Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының түрлері

Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының түрлері

3.Сынып жетекшінің ата – аналармен атқаратын жұмысы.

Сынып жетекшінің ата – аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері. В. А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: “Тек ата – аналармен бірге, жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін ” , - дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету фактроларын жасайды.Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары,олардың өзара қарым – қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда.Яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім – оқушы – ата–анаға қатысты жағдай да жаңа демократиялық қарым – қатынысқа ие болуда.Олай болса, осы қарым – қатынасты реттеп отыратын әкімшілік – командалық жүйе де ендігі жерде келмеске кетті.
Бүгінде мектептің ата – аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата – аналар жиналысы, ата – аналар лекториясы мен университеттері, ата – аналардың ашық күні, ата – аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына ьару т.с.с.
Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің көзқарастарында, ол олай болуы тиіс емес еді.Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар, ата – аналар мен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр.Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата – аналармен ынтымақтастық қарым – қатынасына кері әсерін тигізуде.Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір – біріне айтар ақыл – кеңесі ауадай қажет болып отыр.
Сондықтан да ата – аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым – қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу – тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты.Бұл жағдай оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.
Мектептің ата – аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді.Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді.Ол мектеппен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады.Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты.Мұндай жағдайда отбасыны негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеппен одақтас ретінде қарастырған жөн.Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысының негізіне мектеп пен ата – аналар және балалардың өзара қарым – қатынасы мен әрекетінде біріке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл – күй мен жағдай жасау.Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады.Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір – біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.
Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді.Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол.Оны оқушылардың ата – аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады.Сол үшін де ата – аналар өз тарапынан мектепке тұрақты көмектесуге міндетті.
Сынып жетекшісінің ата – аналармен қоян – қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс.Ол үшін, отбасыны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жанжақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.
Ата – аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері.
1.Ата – аналармен тұрақты байланыс орнату.Ондағы мақсат: отбасыны, оның мүшелерінің өзара қарым – қатынасы мәдениет деңгейін, жанұяның жеке басқа ықпалын, ата – ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай – күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.
2.Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат: өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі – бір мінез – құлық нормаларын балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету.Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата – аналармен ортақ іске ұйымдастыру.
3.Ата – аналар ұжымын құру. Бұл күрделі, әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата – аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмысқа қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.
4.Ата – аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.Ол үшін ата – аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, педагогикалық білімдер жетілдіру университеттерінде, лекторияларда, семинарларда, ғылыми – практикалық конференцияларда, ата – аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерді насихаттау.
Ата – аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі. Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндеттеріне сай 5 қызметті атқарады.
1. Ата – аналарды сыныптағы оқу – тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.Сынып жетекшісі ата – аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды.Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен, тәрбие жоспарымен таныстырады.Ата – аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады.Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігін де шақыру мүмкіншілігі қарастырылады.Мұғалімдер өздері жүргізетінпәндердің ерекшеліктері,мазмұны мен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарына қатысты мәселелермен ата – аналарды таныстырады.
2. Ата – аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдатыру. Сынып жетекшісі бағытта ата – аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы мінез – құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет атқарады. Қазіргі мектеп жағдайында ата – аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда.Бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауына сенімдерін орнықтырады. Дегенмен де педагогикалық және психологиялық зерттеулер нәтижесі ата – аналардың психологиялық – педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады.Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата – аналардың оған деген сұранысы күннен – күнге артуда.
Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата – аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау.Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата – аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін - өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз.
3.Ата – аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата – аналар мен балалардың өзара қарым – қатынасын жақсаруды көздейді.
Мектеп тәжірибесінде ата – аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әртүрлі формаларын қолданылады:
-сабақтан тыс әртүрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық жарыстар т.с.с.);
-жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (мектеп бітірушілерімен кездесу, соңғы қоңырау, жаңажыл шыршасы, халықаралық әйелер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысын өткізу т.б.);
-балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата – аналардың ашық есік күніне т.б.;
-мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);
-өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;
-балалардың аула клубтарын құруға;
-мектептің және сынып кеңестерінің жұмыстарына;
-мектептің немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;
-мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек көрсету т.б.
4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата – аналарға педагогикалық – психологиялық кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге қатысты көмек көрсету, ақыл – кеңес беру
5. Ата – аналар белсенділерімен жұмыс және ата – аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесу. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата – аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден басталады.
Кейбір ата – ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы, баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата – анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады.Мұндай ата – аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады.
Сонымен бірге сынып жетекшісві бұл бағытта ата – аналардың жалпы мектеп көлемінлегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдармен да мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата – аналар комитеті, кеңесі, құқық қорғау мекемелері т.б.).
Ата – аналармен жеке кездесу. Сынып жетекшілерінің, мұғаліидердің ата – аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған.Оқушылардың отбасына бару, ата – аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі.Ата – аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез – құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, отбасы мүшелерімен, жолдастарымен қарым – қатынасы жайлы түсінік алады.Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата – аналарды балалардың үлгерімі, қоғамдық жұмысқа белсенділігі, кейбір қылықтары туралы мәліметтермен таныстырады.Оқушылардың күн режімі, оларды еңбекке баулу, үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата – аналарға педагогикалық кеңес береді.
Ата – аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор.Ата – аналармен әңгімелесу мазмұны әр түрлі тақырыптарға байланысты.Мәселен, бала жақсы оқиды, тәртібі де жаман емес, бірақ қоғамдық пайдалы іске қатысуға ынтасы жоқ.Бұл жөнінде ата – аналарды күн бұрын ескерту, оларға дұрыс кеңес беру өте қажет.Ғылымның кейбір салаларында баланың дарындылығын дамыту мәселесі жайлы, ал кейде ата – аналарда баланың өрескел қылықтары үшін де шақыруға тура келеді.
Міне, осы жағдайларға ата – аналармен кездесіп, оларға педагогикалық кеңес беру сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің, мектеп басшыларының борышы, нақты көмегі.Мектепте кездесу үшін ата – аналар күні белгіленеді.Осы күні олар мектепке келіп, тәрбие оқу мәселелері жайлы пікір алысады, қажетті педагогикалық кеңестер алады.
Ата – аналар белсенділерімен жұмыс. Белсенділер мектептің барлық жұмысына қатысады, ата – аналармен қарым – қатынас жасайды, пікір алысады, оларға көмек көрсетеді, ата – аналар конференциясын және жиналыстарын, оқушылардың үйірме жұмыстарын өткізуге көмектеседі, еңбек тәрбиесін, қоғамдық пайдалы жұмысты және өнімді еңбекті ұйымдастыруда өз үлесін қосады.Мектеп үйін, спорт алаңын жөндеу жұмысына қатысады.Жеке отбасымен жұмыс істейді, бала тәрбиесіне салқын және жауапсыз қарайтын ата – аналарға ықпал жасйды, кейбір, әсіресе, қиын балаларды шефке алады, оларға қажетті көмек көрсетеді.
Ата – аналар белсенділері мұғалімдер ұжымының үлкен тірегі.Сондықтан, мектеп басшылары, ата – аналар белсенділерімен арнайы жұмыстар жүргізеді.Олар үшін семинарлар, коллоквиумдер, ұйымдастырып, тәрбие үрдісі мен ұстанымдары, әдістері мен тәсілдері, баланың жасына қарй дене және психикалық даму ерекшеліктері жайлы теориялық және практикалық біліммен белсенділер мүшелерін қаруландырады....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру