Жақсылар жаман болып шықты бүгін. Тұнжырап тұрып алды бұлтты күнім. Әулие дегендерім арамза екен, салды ма біздің елге жұт құрығын? Айналды жын-ойнаққа құт тұғырым, менің де жалған екен мықтылығым.....
Аспан мен Жер арасын өрт қаптады жалыны жаландаған, көңірсіді құйқадай адал далам. Бір-бірінің қанынан ұрттамаса, тыншымастай сұстанды адамға адам. Түндер келді жарыңның құшағында рахаттың орнына алаңдаған. Жас орнына мөлдіреп жанарда қан тамайын деп тамбаған, тама алмаған. Алмасты ілез күрсіну, күңіренумен жүректерден шарықтап таралған ән. Түнде соғар дүлейін жасырғандай, күліп атып қылымсып таң алдаған. ....
Сен үшін сонау алыстардағы елес ем, Осынша мені арман қып келдің неге сен. «Сыртыңнан сүйіп жүретінімді сезуші едің ғой» демесең, Мен саған ғашық емес ем. Мен саған ғашық емес ем. Мен саған ғашық емес ем.....
Өз-өзімнен өртеніп барам жанып, жүректен жас ағады тарамданып. Менде жай жоқ бұл күнде тым болмаса ақтарылар алдыңда саған барып. Жасқа ғана толады жанар налып, мен үшін тұр дүние қараң қалып......
Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. 1967 жылы "Бұлбұл" деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді. Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. "Маңғыстау монологтары" ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы. Содан бері "Мазасыз шақ", "Мен сенің жүрегіңдемін", "Шілде", "Сенің махаббатың", "Дауа" сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр жанығанда өршіл сарынға ерік береді. Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болды.
Лирикалары. Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады. Ақын – өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы – поэзия.
Көңілді, жайлы күнімді, Азапты қайғы мұңымды Өзімменен бөліскенің үшін, Қатем мен жеңістерім үшін, Менің мынау қиындау тағдырым болып О, баста көріскенің үшін Өлең, мен сені аялап өтем! –