Ауылшаруашылығы | Қазақстанның ауылшаруашылығына гидрометеорологиялық қызмет

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Қазақстанның ауылшаруашылығына гидрометеорологиялық қызмет көрсету
Ауылшаруашылық өндіріс көбінесе ашық аспан астындағы цех деп аталады және ондағы өнім тікелей табиғи жағдайларда пайда болады. Климат пен ауа-райын сыртқы орта жағдайы деп қарастырып, маман-агрометеорологтар ауылшаруашылық дақылдарының өнімін қалыптастыру үшін агрометеорологиялық шарттарды салыстыратын қажеттіліктерімен қарастырды. Мұнда тек ауа-райының жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Және де белгілі вегетациялық кезеңдердегі орта факторларына дақылдардың қажеттіліктерін ескеру қажет. Ауыл шаруашылығына қызмет ететін әрбір агрометеорологиялық станцияларда, метеорологиялықтармен бірге жүйелі бақылаулар даму фазалары мен өнімділік элементтеріне, күйіне, далалық жұмыстарға жүргізіледі, сонымен қатар топырақтағы өнімді ылғал қоры анықталады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Қазақстандағы менеджменттің қалыптасуының саяси алғы шарты

КlРlСПЕ
Басқару адамдар іс-әрекетінің мақсатты бағытталған бірлесу қызметі ретінде, ежелден белгілі. Бұл қызметтің формалары, әдістері және мазмұны өзгеріп отырған, ал негізгі құрастырушы элементтері сол немесе басқа түрде сақталған. Менеджменттің негізгі құрастырушыларына: мақсатты анықтау, яғни адамдардың қызметін қандай мақсат пен нәтижені қол жекізуге бағыттау қажеттігі; адамдардың қызметін үйлестіру; олардың арасында жеке қызмет түрлерін бөліп беру; бұл іс-әрекетерді қойылған мақсатқа жететіндей етіп бірлестіру; бірлескен жұмысқа қатысушылар қажетті нәтижеге қол жеткізе алатындай әлеует (қаржылық, ресурстық, технологиялық т.б.) жасау және т. б. жатады.
Көптеген адамдар өздерінің саналы өмірлерінде өздері мүшелері болып табылатын немесе қатынасқа ие болатын, белгілі бір ұйыммен байланыс жасайды. Бұл ұйымдар мемлекеттік, жеке меншік, муниципалдық, үлкен немесе кіші, тұрақты немесе тұрақсыз болуы мүмкін.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстанда лизингті оптимизациялау шаралары

Кіріспе
15 жыл бұрын Қазақстан мемлекеті өз тәуелсіздігін жариялағанда, ол жаңа туған сәбидей өз өмірін жаңа парақтан бастады. Осы 14 жыл ішінде мемлекетіміз талай белестер мен асулардан өтті. Ол өз істерінде әр тәуелсіз мемлекет сияқты дамуды көздеді. Сол істерінің түпкі мақсаты мемлекетідің әлеуметтік – экономикалық жағдайын жаңа жоғарғы деңгейлерге жеткізіп, ары қарай болашаққа сенімді қадам басу болып табылады.
Сенімді қадам басу қадам басу дегеніміз – ол мемлекет басшыларының немесе халықтың болашаққа, әйтеуір бір күні жағдайымыздың жақсаруына сенімі емес, нақты уақыттағы істеріміздің болашақта оң нәтижелі болатынын ұйымдастыру.
Бұл дегеніміз мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық тұрақтылығын ұстап қана тұрмай, оның дамуы. Осы жолда мемлекетіміз халықаралық тәжірибеден экономиканың дамуына оң әсер етелді дегеннің бәрін іс жүзінде қолдану.
Тарихтан бәрімізге белгілі, Қазақ елі бөлке бөлініп шыққанда, оның экономиканы алға тартушы, дамуын қолдаушы өндіріс орындары, заводтары мен фабрика, цехтары тозған, ескіріп біткен болды және талан – таражға түсті.....
Курстық жұмыстар
Толық

Ауылшаруашылық | Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы

Кіріспе
Мұнай қырық-елу жылда сарқылатын байлық. Ал жер бетінен алынатын өнім әлімсақтан бері халықты асырап келеді. Жейтін тамақ пен киетін киім жер астында емес, жер бетінде. Синтетикалық киімге қазір сұғына қоятын ешкім жоқ. Сондықтан, табиғи өнімдерге деген сұраным өсе түседі. Демек, Қазақстанның бір жағынан аграрлық ел болғанының болашақта пайдасы тиеді.
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.....
Курстық жұмыстар
Толық

Өндіріс | Кұс шаруашылығы кұстардың шығу тегі және үйге үйрету

Кіріспе
Құс шаруашылығы – мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы деп – орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық сақталатын – инкубаторлардан шығады.
Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, курке тауықтар, үйректер, қаздар, мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады. Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып келеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Анасының көлігін мінген қызылордалық жеткіншек 22 жастағы қызды қағып өлтірді

Қызылордада жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді Хабар 24-сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Жаңалықтар
Толық

Өндіріс | Жүзімнің шараптық сорттары

Кіріспе
Еліміздің халық шаруашылығында жеміс-жидек және жүзім өсімдіктерінің маңызы зор.
Жеміс пен жидек және жүзімде жеңіл сіңімді қант көп. Алма мен алмұртта қант 13—14% дейін, жүзімде 20% дейін болады. Жемісте белок, май өте көп және ол өзінің калориясы жағынан еттен кем түспейді. Витамикдер әсіресе қарақатта, бүлдіргенде, алмада мол болады. Сондықтан да олардың халық шаруашылықтық маңызы да өте үлкен.
Жүзім, бүлдірген, алма, қарақат бағалы және пайдалы азық қана емес, сонымен қатар бұлардың емдік қасиеттері де зор.
Жеміс-жидек тамақ өнеркәсібі үшін өте бағалы шикізат. Тосаптың, джемнің, мармеладтың, пастиланың, конфеттің, компоттың, шырынның және басқа тағамдардың түрлі сорттары жидектен, жемістен және жүзімнен алынады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Астрономия | ЖЕР ТОБЫНЫҢ ҒАЛАМШАРЛАРЫ

ЖЕР ТОБЫНЫҢ ҒАЛАМШАРЛАРЫ
Өздерінің физикалық сипаттарына қарай ғаламшарлар — Жер тобы ғаламшарлары және алып ғаламшарлар деп екі топқа бөлінеді. Біз екі топтағы ғаламшарлардың да негізгі ерекшеліктеріне шолу береміз, оның негізінде сендер әрбір ғаламшарларға сипаттама бере алатын боласыңдар.
1. Жер тобы ғаламшарларының жалпы сипаттамасы. Жер тобына жататын ғаламшарлар — Меркурай (36-сурет), Шолпан (37-сурет), Жер (38-сурет), Марс (39-сурет) — олардың көлемдері мен массалары үлкен емес (VI қосымшаны қар.), бұл ғаламшарлардың орташа тығыздықтары судың тығыздығынан бірнеше есе асып түседі; олар өз осьтерінен баяу айналады; олардың серіктері де аз (Меркурий мен Шолпанда мүлдем жоқ, Марста — екі кішкентай, ал Жерде — біреу).
Жер тобы ғаламшарларының ұқсастықтарымен қатар шамалы айырмашылықтары да бар. Мысалы, өзге ғаламшарлармен салыстырғанда Шолпан өзінің осінен Күнді айнала қозғалатын өз бағытына қарама-қарсы бағытта, әрі ол Жерден 243 есе баяу айналады (Шолпандағы жыл мен тәулік ұзақтығын салыстырыңдар).....
Курстық жұмыстар
Толық

Еңбек құқығы | Жеке еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттары

Кіріспе
Жеке еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттарының қатарына жатады. Оның әлеуметтік рөлі, бәрінен бұрын, еңбек бостандығын, түрі мен мамандық таңдау бостандығын, еңбекті ұйымдастыру және қолдану өрісіндегі негізге алынатын құқықтар мен бостандықтарды жариялаған Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-бабымен анықталады. Әлемдік практикада еңбек шарты еңбек бостандығын жүзеге асырудың жалпы мойындалған және ең жақсы заңдық формасы болып табылады, оның шеңберінде, бір жағынан - әркімге өзінің деген ынтасымен қабілетін жүзеге асыруына, екінші жағынан – жұмыс берушінің өз өндірісінің сипаты мен ерекшеліктеріне сәйкес өзінің жұмысшы күніне деген сұранышын қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
Құқықтық мемлекет жағдайында еңбек қатынастарындағы заңдылықты, құқықтық тәртіптілікті және еңбек құқықтары мен азаматтардың міндеттерін құқық қағидаларына сүйене отырып, дамыту керек. Себебі, құқықтық мемлекет деген түсініктің өзі еңбек қатынастарында азаматтарға мейлінше құқықтар мен бостандықтар беруге итермелейді. Бұл аталған құқықтар мен бостандықтар Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты көрсетілген. Осы Конституцияның 24-бабына сәйкес әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар.....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | Кұс шаруашылығы кұстардың шығу тегі және үйге үйрету

Құс шаруашылығы – мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы деп – орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық сақталатын – инкубаторлардан шығады.
Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, курке тауықтар, үйректер, қаздар, мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады. Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып келеді. Қоректену тәсілі және қимыл түрлеріне байланысты олардың дене мөлшері тұмсық пішіні мен басы, мойнының ұзын – қысқалылығы, қанаттары мен құйрығының пішіні, аяқтарының ұзындығы, саусақтарының пішіні түрліше нұсқаларда кездеседі.
Құс шаруашылығы өнімдерінен яғни, етінен, меланж жұмыртқадан ұлпа алу жолдары да жетілдірілу үстінде . Ғалымдармен мамандардың ең басты мақсаты құс өнімдерін тұтынушыларға сапалы да жеткілікті мөлшерде дайындау болып табылады. Осы мақсатта құс шаруашылығы жоғарғы деңгейде дамиды деген сенімдемін. ....
Курстық жұмыстар
Толық