Қайрат Нұртастың "Ауыртпа Алла анамды" әніне түсірілген бейнебаяны жұрттың көңілінен шықты. Әншінің бұл клипіне барлық отбасы мүшелері де түскен деп жазады NUR.KZ.
Төменгі Сарытауқұмды мекен етіп келген Балташтың кәсібі — киіз үйдің үй ағашын жону еді. Оның колхозға барғысы келмей, кежегесі кейін тартты да тұрды. Тіпті жанында туған-туысқандарынан да ешкім қалмай, тегіс колхозға көшіп кетсе де, оның барғысы келмеді. Осылай жалғыз үй жүріп-ақ күнелтемін ғой деп топшылады ол. Бірақ Балташ пен оның зайыбы Ұмтылғанның ойы бір жерден шықпады.
Таңертең Балташ белін буынып, жеңін сыбанып асыға басып тағы да ешкіталдан үйағаш кесуге тоғайға кетіп қалды. Үйде жалғыз қалған Ұмтылған бірер сағат үй ішіндегі күйбең-күйбең жұмысты аяқтаған соң, іші пысып отыра алмады. Ара-тұра әңгімелесіп, сыр шертісетін абысын-ажынның бәрі колхозға кетті. Істеуге жұмысы жоқ, сап-сау адамға күннің батуы қандай қиын болады десеңізші. .....
Ақсу ауылында Қасболат деген ағай бар, өзі зейнеткер. Ешбір жанға зияны жоқ, момын адам. Ешқашан дауысын көтеріп сөйлемейтін кісі. Әйелі Мағрипадан бір мүшелдей үлкендігі бар. Жиен болған соң бірде: - Қасеке, осы сіздің жеңгеймен танысқаныңызды құрдастарыңыз қызық қып айтуда. Сол жайлы өз аузыңыздан естісем деп едім? - деп қолқаладым. - Жиен-жан, білгің келсе айтайын. Менің де басымнан өткен оқиға біреуге.....
Баян Есентаеваның ең жақын құрбысы, танымал тележүргізуші Мәдина Балғабаева продюсердің жаңа кітабы туралы өз пікірін білдірді. Ол құрбысының елге таныстырған туындысын оқу өзі үшін өте ауыр болғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
Португалия құрамасы мен мадридтік "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду әлеуметтік желілерде ұлы және жақында дүниеге келген егіз балаларымен түскен суретін жариялады деп хабарлайды NUR.KZ, vesti.kz сілтеме жасап.
Танымал қазақ актрисасы Айнұр Ілиясова желі қолданушыларын таңғалдыруын қояр емес. Жартылай жалаңаш фототүсірілімдерге түскенді ұнататын актриса жүкті кезінде де әдетінен танбай, кезекті суретімен елді шулатты деп хабарлайды NUR.KZ.