Тікелей салықтың бір түрі ретіндегі көлік құралдарына салынатын салық

Салық дегеніміз - ежелден келе жатқан экономикалық ктегория. Қазіргі кезде көптеген әдебиеттерде салықты мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін құрайтын көзі ретінде қарастырады.
АҚШ-ның алғашқы салық деклорациясының негізін қалаушысының бірі – Бэнжамин Франклин былай деген: «өмірде екі нәрседен құтыла алмайсың, біріншісі - өлім, екіншісі - салық». Сондықтан менің ойымша кез-келген мемлекеттің заңды және жеке тұлғалары сол елдің салық заңына сәйкес салықты төлеуге міндетті болып табылады.
Жалпы салықтарды екі топқа бөліп қарастыруға болады: тікелей және жанама. Мен осы баяндамамда еліміздегі тікелей салықтың бір түрі ретіндегі – көлік құралдарына салынатын салық қарастырылады.
Көлік құралдар салығы Қазақстан Республикасындағы салықтардың бірі болып саналады.
Жеке және заңды тұлғалар меншігіндегі көлік құралдарына салық ұсталынады.
Бүгінгі таңда, көлік салығы салық ретінде кең түрде қолданылып келеді. Ертеректе көлік салығы аттың күшімен есептелініп келді. Бұл есеп түрі мемлекетке тиімсіз болып келді, себебі көлік құралдар салығынан түскен салық соммалары аз ғана болды. Қазіргі кезде көлік салғын есептеуде бірнеше тәсілдер қолданылады. Жеңіл автокөліктерді двигатель көлеміне қарай есептейді. Сол кезде соңғы жетістіктегі және қуатты көліктердің салық соммасы жоғары болады. Жүк машиналары жүк көтергіштігіне қарай, жолаушы таситын орындық сандарына қарай көлік салығы есептелінеді.....
Рефераттар
Толық

Төлем жүйелерінің ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының төлем жүйелері

Қазақстан Республикасы аумағында келесідей төлем жүйелері жұмыс істейді:
нақтылы уақыт режиміндегі бүтіндей (жалпы) есеп айрысу жүйесі (ақша аударымдарының банкаралық жүйесі);
клирингтік жүйе (бөлшек төлемдер жүйесі).

1. Ақша аударымдарының банкаралық жүйесі (ААБЖ)

Қазақстан Республикасы аумағында нақтылы уақыт режимінде жұмыс істейтін бүтіндей (жалпы негіздегі) төлемдер жүйесі Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) негізінде 1996 жылдың тамызынан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл жүйе бұрын Ірі төлемдер жүйесі деп аталған болатын (ІТЖ).

ІТЖ жетілдіру және оны дамыған шет елдердің жұмыс істеп тұрған жалпы негіздегі есеп айрысу жүйелеріне жақындату мақсатында Ұлттық Банк тарапынан жұмыстар жүргізілді. 2000 жылдың соңында ІТЖ жүйе қатысушыларының есепшотындағы ақша қаражаттары шегінде нақтылы уақыт режимінде есеп айрысуларды жүргізетін (RTGS – нақтылы уақыт режиміндегі есеп айрысулар) және халықаралық қаржы ұйымдарының жалпы негіздегі төлемдер жүйесіне қойылатын барлық негізгі талаптарға жауап беретін ақша аударымдарының банкаралық жүйесі болып кайта құрылды. Кез-келген ел үшін RTGS жүйесін құру қаржы сферасында ең жоғары басымдыққа ие. Мұндай жүйенің болуы мемлекеттің банк жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін сипаттайды. ААБЖ-ң мақсаты осы жүйе пайдаланушыларының Ұлттық Банктегі шотындағы ақша қаражаттарын қолдана отырып, және осы қаражаттардың шегінде операциялық күн ішінде ұлттық валютада қайтарымсыз және түпкілікті есеп айрысуларды қамтамасыз етуден тұрады. ААБЖ-де ірі және үлкен басымдыққа ие төлемдер жасалады.....
Рефераттар
Толық

Туризм саласындағы маркетингті реферат

Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады.
Туристік қызмет кәсіпорын шаруашылық әрекетімен ғана шектеліп қоймайды, ол әр түрлі қоғамдык және кәсіби ассоциациялар мен бірлестіктердін, аймақтык, ұлттық, халықаралык институттар, мемлекеттік және мемлекет аралык реттеу ұйымдарының қызметімен өте тығыз байланысты болады. Туристік сапардағы адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық осы элементтер әрекетінің жиынтығы туризмнің әлеуметтік - экономикалық құбылыс ретіндегі түсінігін қалыптастырады. Туризм құрылымдарынын әр қайсысы өзінің нақты функциясын жүзеге асырғанда маркетинг концепциясын қолданады, сол арқылы ғана өз қызметінің тиімділігін арттырып, өзіне және қоғамға белгілі бір пайда алып келе алады. Бұл дәрежеге жету үшін туристік саламен байланысты кәсіпорындар туризмдегі маркетингті теориялық тұрғыдан жан жақты зерттеп, тәжірибеде қолдануы қажет. Ал бұл бағыттар біздің елімізде салыстырмалы түрде жаңадан пайда болып, дамып келе жатқан соң, теориялық дайындығы мықты, кәсіпқой мамандар жетіспейді, туризмдегі маркетинг Қазақстан мысалында тіпті жаңа
бағыт болып табылады. Сондықтан, аталған сала бойынша маркетинг тұрғысынан теориялық зерттеу жүргізіп, тәжірибеге енгізу, еліміз үшін өте пайдалы да, "әдемі" де саланы дамытуға өз үлесімізді қосумен бірдей.....
Рефераттар
Толық

Түгендеу түсінігі

Бұл жазба жұмыста бухгалтерлік есеп әдісінің элементтерінің бірі – түгендеу қарастырылған. Қазіргі таңда түгендеудің маңызы зор болып келеді, себебі ол ұйымның мүлкінің сақталуын, қаржылық тәртіптерді ұстануын, операциялардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрініс табуын қадағалаудың бірден бір тәсілі болып табылады.
Түгендеу бухгалтерлік есептің түп негізінде жатыр, сондықтан бухгалтерлің жұмысын түгендеусіз елестету мүмкін емес.
Бухгалтерлік есептің әдісі ретінде түгендеудің қайнар көзі мыңдаған жылдарды қамтиды, алайда «түгендеу» ұғымы алғаш рет 1931 жылы «Вестник Академии наук» атты журналда пайда болған. Оған дейін түгендеудің орнына тексеру, есептеу, қайта есептеу, санау, қайта санау және т.б. сияқты басқа терминдер қолданылған.
Жалпы түгендеу (inventarium, латын тілінен аударғанда шаруашылық заттардың нақты тізімі) – бұл бухгалтерлік есептің әр түрлі объектілерінің нақты қолда бар болуын және жағдайын тексеруді көздейтін, есептік мәліметтердің нақтылығы мен шынайылығын анықтауға бағытталған бақылау құралы.
Сонымен қатар түгендеу құрамына бухгалтерлік есептің көрсеткіштерін бағалаудың нақтылануы, анықталуы кіреді. Яғни түгендеу процесінде мүліктер мен міндеттемелердің бар болуы ғана емес, сонымен қатар олардың жағдайы мен бағалануы анықталады.
Түгендеу маңыздылығы әр уақытта өзгеріп отырған. Ежелгі Рим дәуірінде түгендеу мұрағатқа қалдырылған мүлікті есептеу және бағалау үшін қолданылған.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі түгендеу принципі – қаттау-тіркеу құжатын жүргізу жолдарымен жүзеге асырылады. «Қаттап-тіркеу» деп ат қойылған құжат – бастапқы құжаттар құрамына жатады. Қаттап-тіркеу құжатын іске асыру арқылы белгілі жағдайды сипаттап саыстыруға, қолда бар құндылықтардың нақтылығын, натуралдық қалдықтарды, шындық фактілер дәрежесін анықтауға болады. ....
Рефераттар
Толық

Табиғат экономика мемлекет және құқық

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының алдында аса күрделі геосаяси, өркениеттік, экономикалық, әлеуметтік, этникалық және мәдени проблемалар тұр. Қазақстанның экологиялық қиын жағдайы, онымен байланысты ұлттық өркендеудің әлеуметтік саяси және мәдени мәселелері жөнінде айтылар сөз көп. Солардың қай-қайсысын болмасын сәтті шешу халықтың экологиялық санасының өсуіне, ұлттық мәдениеттің жоғары деңгейінде болуына тығыз байланысты.
Өткен жылдар Қазақстан тарихы беттерінде қиыншылығы мен қайшылығы мол өзіндік қол таңбасын қалдырды. 1949-1991 жылдары арасындағы – радиоактивті ластаушылардың негізгі көзі – сынақ үшін жасалынған ядролық жарылыстар. XX ғасырдың ұлы экологиялық апаты болып табылатын – Арал аймағының трагедиясы. Қазақстанның орасан зор кеңістігіндегі тұрақты қоныс тепкен ауыр өнеркәсіптің өндіруші және өңдеуші кәсіпорындары, әскери өндіріс кешенінің әлемді тітіреткен аса қуаты да қаһарлы объектілері. Табиғи ортаның биологиялық жағынан азып-тозуы, ол адамзат пен хайуанаттың құрып кету қаупі. Сөйтіп республикамыздың халқына, әсіресе сайын дала мен шөлді аймақты мекендеген ел-жұртына игіліктің орнына ауыр күйзеліс пен қайғы-қасірет әкелді.....
Рефераттар
Толық

Табиғатты аграрлық мақсатта пайдалану экономикасы

Лтосфера – (грекше – Iithos – тас + sphair – ifh) – жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30 – 80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.
Топырақ. Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы мен атмесфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер микроорганизмдер мен жануарлар арасвндағыайналымы- кіші немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналым да бір – бір мен тығыз байланысты.
Топырақтың табиғи ландашфаттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны жекелеген экожүйе деп қарастыруға болады.
Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев ХХ ғ басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін - өзі реттеуге қаблиетті табиғи – тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихы мен тау жыныстармен, климатымен, өсімдіктерімен, тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен.
Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құблысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болды. Бүл қабат топырақтың ең белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылми анықтама берді, ол:топрақ түзілу процесі құнарлық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарм – қатынас деп көрсетті.
Топырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен рөлін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық симдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе – теңдікте сақтап түра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық – түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағыдай тек топырақ арқылы ғана жасалыныды.
Топырақ – сыртқы орта жағыдайлары : жылу, су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар, микрооргаизмдердің біріккен әсерінен қалптасқан жердің беткі құнарлы қабаты. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельеф пен адамның іс - әрекеті де жатады. Тірі организмдер топырақтың негізгі қасиеті – құнарлығының қалптасуына жағыдай жасайды.
Топырақтың құнарлығы дегеніміз – оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті. Ол топырақ түзілу процесі барысында және адамның топыраққа әсер ету нәтижесінде қалыптасады.....
Рефераттар
Толық

Тауар биржасының Қазақстан экономикасындағы орны

Валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазынашылық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнының ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражат.
Шарушылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін күшейту халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркенделген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы – ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан ....
Рефераттар
Толық

Тауардың қасиеттері

Нарықты жинақты зерттеу ереже бойынша, тауарды зерттеуден басталады, өйткені тауарды нәтижелі пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы т.с.с осыған тікелей байланысты.
Тауар мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат.
Тауар- нарықтағы ең маңызды элементтердің бірі болып табылады. Әрбір жаңа тауар нарыққа шыққанда жоғары қажеттілікке жауап бере алуы керек.
Қазақстанда «тауар» ұғымы тым ерте дүниеде пайда болған. Ол көшпелі түрік тайпаларынан алынған және сөзбе – сөз алатын болсақ «мүлік» «жақсылық» мағынасын білдіреді. Адам қызметінің нәтижесі бола алатын өнім тауар сөзіне ие бола алады. Экономикалық ойдың қазіргі өкілдері «тауар» ұғымын басқаша айтады. Тауар экономикалық игілік ретінде қарастырылып және шектеулі мөлшерде барлығын айырбас үшін арналғандығын айтуға болады. Экономикалық теорияда «тауар» сөзі ерекше мәңге ие.
Қазіргі өмірді жаңа тауар түрін ойлап табу мен өндіру кәсіпорынның өркендеуіне шешуші болып саналады. Сонымен бірге, шетел баспасы былай деп көрсетіп отыр, коммерциялық табыстар тауарды ойлап табу үшін (мысалы, барлық шығынды өтейтін және нарыққа шығаратын) 60 шақты жаңа идеяны зерттеп білуді және соның ішінен нарықтың болашақ талабына жауап бере алатынын дұрыс таңдап алу қажеттігін түсіндіреді ....
Рефераттар
Толық

ТАУАРДЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛДЕРІ

Өзгеріс бар жерде даму, ілгерілеу де бар. Олай болса, тауардың өзіндік ерекшеліктері ретіндегі өмірлік циклі — онық физикалық қасиеттерімен қатар, ең алдымен нарықтық айналымға қатысқан мерзіміне сәйкес қарастырылады. Ал тауардың айналымдағы уақытының ұзақтығы: оның сапасына, бағасына, оған қажеттіліктіқ дайындық дәрежесіне, жалпы сұраныстың көлеміне, нарықтық конъюнктураның қалпына байланысты және бұл қайбірде тауардың өз қасиетінен алшақтау — жалпы конъюнктуралық жағдайдың нәтижесі болып көрінуі де мүмкін. Сондықтан белгілі бір тауардың нарық айналымындағы әрекет ететін уакыты әр түрлі деңгейде байқалатынын күтпеген окиға деп санаудың орны жок,
Тауардың өндірілуінен бастап, оның дайын күйінде тұтынушысына ұсынылуына дейікті циклі бес кезенңге бөлінеді. Алғашқы (нөлдік) кезең. Болашақ тауар жөніндегі идея дүниеге келіп, бұл бастаманың жүзеге асуын мақұлдау, қабылдау және қажет саналса, сол өндірілетін тауарды тәжірибе арқылы сынау процестері қолға алынады. Міне, тап осы сынақтан сүрінбей өткен тауар ғана оған деген мұқтаждықты тудыра алады. Сөйтіп, оның тауарлық бәсекеге төзімділігіне сенім оянады да, ақырында сол тауарды ендіру процесі басталатын болады.
Өндіріс — тауардың дүниеге келуіндегі бірінші әрі шешуші кезеңі, осы кезеңде келешектегі тауар өтімдігінің сәтті немесе сәтсіз болуы анықталады. Енді дайын тауарды зерттеуге, өндіруге, жарнамалауға және өткізу жағын ұйымдастыруға жұмсалған алғашқы шығындардың орнын толтыру үшін тауар сатыла бастайды. Бірақ бұдан бастапқы кезде бәлендей пайда, табыс түсе қоймағанымен, тауар өндіру жалғаса береді яғни ол өзінің келесі кезеңіне көшеді деген сөз.
Бұл тауардың өсу және даму кезеңі деп аталады. Ол кезеңде әр ұсынылған тауарлар тұтынушылардың ойынан шығып, жоғары бағалануы мүмкін. Міне, сонда ғана сатылымнан түскен табыс арта түсіп, өндіріс шығындарын жабумен қатар, біршама пайда түсіретін болады. Бұл — тауар дамуының ушінші кезеңіне бет алғанының нышаны.....
Рефераттар
Толық

Тауарлық бәсекелестік

Бәсеке - өндіріс құрал-жабдығы жеке меншікке негізделген қоғамда тауар өндірушілердің тауар өндіруде және өткізуде неғұрлым қолайлы жағдай туғызу жолындағы өзара күресі, капиталистердің немесе капиталистік бірлестіктердің барынша көп пайда алу жолындағы күресі. Өндіріс анархиясына байланысты жоспарсыз, бет – бетімен, бей – берекет. Өз тәуекелімен тауар өндіріп жатқан жеке тауар өндірушілер бір – бірімен бөліспей – біріспейтін рақымсыз күрес жүргізу арқылы ғана өзіне жол ашады тауарды өндіруге, оны сатып өткізуге өзіне қолайлы жағдай туғызады. Стихиялық түрде әрекет ететін бәсеке тартыстың нәтижесінде ұсақ өндірушілер жіктеліп шығып, ат төбеліндей біразы ғана капиталистер қатарына ауысады, ал басым көпшілігі өндіріс құрал – жабдығынан айырылып, күйзеліске ұшырайды да, пролетарлар қатарына келіп қосылады. Капиталистік тауар өндірісінде тереңдей бәсеке, оның ажырамас серігіне айналады. Капитализмнің негізгі экономикалық заңды – қосымша құн заңы бәсеке тартыс арқылы тауар өндірушілерін өндіргіш күштерді дамытуға итермелейді. Капиталистік бәсеке тартыс арқылы тауар өндіріс пен капиталдың шоғырлануына және орталықтануына әкеліп соғады. Ірі – ірі капиталистер өздеріне керекті шикізаттарды арзан бағаға сатып алып, өндірген тауарларын қымбат бағаға сату мақсатымен дара монополияларға ұйымдасады. Еркін бәсекенің орнын монополия басады. Монополия еркін бәсекенің қарама – қарсысы. Бірақ монополия бәсекені құртып жібере алмайды, ол неғұрлым жойқын, қатал, апатты түрге енеді. Бәсеке – капитализмнің барлық сатылары үшін, оның ішінде империализмге де тән құбылыс. Монополиялық капитализмге дейін бәсеке тартыс ірі капиталистермен ұсақ капиталистер арасында жүргізілген болса, империализм тұсында бұл монополиялық капитал мен монополияланбаған капиталдың арасына ауысады. Бұл бәсеке тартыстың мәні бір жағынан монополияланбаған фирмалардың кәсіпорындарда жасалған қосымша құнның басым бөлігін монополиялардың басып алуға ұмытылуы болса, екінші жағынан, монополияланбаған фирмалардың өз кәсіпорындарында жасалған қосымша құнды түгелінен өздеріне қалдыруға күш салуы. Әдетте бәсеке күресте күші басым монополиялар жеңіске жетіп отырады. Сондықтан, ірі монополиялардың бақылайтын капиталының мөлшеріне қарай алатын пайда нормасы да жоғары болады. Олардың монополиялық баға жүйесі арқылы жиынтық қосымша құнның, жұмыс күші құнының басым бөлігін барған сайын монополиялық пайдаға айналдыру жолындағы күресіне әкеліп тірейді. Олардың әрқайсысы пайданың жалпы мөлшерінен алатын өз үлесіне көбейте түсуге ұмтылады. ....
Рефераттар
Толық