Қыз бен жігіт айтысының жарқын бейнесі
«Тұңғиық сырым барлағанға...»
«Біржан мен Сара» айтысынан
Сараның сөзі
Айтыс өнері – халық ауыз әдебиетінің ерекше түрі. Бұл ертеден келе жатқан сөз саптау шеберлігі. Қазақ халқы сөз өнерінің құдіретіне тәнті болып, «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп ұтқыр сөзді басынан асыра білген. Айтыс көне түркі тілдес халықтарында, үндістер елінде де өркендеген. Дегенмен қазақ халқының тіл мен жақтың ұйқасқа тірелген ой ұшқырлығы айтыс өнеріне ұласқаны шындық. Ғасырлар бойы шебер өрнектелген сөз жарысы тыңдаушылар қауымын үйіріп әкететін сиқырға ие.......
Ел және Елбасы
Сенім де талай түсті-аусергелдеуге
Сын аз ба халыққа серт берген Ерге
«Елім» деп шырқаған өзіңізді
Ұқсатам Күлтегендей кемеңгерге.
Жадыра Дәрменбаев
«Атаның баласы болма,
Адамның баласы бол», деп ұлы Абай атамыз айтқанындай ,қарапайым қазақ отьасында туып-өсіп, тәрбиеленіп, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасаты мен пайымы, ұлтжандылығы жас ұрпақ біздер үшін өнеге.
Адамзат баласына, күллі әлемге танымал болған осындай Елбасымыздың барына қуанамын да, мақтанамын да!......
Менің елім - менің Қазақстаным
«Отан үшін отқа түс-күймейсің,»- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, ата-бабаларымыз қанын төгіп, жанын беріп, басынан нелер кешпеді, нелер өткермеді десеңізші? Азаттық жолында құрбан болған, азап шегіп, қасірет тартқан бабаларымыздың ерлігін қалай ұмытармыз. Ұмытпаймыз да, ұмытылмайды да.......
Жасай бер, Қазақстаным!
Егемен ел,
Егемен жер.
Ата-бабам аңсаған ел, күллі қазақ армандаған ел.
Сен ұлтымсың , рухымсың, туымсың, ұрпағымсың!
Қазақ жастары, еліңді еңкейтпе, жеріңді төңкертпе!
Қаншама боздақтарымыз боранды күндерді, ұйқысыз түндерді өткізген азаттық ......
Ұлы тұлғаның ұлы істерінен өнеге
«Отан, оттан да ыстық» - дегендей, әр адамға ,әр халыққа өзінің Отаны ыстық . Осы ыстық сезімді бойымызда ұстап, Отанға адал қызмет жасауымыз керек. Бәріміз бірлік пен ынтымақтастық сақтай отырып, еліміз «мәңгілік ел» болуына ат салысуымыз керек. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпындағы құндылықтарды бағалап, соны өнеге тұтуымыз - Отан алдындағы басты парызымыз. Сондықтан біз өзіміздің тарихымызды зерттеп, ұлан-байтақ жерді, мұра қалдырған ұлы тұлғалардың бойындағы асыл қасиеттерді, жан дүниесін, рухынын биік екенін басқаларға дәріптеп, білмейтіндерге білгізу жолын көрсету - басты міндетіміз деп ойлаймын. Отан үшін , халқын үшін игі іс істеу нағыз патриоттықтың сезімнің шыңдалуы......
Мен елімді сүйемін!
Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман саулығының қоғамдық - мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну. Ол мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау. Қысқасын айтқанда, патриотизм - мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.
Қазақстан Республикасын, оның мемлекеттік рәмізді-Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеуге тиісті.......
Тәуелсіздік тұғырыңнан тайма, менің Қазақстаным!
Өткен ғасырдағы зұлмат жылдардан бері қарай тарих қайнауынан сыр тартсаң, қаншама мағлұмат аласың! Мағлұматтарды оқи отыра осындай дархан халықтың, осындай батыр халықтың, осындай арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты халықтың өмір бойы аңсағаны егемендік, тәуелсіздік екендігін көреміз. Тәуелсіздік жолында біз бір жыл, бір ғасыр ғана емес қолына найза ұстап, сақтар атанған заманнан бері қарай күресіп келдік.
Қандай қиындықтан өтсе де, елдігі мен бірлігін сақтаған заманнан, қазақ елінің алдынан шаша атты.
Тәуелсіздік – бұл біздің ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, қанды қырғындарда қорған қалған ұлтарақтай жері, жетпіс жыл бұғауланса да жойылмаған тілі мен діні. Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасқан, асыл жүректі, асқақ рухты перзенттерінің күрес жолы. Қазақ халқы мың өліп, мың тіріліп жүрсе де, «келешек ұл мен қызым ұлы мақсатқа жұмылсын, елін көркейтсін, еркіндікте болсын» деп армандап өтті.
«Балаға үміт арту - әкенің парызы, ақтау – баланың парызы», - дейді халық......
Ұландарымыз елім деп өссін десек...
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің соңы болады.
Қазыбек би
Отаншылдық ! Осы қасиетті сөзді естігенде тұла бойыңды бостандық пен еркіндік билеп, өз ұлтыңды ерекше жан-тәніңмен сүйетініңді рахаттана сезінесің. Алайда Отанының азаттығы жолында қасық қаны қалғанша күресіп, «тар жол тайғақ кешіп», бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған жандарды есімізге алғанда көңіліңде көңілсіздік кемесі қалқып, жанарың жасқа үйіріліп, олардың алдында мәңгілікке борыштар екеніңді сезіне бастайсың.
Отаншылдық – елжандылық туған отбасына, туып-өскен ортаға, туған топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталады. Отаншылдықтың іргетасы – ұлтжандылық. Өз ұлтын сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат қана отаншыл болады. Отаншылдықты рухани құбылыс ретінде зорлықпен, нұсқаумен биліктің басқаруымен енгізу мүмкін емес......
Менің елбасым – менің мақтанышым
Отан үшін отқа түс, күймейсің!
Бауыржан Момышұлы.
Осыдан жиырма екі жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің, яғни қазақ халқының, аңсаған арманы еді.
Менің Отаным осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңестік кезеңнің шырмауында болды. Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік - біз үшін басқа қонған бақ, астыға тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы тиіс. Бұл - ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған ер жүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап , үш жүздің басын қос-қан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесарыны айтсақ та жеткілікті болар. Сол замандарда ел ақылды, әрі айлалы ісімен, іскерлігімен сүйіндіретін аза-маттардың маңайына топтасқан.......