Тұрсынғалиды жұбайы Тұрдықанның жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сарбазым кетіп арадан,
Қайғыға батты бар адам.
Ауру, әлсіз, жетімге,
Жан еді көп қараған.
Содыр жолын қоймайтын,
Жақсыларды қолдайтын.
Жанындай жақсы көретін,
Социалистік жолды айқын.
Алты қанат ақ ордам,
Шаңырағы шағылды-ай.
«Жетім-жесір» деген ат,
Бізге де келіп тағылды-ай.
О, дүние, арман-ай,
Рақымсыз ажал алғаны-ай!
Ешкімге опа бермеген,
Опасы жоқ жалған-ай!
Өмір бойы жалғасар,
Таусылмас мәңгі арман-ай!
Айналайын арысым,....
Өлеңдер
Толық

Тұрсынғалиды келіні Қалиманың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айналайын ағайын,
Мұңымды айтып шағайын.
Ағекем кетіп арманда,
Дерттенді көңіл сарайым.
Ағекем, ақыл сәулетің,
Тойтарушы едің жау бетін.
«Ер намысы—ел ісі»
Деуші едің аға, дәулетім.
Жайраңдап жүрген күн қайда?
Тас жүрек тағдыр мұндай ма?
Ағеке, сізді ойласам,
Көз жасым менің тоқтай ма?
Әділет еді сөз басы,
Ағекем еді ол басы.
Істерің ізгі арман боп,
Төгілді көптің көз жасы.
Ел сұлтаны арысы-ай,
Жүректің тоқтап тынғаны-ай.....
Өлеңдер
Толық

Тұрсынғалиды қызы Күләйдің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Асқарым, әке, сен едің,
Балдырғаның мен едім.
Қайғымды сөзге тізбектеп,
Көз жасымды төгемін.
Есіктің алды тал шынар,
Бастарын сипап күн шығар.
Әкелеп мен жүгірсем,
Алдымнан күліп кім шығар?!
Бетімнен менің кім сүйер,
Еңсесін маған кім иер?
Жығылып кетсем сүрініп,
Қолтығымнан кім сүйер?
Әкемнің өртеп күйігі,
Мен болдым қазір бұйығы.
Әке арманын атаймын,
Асылдың болып сынығы.
Көтердің көкке басыңа,
Деуші едің ылғи: «Жасыма!»....
Өлеңдер
Толық

Тұрсынғалидың сүйегімен қоштасу (Қазақ ауыз әдебиеті)

Кеттің бе енді, кеттің бе,
Бұл дүниеден өттің бе?
«Жесірлік» деген сұм тағдыр,
Басымды бүркеп жеттің бе?
Өлсемші, Алла, өлсемші,
Мені жұртым көмсеңші.
Арысым қалып, мен өліп,
Ел-жұртпен бірге жүрсеңші.
Жан үнім шықты-ау сызылып,
Арманым сөнді-ау үзіліп.
Бір ауыз тіл қатсаңшы,
Елің тұр тұтас тізіліп.
Машина мынау қаптаған,
Қара жерді таптаған.....
Өлеңдер
Толық

Ғалия (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сақинадай таңдап алған саңлағым,
Топ ішінде дара тұрар ардағым.
Еске түссең, сені ойласам, Ғалия-ау,
Қозғалады жан дүнием, зарларым.
Қозғалады жан дүнием, зарларым.

Түсінбедің, балалықпен ұқпадың,
Жүрегімнің жалғыз сен деп соққанын.
Сезім еді махаббатқа бөленген,.....
Өлеңдер
Толық

Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау «Жеңіс күні» Тұманбай Молдағалиев (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер.
Сабақ тақырыбы: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау «Жеңіс күні» Тұманбай Молдағалиев
Оқу мақсаттары: 3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау
3.2.3.1. шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадағы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, оқиғаларға сүйеніп сюжеттің дамуын болжайды, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды;
Көптеген оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, мәтінде сипатталған кейіпкердің сырт көрінісін өз сөзімен түсіндіре алады;
Кейбір оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалайды, өз ойың өмірмен байланыстыра дәлелдейді.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

«Жеңіс күні» Қайрат Жұмағалиев (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім:Демалыс мәдениеті. Мерекелер.
Сабақ тақырыбы: «Жеңіс күні» Қайрат Жұмағалиев
Оқу мақсаты: 3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, мазмұнына сәйкес көрсетілген бейнематериал нұсқасымен салыстырады және сурет бойынша сипаттап айтады.
Көптеген оқушылар: шығарма мазмұнына сәйкес көрсетілген бейнематериал нұсқасымен салыстырады және сурет бойынша сипаттауда көркем- бейнелі сөздерді орынды қолданады. Сұрақтар қояды және жауап береді.
Кейбір оқушылар: өз ойын білдіруде, сурет бойынша сипаттауда көркем- бейнелі сөздерді орынды қолданады, тақырыпқа сәйкес сұрақтар құрастырады. ......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Шығарманың жоспарын құру «Қырдың жас түлегі» Сапарғали Бегалин (3 сынып, III тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Шығарманың жоспарын құру «Қырдың жас түлегі» Сапарғали Бегалин
Оқу мақсаттары: 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқып, логикалық бөліктерге бөлу, жоспар құрады.
Көптеген оқушылар: бөліктерге бөліп, жоспар құруда өз тұжырымдарын ұсына алады.
Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, бөліктерге бөледі, бөлімдерге ат қояды......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Тұңғыш ғарышкер «Тоқтар батыр» Тұманбай Молдағалиев (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Тұңғыш ғарышкер «Тоқтар батыр» Тұманбай Молдағалиев
Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу;
3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу;
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңді түсініп оқиды, өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
Көптеген оқушылар: өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді, кейіпкерге хат жазады;.
Кейбір оқушылар: кейіпкерге хат жазады, өз ойын дәлелдеп, қорытынды жасайды......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау «Мүсінші Мысық» Сапарғали Бегалин (3 сынып, III тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау «Мүсінші Мысық» Сапарғали Бегалин
Оқу мақсаттары:
• 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау
• 3.2.3.1. шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
Сабақ мақсаттары:
• Барлық оқушылар: кейіпкердің іс-әрекет мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалайды және мәтіннің тақырыбын анықтайды.
Көптеген оқушылар: мәтінде сипатталған кейіпкердің сырт көрінісін өз сөзімен түсіндіре алады
Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты қөзқарасын білдіреді, бағалай алады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық