«Түнгі қонақ» әңгімесі (5 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі
Сабақтың тақырыбы: «Түнгі қонақ» әңгімесі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:ТБ1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақтың мақсаттары:Ауызша және жазба жұмыстарда жалғаулық шылауларды (ыңғайластық, қарсылықты) қызметіне қарай орынды қолданады....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мұқағали Мақатаев (Түнгі табиғат)

Іңірде тұрмын қарап ойға қалып,
Тәтті қиял тулайды жүрек жарып.
Ұйықтаған бар табиғат майда лебі,
Аймалап өтіп жатты бетті шалып.
Ай қалқып, тұнық көкте жұлдыз да тұр,
Тау қалғып сақтағандай құпия сыр. .....
Өлеңдер
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Түнгі қонақ

Бекәділ дәлізде тұрып, өз бөлмелерінде сабақ дайындап отырған екі баласына:

— Ау, Әли, Мұхтар, сағат он боп қалды. Аяқтарыңды жуып, жата берсеңдер де болады, — деді.

— Жат, жатыңдар. Таңертең тұрмай әлек қыласыңдар! — деп, Ләззат күйеуінен гөрі қаттырақ ескертті.

Кіші ұлы Мұхтар күндегі әдетімен:

— Сендер қайда барасыңдар?

— Қайда барушы ек. Алаңда біраз сейілдеп, жүріп қайтамыз.

Үш бөлмелi кем үйде Әли, Мұхтар оңаша қалды. Әли алтыншы, Мұхтар бесінші оқиды. Жоқ, ата-анасын тыңдамайтын немесе жүре тыңдап, бір айтқанды он қайтара айтқызып, әке менен шешенің ашу - шамына тиетін қыңыр-қисық балалар бұлар емес. Әр нәрсенің шөгін білетін тәрбиелі балалар екеуі де. Сабақты жақсы оқиды. Мұғалімдеріне де, таныс көрші-қолаңға да жағымды.

Кітап - қағаздарын жиыстырып, столдан бірінші боп тұра берген Мұхтар кішілік шолжаңдау мінезі ұстап, Әлидің қалқиған құлағына шертіп келіп қалды. Әли тек осыны

күтіп отырғандай сақ еді. Зыта жөнелмек болған Мұхтарды ол екі аттатпай-ақ ұстап алды. Екеуі сол арада, еденге төселген қызыл ала кілемнің үстінде, таласқан иттерше апыр-топыр болды...

Стол басында көбірек отырыңқырап қалғанда, әсіресе, үйде әке, шеше жоқта, бойдың құрыс-тырысын осылайша жазып алу олардың қашаннан бергі әдеті. .....
Әңгімелер
Толық

Дүние жүзі тарихы | Тоғыз жүз тоқсан екінші авиациялық түнгі бомбалаушылар полкі

Тоғыз жүз тоқсан екінші авиациялық түнгі бомбалаушылар полкі - әскери бөлім. 1942 жылы қыркүйекте Алматыда жасақталған. 1943 жылы 20 ақпанда Новгород облысы Хвойная ст-на жеткізіліп, Ерекше әскерлер тобының, кейіннен Солт.-Батыс майданындағы 68-армияның құрамына кірді. Соғысқа кірген алғашқы 9 күнде 320 рет әуеге көтеріліп, байланыс жасады, жаралыларды тасыды. Келесі 20 күнде 294 рет әуеге көтеріліп, Старая .....
Рефераттар
Толық

Бауыржан Әліқожа (Түнгі жыр)

Жасаған құлын Айды мертіктірме,
Келеді аспан төсі бөртіп түнде.
Есіме түсті қарғам,
Шақта осынау,
Жүр екен менсіз сырын шертіп кімге?!

Жұлдызы бөртіп төске ұрған аспан,
Құс жолы соқпақ па еді қырға қашқан.
Көмкерген кереметті....
Өлеңдер
Толық