Ұстаз мәртебесі

Мемлекетіміз тәуелсіздікке қол жеткізгені, жеткен әрбір жетістіктері ұстаздардың тынымсыз еңбегі мен ізденімпаздығының арқасы деуге әбден болады. Қай мамандық иесі болмасын ұстаздан білім алатыны баршамызға аян. Халқымызда «Бір әріп үйреткенге, қырық жыл сәлем бер» деген аталы сөз де бар. Әрбір саналы азаматтың жүрек түкпірінде мұғалімдерге деген құрмет пен шексіз алғыстың бары сөзсіз. Бұл сөзімізге Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында «Педагог мәртебесіне» ерекше назар аударуы дәлел бола алады. Үкіметке келер жылдан бастап «Педагог мәртебесі» туралы заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырған мемлекет басшысы аталған құжаттың мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуы, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауы тиіс деген ойын жеткізген еді.

«Педагог мәртебесі» туралы заңның қабылдануы ұстаздар қауымы үшін тек құрмет қана емес жаңа міндеттер деп қарауымыз керек. Н.Назарбаев өз жодауында мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігін де атап көрсеткен болатын. Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылардың бала кезден қалыптасатынын ескерген ол білім беру ісінде 4К моделіне, яғни, креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударуды көздейді. Бұл дегеніміз бірінші сыныптың өзіне жан-жақты ойлау қабілеті дамыған оқушылар қабылдана бастайды деген сөз. Бастауыш сыныптан бастап сыни ойлау қабілеті қалыптасқан, бұрынғы оқушылардан өзгешелеу ойлап, ойын екшеп, анық жеткізе алатын баланы әрі қарай дамыта түсу қазіргі таңда қолымызда бар оқыту базасымен оңайға түспейтіні белгілі. .....
Эсселер
Толық