Қазақ әдебиеті | Бекежан Сүлейменов тарихшы ғалым және оның ғылыми мұралары

Кіріспе
Тақырыптың маңыздылығы. Қазақстанның егеменді ел болуы жағдайында, демократиялық қоғам мен нарықтық экономика құру жолында, Республиканың басынан кешірген тарихи жолдарын ғылыми тұрғыдан қайта қарап, әділ бағасын беру ісі едәуір нәтижедерге жетті. Тарихшылар жаңа әдістемелік көзқарастар, жаңаша ойлау әдістерін жасауға, тарихи үрдісті оның өзі қандай болса, сол күйде - өзара байланысты, тұтастықпен ұласқан, диалектикалық даму үстіндегі түрінде көруге ұмтылып, жаңа айқындамалар тұрғысынан жазылған еңбектер жарық көруде. Әсіресе, соңғы жылдары Республикамызда тарих ғылымына деген қызығу арта түсті. Оның бірнеше себептері бар. Олар: жоғарыда айтылғандай Қазақстанның егемендік алуы, ұлттық сана сезімнің өсуі, тарих ғылымының идеологиялық қыспақтан арылуы, қазақ халқы тарихының күрделі тұстарын қайта қарау және жаңаша түсіндірудің қажеттілігі. Мұндай күрделі жұмыстың сәтті болуы үшін Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша қалам тартып, зерттеулер жүргізген ғалымдардың мұрасын дұрыс, жан-жақты талдап, игере білудің де өзектілігі және маңызы зор.
Белгілі қазақ тарихшысы Бекежан Сүлейменұлы Сүлейменовтің тұлғасына көзқарас осындай күрделі мәселелердің қиылысында тұрған тақырып болып табылады. Б. С. Сүлейменов ғалымның көрнекті қайраткері деуге толық негіз бар. Оның атымен республика халқы 1917 ж. қазан революциясына дейінгі Қазақстанның әлеуметтік экономикалық және саяси тарихы, мәдениеті және қазақ халқының ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар мәселелерін зерттеудегі бірталай жетістіктерді орынды байланыстырды. Тарихшы – ғылымның қоғамдық, ғылыми – шығармашылық қызметін талдап сараптап баға беру, оның маңыздылығын арттыра түседі. Өйткені, Б. С. Сүлейменов сияқты зерттеуші – тарихшылардың тиянақты ғылыми өмірбаяндары Қазақстан тарихнамасына қосылған елеулі үлес болады, сондай-ақ, мұндай еңбектер көш бастаушы ғалымдардың тәжірбиесін және үлкен нақты деректі мағлұматтарды зерттеу негізінде өткенді танудың маңызды тұжырымдамаларын атап көрсетеді. Қазақстан тарихшылары туралы, олардың ғылыми-шығармашылық қызметіне талдау жасаған еңбектер қазірде жоқтың қасы. Осы орайда бүгінгі күнге дейін кеңес дәуіріндегі үш тарихшының ғана өмірі мен шығармашылық қызметі кандидаттық дисcертация деңгейінде зерттелді. Отандық тарих ғылымы үшін көрнекті тарихшылардың ғылыми өмірбаянын жариялау тіптен маңызды. Өйткені, кең тараған проблеманың тарихнамамен қатар көрнекті тарихшылар туралы ғылыми еңбектер әр елдегі тарих ғылымының берік негізін қалайды. Мұндай ғұмырнамаларда көрініс тапқан тамаша кәсіби тарихшылардың шығармашылық тәжірбиесі бұл ғылымның жас мамандары үшін жақсы мектеп болды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | В. Скотт шығармаларының аудармасындағы тарихилық пен көркемдік

Кіріспе
Әр халықтың өмір сүру кезеңіндегі тарих өзінің баға жеткізгісіз рөлін атқарады. Адамзатқа қажетті рухани негіз тіл, дін, салт-дәстүрмен бірге, тарих сол халықты танытатын керемет өмір оқулығы.
Тарихын өткеннің көркем түрде сипаттау адамды эстетикалық және идеялық тәрбиелеуге ықпал етеді. Сол кезеңде өмір сүрген адамдарды өткен уақыттың оқиғаларын шынайы, бар болмы-бітімімен, тарихи аяда бейнелеуге әркімнің батылы бара бермейді. Және бұған үлкен жауапкершілік, терең тарихи білім, шығармашылық, шеберлік, талант, қаламгерлік тәжірибе керек./1,3/
Қазіргі заман әдебиетінде тарихи роман мен тарихи роман-эпопеяның үлесі барған сайын ұлғайып келеді. Бұл құбылыстың себебі мен мәнін ашуға арнаулы зерттеулер де жазылып жүр. Тарихи роман жанрына мұншама көңіл бөлінуі оның осы күнгі әдебиеттен алып отырған орны мен маңызын сипаттаса керек.
Тарих туындылардың тамыры антикалық дәуірден тарайды. Сол кездегі үлкен тарихи оқиғалар Геродот, Руфь, Флавий, Аррион, Диодор жазбаларында сақталды. Олардың басты ерекшелігі болған оқиғаның шынайы болмысын жеткізгендігі.
Өзінің басты объектісі адамды бейнелеу арқылы әр дәуірдің сан қилы сыр-сипатын көрсететін көркем әдебиеттің даму кезеңдеріне көз салғанда, оның нақтылы тарихи адамдар мен тарихи оқиғаларды бейнелеу ерекшелігі, яғни әдебиеттегі тарихилық мәселелері айрықша назар аудартары хақ. Ал, әр дәуір жыршысының өз заманының тарихи кескінін бейнелеуге әрекет еткен шығармасы тек белгілі бір ұлт әдебиетінің жасын межелеуге ғана емес, сол әдебиеттің осы өзекті мәселе тұрғысынан алғандағы жүріп өткен жолын бағдарлауға да мүмкіндік береді. Сөз жоқ, ол жолды азаматтық тарихпен тікелей жарысып отыратын жол деп тануға болар еді. Өйткені, онан белгілі бір халықтың рухани есею жолын, тағдыры, таразыға түскен небір тарихи тайталастарының мәліметтерін табасыз.
Көркем әдебиеттегі тарихилық сапалық тұрғыдан алғанда ғылымдағы тарихилықтан ерекшелеу болып келеді. Өйткені, ғылым белгілі бір дәуірдің тарихи даму заңдылықтарын тұжырымдармен өрнектесе, ал әдебиет сол тарихи құбылыстарға деген адам қатынасын оның кісілік құлқы, әрекет харакеті таным дүниесіндегі өзгерістері арқылы көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, «белгілі бір дәуірдің нақты тарихи мән-мазмұны, оның қайталанбас келбеті мен ерекше бейнесін көркемдік әдіспен игеретін әдебиеттің тарихилық» мәселесі осы қасиеті арқылы өзіне ерекше назар аударуды талап ететіні хақ /7,3,5/.
Тарихи шығарманың халық тарихындағы елеулі құбылыстар туралы жазылуы шарт деген пікір орынды. Бұл жерде тарихи шығарманың халықтың тарихы, тарихи өткені туралы жазылуы қажетті дау тудырмайды. Ал тарихи шығарма негізінде халық тарихындағы аса маңызды оқиғалар мен құбылыстар ғана жатуы керек дегенде, халықтың өткен тарихын оның мазмұнына қарай екшеген болып шығамыз /8,9/.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Тарих филология | 7-8 сыныптардағы араб тілі сабақтарында жаттығуларды ұйымдастыру жолдары

Кіріспе.


Орта мектепте оқытылып жүрген оқу пәндерін талдағанда, олардың әр тектес екені байқалады. Оқу пәндердінің бір тобы – білім негіздері деп аталатын пәндер. Бұлар – химия, физика, биология т.б. пәндерді мектепте оқытудың негізгі міндеті – оқушыларға ғылымдардың әр саласынан білім беру. Оларды оқытуда практика, іскерлік, дағдылар білімге қарағанда бағынышты қызмет атқарады. Екінші топқа эстетикалық пәндер жатады (музыка, бейнелеу өнері, әдебиет). Бұл пәндер оқушыларды көркемөнер әлемімен таныстырады. Олар ең алдымен тәрбиелік қызмет атқарады. Еңбек, денешынықтыру сияқты пәндер белгілі бір іс-әрекетке үйретеді. Олардың міндет – жеке адамның жан-жақты дамуын қамтамасыз ету және дене еңбегіне байланысты нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Орта мектепке оқытылып жүрген пәндердің ішінде «ана тілі», «орыс тілі» және «шет тілі» пәндері ерекше бір топ құрады. Бұл пәндердің міндеті – коммуникация жүйесін қалыптастырып, тілдің қатынас құралдарын меңгерту. Тіл пәндерінің жоғарыда аталған алғашқы екі топтан ерекшелігі: мұнда тіл туралы білім өздігімен маңызды емес, жаңа хабарламаның, басқа салада жаңа білім алуда қамтамасыз ететін іскерліктер мен дағдылардың маңызды зор. Үшінші топ пәндерінен тіл пәндерінің негізгі айырмашылығы сол, онда қалыптастырылатын сөз іскерліктері мен дағдылары дене еңбегіне емес, ой еңбегіне тән іскерліктер мен дағдылар.
Әсіресе, орта мектептерде шетел тілдері ішінде араб тілінің орны ерекше. Бұл тілдің «ана тілі» мен «орыс тілі» пәндеріне көптеген ұқсастықтары бола тұрса да, өзіндік біршама ерекшеліктері де бар. оның ана....
Курстық жұмыстар
Толық

Ғабиден Қожахмет | Мектептің түлегі елінің болашағы, мектебінің тарихы


"Қымбатты менің мектеп бітіруші құрбы-құрдастарым!
Мінеки, біз үшін қоңыраудың сиқырлы да сазды әуені соңғы рет ән салмақ. Және ол ән барлығымызды сонымен бірге өмір деп аталатын алып күрежолдың төскейіне шығарып салар. Бізді қаншама жыл оқытып, білім берген, тәрбие берген аяулы ана мектебіміз бен құрметті ұстаздарымыз іштей тілектестік білдіріп, сәт сапар тілеп қалар..."

Бұл - Қожабақы ауылындағы №25 мектептің бір кездегі 48-түлектерінің ауыл сахнасындағы өздерінің соңғы қоңырау салтанатында ұстаздары мен мектеп бітіруші құрбы-құрдастарына арнап сөйлеген сөзі еді. Сонан соң олар соңғы қоңырау жайлы өлең оқыды:

Ұғынды ма арлылығын, тәтті өмірдің нар жүгін,
Ақ бантикпен қоштасады қыз бала да дәл бүгін.
Бүр жарды ма кеудесінде асау сезім елім деп,
Адуындау ерке ұлдың да мұрты қапты тебіндеп... .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Тың өлкесі Қаймана қазақтың жоқшысы тарихы

Журналист Сая Молдайып өзінің облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің 14 ақпан 2017 жылғы №17 санында жарық көрген «Жұртыңмен талай заман көрдің» атты мақаласын «Ойға өріс беріп көрейік» деп бастаған екен. Саяның осы сөзі сырласуға, бүкпесіз сыр ашуға шақырып тұрғандай көрінді. Тек... тақырыбы... Оқи келе мұның белгілі айтыс ақыны Қуаныш Шармановтың: «Жай күйін толғап жағадағы елдің, жұртыңмен талай замана көрдің», -деген өлең шумағының алғашқы екі тармағы екенін түсіндім.

Ал мақала авторы мен қатарлылардың кезінде балаң ойын тербетіп, әдебиет атты қияға көз тіктіріп, қанатымыздың қатаюына ықпал еткен «Тың өлкесі» газеті туралы сөз бастамастан бұрын біз жоғарыда келтірген жалғыз сөйлемде әншейін сөздің сыралғысы ретінде жаза салмаған екен. Оған «Сарыарқа самалының» маңызы қандай, қажеттілігі неде? Бұл – облыстың үлкен деректеме көзі. Павлодар уезінен Павлодар облысына айналғанға дейінгі мәселелердің көбі осы газетте жазылды...

Алпысыншы жылдардың басында жабылып, «Тың өлкесі» газетінің шыққаны индустрияландыру, орыстандыру саясаты қалай жүзеге асырылды? Тың жерлерді игергенде шет жерден қанша адам келді? Олар қалай өмір сүрді? Тілімізден, дін, ділімізден қалай айрыла бастадық? Жалпы, «Қызыл тудың» өткен тарихының ішінде тың игеру жылдарында жабылып, «Тың өлкесі» деген газеттің жарыққа шығуы жайлы көп айтылмайды, осыған қозғау салу керек. «Бұл халықтың тарихы ғой»,-деген еді Ғарифолла Есімов бір сұхбатында деген жолдарды оқығанда көз жеткіздік. .....
Әңгімелер
Толық

Тарих өлмес тірі шежіре

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Механика – математика факультеті

Қошқарбаев Нұрбол

Елемес Толқынай

«Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында, табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таба білге ел».

Бүгінде Қазақстан үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған мемлекетке айналды.

Қазақстан Республикасы бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихының басталуы болды. Халқымыз бұрында талай өтпелі кезеңдерді басынан өткерген.

Алдағы уақытта біздің алдымызда өткенімізден ақпарат беретін деректерімізді іздеп табу, жинау, жүйелеу, сақтау арқылы тарихымызды жазу міндеті тұр және бұл қазақ елі тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі болып табылатындығы күмәнсіз.

Қазақтың шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегінен, мәдени-рухани ахуалынан бұрын, алдымен адам туралы мағлұмат беру басты нысана болы отырады.

Шежіре ру тарихы – ұлтымыздың бір бөлшегі. Ол ата-бабаларымыздың тарихтың сонау терең қойнауындағы хал-жағдайын, мәдениеті мен тұрмысын, шаруашылықты жүргізу тәсілін, өсіп-өнуі, көрші елдермен қарым-қатынасы жайлы сыр шертеді.

Барша қазақ халқын алып бәйтерек десек, үш жүзге кіретін және кірмейтін рулар оның бұтақтары. Сондықтан өзін парасатты санайтын әрбір қазақ азаматы өніп өскен, шыққан тегін айқын білуі қажеттігінде дау жоқ.

Қазақтың дуалы ауыз ақыны Әбубәкір Кердері: «Жігітке бақытта оңай, дәулетте оңай, болса егер қабырғасы халқы оның», - деп өз заманында жырлап өткен болатын.

Тарих халықтың кешкен өмірі, пешенелі тағдырының тасқа басылған айғағы және өлмес тірі шежіресі. Қазіргі өскелең өмірімізде уақытпен шендес кеңістік үшін көзді ашып-жұмғандай ғана мезетте көкірегімізге хатталып, санамызға өшпестей із қалдырған Тәуелсіздік тарихын жазудың да өз кезегі келген секілді.

.....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Тарих сабағындағы Ұлы Жеңіс

– Осы ұрыста қазақ әскері жан алысып, жан берісіп шайқасты! – деді тарихшы ағай саңқылдай сөйлеп. – Тіпті шешуші жеңісімізге қол созымдай-ақ жер қалғандай еді... Бірақ...

Оқушылар тым-тырыс тына қалған. Сынып ішіне күн сәулесі төгіледі.

– Бөрі жарасын жалап жазады, – деді тарихшы ағай осы кезде сыбырлағандай ғана баяу дауыспен. – Қазақ сарбаздары тағы да ұрысқа кірді. Жан алысып, жан беріскен майдан барысында шешуші жеңісімізге санаулы ғана жер қалғандай еді... Дегенмен...

Балалардың жанарлары жәудіреп кетті. Тым-тырыс тыныштық орнады.

– Қазақ әскері үшінші мәрте майдан даласында ат ойнатты, – деді тарихшы ағай манағында сыбырлағандай етіп. – Ұрыс барысында қазақ сарбаздары жан алысып, жан берісіп шайқасты. Тіпті шешуші жеңіске қол созымдай-ақ жер қалғандай еді... Әйтсе де... .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Неше жыл өтсе де тарих білмек


Ақын С. Торайғыровтың 1993 жылы Баянауыл ауданының

Мойылды алқабында өткен 100жылдық мерейтойынан Естелік



Қазақ әдебиетін, бейнелеп айтқанда, алып шыңға теңер болсақ, оның басынан мәңгілік ақша қар арылмайтын, қатар орналасқан ұлылы-кішілі екі шырқау биігі қазақ әдебиетінің классигі – ұлы Абай мен жас кетсе де кемеңгер, данышпандығын алты алашқа әйгілеп кеткен Сұлтанмахмұт Торайғыров дер едік. Бұл шыңдық ақынның жүз жылдық тойында араларын жарты ғасырға жуық уақыт бөлетін қазақ әдебиетінің бір құстың қос қанатындай екі алыбына көзі ашық, көкірегі ояу зиялы қауым әдебиет әлеміндегі тарихи орындарын анықтап, әділ бағаларын берді.

Біз сондықтан да бұл мәселеге көп аялдап жатпадық. Ат басын қара Ертістің Кереку өңірінде басталған ұлы ақынның 100 жылдық тойына келген қонақтармен бірге Арқаның ару өңірі Баян баурайына қарай бұрамыз.

Облыс орталығына ақын тойына арнайы келген қонақтар мінген автотранспорт легі жаздың жайма-шуақ күнінде көк мұнарға бөленіп қалғып тұрғандай әсер қалдыратын Ақбет тау асқар шыңы көрінген тұста, дәлірек айтсақ ,кеншілер ордасы –Майқайың поселкесінің тұсында тойға қатысуға келе жатқан қонақтарды аудан басшылары мен еңбекшілер өкілдері құшақ жая қарсы алды. .....
Әңгімелер
Толық

Бейімбет Майлин | Бір суреттің тарихы

Аспан жүзін қаптаған күзгі сұр бұлт оқтын-оқтын қабағын түйгендей тұнжырап, себелеп бүркіп-бүркіп алады. Ысқырған ексімді жел арбиған қу қаңбақты домалатып, ескі апандарға, сай жырасына малша иіріп тыға түседі.

Дала иесіз. Көңілсіз.

Айдабол сайының жол етер кезеңінде бейнеусіз үйілген тезектей қиқайып, құммен көміліп бара жатқан тәрізденіп қараша үй отыр. Жел ішін тартып үйірілте соқса, қараша үйдің киізі қолп-қолп етеді. Үй ортасына жағылған от шалқи жанып, от басына төнгендердің көзінен сорасын ағызып, берекесін тым-ақ алып отырған секілді.

От басында екі әйел отыр. Қатпар бетті қара кемпір жаулығының шетімен көзінің сорасын сүртті де, бақшиып шаңыраққа қарады. Аспан жүзінің түнерген бұлты үрейді ала түсейін дегендей әлденеге түксие қалыпты. Кемпір ауыр күрсініп, аузы күбірлеп, жанында отырған жас әйелге қарады. Жас әйелдің бауырында бесік. Ажарында ауыр қайғының, кейістіктің ізі.

— Ұйықтады ма, сәулем? — деді кемпір.

— Ұйықтады.

Екеуі де үнсіз, отқа телмірумен отырды. Екі ортасында бесік. Іргеден соққан ызғырық жел отпен ойнағандай түтіннің ұйқы-тұйқысын шығарды. Тарамыс саусағы қалтылдап, кемпір бесіктің жабуын қымтай түсті. Бір кезде кемпірдің иегі кемсең қақты:

— Келінжан, не болар екен күніміз?

Жас әйел ақшыл беті сұрғылт тартқан секілденіп, мөлдір қара көзі жаспен көміліп, төменгі ерні әдеттегісінен сәл қымқырыла түскендей боп, үнсіз отырды да қойды...

Жел ызыңы бұрынғысынан да үдеп, жыртық киізді жұлмалап ойнағандай сілкіп-сілкіп қояды. .....
Әңгімелер
Толық