Дене шынықтыру | Футболшыларды дайындаудың әдіс тәсілдері және оған берілетін педагогикалық сипаттама

Тақырыптың көкейкестілігі. Футбол - тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазірігі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халақтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады.
Футбол - атлетикалық ойын. Ол адамның дене қасиеттерін, жылдамдықтың, ептіліктің, төзімділіктің, күштің дамуына ықпал жасайды. Адамның ерік-жігерін шыңдайды.
Футбол ойынының мақсаты екі коллективтің арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір ғана - жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді тәрбиелейді. Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінің жеке іс - қабілетін көрсете білуге, мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы командалық мақсатқа жетуді талап етеді.
Футболдан оқу жаттығу және жарыстар жыл бойы өтетін болғандықтан, климаттық және метрологиялық жағдайлардың жиі өзгеріп отыруы, дененің шынығуына ағзаның қарсы тұруын көтеріп және бейімделу мүмкіншілігін кеңейтуге септігін тигізеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Оқу жаттықтыру сабағында жас футболшылардың жылдамдық қаcиетін дамыту

Соңғы жылдары ірі футбол турнирлары футболшылардың ойын әрекетінің қарқынды дамыту мен техникалық әдістерді жылдам орындауға бағытталғандығын көрсетеді. Ойын кезінде оның жалғасу ұзақтығына және қарқындылығына қарай жаттығулар алмасып жүзеге асырылады. Қазіргі футбол үшін жылдамдық ойын қызметіне едәуір әсер етеді. Сонымен қатар жылдамдық–қазіргі футболда ойынның сапасына әсер ететін едәуір маңызды дене қасиеті болып табылады.
Қазіргі кезде футбол жарыстарында жылдамдықсыз жеңіске жету мүмкін емес. Ал, бұл мәселені шешу жаңа тиімді құралдар мен әдістерді қолдана отырып осы қасиетті жүзеге асыру болып табылады. Жылдамдықты жасөспірімдік кезден, яғни 13-14 жастан бастап дамыту керек. Футболшылардың ойында көптеген техникалық-тактикалық және қозғалыс әрекеттерін доппен және допсыз орындауы қазіргі футболдың даму үрдісі болып отыр. Сонымен қатар ойыншылардан жоғары жылдамдықпен допты меңгеру қабілеті және ойын барысында бірнеше рет «шұғыл» әрекеттер жасау талап етіледі. Сондай-ақ, футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 13-14 жас аралығы жылдамдықты дамытуға қолайлы кезең болып табылады [1, 48 б.]. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Жас футболшылардың төзімділікке тәрбиелеу дайындығының әдістемесі

Зерттеудің өзектілігі.Футболда спорттық жетістіктер айтарлықтай шамада футболшылардың қозғалыс қабілеттерінің даму деңгейімен анықталады. Бұл ретте жалпы алғанда спорттық шеберліктің көрініс табуына, сондай-ақ оларды жетілдіру мүмкіндіктеріне әсер ететін негізгі қимыл қасиеттерінің бірі болып футболшылардің төзімділігі табылады. Жетілдіріле түскен төзімділік бүкіл ойынның ұйымдастырылуына ықпал ететіндігін, ойындағы белсенділікті арттыруға мүмкіндік беретіндігін, техникалық-тактикалық әрекеттердің диапазонын кеңейтуді зерттеп,талдау жасау .
Қазіргі отандық және шетелдік әдебиетте футболшылардың жұмысқа қабілеттілігін, оның ішінде төзімділігін зерттеуге арналған жұмыстардың айтарлықтай елеулі саны жинақталып қалды. Алайда бұл жұмыстар негізінен алғанда әлде ересек футболшылардың, әлде жасөспірім жастағы спортшылардың төзімділігін зерттеуге арналған.
Бізге қол жетерлік әдебиетте төзімділік, оның ішінде жалпы төзімділік туралы, сондай-ақ оны жас футболшыларда тәрбиелеу әдістемесі туралы мәселе толықтай дәрежеде ашып көрсетіле қоймаған. Қазіргі таңда футболда жалпы төзімділікті тәрбиелеудің ең тиімді тәсілдерін анықтау мәселесі бойынша бірыңғай пікір болмай отыр. Бір мамандар спорттың циклдық түрлерінен алынған, жүгірумен даярлау тәсілдерін кеңінен пайдалануды ұсынады , өзгелері жекпе-жекке және ойынға жақынырақ тұрған жаттығуларға басымдық береді. Жас футболшыларда жалпы төзімділікті тәрбиелеудің қазіргі қолданылып жүрген әдістерін ұтымды таңдап алу және үйлестіру мәселесі ашық күйінде қалып отыр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық