Тәуелсіздікті сыйға тартқан батырлар

Жарқырай шыққан әрбір күн...
Тәуелсіздік, тәуелсіздік, тәуелсіздік ...
Бұл тақырып, бұл ұғым маған бұрыннан белгілі. Алдын да дәл осы тақырыпқа көптеген шығарма жазғанмын, мінеки, бүгін де жазудамын. Әрине, бұл өлмейтін тақырып болғандықтан, тәуелсіздік туралы үздіксіз жаза беруге болады. Бұл тақырыптың мәнін ашу үшін сонау тарихқа көз жүгірту керек сияқты. «Бүгінгі кезді түсініп-түйсіну үшін өткен кезге көз жүгірту керек», - дейді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал енді тарихымыздың сарғайған парақтарын ақтарып көрейік: ежелден біздің атабабаларымыз ешкімге соқтықпай жай жатқан ел еді, дегенмен жеріне жау тисе, найзасының ұшына үкі тағып, ешкімге басындырмайтын ел болды. Ұлдарын құл, қыздарын күң етпеген халық болды. Айталық, сан ғасырлық тарихымызда ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған азаматтарымыз көп болды. Олар шырылдап шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша, жаумен соғысып, бізге осы Тәуелсіздікті сыйға тартты емес пе?! Мен білетін – Күлтегін мен Тоныкөк.
Олар – батыр, қолбасшы. Өздерін бала кезден жауынгер ретінде танытты. Күлтегін бала жастан сарбаздар қатарында тұрған. Былай ойлап қарасақ, бала деген он жасында доп қуып жүреді емес пе, ал Күлтегін сол жаста ел қамын ойлап, ат үстіне қонған батырлардың басшысы болды. Осының бәрі біздің еркіндігіміз, біздің болашағымыз үшін еді. Күлтегін өз жерін ерлігімен, батырлығымен қорғаса, Тоныкөк өзінің даналығымен қорғады. Осы екі тұлға «қазақ жері» деген қайнар бұлақтың басын ашып кеткендер! Ал Тұмар патшайым. Ол туралы сөз бөлек. Шашын төбесіне түйіп, қыз да болса, батыр жүрегімен «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат!.. – деп шырылдап, өз Отанын қорғай білген батырларымыздың бірі......
Шығармалар
Толық

Сазайын тартқан түлкі

Ылғи да зәбір көре берген соң, орманның бір серісі еді ғой деп, бір топ тауық аюға арыз айта барады да түлкінің зорлығын баяндайды.

– О, аю қария, – депті, жалаң тәжісі желбіреген қораз тауықтар атынан сөйлеп. – Залым түлкі бізге күн көрсететін емес. Одан басқа бізге ешкім де тиіспейді. Сұм түлкі ұрланып келеді де түн ішінде қырып кетеді.

Аю арыз айтқан тауықтарға тесірейе қарап тұрып:

–Түлкі ме? – деп, қайталап сұрайды. Қораз құлшына растайды......
Ертегілер
Толық

Жазасын тартқан қу

Бір ханның бас уәзірі ханына өте сенімді болыпты. Не жұмысы болса да сол уәзір бітіреді екен. Хан бұйрығының қалай орындалғанын да сол тексереді екен.

Өзге уәзірлер оны көре алмай, әсіресе екінші уәзір бас уәзірі өзі болғысы келіп, бас уәзірді қалай да өлтірмек болады. Бас уәзірді әр айда ханға жамандайды екен, бірақ хан көпке шейін нанбаған. Бір күні екінші уәзірі ханға келіп:

— Бас уәзірдің жұқпалы бір дерті бар, қасына жанасқан......
Ертегілер
Толық

Рамазан айы. Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар

Сұрақ: Мен студентпін, сабағымды жақсы түсіну үшін кейбір күндері ораза тұтпасам, кейін қазасын ұстасам бола ма?

Жауап: Ораза ұстау сабақтарыңа кедергі болмайды. Керісінше жақсы түсінуің үшін көмекші болады. Қарын қатты тоқ болса адамның миы жақсы жұмыс істемейді. Аш адамның зеректігі ашылып, түсіну қабілеті күшейеді. Бұл әлі тек медициналық жағы. Ал ораза тұтқанда Аллаһу та’аланың жаудыратын.......

Кеңестер
Толық