Мадияр

Мадияр есімінің мағынасы - парсы сөзi, «мадди» – iскерлiк, «овар» әкелушi, жеткiзушi деп аударылады. Мағынасы – iскер.
Есімдер мағынасы
Толық

Амина

Амина есімінің мағынасы – қазақша "Әмина". Араб тілінен – 1) адал, сенімді; 2) зиянсыз, сәтті, игілікті.  

Есімдер мағынасы
Толық

Санжар

Санжар есімінің мағынасы — көне түркі тіліндегі Саншора есімінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген түрі. Көне түркі, қазақ тілінде сан – "он мың", "шора – ер, батыр" деген мағыналарды білдіретінін ескерсек, "бір өзі он мың қолға тең ер, батыр" мәнінде қойылған есім екенін байқаймыз. Ғасырлар бойы айтыла келе, Саншора-Саншор-Саншар-Санжар болып өзгерген. Тағы бір мағынасы – бұзып өтуші. 

Есімдер мағынасы
Толық

Ерасыл

Ерасыл есімінің мағынасы – аса аяулы, нағыз батыр.

Есімдер мағынасы
Толық

Айару

Айару есімінің мағынасы – "ай" мен "ару" сөздерінің қосындысы. Айдай сұлу ару болсын ниетпен қойылған. 

Есімдер мағынасы
Толық

Әли

Әли есімінің мағынасы – араб тілінен ғали – биік, аса, зор, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер – Әлиасқар, Әлиакпар, Әлиахмет. Синонимдері: Ғали, Қали, Әлі, Алы.

Есімдер мағынасы
Толық

Дінмұхаммед

Дінмұхаммед есімінің мағынасы – Дін + Мұхаммед; Мұхаммед  – "аса мақтаулы, мақтауға лайық".

 

Есімдер мағынасы
Толық

Мансұр

Мансұр есімінің мағынасы, араб тілінен – 1) жеңімпаз, жеңіске жетуші. 2) құдіретті.

Есімдер мағынасы
Толық

Әмір

Әмір есімінің мағынасы, араб тілінен – бастық, әкім, билеуші. Біріккен тұлғалы есімдер: Әмірбай, Әмірбек, Әміржан, Әміртай, Әмірәлі.

Есімдер мағынасы
Толық

Рамазан

Рамазан есімінің мағынасы – араб тілінен рамадан – күйдіруші, жандырушы. Араб елдерінде бұл өте ыстық ай. Мұсылман жыл санауының тоғызыншы айы, осы айда туған балаға осындай есімдер қойылған.

Есімдер мағынасы
Толық