқырлық сынды қасиеттер жаңа заман көшбасшыларының бойында болуы тиіс. Қазіргі жастар,яғни XXI ғасырдың ұрпағы бұл қасиеттердің барлығына ие десем қате болмас. Олардың әрқайсысы ақылды, белсенді болып өсіп, болашаққа жаңа қадам жасайтын көшбасшылар. Мемлекетіміздегі, қоғамдағы салалар осындай жандардың арқасында дами түсіп, үлкен жетістіктерге жетуде. Олар әлемдік ареналарда Отанымыздың мәртебесін биікке көтеруде.......
Шығармалар
Толық

Есірткі - ғасыр дерті

Қазіргі заман жастарының көбісі нашақорлыққа, есірткі мен темекіге тәуелді болып жүр. Осылардың әсерінен адамдардың денсаулығына көп зиян келеді. Есірткіні қолданған адамның денсаулығында қан айналымы мен түрлі түзілістердің жұмысы қиындап, адамның өмір жасы азаяды. Сонымен қатар, түрлі ауруларға ұшырап, бет - әлпеті өзгеріске ұшырайды. Ісік ауруларымен көп ауыратын болып кетеді.......
Шығармалар
Толық

Экология | Қоқыс ғасыр мәселесі

Жұмыр жерді мекендейтін сан - мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер - анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»- тің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл - қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ даласында бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл - қоқыс алаңдарына төгілгені. Ұлы даламыз - дағы күл - қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер - жерінде есепке алынбаған тау - тау күл - қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл - қоқыстың 97 пайызын арнаулы күл - қоқыс алаңдарына төгумен ғана айналысады. Табиғат - бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.....
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Жаңа ғасырдағы Цин патшалығы және қазақ халқымен қарым қатынасы.

ХVІІІ ғасырдағы орта шеніндегі Цин патшалығы жоңғарларды тыныштандырып, Шинжиаңды қайтадын бірлікке келтірді. Осы кезде қазақтың ұлы жүзі мен орта жүзі ілгерінде- кейінде Цин патшалығына қарап, тікелей сайаси, экономикалық қарым-қатынас тарихын, Цин өкіметінің шекара саясатын, сондай-ақ аз ұлттарға қаратқан саясаттарын егжей-тегжейлі зерттеу біздің көп ұлтты отанамаздың тұтастығын және териториясын қалыптасу барысын жете түсінуде келелі маңызға ие. Бұл мақала Цин патшалығы мен қазақтардың қарым қатынас орнатуының тарихи көрінісі мен арадағы саяси байланыс сауда қарым-атынасына тоқталып өтеді.
Қазақ ұлты ерте заманда батыс алқапты мекендеген ....
Сақ, үйсін, қаңлы, алшын, найман, керей қатарлы рулардан құралған Орта Азиядағы байырғы ұлттардың бірі. ХV ғасырдың орта шенінде қазақтар Шу өзені алабында феодалдық хандық құрды. Қазақтың жан саны көбейіп, өрісі кеңейе түскендіктен ХVІІІ ғасырға келгенде қазақ хандығының елі рулық байланыс және қоныстанған өңірлеріне қарай, ұлы жүз, орта жүз және кіші жүз болып үш жүзге бөлініп, әр қайсысы өз алдарына хан сайлап, дербес билік жүргізе бастады. Үйсін руын негізгі тұлға еткен ұлы жүз елі Балқаш көлі мен Сыр дариясынан тартып, Іле аңғарына дейінгі кең алқапты мекендеді. Бұл өңір ежелден «Үйсіннің ата-мекені» еді: Найман, керей, руларын негізгі тұлға еткен орта жүз елі Сыр дариясының солтүстігі, Алатау аумағынан тартып, Ертіс дариясына дейінгі кең сахараны қоныс етті: Ал алшын руын негізгі тұлға еткен кіші жүз елі Каспий теңізі төңірегіне қоныстанды. VІІІ - ғасырдың алғашқы жартысында Орта Азия сахарасында қазақпен жоңғар, Россия арасындағы байланыс күрделеліне түсті.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ахмет Иүгінеки (Ахмет Махмұтұлы Жүйнеки) XII ғасыр

Ахмет Иүгінеки (Ахмет Махмұтұлы Жүйнеки) XII ғасырдың аяғы мен XIII ғасырдың басында өмір сүрген өз заманында асқан білімпаз, ғұлама оқымысты болғандықтан "Әдиб Ахмет" (оқымысты, жазушы Ахмет) деп аталған, есімі өз кезінде бүкіл ұлан-ғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне белгілі болған данышпан кісі, яғни ақындардың ақыны, данлардың көш басы.
Ғұлама ақын Сыр бойындағы белгілі қалалардың бірі Жүйнекте (қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданы) туып, өскен. Жасынан зағиптық мехнатын тарткан кісі.
Сонымен бірге тәлім-тәрбие, адамгершілік білім, кісілік туралы өнегелерді өлең өрнектерімен айтып, ұрпақты ұлағаттыққа тәрбиелейтін аса құнды, данышпандық ойларға толы даналық мұра. Кітаптың аты араб тілінде қойылғанмен, ондағы өлендер орта ғасырдағы түркі тектес халықтардың көбіне түсінікті болған Қараханид түркілерінің тілінде жазылған. Түрік ғалымы Рашит Арат Рахмат дастанның толық текстін әзірлеп, оны латын әрпімен кітап етіп шығарды. '"Ақиқат сыйының" прозалық және поэтикалық аудармалары қазіргі қазақ тілінде де жарық көрді (Ахмет Иүгінеки. Ақиқат сыйы. Алматы. 1985 ж.).
Бұл даналық шығармада ақын тәлім-тәрбиенің негізі — адам болуға, кісілікке тәрбиелеу екенін баса көрсетіп, ол үшін әрбір адам оқып, білім алу керек деп бастайды ....
Курстық жұмыстар
Толық

Журналистика | ХХ ғасыр басындағы ұлттық әйелдер баспасөзінің тарихы

Тақырыптың өзектілігі. Замана доңғалағы зыр айналып келеді. Уақыт талабы, заман сұранысы деп адамдар қолдан жасап алған өзіндік ережелер мен біржақты ұстанымдар қоғамда оңды-терісті өзгерістер орнатуда. Қалай десек те қоғам даму үстінде.
Қазақстанға Тәуелсіздік сыйлаған өткен ғасыр соңы мен еліміздің кемел келешегінен үміт күттіретін үстіміздегі ғасыр әлділердің құралына айналып отырған жаһандану, ғаламдасу сынды үрдіспен ерекшеленіп отыр. Жер шарын мекендейтін адамзат ұрпағына ортақ құндылықтар мен ортақ қызығушылықтарды меңзейтін үрдіс өзіндік оң және теріс жақтарын көрсетіп бағуда. Осы орайда ел ағаларының «Жаһандану – бірлесіп өмір сүру, қиындықтарды әлем адамдарымен бірлесе отырып жеңу» деп оның ұтымды тұстарын сөз етсе, екінші бір ағалардың «Ғаламдасу – сан ғасырғы құндылықтар мен мұралардан бас тарту, өзге, яғни бізге мүлде жат мұраларды мойындау, соған сену» деп дабыл қағып отырғаны белгілі. Әзірге, бір пікірдің толықтай мақұлданып немесе толығымен жоққа шығарылғаны жоқ. Ақиқаттың сайыс барысында пайда болатынын ескеріп, біз де ештемені кесіп айта алмаймыз. Дегенмен, тарих беттері ғаламдық үрдістің ұлттар үшін қауіпті екенін көрсетеді ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ахмет Байтұрсынұлы және ХХ ғасыр басындағы орыс тілші ғалымдары

Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Ахмет Байтұрсынұлы түркі тіл білімі тарихында грамматиканың барлық саласында ғылыми жол бастаушы және негізін қалаушы ғалым екендігін салыстырудың қорытындылары бойынша дәлелдеу

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Ахмет Байтұрсынұлы – ағартушы, қазақ тіл лингвистикасының көш бастаушысы, рухани – мәдени тарихымыздың көрнекті өкілі, белгілі ғалым – педагог, қазақ теориясы мен сынының негізін салушы, ақын, аудармашы ,филолог, еңбек сіңірген ғылыми қызметкер.
Бұл жұмыстар Ахмет Байтұрсынұлының қазақ (түркі) тілтанымдық мұрасы ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі әлем тілтаныммен сабақтас екендігін көрсету болып табылады. Ахмет Байтұрсынұлы тіл біліміндегі мәселелердің негізін қалаушы ғалым екендігін салыстырудың нәтижесіндегі қорытындылар бойынша айқындаймыз.

Жұмыста қолданылған әдістер: Сипаттамалы, ғылыми-зерттеу әдісі, салыстырмалы ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды

Жұмыстың өзектілігі: Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы негізінде ХХ ғасыр басындағы орыс тілші ғалымдар өздерінің тілтанымдық концепциясын жасады деген тұжырымды дәлелдеу

Пайдаланылған дерек көздері: Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми еңбектері және оған арналған зерттеу мақалалар, сондай-ақ Н.Ф. Яковлев, Е.Д. Поливанов, И.А. Бодуэн де Куртенэ, В.В. Виноградов, А.М. Кононов, П.М. Мелиоранский, А.Н. Самойлович, Л.Р. Зиндер және т.б. ғалымдардың тілтанымдық еңбектері қарастырылды

Тірек сөздер: термин, тұжырым, дыбыстық жүйе, қорытынды, қазақ тілі грамматикасы, тіл білімінің теориясы, тіл материалдары, практикалық жетістіктер, тіл категориясы, әдіс, орфографиялық норма

КІРІСПЕ

А. Байтұрсынұлы – ғұлама жазушы, энциклопедиялық білім иесі, рухани дүниесі биік ғұлама. Ахмет Байтұрсынұлының өзі және творчестволық мұрасы төрт рет репрессияға ұшырады. Бұл тарихи шындық. Көп жылдар бойы зерттемелері “құлыптаулы” қамал ішінде сақталды. Ахмет Байтұрсынұлы жер шарының алты бөлшегінің бір ұшын қамтыған мемлекеттің тарихында жиі кездесетін көп ақтаңдақтардың біреуі. Ахмет Байтұрсынұлы КСРО-да репрессияланған болса да, Қытай да, Монғолстанда, Түркияда, Германия мен АҚШ ғалымдарының еңбектерінде, А.А. Реформатскийдің, А.Н. Кононовтың және басқалардың зерттемелерінде ХХ ғасырдың ғұлама тілшілердің бірі ретінде танылды.
Бүгінгі таңда, Ахмет Байтұрсынұлы еңбектері терең зерттеле бастады. Бұл зерттемелер, мақалалар, естеліктер мен деректі кинофильмдер және тағы басқалар аз да болса, Ахмет атамыздың жазушылық, қоғамдық-мемлекеттік, педогогикалық қызметін сипаттайды.
Енді қысқаша өмірбаянына тоқталып кетсек, Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 28 (15) қаңтарда сол кездегі Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-ші ауылында Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынұлының әкесі (Байтұрсын Шошақұлы) ауылға інісі Ақтасты іздеп келіп, ойран салған патша әскерлерінің полковнигіне қарсылық көрсеткені үшін әскери соттың шешімімен інісі екеуі 15 жылға сотталып, Сібірдің каторгасына айдалды.
Жетім қалған А. Байтұрсынов немере ағасы Ерғазының қолында тәрбиеленді. Ахмет ауылдағы молданың мектебінде (ислам дінінің негіздері, оқу, жазу, Шығыс әдебиеті, ауызекі халық әдебиеті (фольклор), түркі шежіресі, қазақ шежіресі, тағы басқа) сапалы діни білім алады. 1891 жылы Торғай қаласында екі кластық орыс-қазақ училищесін бітіреді. 1895 жылы Орынбор қаласында, кезінде Ы. Алтынсарин негізін қалаған “Мұғалімдер мектебін” бітіреді. 1895-1905 жылдары Ахмет Байтұрсынұлы Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уезінде және екі кластық орыс-қазақ училищесінде мұғалім болып істейді. 1907 жылы Ресейдің отаршылық саясатына қарсы күреске қатысқаны үшін тұтқындалып, Қарқаралы қаласының абақтысына қамалды, одан Семей қаласының абақтысына өткізіледі, 1913 жылдың наурыз айынан 1917 жылдың соңына дейін Орынбор қаласында “Қазақ” газетінің бас редакторы болып жұмыс істейді. 1917 жылдың соңынан 1919 жылдың наурыз айына дейін “Алаш” партиясы жүйесінде және “Алашорда” атты уақытша Халық кеңесінің оқулықтар жазу Комиссиясының құрамында қызмет етеді. 1919 жылы наурыз айында Ахмет Байтұрсынұлы Совет үкііметін қабылдап, сол үкіметтің жүйесінде мемлекеттік істерде қызмет атқарады: 1920-1923 жылдары – Қазақстан Халық Ағарту Комиссариатының комиссары; 1921-1922 жылдары – Қазақстан Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Ғылыми Әдеби комиссияның төрағасы; 1921-1926 жылдары – Орынбордағы Қазақтың халық ағарту институтының мұғалімі; 1926-1928 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика (тәлім-тәрбие) институтының мұғалімі; 1928-1929 жылдары – Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры, 1929 жылы колхоздастыру және конфискация жасау кезіндегі асыра сілтеушілерге ашық қарсы үгіт жүргізгені үшін тұтқынға алынып, Архангельск облысына жер аударылады. Дүниежүзілік Қызыл Кіреске М. Горькийдің жұбайы Е. П. Пешкованың жолдаған өтінішімен А. Байтұрсынұлы 1934 жылы мерзімінен бұрын айдаудан босатылады. 1936-1937 жылдары қайтадан тұтқынға алынады. 1937 жылы желтоқсан айының 8 күні атылады. 1988 жылы қараша-желтоқсан айларында ақталады /7, 13/.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ғабиден Қожахмет | Ғасырлар тоғысындағы Аналар

XX ғасырдың анасы өткен ғасыр Аналарына қарата сөйлейді:

Уа, Ана!

Сендер өз ұлттарыңның мақтанышына айнала алған ұл-қыздарды дүниеге әкелдіңдер. Оларды бесік әлдиімен өсірдіңдер. Түн ұйқыларыңды солар үшін төрт бөлдіңдер.

Қазақ ұлты өткен ғасырында аласапыран шайқастарды басынан өткерді. Сонда сендер дүниеге әкелген ұлдар өз ұлтының Азаттығы мен Тәуелсіздігі үшін жан аямай күресті. Сендер үшін көздің қарашығындай болып көрінетін ұлдарыңның денесіне жаудың өткір жебесі келіп қадалды, улы найзасы түйрелді. Бірақ сендер ел қорғар оғлан ұлдарды өсірген едіңдер. Оларға үнемі бесігінен батырлық пен ерлік туралы жырларды айттыңдар. Олардың жаны мен жүрегі ана әлдиімен бесігінде-ақ шыңдалған еді. Сонан соң оларға әкелері қылыш ұстауды үйретті. Осы себептен де сендер өсірген ұлдардың рухы әманда үстем тұрды. Олардың ерліктері жау әскерінің құтын қашырды, мысын басты. Сендердің өсірген ұлдарың өз халқының Азаттығын сан мәрте қорғап қалды. Сондықтан да ұлттың рухы кейінгіге сақталып жетсе, осы жолда сендер өсірген батыр ұлдармен бірге, олардың Аналары - сендердің де үлестерің басым, Ана! .....
Әңгімелер
Толық

Ширек ғасырлық шарықтау


2015 жыл еліміздегі маңызды оқиғалардың жылына айналғаны белгілі. Өткен қой жылы Қазақ хандығының 550, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20, Ұлы Жеңістің 70, классик ақынымыз Абайдың 170 жылдығы мерекелері кеңінен аталып өтіліп, ұлттық рухымызды жаңғырта түсті.

Осындай мерекелер шеруі 2016 жылы да жалғасын таппақ. 1991 жылғы 16 желтоқсан күні жарияланған тәуелсіздік күні еліміздің тарихына алтын әріппен жазылған еді. Міне сол атаулы мерекеге биыл 25 жыл толмақ.

Бұл мерзім тарихи тұрғыдан алғанда ұзақ та емес. Бірақ осы ширек ғасыр аясында еліміздің қол жеткізген табыстары таң тамаша қалдырады. Елімізде осындай ұлы өзгерістердің жасалуына аса құрметті Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі ұшан-теңіз.

1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін «Қазақстан сыртқы күштерге сүйенбей жеке мемлекет ретінде өмір сүре алмайды» деген сәуегейсымақтар шықты. Мұндай даңғаза мақалалар көршілес Ресейдің газет-журналдарында жиі жарияланып, еліміздің тәуелсіздігінің баянды болатынына күмән келтірілді. Империялық мақсатты көздеген Ресейдің белгілі бір саяси топтарының елімізге бұлайша саяси қысым көрсетуі тегін емес-ті. .....
Әңгімелер
Толық