Қарты бар үйдің қазынасы бар

Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: "Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден немересіне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр болама деп қорқамын..." деген екен. Рас, қазақ ұрпағына ұлағатты тәрбие бере алған, ұлтжанды ұл, қылықты қыз тәрбиелеген. Ал қазір біз сол ғасырлар бойғы ұлы құндылықтарымыздан ажырап барамыз. Бұл - бүгінгі қоғам дерті. Бесік жырын шетелдің у-шу, даңғаза әуеніне алмастырса, ертегінің орнын телеарна мен компьютердегі атыс-шабыс ойындар, фильмдер, мен түрлі мультфильмдер алмастырды. Өкініштісі сол, сәбиін "әлдилеп" ән айтып еміренетін әжелер азайды, бесік жырын білмейтін аналар көбейді, ұлдарын атқа мінгізіп өсіретін аталарымыз жоқтың қасы. Атам қазақтың ұрпақ тәрбиесін жоғары қойғандығы соншалық, туған-туыс, бір рулы ел болып, бүкіл ауыл болып атсалысқан. Әсіресе, бұл жерде үйдегі көпті көрген қарт ата мен әженің тәрбиесі үлкен рөл атқарады. Ал бүгін сол ата-әжелеріміз бала тәрбиесіне қаншалықты деңгейде мән беруде?

Адамның асыл қасиеттері мен адами болмысы өз отбасында қалыптасады. Отбасында алған үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие арқылы ғана Отанға деген сүйіспеншілік сезімі орнығады. Ал отбасындағы басты құндылық ұлттық тәрбие деуге болады. Сол ұлттық тәрбиенің дәнін себуші жандардың бірі - әжелер екені даусыз. Әже алдын көріп, тәлімін алғандардан қазақтың сүт бетіндегі қаймағындай болып, тарихта есімі қалған ұлылар қатары көп-ақ. Зередей зерделі ұлағатты әжеден аңыз-әңгімелер естіп, жыр-дастандар тыңдап өскен бала Абай дана Абайға, қазақты танытқан ұлы ақынға, зор тұлғаға айналды......
Шығармалар
Толық