Шведтың ұлы режиссеры Ингмар Бергман әйгілі «Үнсіздік» деп аталатын фильмінде адам ары мен нәпсісі ортасындағы күресті қарама-қарсы типтегі екі кейіпкер арқылы көрсеткен болатын. Ең қызығы осы фильмді көрген кез-келген есті көреремен экраннан екіге жарылған өз кейіпін көре алатыны хақ. Өйткені пенденің ішкі қайшылықтарымен күресі ол бітпейтін және ең үлкен күрес. Алайда біздің айтпағымыз «Бергманның кейіпкерлері» спетті бүгінгі ұлттық болмысымыздың қарама-қарсылығын дәл көрсете алған кинотуынды туралы еді. Дәлірек айтсақ, Бегарыс Елубаевтың «Оазис» фильмі жәйлі болмақ.
2 ақпан күні Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында қазақтың белгілі жазушысы Сымағұл Елубаевтың сценариі бойынша түсірілген «Оазис» көркем фильмінің арнайы көрсетілімі өтті. Кинокартина осыдан бір күн бұрын ғана қазақстанның барлық кинотеатрларынан прокатқа шыға бастаған болатын. Көрсетілімдік кешке Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанова және Асаналі Әшімов, Есмұхан Обаев, Сымағұл Елубаев сынды өнер ұжымының ақсақалдары арнайы келіп қатысты. Режиссер Б.Елубаев бастаған Фильмнің түсірілімдік тобының өкілдері де көрсетілімде болып, көрермен сұрақтарына жауап берді. .....
Иранда тұратын 24 жастағы Саджад Гариби ерекше алып денесіне бола фильм кейіпкері Халк атанып кеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы funny24.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Елімізде кәсіпқой бокстан WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге арналған “Феномен GGG” фильмі жарыққа шықты.
Баян Мақсатқызы (бұрын Есентаева) жазда болған оқиғадан кейін біртіндеп қалпына келіп, жұмысқа кірісуде. Енді продюсер жаңа фильм түсіруді жоспарлауда.