Көпшілік Қайрат Нұртас депутат болса, Мәжіліске де анасын ертіп баратынына ойланып қалды

Әлеуметтік желіде танымал әнші Қайрат Нұртастың болашақ депутаттық мансабы елді біраз шулатып, жұрттың ойын сан-саққа жүгірткені рас. Дархан Мұқани есімді қолданушының Facebook желісінде жариялаған сауалын өзгелер бірден іліп әкетті.
Жаңалықтар
Толық

Сарапшы: Қазақстанда доллар бағамы 320 теңгеге дейін түседі

2016 жылдың жаз айларында теңге тұрақталып, доллаға шаққандағы бағамы 310-320 теңгенің арасында болады. Мұндай болжамды Schildershoven Finance сараптамалық департаментінің жетекшісі Владимир Малиновский жасап отыр деп хабарлайды LS басылымына сілтеме жасап nur.kz.
Жаңалықтар
Толық

Ат қою рәсімдері

Бала – адамның бауыр еті. Қай ата-ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата-ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша.

Ырымға байланысты ат қою

Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата-анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. Кейде олар келісе отырып, бала есімін өздері таңдайды. Егерде әке-шешесі, ата-әжесі тірі болса, өз немере, шөберелерінің есімдерін солар қояды. Мұндайда үлкен кісілердің айтқаны – заң. Олар айтқан есімді ата-анасының азан шақыртып, сәбиіне қоюы – бұлжытпай орындалатын міндет. Тек есте болатын бір жағдай, сәбиге ат қойғанда айтылуы қиын, қатаң дыбысты, жақсы да жаман мағына беретін, немесе айқайлап тұрған есімдерді қоймаған жөн.
Кеңестер
Толық

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. (30.11.2015) [1]

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:
ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Қымбатты қазақстандықтар!
Құрметті Парламент депутаттары мен
Үкімет мүшелері!
Ханымдар мен мырзалар!


Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.
Заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы......
Жаңалықтар
Толық