Диплом алған адамға тілектер, құттықтаулар
Диплом құтты болсын, әпкетайым. Осы еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Әлі бұдан да биік белестерге жете беріңіз. Әкеңіз бен анаңыз сізбен әрқашан да мақтана берсін! Жақсы көрем сізді )
Жаным, дипломың құтты болсын! Мамандығыңмен еңбек етіп, жемісін көр! Ұзағынан болсын қуанышымыз.
Арман-мақсатыңа жет!
Аға туған күнінмен құттықтаймын!
"Атағың да, тағың да керек емес - адамдығың болмаса" демекші, Аға адамгершілік қасиетіңізден ешқашан ауытқымаңыз. "Ағасы бардың - жағасы бар" деген қанатты сөздегідей әрдайым іні-қарындасыңызға қамқор болып, 100-ге жетіңіз.
Алғашқы ұстазға шәкірт алғысы
Білімнің жинай білсек бүгін нәрін,
Ұстаздың еңбегі деп ұғынғаным.
Алғашқы ұстаз, бір сіздің арқаңызда,
Бұл күнде шарлай алсақ білім бағын.
Бір сізді теңеуменен бәрі асылға,
Біледі, ұғады ұстаз...
Жездеге тілек
Жарқырап осы күнмен айдын бағы,
Тағы да қуанышта ой туғаны.
Жездеміз мерей жасқа толып отыр,
Шаттықтың сезіледі той-думаны.
Осындай есімізде сақталар күн,
Ап келсін тоймен....
Жеңгеге тілек (қайны, қайын сіңлілер тілегі)
Арнап кетпей гүл-өмірдің жатқа әнін,
Біздің үйдің босағасын аттадың.
Сондықтан сен ең әдемі жеңгесің,
Өзің де әр кез сол қалпыңды сақтадың.
Ағамызға дедің де бақ құсыңмын,
Жүрегіңнен қадірлі....
Қызының анасына құттықтау тілегі
Шаттық күлкі жүзде ойнап тұрған күн
Қуандың да, сол шаттықпен нұрландың.
Мама, өйткені бүгінгі күн сен үшін
Ақ тілектер тасқындайтын туған күн.
Шын көңілмен сол тілекті қостадың,
Боп тұрсыншы әр кез....
Аруларға тілек
Сендер жайлы тек ән салсын уақыт-күн,
Жүздеріңде нұры ойнасын бақыттың.
Бақыт деген - қыздың қамсыз күлкісі,
Алмастыра алмас оны жақұт мың.
Отау етіп көтеретін іргені,
Болсам дейді...
Туған жер: баланың тілегі
Сенде есейіп, сенде артады ұғымым,
Сенде өткізген балалығым – ұлы күн.
Отан деген не десе егер, сен дер ем,
Кие қонған туған жерім, тұнығым!
Сенде өткізер балалығым – пәк күнім,
Сен сіңірдің бақ күндердің...
Ұстаз тілегі
Жылдар бір жылдарға жалғанып,
Зыр қағар уақыт жүрдек-ті.
Мінеки, ұядан қомданып,
Түлегі ұшатын күн кепті.
Әлі ертең алдағы күндерде,
Дейсіңдер осылай...