Фонетика | Аудармадағы варианттылық түрлері

Тілдегі варианттылық мәселесі тіл білімінің маңызды салаларына жатады, жарияланып жүрген лингвистикалық еңбектердің ішінде варианттылық тақырыбының көрнекті орын алып жүргені бұған дәлел бола алады. Бұл жағдай сөз варианттарын зерттеудің әрі теориялық, әрі практикалық маңызының бар екенін көрсетеді.
Сөз варианттарының көптеген мәселелері әлі де болса жеткілікті түрде шешіліп болған жоқ, сондықтан да бұл туралы баспасөз бетінде талай пікірлер айтылып жүр. Мұның бәрі де қазіргі қазақ тілінде сөз варианттарының проблемасын жан-жақты қарастыруға түрткі болды. Сөз варианттылығы тіл мәдениетінің өзекті тақырыбының бірі болып саналады. Вариант әрбір тілге тән қасиет болғандықтан, универсалиялардың бір категориясы бола алады.
Курстық жұмыс мақсаты қазіргі қазақ тіліндегі сөз варианттарының жасалу, даму және қолданылу заңдылықтарын айқындау, варианттарды тұтас баяндауға ат салысу.
Варианттылық теориялық жағынан аз зерттелгендіктен, осы тақырыпты бір курстық жұмыста толығымен жазып шығу мүмкін емес. Алайда, ғылыми еңбектерді, көркем әдебиетті, сөйлеу тілін, күнделікті баспасөз материалдарына негізделген курстық жұмыстың мазмұнын толықтай баяндаймыз.
Сөз варианттары тілдік дәрежелерде сараланып қарастырылады. Атап айтқанда, лексикалық, фонтикалық, семантикалық, стильдік, морфологиялық, фразеологиялық, тұлғалық варианттар нақты тілдік материалдар негізінде талданады. Сөз варианттарының әдеби нормадағы түрлері де, нормадан ауытқитын жағдайлары да қарастырылады. Сөздер де, олардың тұлғалары да әртүрлі варианттарда қолданылатыны нақты мысалдармен көрсетіледі. Сөз варианттары - тілдің байлығы деп саналады. Сондықтан да, әрбір тілде сөз варианттарының болуы ....
Курстық жұмыстар
Толық

Балық шаруашылығы | Іле Балхаш бассейіндегі кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің биологиялық сипаттамасы

Тақырыптың өзектілігі. Адамзаттың шаруашылықтық іс әрекетінің және қоғамның қарқынды даму барысында көптеген су жануарларының, соның ішінде балықтар түрлерінің тіршілік ету жағдайының өзгеруі көбею экологиясы мен кейбір балық түрлерінің дамуының өзгерісіне әкелді.
Балық қорын рациональды пайдаланудың ғылыми негізін дамыту және балық өсіру шаруашылығының даму қарқындылығы балықтар жайлы білімдерді және олардың әртүрлі қоршаған орта факторларының әсеріне реакциясы туралы мәліметтерді білуді қажет етеді.
Балықтардың алуан түрлілігін қорғай және сақтай отырып рациональды пайдалану балық шаруашылықтарының негізгі мақсаттарының бірі болып саналады. Бұндай мәселелерді шешу бүкіл онтогенез кезеңін қамтитын балықтар физиологиясы, морфологиясы, экологиясы сияқты нақты білімсіз болуы мүмкін емес.
Соның ішінде балықтарының сазан, көксерке, тыран, жайын биологиялық ерекшеліктері зерттелмеген.
Дипломдық жұмысымның мақсаты Балхаш көліндегі кәсіптік маңызы бар балықтарының биологиялық жағдайын зерттеу. Жұмысымның мақсатына байланысты келесі міндеттер қойылды:
- Іле-Балхаш бассейіне физикалық-географиялық сипаттама беру;
- Сазан, көксерке, тыран, жайын кәсіптік маңызы бар балықтар түрлеріне биологиялық талдау жүргізу.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | Азаматтық құқық бойынша меншіктің нысандары мен түрлері

Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болу керек, меншіктің адамзат даму процесіндс алатын орны ерекше.
Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық категория, екіншідсн құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық катынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қон-дырманың элемент болып саналғанмсн қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа (базисқа) кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталуы қажет. Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтгы реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құкығы субъективті мағынада белгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтық қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету құкықтары тиесілі. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Акционерлік қоғамның түсінігі мен түрлері

Қазақстан экономикасының басқарудың және шаруашылық жүргізудің нарықтық механизміне өтуіне байланысты соңғы жылдары кәсіпорындардың бірнеше ұйымдастырушылық-құқықтық формалары пайда болды. Олардың ішінде негізгілердің бірі болып табылатын акционерлік қоғам (АҚ). Нарықтық экономика жағдайында басты мақсат ретінде АҚ бастарудың тиімді жүйесін алу және кәсіпкерліктің осы перспективалық құқықтық формасының басымдылығын іске асыру.
АҚ ұйымдастыру және басқару іскерлігін қамтамасыз ететін құжаттардың негізгілердің бірі – Қазақстан Республикасының «АҚ туралы» заңы.
Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңінде «АҚ туралың заңының тиімсіз болуы, ал кейбір жағдайда АҚ-ның осы заңды орындалмауына әкеп соқтырады. Осыған байланысты заңның кейбір бөлімдеріне өзгертулер мен толықтырулар еңгізіп, АҚ басқару және іскерлік формасына ең тиімді жайдайлар туғызу.
Қандай да ұйым жұмысындағы жетістік, ол мемлекеттік құрылудағы немесе өндірістік кәсіпорын болсын, басқарудың оптимальды құрлымын қамтамасыз ету жағдайында жүзеге асуы мүмкін. Басқарудың оптимальды құрлымын құру үшін ең алдымен, басқару органның жұмысшыларының тәжірибесі мен біліктілігі керек. АҚ басқарудың тиімді жүйесін құрудағы тағы бір қиыншылығы, ол «бір ғана қожайынғаң мойынсынатын қазақстандық менталитеттің ерекшелігі. Нарық тек менталитеттің өзгеруге әкеліп қоймай, сонымен қатар АҚ басқаруы да жаңа функциялардың пайда болуы мен фирманы басқарудың ұйымдастырушылық жүйенің өзгеруіне әкелді....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Ақша жүйесінің мәні және түрлері

Икемді ақша саясаты қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің аса маңызды құралдарының бірі. Дж.М. Кейнстің пікірінше, оның инфляциялық әсерін фискальдық саясат және баға мен жалақыны бақылау арқылы кемітуге немесе белгілі шекте шектеуге мүмкіндік туады. Тұрақты жалақы мен өте баяу өзгеретін баға денгейі кейнсиандық үлгінің пәрменділігінің шарттары. Бірақ, жалақы мен бағаны заң актілері арқылы шектеу, олардың негізгі қоғамдық қызметі-қоғамдық қажетті шығындарды өлшеу мүмкіндіктерінен ажыратып, экономикалық дұрыс шешім қабылдауға, яғни нені, қалай және кім үшін өндіру қажеттігін айқындауына бөгет болады. Жоғарыда ескертілгендей, кейнсиандық үлгі бойынша ақшалай ұсыныстың ұлғаюы нақтылы өндірістің ынталандырушысы қызметін атқарады. Кейнсшілердің ойынша ақша көлемін артуы несие өсімінің төменлеуіне, қаржыландыруды, өндіріс пен іске тартылуды ынталандыруға ықпал етеді.
Ақшалай ұсыныстың артуы тек қысқа мерзім ішінде ғана өндірістің өсуіне мүмкіндік жасайды. Ал оның ұзақ мерзімдік нәтижесі тіпті де басқаша. Ақша мөлшерінің артуы бағаның шұғыл өсуіне әкеледі де, ол өз кезегінде өсім деңгейінің инфляциясын өршітеді. Алғашында халық қолындағы ақша табыстарының өсуі олардың тұтыну мүмкіндіктерін арттырып, өндірісті ынталандыруға қызмет етеді. Соңынан бағаның шарықтауына сәйкес халықтың нақтылы ақша мөлшері (тауардың бағасымен салыстырғанда) азайып, сұраныс пен өндірістің ара қатынасы жаңа жағдайларды өте жоғары баға деңгейінде теңеседі....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | АҚША ҚАРАЖАТТАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды, тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен асып түссе, онда олар тек, ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады.
Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле бойынша шартты түрде пайдаланылады.
Егер де мміле сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да әрбір төлемнің сомасы 4000 айлық есептілік көрсеткіштен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жиынтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлері жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның ақшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Ақшалай қаражатты басқару қаржы рыногындағы өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік техноогиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Ақша түрлері және оның қызметтері

Ақша дегеніміз не? Ақша - адамзаттың ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының бір куәсі деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу үшін өзінің барлық уақытын сарп етуге дайын.
Ақшаның сиқыры адамдарды арбап алады. Кейбіріеулер ақша үшін терлеп-тепшіп еңбек етсе, енді біреулер оны қолға түсірудің, көбейтуді түрлі амалдарын іздестірумен болады. Ақша – тек қана одан құтылып қана пайдалануға болатын бірден-бір тауар. Ақшаны жаратпайынша ол сізді тамақтандырмайды, баспана болмайды. Ақша үшін адамдар көптеген тірліктерге барады және ақша сол үшін қайтарым да береді.
Қазіргі елімідегі ақша-несие және қаржылық шаруашылық елеулі құрылымдық өзгерістер кезеңін бастан кешіп отыр. Өйткені әміршіл-әкімшіл экономикадан нарықтық экономикаға көшу кезінде ақша жүйесі түбегейлі қайта құрылып, несие-қаржы институттарының және олар жүргізетін операцияларды жаңа түрлері пайда болуда. Біздің тәуелсіз елімізде Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі қарым-қатынастар жүйесі қалыптасып олар заман талабына сай әрекет етуде. Сондықтан осы курстық жұмыстың тақырыбы мені қатты қызықтырды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Ақшаның мәні қызметтері түрлері және Қазақстан Республикасының ақша жүйесі

Несие жүйесі - несие қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды түлғалардан уақытша бос ақшаларын есеп шоттарда шоқырландырып, оларды кәсіпорындарқа, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді. Несие жүйссінің ең басты принциптері: несиенін, кдйтарымдылықы, төлемділігі хсоне мерзімділігі болып табылады. Несие жүйесі мемлексттің ақша айналымын рсттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан скінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруқа ықпал етеді.
Маманданған несие—қаржы институтары (немесе оларды парабанктік мекемелер деп те атайды) бслгілі бір ісггиенттерге қызмет көрсетеді немесе бір-екі қызмет түрін меңгереді. Ол мекемелер бір жакынан клиенттердің несие-есеп операцияларын жүргізіп Орталық талаптарын орындаса, скінші жағынан қаржы, сақтандыру инвестициялық және т.с. операциялар орындауымен сол салалардын бақылауымен қызмет жасайды. Олар ор түрлі маманданқан қаржы институттарының жиынтығы: ңесие-жинақтау мекемелері, инвестициялық қорлар немссе компаниялар, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, мекемелердегі өзара көмек кассалары, ломбардтар жоне т.б. өркендеген мемлекеттерде бүл мнститутар, яғни банктік емес мекемелер комерцмялық банктермен қаржы нарыгында бәсекеге түсіи, халыққа фирмалар мсн компанняларка сан алуан қызмет корсстудс. Қазақстан экономикасының нарықгык кдтынастарқа өту шағында бүл мәселелер бойынша олемдік тәжірибеге қызыкушылык. болуда.
Қорыта айтқанда, маманданқан несие^қаржы институтары кез клген мсмлекеттің нссие жүйесінің қүрамдас болігі.. Бүл институттардың коммерциялық банктерден негізгі озгсшелсгі — халықтың жинақын тарту арқылы ресурс жмнақтау, ал коммерциялық банктер өз пассивтерін негізінсн завды түлкалардың уақытша бос қаражатын тарту арқылы қүрастьірды.
Қазіргі кездегі Қазақстандық л^әне шет елдік банк тәжірибесін зерттеу нотижесінде депозиттерді тарту барысында несиелік саясаттың үйымдастырушылық нысандарын ( депозиттік саясатты жүзсге асырудың әдістері мен тосілдерін) қолданқан дүрыс болатьгндықын байқадық. Ол депозиттік саясатты күжат түрінде болу керектігін дәлелдейді.
Нссие беру арқыльг біз еліміздегі шақын жонс орта бизнесті дамытуға комектсссміз.
Несие - үдайы ондірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс - несие қатынастарының пайда болатын табиғи негізі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Денсаулыққа қауіпті тағам түрлері

Денсаулық – бірінші байлық. Оны сақтап, қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтану керек. Ал дүкендердің сатып алушыларға ұсынатын тағамының көбі қауіпті элементтерге толы. Оларға не жатады?

1. Тұзы аз қызыл уылдырық

Бұл да майшабақ секілді ұзақ сақталмайды. Тек мұздатылған не қатты тұздалған уылдырық қана ұзаққа дейін жарамды.......
Кеңестер
Толық

Биология | Медициналық сұрыптаудың түрлері мен типтері


Медициналық сұрыптау нақты, қайталанып тұратын үрдіс. Ол медициналық эвакуацияның барлық кезеңінде, оның барлық функциональдық бөлімшелерінде жүргізіледі. Диагноз қою мен болжам жасау – медициналық сұрыптаудың негізі. Сондықтан міндеттердің шешілуі мен қолданылатын әдістерге байланысты медициналық сұрыптау екі типке бөлінеді:



І. Клиникалық-диагностикалық медициналық сұрыптау – зақымдалу ауырлығы жағдайының клиникалық көрсеткіштеріне негізделген. Клиникалық-диагностикалық сұрыптау екі түрге бөлінеді:

.....
Рефераттар
Толық