Есімдер үш топқа бөлінеді. Алғашқысы – адам өзі қатты жақсы көретін, мақтанышпен айтатын есімдер. Екіншілері – ауыстыруды талап ететін, адамның мінез - құлқына сай келмейтін түрі. Үшіншілері – иесінің болмысына қарама - қайшы келмейтін, тым жақсы болмаса да, шыдап бағуға болатын түрі.
Пән: Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютерді таңдау Сабақтың тақырыбы: Компьютерді қалай таңдауға болады? 2-сабақ Сабаққа қол жеткізуге көмектесетін оқу мақсаттары: 9.1.2.1 - компьютер конфигурациясын қолдану мақсатына қарай таңдау 9.3.1.1 - процестердің моделдерін кесте арқылы (физикалық, биологиялық, экономикалық және т.б.) әзірлеу және зерттеу Сабақ мақсаттары: Бұл сабақта окушылар қолдану мақсатына қарай компьютерді қалай таңдауға, сипаттамаларын анықтауға, әр құрылғының маңыздылығын түсінуге және электронды кестедегі компьютердің жалпы құнын есептеуге үйренеді........
Пән: Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютерді таңдау Сабақтың тақырыбы: Компьютерді қалай таңдауға болады? 1-сабақ Сабаққа қол жеткізуге көмектесетін оқу мақсаттары: 9.1.2.1 - компьютер конфигурациясын қолдану мақсатына қарай таңдау 9.3.1.1 - процестердің моделдерін кесте арқылы (физикалық, биологиялық, экономикалық және т.б.) әзірлеу және зерттеу Сабақ мақсаттары: Бұл сабақта окушылар қолдану мақсатына қарай компьютерді қалай таңдауға, сипаттамаларын анықтауға, әр құрылғының маңыздылығын түсінуге және электронды кестедегі компьютердің жалпы құнын есептеуге үйренеді........
Пән: Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер таңдаймыз Сабақтың тақырыбы: Бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау 2-сабақ Осы сабақта қолжеткізілетін оқытудың мақсаттары: 9.1.2.1 пайдаланушы қажеттіліктеріне байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау Сабақтың мақсаты: Бағдарламалық қамтамасыз ету түрлеріне қатысты оқушылардың білімін жүйелендіру, пайдаланушылардың қажеттіліктеріне байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау дағдыларын қалыптастыру........
Пән: Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер таңдаймыз Сабақтың тақырыбы: Бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау 1-сабақ Осы сабақта қолжеткізілетін оқытудың мақсаттары: 9.1.2.1 пайдаланушы қажеттіліктеріне байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау Сабақтың мақсаты: Бағдарламалық қамтамасыз ету түрлеріне қатысты оқушылардың білімін жетілдіру, пайдаланушылардың қажеттіліктеріне байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау дағдыларын қалыптастыру........
Өмір адамға екі рет берілмейтіні белгілі,сол үшінде ол күресуге тұрарлық. Қыздардың еркектерге сенбейтіні ақиқат,оны өмірден де мысал етіп алуға болады.Менің айтайын дегенім бұл емес-ті. Өз басым кезінде жігіт атаулы жандарға сенбейтінмін, шынын айтқанда қызықпайтынмын. Мүмкін отбасымда ұлдардың арасында өскендік болар. Мектеп кезінде балалық махаббат деген болатын, біреуді өзінше жақсы көріп қаласың,ол кезде солай көрінетін. дискотекаға сол үшін барасын, одан курткасына басқа біреудің атынан хат жазып жіберу айта берсең көп-ау. Қазір соны ойласаң не деген ақымақ болдым десейші деп ойлайсың. содан мектеп бітіріп,өмірге араласасың...... Бір күні курстас қыздардың арқасында жігітпен жүрдім,алғаш рет. Ондағы ойым бәрі жігітпен жүреді,оның несі қызық екен деп озімше - зерттеу болатын. Содан ол жігітті 2 күннен кейін тастап кеттім, ұнатпадым өзін де, қылығын да, тым мақтаншақ болатын. Содан жігіт көрсем бәрі мақтаншақ көрінетіндей болды. Арада жарты жылдай уақыт өткеннен кейін , курстас қыздың ауылына қыздар болып отырысқа бардым,сол отырыста бір жігітпен таныстым, ол өзінің маған деген көңілі бар екенін де айтып салды, бәлкім енді көрмей кетем ба деп ойлаған болар - ау, мен туралы қасымдағы қыздардан бәрін сурап алыпты......
Сары ала күздің келбеті, сары даланы сыйқырлағанына бүгін төртінші күнге таяп келеді. Қоғамға тұлға ретінде, сара жолымның алғашқы баспалдағына ақырын ғана қадам басып келемін. Адамның арманы шексіздікпен тоғысатын, санада жарқ ететін саф идеялар жиынтығы іспеттес. "Күз келбетін салқын санап, көпшілігіміздің жатсынатынымыз жасырын емес. Бірақ білесіз бе, кеше ғана кіріп келген табиғаттың бұл мезгілін алғаш рет сұлу келбетте күтіп алдым". Қабағы- қатулы, жаңбырын төгіп жіберетін- жылауық, жасыл даланы күн көзіндей келбетке орандыратын сары күзді- мен жаны нәзіктік пен сұлулыққа құштар қыз баласындай көрдім.
Қатулылығы- еркек жаратылысына оңайлықпен ере қоймайтын қайсар қызды еске түсірсе, толассыз жаңбыры- сылаң қағып, сыбдыр күлкісімен жаныңды баурайтын нәзік жандылардың мамықтай көңілдерінің сүйкімді келбетте бұртия қалатыны, айналаны алтынға орауы- әйел табиғатының қолынан келетін қауқардың қаншалықты мықты екенін көрсетуге ұмтылғысы келетіндей. Бұл ойлардың тууына Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінде оқысам, тұнып тұрған білім мен тәрбиенің ордасына еніп, 75 жылдық тарихы бар "Ұстаздардың шеберханасына" айналған, қазақ қыздарының киелі мекені болған, қара шаңырақта білім алсам деген асқақ Арманымның орындалып отырғанында.
Елімізде жоғары оқу орындары көп. Бірақ, менің таңдауым не үшін ҚазҰҚПУ?
- Ол жаны мен тәні таза қазақ қыздарының келбетін тереңінен танып, апаларымның ізін басып, даналығы мен өсиеттерін бойға сіңіріп, құндылықтарына қанық болып, келешекке нағыз батыр, өр мінезді, тазалық пен сұлулыққа жаны құштар, қазақилық тәрбиеге сусындап, бәсекеге қабілетті, кез-келген ортада көшбасшылыққа лайықты ретінде, өз ісінің нағыз маманы атанып, Еліме, Халқыма қызмет етіп, үлкен кісілердің батасын алып, ел азаматтарын тәрбиелеп, тәлім беріп, егде тартқанда өмірімнің бос өтпегенін сезінгім келген осындай болашаққа құрылған сүйкімді арманым мен қиялымның жетегінде, ақыл мен жүрек қалауы түйіскен ортасында таңдау жасап келіп отырған оқу ордам- осы ҚазҰҚПУ! Қас пен көздің арасында зымырайтын алтын уақыт несімен ерекше деген сауалға, жақсы жандардың тәлім мен тәрбиесі тоғысқан алтын ордада бас қосып, игі жақсылардың ықпалынан болашақ маман ретінде өткізген кезеңім дер едім!.....
Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапты және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Мамандық саналы қадам,оған барлық уақыт пен күш жұмсалады.Әр адам үшін мамандық таңдау қиын және жауапты қадам болып табылады.Мамандық таңдау адамның қызығушылығына,қабілеттеріне және мінез ерекшеліктеріне байланысты. Мамандықтың көптеген түрлері бар: дәрігер,мұғалім,экономист,дизайнер және тағы мыңдаған түрлері. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.
Биыл мен үшін жауапты кезең,өйткені биыл мектеп табалдырығымен қоштасамын.Соңғы оқу жылы,алда үлкен белестер, тарау - тарау жолдар күтіп тұр. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек
11-сыныпқа келгендіктен,мен саналы қадамның жолында тұрмын. Бала кезімнен мұғалім болуды армандадым.Сондықтан дефектолог болуды жөн көрдім.Мен балалармен тез тіл табыса аламын. Бұл жұмыстың қаншалықты қиын екенін біле отырып,өмірімді осы кәсіппен байланыстыруды жөн көрдім.Дефектолог - бұл ерекше балаларға біздің қоғамда бейімделуге көмектесетін адам.Олардың физикалық,моральдық дамуына көмек беру.Дефектологтың мамандығы –мұндай балаларға тәсіл табуға,кішігірім жетістікке қуануға,шыдамды,жауапты болуға үйрету.Дефектологтың жұмысы өте ауыр,сізге тапсырылған әр бала үшін жауапкершілікті талап етеді......
Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Жастық шақтың қалай тез өтіп кететінін де байқамай қалады. Өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнын табу емес пе?! Мен әлі мектеп табалдырығында оқып жүрген оқушымын, ата-анамның көзіне кішкентай қыз болсам да, өз болашағым жайлы көп ойланамын. Алдағы өмірім қандай болмақ? Болашақта мен кім боламын? Қандай мамандық иесі атанамын?- деген сұрақтар жиі мазалайды. Жай ғана ойланудың аз екендігін де білемін. Сондықтан да қазірден бастап алдыма мақсат қойып, оған табанды түрде кірісіп, арманымның жетегіне еріп келемін. Негізінен мамандық таңдау деген - өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Яғни қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін - ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін жаңалыққа, дербестікке талпыныс.
Елбасы «Болашақ-білімді жастардың қолында» демекші , біздің болашағымыз - өз қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты, нұрлы да шуақты болуы үшін, менің ойымша, ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атану. Себебі, әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар......