Биология | Медициналық сұрыптаудың түрлері мен типтері

 Биология | Медициналық сұрыптаудың түрлері мен типтері

Медициналық сұрыптаудың түрлері мен типтері



Медициналық сұрыптау нақты, қайталанып тұратын үрдіс. Ол медициналық эвакуацияның барлық кезеңінде, оның барлық функциональдық бөлімшелерінде жүргізіледі. Диагноз қою мен болжам жасау – медициналық сұрыптаудың негізі. Сондықтан міндеттердің шешілуі мен қолданылатын әдістерге байланысты медициналық сұрыптау екі типке бөлінеді:



І. Клиникалық-диагностикалық медициналық сұрыптау – зақымдалу ауырлығы жағдайының клиникалық көрсеткіштеріне негізделген. Клиникалық-диагностикалық сұрыптау екі түрге бөлінеді:



1. Пунктішілік сұрыптау – зақымдалғандарды қоршаған ортаға қауіптілік дәрежесіне байланысты, зақымдану сипаты мен ауырлығына байланысты топтарға бөлу.



2. Эвакуациялық-көліктік сұрыптау – эвакуация кезеңділігі бойынша көліктің түріне байланысты эвакуация құралдарына орналастыру бойынша және жүргізу пунктіне анықтау бойынша зақымдалғандарды бірыңғай топтарға бөлу.



ІІ. Болжамдық медициналық сұрыптау – зақымдалған жағдайын, оның оқу барысында, асқынулардың дамуын, адекватты емдеу тактикасын, оның тиімділігін бағалауды уақытында анықтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.



Зақымдалғандарды сұрыптау барысында диагноз қою мен болжам жасаудың клиникалық әдісі артық болып қала береді.



Негізгі сұрыптау белгілері:



І. Қоршағандарға қауіптілігі – зақымдалғандарды арнайы (санитарлық) өңдеу немесе оқшаулау қажеттігінің дәрежесі. Бұл белгіге байланысты зақымдалғандарды келесі топтарға бөледі:



1. Арнайы (санитарлық) өңдеуді (толық немесе жартылай) қажет ететіндер.



2. Уақытша оқшаулауға жататындар (инфекциялық және психоневрологиялық изоляторларда).



3. Арнай өңдеуі қажет етпейтіндер.



ІІ. Емдеу белгілері – зақымдалғандардың медициналық көмекке, кезеңділікке, оны көрсету орынын, қажеттілік дәрежесі.



Бұған байланысты зақымдалғандарды келесі категорияларға бөлінеді:



1. Өмір сүру мүмкін емес жарақаттардан қиналуды жеңілдететін симптоматикалық көмекті қамтамасыз ететіндер.



2. Шұғыл медициналық көмекті қажет ететіндер.



3. Медициналық көмекті қажет етпейтіндер (көмек кейінге қалдырылуы мүмкін).



ІІІ. Эвакуациялық белгі – эвакуациялық кезеңділікті, көлік түрі және зақымдалған адамның көліктегі жағдайы. Осыған байланысты зақымдалғандарды келесі топқа бөледі:



1. Берілген емдеу мекемесінде уақытша немесе емделіп біткенше госпиталға жататындар.



2. Эвакуациялық мақсатын, кезектілігін, эвакуация әдісін, көлік түрін есепке ала отырып төтенше жағдай ошағынан тыс басқа территориялық емдеу мекемелеріне эвакуациялауға жататындар.



3. Тұрғылықты орнына оралуға немесе медициналық кезеңде қысқаша уақытқа байқау үшін қалдырылуға жататындар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру