Физика | ЖЕРДІҢ ПІШІНІ ЖӘНЕ ЖЕР БЕТІ БЕЙНЕСІНІҢ ПРОЕКЦИЯСЫ

Жердің пішіні мен көлемін дәл білу ғылым мен техниканың көп саласына керек (жер серігі және ғарышқа ракета ұшырғанда, авиацияда, теңізде жүзуде, радиобайланыста және т.б.), соның ішінде ең алдымен жер бетін картада дұрыс бейнелеу үшін геодезия саласына өте қажет.
Жалпы ауданы 510 млн.кв.кмге тең Жердің беті мұхит әлемінен (71%) және құрылықтан немесе материктен (29%) тұрады. Мұхит әлемінің орта тереңцігі - 3800 м болса, құрлықтың мұхит суларының орташа деңгейінен орта биіктігі -875 м жуық. Жоғарыда көрсетілген шамалар құрлық бетінің аумағы жалпы жер бетінің аумағынан, ал оның биіктігі мұхиттың тереңдігінен біршама аз екенін көрсетеді. Сондықтан Жердің пішіні ретінде материктің астынан ойша жүргізілген мухит суларының тыныш күйіндегі беттің тұйық сызығын алады. Бұндай тұйық бет өзінің әр нүктесіндегі тіктеуіш сызыққа, яғни айтқанда ауырлық күшінің бағытына перпендикуляр болады. ....
Рефераттар
Толық

Физика | Жердің жалпы ерекшеліктері

Жер күн жүйесінің басқа планеталары сияқты әр түрлі жұлдыздардың шаңы мен газдарынан құрылған. Жердің геологиялық жасы 4,5-5 млрд жыл деп есептеледі . Алғашқы геологиялық сатыдан бастап жер беті материктік көтерулер мен мұхиттық ойпандарға бөлінген.
Жер қыртысыныңда ерекше граниттік-метоморфты қабат қалыптасқан. Мантиядан бөлінген газдар арқылы алғашқы атмосфера мен гидросфера пайда болған. Жер бетінде табиғи алғашқы жағдайлардың қолайлы болғаны сонша, планеталар қалыптасқан соң миллиардтаған жылдардан кейін өмір, тіршілік пайда болды. Жер бетінде өмірдің пайда болуы тек қанажер планетасының болу ерекшелігімен ғана емес, сонымен бірге Күн көзінен қолайлы арақашықтықтың дамаңызы бар. Себебі Күн көзіне планеталар жақын орналасса, онда жылу мен жарық мөлшері көп болады да, кез келген жамылғы (жер беті) судың қайнау температураснан жоғары болады. Ал жылуды аз қабылдайды да, өте қатты суынып кетеді.
Көптеген планеталар массаларының Жерге қарағанда азырақ болуына байланысты, тартылыс күші де кем болады да, тығыз даәлді атмосфера қабатын ұстап тұруды қамтамассыз ете алмайды. ....
Рефераттар
Толық

Физика | Жердегі күн радиациясы

Жер күн сәулелері тасқыны астында айналып тұрады. Оған күннің шығарған бүкіл сәулесінің екі миллиардтан бір бөлігі ғана келгенімен, мұның өз жылына 1,36*10 кал. құрайды.
Күн энергиясының осындай мөлшерімен салыстырғанда Жер бетіне келетін басқа энергияның барлық кірісі өте мардымсыз. Мәселен, жұлдыздардың сәулелік энергиясы келетін күн энергиясының жүз миллионнан бірін, космостық сәуле шашу-екі миллиадтан бірін құрайды. Жердің ішкі жылуы оның бет жағында күн жылуының мыңнан бір үлесіне тең.
Жыл ішінде Жердегі Күнге дейінгі қашықтықтың өзгеруіне сәйкес күн тұрақтылығы ауытқып тұрады: ол январьдің басына қарай көбейіп, июльдің басына қарай азаяды. Күн тұрақтылығының жылдық +3,5% ауытқуы құрайды. ....
Рефераттар
Толық

Физика | Жер планетасының эволюциясы

Жерді Күн жүйесінің планетасы және аспан денесі ретінде қарастырсақ, ол диск тәрізді айналып тұрған газды - шаңды бұлттан 4,7 млрд жыл бұрын пайда болған. Қазіргі кезде осы бұлттың температурасына деген көзқарас бойынша зерттеушілердің бірнеше тобын көрсетуге болады. Олардың бір тобының ойы бойынша (В. Гольдшмидт, Г. Джеффрис, В.Г.Фесенков және т.б.) протопланеталық бұлт ыстық болған десе, ал зерттеушілердің екінші тобы (В.И.Вернадский, О.Ю.Шмидт, Р.Руби, А.П.Виноградов және т.б.) бұл бұлт суық болған деп есептейді.....
Рефераттар
Толық

Физика | Жер асты суларының құрылу процестері құрамы және қасиеттері

Климаттық режимдер. Климаттық факторлар ықпалынан грунт суларының теңбе-теңдігі, яғни қоректену мен шығын арасындағы қатынас өзгереді (қоректену шығыннан асып түскенде грунт суларының деңгейі жоғарылайды, шығын қоректенуден асып туссе, су деңгейі төмендейді, ал қоректену мен шығын тең болса, су теңбе-теңдігінде ауытқулар болмайды). Режимнің бұл типімен сипатталатын грунт сулары атмосфералық жауын-шашынның есесінен қоректенеді. Сондықтан грунт сулары деңгейінің маусымдық, жылдық және көпжылдық ауытқулары және тұмалардың өнімі жерге сіңген жауын-шашын мөлшерінің шамасына байланысты болады. Сондықтан инфильтрациялық қоректенудің шамасы тек түскен жауын-шашын мөлшері мен олардың жыл маусымдарына қарай бөлінуінен ғана емес, сонымен қатар буланудың, су өткізгіштіктің, аэрация аймағы қалыңдығы мен оның температуралық режиміне байланысты болу себебінен грунт сулары деңгейінің ауытқу сипаттары да түрліше болуы мүмкін Оңтүстіктің далалық, шөлдік, шөлейттік аймақтарда буланудың төмендеген жағдайларында түскен жауын-шашын және еріген қар мен мұз суларының инфильтрациясы нәтижесінде грунт суларының деңгейі ақпан, наурыз айларында жоғарылайды. Бұдан кейінгі уақытта (күзге дейін) күшейе түскен булану мен транспирация әсерінен су деңгейі төмендейді, тек ерекше мол жауын-шашын түскенде су деңгейі жоғарылай бастайды. Аталған аймақтарда жазғы жауын-шашын грунт суларының деңгейіне дейін барып жетпейді деуге болады. ....
Рефераттар
Толық

Физика | Жер тобының планеталары

Жер тобындағы планеталары-Меркурий, Шолпан,Жер және Марстың алып планеталардан айырмашылығы-олардың өлшемі кіші, массасы азырақ, тығыздығы үлкендірек, осінен айналысы баяулау, атмосферасы едәуір сиректеу, серіктері аз не мүлде жоқ.
Қазіргі кезде осы топқа жататын планеталарды (және Айды да)
зерттеу жан-жақты жүргізіледі, оған тек астрономдар ғана емес, басқа саланың мамандары да:геологтар,геофизиктер,топографтар, радиоинженерлер және т.б. назар аударуда, олар планеталарды зерттеуде жер жағдайында жақсы сыннан, өткен және планеталардың бетінің құрылысы мен атмосферасы жайлы сенімді мәліметтер бере алатын методтарды қолданады.....
Рефераттар
Толық

Физика | Дене сапасының дамуын бақылау

1. Жылдамдық сапасын бақылау

Спортшылардың жылдамдық сапасы қозғалыстарды минималды уақыт аралығында орындауда байқалады.
Жылдамдық сапасының байқалуының элементарлы және комплекстң түрлері бар (М.А. Годик, 1966).
Элементарлы түрлерге келесілер жатады:
а) реакция уақыты;
б) бірлік қозғалыстың уақыты;
в) локальді қозғалыстардың темпі.
Комплексті түрлері спорттық қозғалыстарды орындау жылдамдығымен сипатталады (спринтерлік жүгіру уақыты, футболшы немесе хоккеисттің оқыс алға ұмтылу, боксшы ұрулары және т.б.).

1.1. Реакция уақытын бақылау

Кез келген жаттығуды орындау уақыты әдетте 2 ауыспалы уақытпан тұрады: реакция уақыты (РУ) және қозғалыс уақыты (ҚУ). Мысалы, 10,5 секундқа сәйкес келетін 100 метрге жүгіру нәтижесі жүгірушінің мәрелік реакция уақыты (0,15 с) мен арақашықтықты жүгіріп өту уақыттарының (10,35 с) қосындысына тең болады.
Циклді характерлі спорт түрлерінің нәтижесінде реакция уақытының «салымы» жоғары емес. Мысалы, 100 м-ге жүгіруде 2-3%, 1000 м-ге жүгіруде – 0,02%.
Реакцияның жай және күрделі түрлері болады. Күрделі реакция түрлері таңдау реакциясы және жылжымалы объект реакциясы болып екіге бөлінеді.
Жай реакция уақытын сигнал түрі мен жауап әдісі алдын-ала белгілі болған кезде анықтауға болады (мысалы, лампа күйіп кеткенде кнопканы жібере салу, стартер атысында жүгіруді бастау). Жай реакцияның уақыты 0,3 секундтен аспайды.

Лабораториялық жағдайда реакция уақытын өлшеу реакциомерлер (хронорефлексометрлер) көмегімен жүргізіледі. Сигнал (дыбыстық, жарықтық және тактильдік) стандартты болуы керек. Өлшеу комплексінің кемшілігі миллисекунд бірлігінен аспауы керек.
Күрделі реакцияда сигнал түрі мен жауап әдісі белгісіз болады (бұл ойындар мен жекпе-жек күресте кездеседі, себебі мұнда спортшының жауабы қарсыластың іс-әрекетіне тәуелді болады). Жарыс кезінде осындай реакцияның уақытын анықтап тіркеу өте қиын.....
Рефераттар
Толық

Физика | Динисторлар

Динисторлар,немесе диодты тиристорлар,диодты ауыстырғыштар болып табылады.

Динистордың екі ғана электроды (анод пен катод) болғандықтан,оның кернеу түсірілетін кірісі мен шығысы бір болып,басқарылу мүмкіндіктерін шектеп, қолдану ауқымдарын тарылтады.
Тиристорлардан айырмашылығы: динисторларда басқарушы электродтар болмайды.
Олардың вольт-амперлік сипаттамасы (1-сурет) триотты тиристорларға ұқсас.Бір айырмашылығы:оларда аралық ауысу нүктелерінің болмауы.(Iy1,Uпр.1),(Iy2,Uпр.2)т.с.с

1-сурет.Динистордың вольт-амперлік сипаттамасы

Динистор құрылымындағы p-n ауысуларының өзара орналасуы мен ондағы заряд тасушыларының ағындары 2-суретте көрсетілген.
Динистор құрылымы үш p-n ауысуынан(А1,А2,А3)тұрады.Сыртқы ток көзінің оң полюсі анодқа қосылғанда А1 және А3 ауысулары тура ығысады да,ал А2 ауысуы кері ығысады.А1 мен А3-те инжекция басталып,А1-де кемтіктер ағыны(тогы) Ip,А3-те электрондар ағыны In (ток бағыты кері бағытталған)пайда болып,олар көрші аймақтарға (n1 және p2) еніп,тіпті өз екпіндерімен одан арғы аймақтарға (p2 және n1) да өте бастайды.Осының салдарынан p2 аймағында кемтіктер пайда болып,ал n1 аймағына электрондар келіп қосылып,ондағы негізгі заряд тасушылар санын көбейтеді.Олай болса, p2-де кемтіктердің оң зарядтарының көбеюі, n1-де электрондардың теріс зарядтарының көбеюі қандай өзгерістерге әкеп соқтыруы мүмкін?Әрине,осы зарядтарды бейтараптандыру үшін көрші қабаттардан қарама-қарсы заряд тасушылар ағыны пайда болпр еді: n2 аймағынан қосымша электрондар,ал p1 аймағынан қосымша кемтіктер қозғалысы.Егер осы қосымша тартылған заряд тасушылар саны бастапқы заряд тасушылар санынан артық болса,онда бұл процесс үсті-үстіне үдей түсіп,p2 аймағында шектен тыс оң зарядтар,n1 аймағында электрондар жиналып,орталық А2-ге теріс бағытта түскеніне қарамастан) әкеп соғар еді.Сонымен,А1,А2,А3 ауысуларының бәрі бірдей тура қосылуға ығысып,динистор шексіз ток өткізе бастар еді.Токтың бұдан кейінгі кедергісі жартылай өткізгіш қабаттарының ( p1,n1,p2,n2) өзіндік кедергілерімен ғана анықталып,олардың өте аз шама болуына байланысты,динистор токты шексіз үлкен шамада өткізіп жатыр деп есептеуге болады. ....
Рефераттар
Толық

Физика | Диод

Жартылай өткізгіштер деп өзінің меншікті электрлік кедергісінің шамасы бойынша металлдар мен изоляторлардың ортасында орын алатын заттардың тобын айтады. Жартылай өткізгіштерге германий, кремний, селен элементтері жатады. Қазіргі заттың құрылысы туралы теория бойынша әрбір атом электрондар бұлтына оранған ядродан тұрады. Энергиялары белгілі қабаттарда, ядродан біршама қашықтықта электрондар айналып жүреді. Бұл көзге көрінбейтін атомды қатпар – қатпар қабаттардан тұратын пияздай құрылысы бар деп ойша көзге елестетуге болады. Әрбір энергиясының шамасы белгілі қабат энергетикалық деңгей немесе энергия деп аталады. Атомның барлық энергетикалық деңгейде екі электроннан артық басқа электрон орналасуы мүмкін емес. Электрон рұқсат етілген бір деңгейден алыстау орналасқан энергиясы үлкен басқа деңгейге ауысқан кезде энергияның жұтылу процесі жүреді де, ал егерде электрон энергиясы жоғары деңгейден энергиясы төмен деңгейге көшсе энергия сыртқа бөлініп шығады. Энергия тура анықталған кішкентай бөліктермен (порциялармен) – кванттармен жұтылып және бөлініп отырады. Энергетикалық деңгейлердің энергия шамасымен өлшенетін арақашықтықтары энергия шамасы өскен сайын кішірейеді. Энергетикалық спектрдің төбесі болып, электрон атомдық байланыстан босанып, атомды тастап кететіндей энергия мәнін қабылдаған кез, яғни позиция процесі жүретін энергия деңгейі есептелінеді.
Егерде әртүрлі элементтердің атомдарының құрылысын қарастыратын болсақ, электрондармен тегіс толықтырылған қабаттар(ішкі қабаттар) мен жете толтырылмаған қабаттарды(сыртқы қабаттар) айыруға болады. Соңғы айтылған қабаттар ядромен әлсіз байланысқан, сондықтан да олар басқа атомдармен жеңіл қарым – қатынасқа түсе алады. Осы себептен сыртқы толықпаған қабатта орналасқан электрондар валенттік электрондар деп аталады.
Заттардың молекулулардан, ал молекулалардың атомдардан құалатыны белгілі. Осындай молекулалар құрылған кезде оның жеке атомдарының арасында бірнеше байланыс түрі болады. Жартылай өткізгіштер үшін көп таралған байланыстың түрі көрші атомдардың валенттік электрондарының қосарлануынан туған коваленттік байланыс.
Кванттық теория бойынша, жақын орналасқан біртекті атомдар тобының энергетикалық диаграммасы жеке атомның диаграммасынан өзгеше болады.....
Рефераттар
Толық

Физика | ЖАРЫҚТЫҢ ДИСПЕРСИЯСЫ

Сыну керсеткіші жарық шоғының түсу бұрышына тәуелді емес, алай-да, шоқтың түсіне тәуелді1. Мұны ашқан Ньютон болатын.
Ньютон телескоптарды жетілдіру жұмысымен шұғылдана отырып, объ-ективтен шыққан кескіннің шеттері боялғанша көңіл аударады. "Ол бұл құбылысты тамашалады да, тұңғыш рет — жарық сәулелерінің алуан түрлі екендігін және бұған дейін ешкім ойламаған, жарық түстерінің ерекшелігін зерттеді" (Ньютон қабірінің басына жазылған сөз). Линзадаи шыққан кескіннің кемпірқосақ түсіне боялатыны әрине, Ньютонға дейін де байқалған. Призма арқылы қараған нәрселердің шеттері де кемпірқосақ түсті болатыны байқаған. Призма арқылы өткен жарық сәулелері шоғының шеттері боялған болады. ....
Рефераттар
Толық