Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3B Қазақ халқының қалыптасуы Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы 1-сабақ Сабақтың мақсаты: - Ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін анықтау;
Шымкент қорғасын зауыты сырттан әкелінетін шикізатпен-сульфидті флотациялық концентратпен жұмыс істейді. Зауытқа Қазақстан, Орта Азия,Оралдың түрлі фабрикаларынан шикізаттың 20 түрі келіп түседі.Сонымен қатар басқа кәсіпорындардан қүрамында қорғасын бар қалдықтар әкелінеді.Негізі шикізатты жеткізушілер, барлық көлемнің 80-85% Ащысай (Қазақстан), Алмалық (Өзбекістан) полиметал комбинаттары жеткізеді. Қорғасынның 10% сульфидті тотыққан кеннен алынады.Концентрат зауытқа әрбірінің сыйымдылығы 3-5 тонна болатын метал контейнерлерде жеткізіледі. Түсетін концентраттардың ылғалдылығы 12-18% шеңберінде ауытқиды. Олар кептіргіш барабанда кептіріліп, транспортерлер жүйесімен қайтадан қоймаға тасмалмалданады. 1 -кесте- Шикізат құрамы
Шикізат атауы Компоненттері
РЬ Си Ві 8 ҒеО СаО ЗЮ2 Актюз концентраты 34-35 0.2 1-3 0.2-0.4 20-30 9-11 2-3 4-6 Жезқазған концентраты 40-45 5.9 2-4 0.002 10-15 3-5 1-2 18-20 Кентау концентраты 44-48 1-2 9-10 0.002 16-18 7-9 2-4 2-3 Сумсар концентраты 55-65 0.3-1.5 2-5 18-24 6-8 1-3 1-3 Шан-тозаңдар 34-40 1-2 7.9 0.07 2-3 3-5 1-2 5-7 длмалық концентраты 30-35 0.2-0.7 5-7 9-11 5-7 0.5-1 4-6 Жезқазған шаңы 42-48 2-3 4-6 8-10 1-2 1-3 0.5-0.8 Агломерация шихтасында флюстер ретінде пиритті концентраттар, кварцті алтыны бар кен, әк тас, темір кені қолданылады. Зауытқа келетін сульфидті кендер немесе концентраттар шихта дайындауға жұмсалады; концентраттар, флюстер мен қоспаларды еріту штабельдік шихтарникте жүзеге асырылады. Шихтаны келесі қүрамды шлакты алу есебімен қүрайды: 8іО2 19-23% ; ҒеО 28-33% ; СаО 14-17% ; 2пО 17% Шихтаны дайын штабельден өнімділігі 30-120 м3/сағ болатын арнайы шихта орталықтандырғыш машинамен пісіруге жібереді. Агломерация кезінде шихта айналуының химиялық және физикалық реакциялары жүреді. Негізгі химиялык реакциялар сульфидтердің ауа оттегісімен тотығу реакциясының үрдіс барысын анықтайды. Төменнен үрлеу арқылы агломерация кезінде шихтаның негізгі қабатының жануы төменнен жоғары жүреді.Күйдіру және пісіру үрдісін күшейту, сапалы агломерат алу және газдардағы SО2 құрамын ұлғайту мақсатымен, 24% оттегімен байытылған үрлеу арқылы агломерация әдісі қолданылады. Агломашинада тістік үгітілуден кейін ол үш фракцияға бөлінеді. Ірісі ерітуге жіберіледі, жеңілі шихтаға түседі, ал өлшемі 15-22 мм орташасы агломашинаға қайтып келеді.....
Баяғыда Мақта қыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді. Қыз: – Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: – Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: – Ендеше қатығыңды төгем! – дейді. Мақта қыз: – Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қызмысықтың.....
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялы эканомикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат саласының мамандары ақпараттың қоғамда алатын орнының өсіп, ұлғайғанын бір ауыздан мақұлдайды. Бұған Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасын ақпараттандыру заңын» қабылдауы да дәлел бола алады. Соңға уақытта ақпараттың статусы өзгеріп, ол қоғамның қазіргі кездегі жақсы тұрмысын анықтайтан шешуші факторға және эканомиканың стратегиялық қорына айналды. Әлемдік бірлестіктегі, дәлірек айтқанда әлемдік нарықтағы Қазақстан Республикасының интеграциялау мәселелерінің жинағында қоғамды ақпаратпен жабдықтау басты мәселелердің біріне жатады. Қазақстан Республикасының жабдықтау бағдарламасы нарықтық мүдделерге және нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеулерге бағытталған. Ол жақын болашақта іске асырылатын шаралар жинағын және ақпараттың инфра –құрылымын тұрғызуға боғытталған. Ақпаратпен жабдықтау концепциясының басты идеясы қоғамның әлеуметтік –эканомикалық дамуына ақпараттың және ақпарат техналогиясының үдемелі әсер етуінін жете түсіндіру болып табылады. Осыған байланысты екі түсінікті –ақпаратты жетік білу мен компътерлендіру сауаттылықты анықтап айыру мәселесі туындайды. Бұл түсініктер бір –бірімен жиі ауыстырылады. Дегенмен, бірінші түсінік әлде қайда кеңірек. Ол тек ақпаратты қайда және қандай түрде сақталғанын біліп, тауып қана қоймай, одан да маңыздырақ түрде қандай ақпарат бар екендігін, оның қалай жіктеліп өңделгенін, әрі оны қалай пайдалануға болатынын және ең бастысы нақты жағдайдағы байлықты тұрғызуға оның қандай үлес қосуы мүмкін екендігі туралы айқын түсінікті қажет етеді. Ал бұл жалпы білімді ғана емес, арнаулы дайындақты да талап етіп болжайтын ақыл –ой жұмысы. Бір жағынан кез –келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондықтан, ғылымның әр саласындағы білімнің бүтіндей жиынтығын игере білетін және оған сәкес ақпараттық техналогиядан сауаттылығы бар мамандарды кеңірек және терең оқытып үйрететін шұғыл қажеттілік пісіп жетілді. ....
Көтерілістің ең басты көсемі, деревняның қолөнершісі, үй төбесін жабушы Уот Тайлер болды және әдетте көтерілістің бәрі де соның атымен аталғанды. Ол соғыс ісімен әбден жете таныс, шебер ұйымдастырушы және ке-терілісшілердің арасында үлкен беделді адам болды. Эссекс пен Кенттің үлкен екі отрядтарымен шаруалар Лондонға таяп келіп жетті. Олардың мақеаты II Ричардпен кездесіп одан шаруалардың хал-жайын жеңілдетуді өтіну болған еді. Шаруалардың басым көпшілігі «Қайырымды корольге» сеніп, өздерінің бастарына түскен бәле-жаланың бәрін де оның ақымақ советниктерінен көретін еді. Мэрдің берген жарлығына қарамастан қала кедейлері көтерілісшілердің алдындағы қақпаларды жаптыртпады. Лондонға кіргеннен кейін шаруалар халықтың ең жексұрын дұшпандары — корольдің советниктерінің үйлерін өртеп қиратты және түрмелерді талқандап, тұтқындарды босатып жіберді. Лондон шаруалардың билігіне алынып, іс жүзінде ко-роль олардың тұтқыны болып шықты. Шаруалар халықтың ете-мөте жек көретін вельмождарын, соның ішінде ағылшын шіркеуінің бастығы және сонымен қатар Англияның канцлері архиепископ Кентерберийский Садбериді «опасыздар» ретіңде елім жазасына тартты. Шаруалар корольмен алғаш рет Майл-Эндте кездесті. Олар корольге «Майл-Энд программасы» деп атақ алған талаптар қойды. Олар корольдің алдына крепостнойлықты және барщиналықты жойып, біркелкі төмендеу ақшалы рента (акрадан 4 пенс) орнатып Англияның барлық қалалары мен селолық жерлерінде сауда бостандығын беру және бүкіл кетерілісшілерге кешірім жариялау талаптарын қойды. ....
Жұмыс сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі негізгі міндеттерін, жұмыс жүйесін айқындау негізінде жазылды.Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты қоғамның талаптарымен тікелей байланысты екендігі, жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы тұлға екендігін көрсету – жұмыстың негізгі мақсаты.Сонымен бірге оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп, оқушының қоғамдық өмірдің кейбір түзетулер жасаушы тұлғаны таныту. Сыныпта қолайлы, жайлы моральдық – психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы адам сынып жетекшісі екендігін айқындау.
Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің , қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау – сынып жетекшісінің тәрбиелік ықпалдарының үшінші міндеті және тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың формалары мен әдіс – тәсілдерін ашып көрсету, болашақ ұстаздарға тәрбие беру саласындағы білім , іскерлік пен дағдыларды меңгеруге көмектесу....
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру. Сынып жетекшісінің міндеті – сан алуан.Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді. Сынып жетекші жұмысының негізгі міндеттері қандай? 1.сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделеріне және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу. 2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру. 3.Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға міндеттейтін педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету. 4.Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз етү. 5.Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланыстыпедагогикалық оқу,насихат жұмыстарын жүргізу. 6.Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағыттатәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. 7.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету. 8.Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету. 9.Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретіеде қарастыру т.б. Сынып жетекшісінің қызметі.Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады.Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.....
Мектеп өмірінде мұғалім-басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды,сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысы ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс.Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса,ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады.Дегенмен,сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де,әрине ол балаларға өте қажет.Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол-сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып,олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады.Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардының демалысына қатысты мәселелері,алғашқыұжым болып қалыптасу дәрежесі,соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады. Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі.Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады. Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру. ....
Тілді үйрету әдісінің түсінігі. Ана тілін үйренудің заңдылығы, жоғарыда айтып өткеніміздей, бірқатар қабілеттердің даму процесінде ішкі сезім арқылы (саналы емес) жүзеге асырылады: 1) өзінің сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті – сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін, просодемаларды модулдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекстері мен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстыру қабілеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну; 3) сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды бағалау; 4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез – құлқын тәртіптеу процесінде сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті. Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі неғұрлым безірек байиды және оның психикасы жан – жақты дамиды. Лингвистикалық – дидактикалық принцптерге құрылған тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарты болып табылады.....
В. А Сухомлинский оқушылардың ата-алаларымен жұмыс істеудің мадызына ерекше назар аударып "Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріпіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін", - дейді. Олай болса, отбасы мектепден бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикадық әрекетте мектетің жалпы міндетгерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие просысынің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары олардың өзара қарым-қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясын көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзкарас, СОНЫМЕН қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектегі басқару ісі біртіндеп демократиялыық бағытты ұстануда. Яғни педатогикалық әрекетгегі үшбұрыш — оқушы - ата-анаға қатысты жағдай да жаңа демократиалық қарым-қатынасқа ие болуда. Олай болса, осы қарым-қатынасты реттеп отыратын әкімшішк-басқару жүйе де ендігі жерде келмеске кетті. Бүгінде мектепің ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар жиналысы, ата-аналар легториясы мен университтетіері, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с. Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің көзқарастарында, ол олай болуы тиіс емес еді Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді "шешуде мұғалімдер оқушылар, ата-аналар мен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір-біріне айтар ақыл-кеңесі ауадай қажет болып отыр. Сондықтан да ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтастық жұмыс істеулерін қажет етеді.....