Пән: Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Монғолдар Сабақ тақырыбы: Моңғолдардың жорықтары Еуразияның саяси картасын қалай өзгертті? 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.5 - ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау Сабақ мақсаттары: Моңғол жаулауының нәтижесінде жаулап алған халықтардағы өзгерістерді анықтау......
Пән: Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Моңғолдар Сабақ тақырыбы: Моңғолдардың жорықтары Еуразияның саяси картасын қалай өзгертті? 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.5 - ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау Сабақ мақсаттары: Моңғол жаулауының нәтижесінде жаулап алған халықтардағы өзгерістерді анықтау......
«Жастар – біздің болашағымыз. Оларды жаңа заманда өмір сүруге үйрету – біздің міндетіміз.» Н.Ә.Назарбаев
Еліміздің алға қадам басуының негізгі тұлғалары, қараңғы түнекте күн тауып берер жұлдыздары, келер болашаққа ел мәдениетін жеткізушілер – олар әрине жастар. Еліміздің басты байлығы да, болашағы да жастардың қолында. «Жігітті ер қылатын да әйел, жер қылатын да әйел» деген секілді, туған жердің гүл боп өсіп дамуыда, күл боп солып қалуыда жастардың санасынан қорытыла шыққан ой мен істе. Ал сол жастардың гүл болуына үлкен септігін тигізетін халықтың ауызбіршілігі. Бір қара шаңырақ астында жұмыла түйінделген шешімнің асар асуы, жетер белесі де жеткілікті. Ел болашақтарына қол ұшын тигізбеген халықтың жағдайы мұхитқа батқан кемедей. Осы орында жастар, қазіргінің ертеңге бастаған көпірі болса, қолдаудың не қажеті бар? Оқу – білімін жетілдіріп, ешкімнің көмегінсіз – ақ жете алмай ма? Сан түрлі сұраққа, менде сан түрлі етіп жауап беруге тырысайын. Сіз алдымен қолдау сөзінің қандай мағынада қолданып тұрғанын анықтап алғаныңыз дұрыс. Енді бірі қолдауды моралді түрде қажет етсе, енді бірі физикалық сипаттан қажет етеді. Оқу – білімді жетілдіруге үлес қосапайтын болса, көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ қайдан шығады? Сол себептен, әрбір ел, мемлекет, халық өз алдына жарқын мақсат қою керек секілді. Ол мақсат – жастардың білім қиырына жету жолын салуға қол ұшын созу, ата – баба салып берген түзу жолмен жүруіне, ақыл ой – санасында басты тізгінді нық ұстауға бағыттау. Саналы да, ойшыл жасы болмаса, қандай елдің іргесі нық болады? Жастарға сенім артудың түпкі тамыры ол осы ата – баба заманынан басталған болатын. Оған дәлел Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» туындысы.......
Өз тіліңді құрметте!» - деп жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлі айтқандай, мемлекеттік тілімізді, сонымен қатар, өзге тілдерді үйренуге, білуге талпынуымыз тиіс. Қазақ тілі ғайыптан пайда болған жоқ.Оның да шығу тегі бар. Қазақ тілі «түркі тілдері» деп аталатын үлкен тілдердің тармағы. Әр адам өз ана тілін білуге міндетті. Сол арқылы мемлекеттің тұтастығын, бірлігін, ынтымағын қамтамасыз етуі керек. Тіл мен дінді өрістетуде халық тартынып қалмауы тиіс. Өйткені, тіл - ұлттық қазына, ұлттық мұра. 1913 жылы жүрегі «елім» деп соққан патриот ақын Мағжан Жұмабаев:
«Жарық көрмей жатсаң да ұзақ кен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа,
Ақ қолыңмен тарта аласың сен, тілім!» -деген болатын. Шынымен, қазақ тілі жарық көрмей қараңғыда ұзақ жатты. Сөйтсе де, қазақ тілі таза әрі өткір болған. Сонау жылдары ұмыт қалған елді тек тілдің құдіреті арқылы қайтара алдық......
Жастар жылы - болашақтың оты жалындауға себеп болған жыл.ҚР әрбір азаматы бұл жылды естен шығармайды.Себебі елдің ел болуына септігін тигізген Н.Ә.Назарбаев мұндай үлкен реформа жасау арқылы елдегі барлық айбынды жастардың рухын жігерлетіп,қолдау көрсете білді.
Жастардың бойында талант пен талап үлкен еді.Тәуелсіздіктің туын биікке тігіп берген ата-бабаның еңбегінен кейін, кезек жастарда.Болашаққа үлкен сеніммен қараған кешегі айбындылардың үмітін ақтау міндет.Алайда,еш дүниеге адам өз бетінше,еш қолдаусыз жетуі мүмкін емес."Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деген қазағымның асыл сөзін ұстанған тұңғыш президент елдің болашағын жасаушыларға "Серпін" бағдарламасы бойынша гранттар бөліп,көптеген ұйымдармен бірлесе отырып,жастарға жұмыс ұсыну мақсатында "Жас кәсіпкер" бағдарламасын жүзеге асырды.Оған қоса жастарды баспаналы етуді де ұмытпаған екен.Мұның бәрі білімді,талапты жастардың ел болашағында-үлкен орынға ие бола алуы үшін жасалды.
Жастарды қолдап,біліктіліктерін арттырған -бұл қоғам үшін жеңіс.Алайда,өскелең ұрпақ,қазіргі жастар бойынан ұлтшылдықты байқауымыз керек. Осы тұста Н.Ә.Назарбаев:"жастардың бойында әлеуметтік жауапкершілік, қоршаған ортаны аялау сезімін қалыптастыру негізгі міндет. Әсіресе, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдірудің,мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін дарытудың маңызы зор.Ата-бабамыздан қалған салтымыз бар:кішілер үлкенді сыйлайды,ерлер әйелді сыйлайды.Батысқа еліктейміз демократ боламыз деп бәрін ұмытып кетуге болмайды"деген екен.....
Биссимилла деп бастайын, Асығыс айтып саспайын. Иманды болғыр, атекем! Аузымнан қайтып тастайын. Бір пайғамбар Ыдырыс, Мүдірмей сөйле отыз тіс. Әкешім өтіп дүниеден Басыма түсті қиын іс. Бір пайғамбар Жақия, Ноқалап тіккен тақия. Әкешім өтті дүниеден, Айрылып қалдым қапияда. Алмалы бұлақ ағылар, Алмасы бетке жағылар. Айналайын, әкешім! Іздесем қайдан табылар. Тауға мұнар түсіп тұр, Тау жемісі пісіп тұр.....
«Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар,ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк» Бауыржан Момышұлы. Соғыс - атауы құлаққа жағымсыз тіршілікті қан жылататын, асты қайғы – қасіретке толы қаралы сөз. Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде - бір үлкен шайқас болмады. ......