Педагогика | Оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Адамның табиғатқа ықпалы қоршаған ортаның экологиялық сапасының кенеттен төмендеуін туғызып және ортаның өзгерген жағдайында адамзаттың тіршілігіне қауіп төндіріп отыр.
Осыған орай экологиялық білім беру мен тәрбие берудің маңызы “Қазақстан Республикасы азаматының жаңа әлеуметтік экологиялық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасында” (1995), “Білім саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасында” (1996), “Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздігін сақтау концепциясы” (1997), “Қазақстан Республикасындағы экологиялық білм мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы” (1998), “Экологиялық білім бағдарламасы” (1999) құжаттарында басты орында тұр. Экологиялық тәрбие - “табиғат- адам- қоғам” жүйесіндегі қарым-қатынасты оқушылардың ғылыми негізде игеруінің нәтижесінде қалыптасқан жалпы білімнің бөлшегі (1: 2:3).
Экологиялық тәрбиенің мақсаты жас жеткіншектердің экологиялық көзқарасын, санасын және табиғатқа үлкен парасаттылық пен жауапекершілік қарым-қатынасын қалыптастыру.
Экологиялық тәрбиенің негізі Ертедегі Шығыс филосфтардың еңбектерінде маңызды орын алды. Бұл ғұлама ғалымдардың есімдерімен байланысты, атап айтқанда, Әл-Хорезми, Әл-Фараби, Ж. Баласұғыни, Қожа Ахмет Яссауи, Әл-Бируни, Ибн-Сина, М.Қашқари және т.б.
Табиғат құралдары арқылы балалардың адамгершілік сезімдерін қалыптастыру, педагогикалық тәрбиенің құндылығын арттыру жайлы кезінде ұлы педагогтар Я.А. Коменский, Ж.Ж.Руссо, Т.Песталоцци атап көрсеткен болатын.
Табиғаттың сұлу көріністері негізінде табиғатпен қарым-қатынасты орнықтыру, білім беру, тәрбилеу, дүниетанымын дамытуды қазақ халқының ағартушы – ғалымдары мен ақын жазушылары Ш.Уалиханов, Ы. Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов өз еңбектерінде тілге тиек етеді.
ТМД елдерінің педагог-ғалымдары И.Д.Зверев, А.Н.Захлебный, Н.А.Рыков, И.Т.Суравегина, А.П.Сидельковский, И.Н.Пономарева, Ә.А.Тұрдақұлов және т.б. экологиялық тәрбие берудің мақсат-міндеттері мен мазмұнын жүйесін жасап, мектеп алдында тұрған күрделі міндеттері шешуге атсалысуда.
Қазақстандық ғалымдардың ішінде Ә.С.Бейсенова, Ж.Ж.Жатқанбаев, Н.С.Сарыбеков, Қ.Аймағамбетова, Ә.С.Бірмағанбетов, Қ.Ж.Жүнісова, К.А.Сарманова, М.Н.Сарыбеков, Ж.Б.Шілдебаева және т.б. өз еңбектерінде оқушылардың экологиялық білім-біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударады.
Экологиялық тәрбие, оның ішінде экологиялық мәдениет мәселесіне философтар, социологтар, педагогтар, психологтар ерекше мән береді.
Бұл мәселенің философиялық негізі С.САверенцев, Э.В.Гирусов, Д.С.Лихачев, А.Г.Маслеев, Н.Ф.Реймерс, К.О.Стошкус, А.Д.Урсу зерттеулерінде ашып көрсетілді.
Республикамызда біз қарастырған проблемаға айрықша мән берген философтар Ғ.Ғ.Ақмамбетов, Ж.М.Әбділдин, Қ.Ә.Әбішев, М.Баймаханов, А.Н.Нысанбаев, Қ.Ш.Нұрланова, А.Қасабеков, Д.Кішібеков, Қ.Шүленбаев, Г.К.Шалабаева және т.б. Олар өз еңбектерінде адамның қоғамдық мәнін, рухани жан дүниесіндегі сезімдік қасиеттерін, олардың мақсаты мен мұратын, қажеттілігі мен мүддесін, адамгершілік айқындамалары мен қағидасын, “қоғам-табиғат-адам” жүйесіндегі қарым-қатынастарды, ұлттық мәдениетті, оның әдет-ғұрып дәстүрлерімен байланысын ашып көрсетеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Орта мектептердегі 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты – оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім беру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1]. Бұл міндеттерді шешу мұғалімнің ізденісіне байланысты. Осы күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім берудің жаңа парадигмасын туғызды.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған. Онда: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 % - ға артуына себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеліп соғады» - деді [2].
Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жауынның пайда болуы, ормандардың селдіреуі, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттардың белең алып және улы қалдықтардың қолданылуы қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым - қатынасты дұрыс жолға қойып табиғат байлықтарын көздің қарашығындай сақтап, оны тиімді пайдалану керек. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының бір себебі – экологиялық білім мен тәрбиенің төменгі дәрежеде болуынан.
Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден – бір қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында», «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» (2003ж.) және Ата заңымызға негізделіп жасалған ҚР «Білім туралы» заңдарда көрсетілген. [7,8,9,10].
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді, ал Конституцияның 38-шы бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндеттейді. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы 1997 жылдың 15-ші шілдесінде қабылданды. 19 тарау, 89 баптан тұратын заңның 15 - тарауында мынадай қағидалар көрсетілген:
1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпыға бірдейлігі және үздіксіз жүргізілуі;
2. Оқу орындарының білім беру бағдарына және меншік нысанасына қарамастан, оларға экологиялық пәндерді міндетті түрде оқытудың көзделуі;
3. Лауазымды адамдар мен мамандардың қажетті экологиялық даярлығы болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негіздерін білуге міндеттілігі;
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер мемлекет тарапынан қолдау табатындығы айтылған. 73-бабы «Экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілуі» деп аталады. 74-бап оқу орындарында «Экологиялық білім берудің» мәселесіне, 75-бап «Қоршаған ортаны қорғау» саласында зерттеулердің мәселелеріне арналған. Осылармен қатар 1995 жылдың Республикамыздың қабылданған Конституциясында – табиғат байлықтарын қорғау, көбейту және тиімді пайдалану керек екендігі көрсетілген (6,38 баптар) [11].....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Экологиялық білім және тәрбие беру

КІРІСПЕ
Көпке дейін бізде табиғат қана қорғауды қажет етеді, ал оның адамға қатыс жоқ деген түсінік алып келеді. Адам тағдырына қалай болса солай қарау ауыр зардаптарға соқтырды. Қазіргі кезде мемлекет табиғаты, биосфераны қоғау ісін адамның өмірі мен тіршілік ортасын, қоғамның игілігін қорғау деп қарастырды.
Адамның бүкіл өмірі – бұл оның табиғатпен және қоғаммен жанасуы, өзара әрекеттесуі. Адам табиғаттан тыс өмір сүре алмайды. Ол өзінің еңбегімен табиғаттың құрамды бөліктерін (жер, су, өсімдік, пайдалы қазбалар) өзінің қажетін, түрлі мұқтажын қанағаттандыруға бейімдейді. Адам айналадағы ортаны өзгерте отырып, өзі де осы өзгерген табиғаттың әсеріне ұшырайды.
Қазіргі кезде қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің кең көлемде жүретіні соншалық, мұның өзі бүкіл дүниежүзілік көлемде экологиялық проблема тудырды. Бұл проблема қоғам өмірін индустрияландыру мен урбандалу нәтижесінде айналадағы ортаның ластауына, энергетика мен шикізат қорының азаюына, табиғи экологиялық баланстың (биосфераның ішкі өзін-өзі реттеу механизмінің) бұзылуына, адамның шаруашылық әрекетінің қалдықтарымен табиғаттың ластануының нәтижесі ретіндегі энергетикалық зиянды зардаптарға байланысты.
Ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде адам құдыреті күшке айналды. Ол тауларды бұзып, өзен арнасын өзгертіп, жаңа көл, теңіз жасап, байтақ шөлдерді жасыл желекті мәдени алқапқа айналдыра алады.
Бір сөзбен айтқанда, ол табиғатты түбегейлі қайта құруға қабілетті.
Алайда қазіргі кезде адамзат өзінің табиғатқа үстемдігін ойсыз пайдаланудың табиғатқа шексіз араласа беруден бас тартуы қажеттігі, өзінің шаруашылық әрекетінен тууы мүмкін зиянды зардаптарды есепке алмай, оны қайта түрлендіруге болмайтындығы айқын көрініп отыр.
Адам қоғамының прогресі индустрияның дамуын қажет етеді. Индустрия дамыған сайын өнеркәсіп қалдықтары көбейе түседі. Қазіргі кезде айналамыздағы бүкіл табиғат - ауа, су, топырақ бәрі де белгілі дәрежеде ластанған.
Ағзалар мен айналадағы орта арасындағы күрделі байланыстардың бүкіл жиынтығын зерттеу экология пәнінің міндеті болып табылады.
Табиғи ортаның ластануы мен өзгеруінің аса күрделі проблемаларын ғылым мен техниканың әр алуан салаларының білікті мамандары шешеді. Алайда біздің әрқайсысымыз қазірдің өзінде-ақ табиғаттың күрделі құрылысы мен тіршілігі және оның жай-күйіне жауапкершілігіміз туралы міндеттіміз.
Экология - тірі организмдердің айналадағы ортамен қарым-қатынасы. Әрбір адам машинаны өзенде жуу, орман-тоғайда қоқыс, егістікке тыңайтқыш үйіндісін қалдыру – табиғат алдындағы қылмыс екенін санасына сіңіруі тиіс.
Айналадағы ортаны сақтауға әрбір адам белсене қатысуға міндетті.
Табиғат әкімшілік, мемлекеттік шекара дегенді мойындамайды. Климаттың, өзен көлдердегі судың сапалық өзгерістері әлемдік проблемалар тудырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | АЛАКӨЛ ОЙЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТЫН ҚОРҒАУ

Алакөл ойысы Қазақстанның оңтүстік – шығысында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі және Алматы облысының солтүстік – шығыс бөлігі осы ойыс үстінде жатыр. Алакөл ойысының көлемі 30000 км 2 -қа тең.
Ойысты үш жағынан таға тәріздес жоталар қоршап жатыр. Солтүстігінде – Тарбағатай, оңтүстігінде – Жоңғар Алатауы, ал шығысында Барлық және Майлы жоталары орналасқан. Алакөл ойысы батысында Балқаш ойысымен, ал оңтүстік шығысында тау аралық өткел – Жоңғар қақпасы арқылы Қытай халық Республикасының территориясындағы Ебінұр көлінің ойысымен ұласады.
Ойыс өзінің пішіні жағынан көп бұрыштылығымен және тегіс еместігімен ерекшелінеді. Ол оңтүстік – шығыстан солтүстік –батысқа қарай 300 км-ге созылып жатыр. Оның жазық бөлінің ені оңтүстік – шығысында 10 км – ден, солтүстік – батысында 100 км – ге, ал орталық бөлігінде Жоңғар Алатауынан Тарбағатай жотасына дейін 150 км – ге дейін....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Алматы қаласының экологиялық жағдайын зерттеу

Алматы Іле бойы жазығы оңтүстігін ала Тянь-Шань тау селімдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында теңіз деңгейінен 700-900м жоғары үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларында орналасқан.
Алматы қаласы өзінің рекреациялық және экскурсиялық объектілерге молдығымен де ерекшеленеді. Рекреациялық объектілер денсаулықты сауықтыру, спорттық сауықтыру, танымдық, мәдени және табиғи мақсаттағы деп сипаттауға болады. Осыған қарай адамдардың жиі сұраныстарын тудырып отырған негізгі рекреациялық объектілерге шолу жасалады.
Алматы – еліміздегі аса ірі қалалардың бірі. Табиғат жағдайлары, күннің жылуы, климат, жер бедері және табиғат байлығы, су, өсімдік, жер және жануарлар дүниесі экономиканың дамуына күшті ықпал етеді.
Қазақстанның табиғи ортасының табиғат жағдайлары мен экономиканы дамыту айырықша бай әрі алуан түрлі. Республикада бағалы кен байлықтарының көптеген түрлерінің ірі қорлары, жыртуға жарамды құнарлы жерлердің егін алқабы, ұлан-байтақ жайылымдар мен пішендіктер бар.
Алматы экологиясына тоқталар болсам. Алматыға бізден бұрынырақ ат басын тірегін аға буын өкілдері оңтүстік астанамның әсемдігі мен көріктілігін, саф ауасын жырдан қызық қылып айтып отыратынын талай естіп едім. “Алматының апорты” деген тіркес те сол кезде қалыптасқан. Шеттен келуші қонақтарға Алматының кез-келген жерін қысылмай көрмете алатындай жағдай бар.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Алматы қаласы экологиясы

Жалпы Алматы қаласы географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайсыз орын тепкен. Ол негізінен ауа айналымының жоқтығымен түсіндіріледі. Бұл қаладағы жүздеген мың машинаның қала әуе аймағын улы түтінмен ластауға мүмкіндік туғызып отыр. Бұл қалада өкпе ауруларының өршуінің негізгі факторы болып табылады. Қалада әсіресі желсіз күндері демалу қиын, мұндай қиыншылықтармен күресу қазір қала билігінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Сонымен қатар қалада көптеген өндіріс орындарымен жылу қазандықтары да жағдайды қиындата түсуде. Осындай жағдайларды ескере отырып жақында бірқатар шаралар белгіленді. Соларға тоқталып өтсек:
27 желтоқсанда Алматы қалалық әкімшілігі ғимаратында қалалық құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне 2005 жылды қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Олар өз салалары бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстар жайында әңгімелеп, журналистердің қойған сауалдарына жауап берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Сырдария өзенінің экологиялық жағдайы

Сырдария ойысының аккумулятивті жазықтары солтүстік-шығысында Қаратау жотасымен, оңтүстік-батысында Орталық Қызылқұм көтерілімдерімен шектеседі. Ал, оңтсүтік-шығысында Қазақстан территориясынан тыс Тянь-Шанға дейін созылып, солтүстігінде және солтүстік-батысында солтүстік Арал маңы қабатты жазықтарымен және Арал теңізінің шығыс жағалауымен көмкеріледі.
Қазақстанның оңтүстігінде 1938 жылы құрылған Қызылорда облысы Сырдария өзенінің төменгі ағысында оның екі жағасын ала орналасқан. Жер көлемі жағынан республикадағы ірі облыстардың бірі болып саналады. Қызылорда облысының аумағы 228,1 мың шаршы шақырым. Мұнда республикадағы халықтың 3,9 %-і тұрады. Бір шаршы шақырым жерге 2,7 адамнан келеді.
Тұран ойпатының жазықтау келген кең алқабын алып жатқан зерттеліп отырған территорияның басым көпшілігі Сырдария, Сарысу және Шу өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады. Тарихтан мәлім, бұрын арғы дәуірде қазіргі Сырдарияның атырауы мен Арал теңізінің жерінде біріне-бірі тіркес жатқан екі үлкен қазан шұңқыр болған. Сонау Тянь-Шань тауынан басталып, Ферғана даласында түйісетін кішігірім өзендерден басын алып, батысқа Қызылорда шұңқырына құйған. Ол кезде Сырдария суы мол, ірі өзен болса керек. Өйткені, Шу мен Сарысу өзендері Сырдарияның арнасына құйылған екен. Ұзақ шөлде талай жердің қыртысын қақ жарып, екі жиегін опыра құлатып, жұлқына ағатын асау өзен орасан көп құм-лайды ала келген. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Солтүстік қызылқұм шөлді аумағының геоэкологиялық жағдайына сипаттама

Солтүстік Қызылқұм аймағын игеру сонау ежелден жүргізілгені белгілі. Оны грек ғалымдары Птоломей (б.э.б ІІ ғ.) мен Геродоттың (б.э.б. ІІ ғ.) еңбектерінен көре аламыз. Дегенмен оның шарықтап дамыған кезеңдері б.э.д. 7 ғасырларда кезіндегі Орта Жаңадария мен Орта Іңкәрдарияны игеру кезінде жүзеге асқан болатын, сонымен қатар Ұлы Жібек жолының өтуі де септігін тигізді. Ол кезде суландыру тәсілдері ескі арналар есебінен іске асырылды. Осы аудандарда ені 10-20 м каналдар салынды/1/.
Бұл өте үлкен аумақ кезінде Еуропа мен Азия аралығын жалғастырған сауда керуен жолы болғандықтан зерттеушілердің назарын ерте кезден ақ аудартты. Тарихшылар мен саяхатшылардың айтып кеткен, жазып кеткен мәліметтері Н.Дингельштедтің (1893ж), Л.С.Бергтің (1908ж), В.В.Бартольдің (1900ж), С.П.Толстованың (1948ж) тамаша монографияларында сипатталады/1/. Солтүстік Қызылқұмның жер бедерінің кейбір ерекшеліктерін ең бірінші Л.С.Берг 1900-1906 жылдарда Арал теңізін зерттеу кезінде назар аудартып, толық сипаттамасын берді/2/. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Оңтүстік Қазақстанның ландшафт экологиялық аудандары және ландшафты қорғау

Оңтүстік Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық жағдайы облыс территориясындағы ландшафт түрлерінің өзгеруіне және жаңа антропогендік ландшафтардың пайда болуына әкеліп соқты. Соның әсерінен облыс территориясын ландшафтық-экологиялық аудандастыруда көптеген күрделі мәселелер туындап отыр.
Облыс жері негізінен жазық көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз деңгейінен 200 — 300 м болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. Терістігінде Бетбақ дала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм, облыстың батысында Қызылқұм және Шардара датасы. қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, онтүстік шығыстан солтүстікке қарай 217 километрге көлбей созылып Қаратау жотасы (ең биік нүктесі 2176 м) жатыр.
Ал оңтүстік-шығысында Талас Алатауының батыс шетіндегі — Өтем жотасында облыстың ең биік нүктесі — Сайрам шыңы (4238 м) бар. Өтем мен Келес өзендерін бөліп жатқан Қаржантау. Оның орташа биіктігі 2000 м, ал ең биік нүктесі — Мыңбұлақ тауы (биіктігі 2834 м).
Қаржантаудан солтүстік батысқа қарай тарихы терең, аңызға толы Қазығұрт (ең биік нүктесі 1600 м) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігінде Келес өзенінің аңғарына тіреледі.
Жоғарыда аталып отырған әртүрлі жер бедерінде шөл,шөлейт және таулы ландшафт түрлері тараған. Осы рефератта осы ландшафт түрлеріне сипаттама берілген және олардың экологиялық жағдайы қарастырылған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Қазақстан Республикасының су ресурстарын экологиялық бағалау

Зерттеу мақсаты: Су жүйелер экологиясы пәнінің ғылыми-әдістемелік негізі және оны жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесімен қамтамасыз ету.
Зерттеудің обьектісі: Жоғары оқу орындарының студенттер мен магистранттардың оқу процесі.
Зерттеудің пәні: Су жүйелер экологиясы пәнін оқыту кезеңіндегі қалыптасатын білім мен дағдының дидактикалық жүйесі.
Зерттеудің көкейкестілігі: Дүние жүзіндегі бүгінгі күнгі экологиялық жағдайдың асқынуы жастарға экологиялық білім мен тәрбие беріп, оларды қоршаған ортаны қорғауға, аялауға сонымен қатар тиімді пайдалануға тәрбиелеу бүгінгі күннің ең өзекті міндеттерінің бірі.
Бүгінгі таңда Республикамыздағы 323 мың мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық білім мен тәрбиенің берілмеу себебінің бірі – экологялық дайындықтан өткен тәрбиешілер, бағдарламалар мен оқу құралдарының жоқтығы. Экологиялық білім беру орта мектепке де қанағаттанарлықтай емес. Республика бойынша 3 млн. оқушыларға экологиялық білім тұжырымдамасының барлығына қарамастан қазіргі кезде экология пәнінің біртұтас бағдарламасы және сонымен қатар экологялық бағыттағы мектеп, гимназия және лицейлердің жоқтың қасы. Ал жоғары оқу орындарында экологиялық білім мен тәрбие беру деңгейі біршама жоғары. Мұнда халықаралық деңгейдегі экологиялық Жоғары оқу орындарының болмағынмен де экологиялық мамандарды дайындау жоғары деңгейде жүзеге асырылуда. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық