Туған тілім өнегелі, өз тілім, Туған тілім парасатты, бай тілім. Туған тілде жыр жазамын, ән жазам. Туған тілде әңгіме мен күй жазам. Қазақ тілім асқақтай бер, жасай бер! Ұлысың сен, мағыналы нар тілім!.......
Нағыз нар туғандар елін өркениет өріне өрістетпек. Бұл – хақ!
Біз сөз еткелі отырған Жұмат Шанин де елінің рух керуенін бастаған біртуар азамат еді. Тарих солай дейді.
Ең ауыр өкініш - қазақтың марқасқа ұлын қилы заман қылышымен қиып түсірді - «Спектакльді 10 минутқа әдейі кеш бастады, Сталинге қастандық жасамақ болды» деген жала жабылып, атылып кетті.
Бұл туралы және Шаниндер әулеті жайлы атасының мерейтойына арнайы келген қоғам қайраткері, режиссер, драматург, актер Болат Шанин сұхбат барысында әңгімеледі...
- Атамекенге қош келдіңіз, Болат аға!
Шана әулеті мен Жұмат Тұрғынбайұлының тағдыр-талайы хақында білгіміз келгені көп еді...
- Жұмат атамыз Баянауылдағы Желтаудың бауырындағы Қаратал қыстауында 1892 жылы туған екен. Арғы атамыз Қожамберді деген батыр адам болыпты. Бергі атамыз Шана бес ағайынды екен.
Атамыз дарынымен, алғырлығымен маңайын мойындатқан, өнерпаз адам болған. Шанадан - Тұрғынбай, Тұрғынбайдан - Жұмат пен Әкіш туады.
Шана әулеті өз еңбектерімен күн көрген, тұрмыстары кедей болған. Аз ғана малмен жағдайлары түзелмейтінін білген соң, Шана әулеті басқа кәсіп іздейді.
Сөйтіп олар туған жері Желтауды тастап, Шөптікөлге келеді. Мұндағы жаңа ашылған шахтаға түседі. .....
Туған жерім қазақ елім тұңғиықтан жаралған Туған жерім аймен күннен нəр алған Туған жерім сəн думаны салтанаты жарасқан Туған жерімқазағыма өзге ұлттар таласқан
Қазағыма деп қырын көкке ұшырған Қыран құстай көкке ұшты қанша адам Еліміздің болашағы азаттығын аңсаған Ел тыныштық көк байрағын қорғаған
Отан ыстық жалын оттан тіпті қызу шоқтан да, Оған деген ыстық сезім қармалауда қалама Орманынсыз бұлбұл жетім,Отанынсыз адам жетім, Бұл фәниде туған елсіз қалған да...