Айдос Есмағамбетов

Айдос Есмағамбетов – гиперреалист-мүсінш

Айдостың өнерге деген талпынысы бала кезінен байқалған. Оның ата-анасы да өте талантты жандар. Әкесі сурет салып, мүсіндер жасаса, анасы кесте тоқиды. Кестесі инемен емес, қылқаламмен салынғандай. Айдос Арқалық қаласының тумасы. Кәсіби білімді Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институында «Бейнелеу өнері мен сызу» мамандығы бойынша алған. Силикон мүсін жасау Айдостың бұрын-соңды ойында болмаған. Ол тек көптің қолынан келе бермейтін дүниелерді жасауға ұмтылады.
– Мүсін жасау идеясы Мадам Тюссо музейінен кейін туындады. Әзірге, ондай орындарды аралап көргем жоқ. Бірде теледидардан Обаманың жаңа силикон мүсініне көзім түсіп кетті. Содан «Неге біздің Қазақстанда жасап көрмеске?», «Неге отандастарым ондай мүсіндерді шетел асып қана көруі керек?» деген сауалдар туындай бастады, - дейді мүсінші.

Айдос бұрынырақ силиконнан аквариумдар жасағанын айтады. Оның жұмсақтығы, нәзіктігі жігіттің тағы бір қырын ашып жібергендей. Оған дейін саз-балшық пен гипстен кішігірім әр түрлі мүсіндер жасап жүрген ол осы материалға ден қоя бастайды. Беташар жұмысы Елбасы Н.Назарбаевқа арналған. Одан кейін, Абылай ханның мүсінін жасайды. Оны жасау идеясын Президенттің мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков ұсыныпты. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бахтияр Базарбеков

Бахтияр Базарбеков – нашар көретін және зағип жандардың «Шектеусіз спорт» әлеуметтік жобасының жетекшісі, «Анашым» көз көру бойынша мүгедек балалар мен жастарды қолдау қорының бас директоры.

«Шектеусіз спорт» - бұл салауатты және жарқын өмір салтын насихаттау, велосипедті экологиялық көлік түрі ретінде дәріптеу және сондай-ақ әлеуметтік және экотуризмді дамыту, тұтас және тандем мүгедек адамдар арасында спортты дамытуға жағдай жасау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Никита Амоскин

Никита Амоскин – акробат, халықаралық класстағы спорт шебері, екі дүркін Азия чемпионы, спорттық акробатикадан әлемчемпионы.

Ол 1999 жылы Қарағанды облысында туған. Қазір Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 2 курс студенті. Никита бала кезінен спорттық акробатикамен айналысып, жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы турнирлерінде жүлделі орындар алды. Ол спорттық акробатикадан республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері. Никитаның 60-тан аса марапаты бар.

2015 жылы серіктесі Анастасиямен бірге Азия чемпионатында жеке есепте 1 орын алды. 2016 жылы Қытайда әлем Чемпионатында қола жүлдегері атанды, ал Польшада әлем кубогында алтын жүлдеге ие болды.

2016 жылы Никита еңбегіне лайық халықаралық класстағы спорт шебері атағын алды. Алайда жас спортшының басты жетістігі 2018 жылдың сәуірінде Бельгияның Антверпен қаласында жастар арасында аралас жұптар категориясындағы спорттық акробатикадан өткен Әлем Чемпионатының алтыны болып табылады. Өз қаласы мен елінің мақтанышы болып жүрген ол әрі қарай да халықаралық спорт әлемінде Қазақстан Республикасының мерейін үстем еткісі келеді. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Мынжылқы Бердіқожаев

Мыңжылқы Бердіқожаев – нейрохирург

2006 жылы Мыңжылкы «Болашақ» президенттік бағдарламасының стипендиаты болды, Ресей, Санкт-Петербург қаласындағы С.М.Киров атындағы Әскери-медициналық академиясының клиникалық ординатурасына оқуға түседі. Ординатураны сәтті аяқтаған соң, Астанаға келіп қайтадан ашылып жатқан Республикалық нейрохирургиялық ғылыми орталықта эндоваскулярлық нейрохирург болып мансабын бастады.

2008 жылмен 2015 жыл аралығында жұмыс атқарған уақытта 1500-ден аса бас миының тамырларына жоғары технологиялық ота жасады.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мыңжылқы Сайлауұлы Алматы қаласына Совмин аурухананың нейрохирургиялық бөлімінің меңгерушісі болуға шақыртылды. Соңғы үш жылда 800-ге жуық ішкі тамыр жүйелеріне қатысты ота жасалынды және Алматы қаласында инсульттан көз жұму көрсеткішін 2% төмендетті. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Мақпал Тажмағамбетова

Мақпал Тәжмағамбетова (Мыса) – ақын

Мақпал Тәжмағамбетова – ақын, жазушылар және журналистер Одағының мүшесі. "Алақандағы бақыт", "Мен керекпін" және "Аспантаудың көктемі" атты үш кітап авторы. Ақсу ауданының 80 жылдығы және Мұқағали Мақатаевтың 80-жылдығына арналған республикалық байқауларда бірінші орын алған. Молықбай қобызшы, Майра Уәлиқызы, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы сыйлықтардың иегері. Былтыр Ресей жазушылар Одағының шешімімен білікті аударма үшін балқар ақыны Керім Отаров атындағы алтын медальмен марапатталған. Сонымен қатар Қазақстан Тұңғыш Президенті Қоры ұйымдастырған «Алтын тобылғы» Республикалық байқауының бас жүлдегері атанған.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әмір Қуат

Әмір Қуат – ғылым қайраткері, кәсіпкер, музыкант

Табиғаты шығармашылыққа жақын, ерте жасынан таланты мен музыка, ғылымға деген қызығушылығын көрсеткен. 6 музыкалық аспапта еркін ойнайды, өлең мен музыка жазады. Дегенмен ең басты қызығушылығы ғылым болып табылады. Әмір өлім мен жарақат алу санын төмендетуге бағытталған «БИОВ» қауіпсіздік техникасының авторлық жүйесін басынан бастап жасаған өз саласындағы аз адамның бірі. Елімізде өндіріс пен жұмыс орындарында жарақат алу мәселесі өте өзекті екені құпия емес. Әмір қауіпсіздік техникасы мәселесін қолайлы жағдай мен қауіпсіз жұмыс аймағын жасап қана қоймай, адамды өз-өзінен қорғау керек деп санайтын бірден-бір адам деп айтсақ қате болмас, себебі ең тәжірибелі, ең мінсіз және қауіпсіздік мәселесіне ең мұқият қарайтын жұмысшының өзі де қателесуі мүмкін. Бірақ сол қатені қай уақытта жіберетінін ешкім білмейді, Әмір Қуаттың ғылыми-зерттеу жұмысының мәні де осында.

Ғылыми қызметін 14 жастан, адам ағзасының биологиялық әлеуеті мен оларға гелиофизикалық факторлардың әсер етуін өткенді шолу арқылы болған оқиғалармен сәйкестендіре отырып зерттеуден бастаған. Зерттеулер нәтижесінде адам орны толмас қате жіберген кездегі заңдылықтарды тауып, оларды ғылыми жұмысында көрсеткен және түрлі қалалық, облыстық, республикалық конференцияларда таныстырып, бірінші орындарға ие болған. 2008-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында болған 1,2 млн өлім жағдайларын зерттеу салдарынан тамаша нәтижелер алынып, олар жүйенің жетілдірілуі мен тиімділігін арттыруға бағытталып, кейін «БИОВ» қауіпсіздік техникасы авторлық жүйесінде қолданылған.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Мая Жұманбекова

Мая Жұманбекова – дизайнер

Мая Жұманбекова - арт-директор, «Mimioriki» балалар киімінің тұңғыш қазақстандық брендінің дизайнері (Алматы)

Мая 1976 жылы 1 мамырда дүниеге келген, барлық кеңестік балалар секілді бала кезінен жан-жақты болған, жүзумен айналысып, сурет салу, үй шаруашылығы, би, фортепиано үйірмелеріне қатысқан. Сурет салуға, тігіс тігуге және қуыршақтарды киіндіруге деген құмарлық оның болашақ мамандығын сол кезде-ақ анықтап берген!

Бала кезінде әжесімен бірге қуыршақтарға керемет көйлектер тігетін, ал анасы 20 жылдан астам уақыт «1 мамыр» тігін бөлімшесінде жұмыс істеп, үлкен тігін цехын басқарған. Мая анасымен бірге жұмысына барып, процесті бақылап, жіптер орамын жайып, мата кесінділерін зерттеп, қиялдап, түрлі киім үлгілерінің суретін салғанды жақсы көретін. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Серік Нұркенов

Серік Нұркенов – ғалым, РФ физика-математика ғылымдарының кандидаты, физика мамандығының PhD докторы, халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Ол бериллий негізіндегі жаңа термо төзімді нано-жабындар әзірлеп, жасаған, олар ядролық медицина, космостық және ядролық энергетикада маңызды практикалық қолданысқа ие. 2009 жылдан бері Республикалық диагностикалық орталықта (Қазір Назарбаев Университеті “University medical Center” КҚ) ядролық медицина бөлімінде жұмыс істейді. Онкологиялық, кардиологиялық және неврологиялық ауруларды ерте диагностикалау және емдеу тиімділігін бағалау, сондай-ақ емдеу тактикасын өзгертуге себеп болатын метастатикалық зақымдануларды анықтау мақсатында иондаушы сәулелердің ашық көздерін қолдана отырып диагностикалық зерттеулерді жүзеге асырып жүрген алғашқы медицина физигі болып табылады. Мысалы, радиоактивтік белгісі бар заттар (басқаша айтқанда 18F-FDG негізіндегі радиофармпрепарат) ағзаға енгізілгеннен кейін физиологиялық және патологиялық процестерге қосылады, бұл оларға онко-процестерді (рак жасушалары) ең ерте кезеңінде тез табуға мүмкіндік береді. Бірегей, жоғары дәлдіктегі және ақпараттық ПЭТ/КТ зерттеулер Қазақстанда алғаш рет 2010 жылдан жасала бастады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ердос Төлегенов

Ердос Төлегенов - журналист, әлемнің бірнеше елінде жарық көретін балаларға арналған “OYLA” ғылыми журналының негізін салушы

Интернет дамығалы газет-журналдың болашағына сенбейтіндердің саны көп. Тек Ердос Төлегенов олардың қатарынан емес. Ұзақ жыл “Эксперт Қазақстан” журналында қызмет еткен ол тек Қазақстанда емес, көптеген дамыған елдерде сұранысқа ие журналдың негізін салған.

“Балаларым өскен сайын, оларға оқуға ұсынатын сапалы әрі қызықты қазақстандық басылымның жоғын түсіндім. Ал біздің бала кезімізде ондай журналдар бар еді. Айналамда да ғылымға қатты қызығатын жастар көп болатын. Сондықтан, мен біздің балаларымыз білімді, жаңалыққа құмар, мәдениетті және сыни ойлай алатын адам болып өскендерін қаладым”. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Тамила Муридова

Тамила Муридова - жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, ҚР халықаралық класстағы спорт шебері

Биыл Тамила жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден өткен әлем чемпионатында жеке біріншілікте қола жүлдеге ие болды. Ал бұл медаль Қазақстанның қыздар арасындағы семсерлесу бойынша әлем чемпионатында алған алғашқы жүлдесі.
“Қазақстанда семсерлесу спорты жайлы көп адам біле бермейді. Мен елімізде бұл спорттың дамығанын қалаймын. Мысалы, Италияның орта білім беретін мектептерінің бәрінде семсерлесу бойынша сабақтар бар. Біз үшін бұл арман, әрине. Бірақ осы спорт жайлы адамдар көбірек білсе, оған қызығатындардың да саны артары сөзсіз”, - дейді Тамила.

Тамила Муридованы семсерлесу залына алып келген жақын құрбысы екен. Біраз уақыттан кейін құрбысы спорттан кетсе де, Тамила жаттығуды жалғастырады. 12 жасынан спортта жүрген Тамила семсерлесуді ең әдемі спорт түрі санайды. “Керемет эмоция сыйлайды” дейді ол. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық