Тарих | Қ.А.Иассауи кесенесі

Түркістан қласында 14 ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Иасауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. 1389, 1391, 1394 және 1395 жылдардағы қан төгіс ұрыстарда Әмір Темір Алтын Орданың өктемдігін жойып, астанасы — Сарай-Беркені өртеп жібереді. Міне, осы жеңістің құрметіне Қожа Ахмет Иасауидің ескі мазарының орнына жаңа, зор кесене орнатуды ұйғарады. Осы тұрғыда Әмір Темір тек діни мақсат-мүддені ғана көздеген еді деу қиын. Бұл оның беделін көтеруге, үстемдігінің мызғымас берік екендігін көрсетуге және дала жақ ту сыртының сенімді болуы үшін де қажет еді. Бұл кезде Әмір Темір Моғолстан әміршісі Хазыр Қожа ханның қызы — Тукел ханымды алмақ болып, той қамына кірісіп жатқан. Қалыңдықты қарсы алу үшін Әмір Темірдің әмірімен Самарқанда "Ділкүш" ("Гүл атқан жүрек") бағын салу аяқталды. Қалыңдығының алдынан шығуға аттанған Әмір Темір жолшыбай Шанас елді мекеніне таяу маңдағы Ахангеран қойнауында біраз аялдайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Казахстан когамдык дамуы

Қоғамның саяси өмірі. Тоқырау құбылыстарының ұлғая түсуі. Демократиялық институттардың қатып-семуі мен формалды сипат алуы Кемелденген социализм "тұжырымдамасының" салтанат құруы. КСРО мен Қазақ КСР Конституцияларының қабылдануы. Ұлтаралық қатынастар. Ақмоладағы оқиғалар. КСРО сыртқы саясатының қайшылықтары. Семей полигоны. Ауғанстандағы соғыс. Дүниежүзілік социализм дамуының бәсеңдеуі. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі келеңсіз құбылыстарды жою жөнінде шаралар қабылдаудағы солқылдақтық. Ұзақ мерзімді салалық аймақтық (территориялық) бағдарламалар жасау және жүзеге асыру. Экология. Рухани өмір.
70-жылдардың бас кезі жаңашыл үрдістердің едәуір әлсіреуімен, қоғамдық құрылыс принциптері мен формаларының тоқырауға ұшырауымен ерекшеленді. 1968 жылдың тамыз айында бес ел әскерлерінің Чехословакия жеріне енгізілуіне байланысты болатын. Өйткені дәл осы елде партияны жаңартуға, қатып-семген қоғамдық жүйені өзгертуге, нарықтық қатынастар орнату жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған барынша ауқымды, түбегейлі ұмтылыстар орын алған еді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | С Ж Аспандияров қоғам қайраткері

Зерттеу жұмысының мақсаты: С. Ж. Аспандияровтың тұлғасы мен еңбектеріне бүгінгі күнгі тарих ғылымының биіктігінен шама – шарқымызша баға беру; Ұлы бабамыздың қайраткерлік жолын кейінгі ұрпақ арасында насихаттап тәрбиелеу құралына айналдыру.
Зерттеу гипотезасы: ұзақ тарихи жылдар ішінде қалыптасқан, әлемдік және отандық ғылыми ойдың мұрасына айналған әлеуметтік – экономикалық және саяси процестер мен құбылыстарды объективті ғылыми талдау да назарда болды. С. Ж. Аспандияров тұлғасын, оның қызметін бағымдауда мәселелер тарихилық, яғни хронологиялық негізге жүйелі баяндау принциптеріне жүгіндірілді.
Зерттеу жаңалығы: Зерттеу жұмыстары мен дерек көздеріне сүйене отырып ғылымның өмірі мен шығармашылығын жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделеуге талпыныс жасауда және оның еңбектеріне ғылыми баға беруде.
Зерттеу жұмысының қорытындысы: Ғылыми жұмыс ғылым, қоғам және мемлекет қайраткері С. Ж. Спандияровтың өмірі мен ғылыми шығармашылық, саяси, ағартушылық және ұйымдастырушылық қызметінен мол, жан – жақты мағлұматтар береді. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Аралдың ежелгі мәдениеті

ТАҚЫРЫБЫ: Аралдың ежелгі мәдениеті
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ең басты кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі - Арал экологиялық дағдарысы — адам әрекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы,ежелгі мәдениет.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Аралдың ежелгі мәдениетіне талдау жасау.
Мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттері:
- Арал қаласының географиялық сипаттамасы
- Зерттеу әдістерін пайдалану ;
- Аралдың қоршаған табиғи ортаға экологиялық әсері ;
- Аралдың ежелгі мәдениеті;.....
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты тарихи дерек ретінде

Міндеті мен мақсаты.Жұмысты жазудағы мақсатымыз - Ақтөбе облысының шаруашылығы мен әлеуметтік – мәдени салалары бойынша мұрағат қорларын жинақтап топтастыру, оны ғылыми айналымға енгізу.
Мақсатымызға жету үшін мынадай бірнеше міндеттерді алға қойдық.
- Мұрағаттағы облыстың шаруашылығына қатысты құжаттарды сыни көзбен талдай отырып, салаларына қарай топтастыру;
- Өлкенің әлеуметтік – мәдени дамуына байланысты оқу – ағарту, мәдени және спорт салаларына қатысты қорларды бір жүйеге келтіріп, жинақтау;
- Ақтөбе облысының шаруашылық, мәдени – ағарту өміріне қатысты негізгі құжаттар мұрағатта сақталған жергілікті баспасөз материалдарын жылдар бойынша шоғырландырып, жинақтау;
- Мұрағаттағы қорлардың Ақтөбе тарихындағы орнын анықтау. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Сыр елі азаматтарының Еуропаны азат етуге қосқан үлесі

Сыр елі азаматтарының Еуропаны азат етуге қосқан үлесі
Биылғы жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67-жылдығы, тарих өз дегенін алуда. Сол жеңіске жарты ғасырдан астам уақыт өтіп ел жаңарып өзгерістер болып жатыр. Алайда бұл жеңістің құндылығы қанша уақыт өтсе де өзінің мәнін жояр емес, тарихта мәңгі қалады. Қазақстан тарихында қазақ халқының Ұлы Отан соғысына қатысқаны ерлігі Әлия, Мәншүк сияқты батыр қыздарымыздың аты төл тарихымыздан орын алды. Алайда Қазақстандық азаматтардың әсіресе Европаны азат етуге қатысқан немесе қарсыласу қозғалысына қатысқаны жайлы мәліметтер тарихымызға толық енбеді деп есептесек жаңылмаймыз. Өйткені Қазақстандықтардың шетелдіктерде жүріп қарсыласу қозғалысына қатысқандығы жөніндегі мәліметтер 50-ші жылдардың соңғы ширегінде ғана баспаға шыға бастады. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Сартай батырдың өшпес ерліктері

Зерттеу тақырыбына арқау болған Сартай батыр есімі халыққа кеңінен танымал. Қазақ елінің мыңдаған жылдық тарихында басты орын алатын қазақ-жоңғар соғыстарына байланысты кезең туралы сөз қозғалған. Қазақ даласы елін-жерін қорғаған батыр бабалардың ерліктерімен аты шыққан өңір. Тарихымыздың аумалы –төкпелі кезеңінде найзасын қолға алып, Кіші жүз елінен шыққан, нақты айтқанда Арал ауданындағы Ақшатау елді мекенінде дүниеге келген Сартай батыр туралы деректер жинап, қарияларымыздың айтқан аңыз-әңгімелерін жариялап, тереңірек мағлұмат берілген.
Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы –Сартай батырдың өшпес ерлігі
Зерттеу жұмысының мақсаты: 1. Сартай батырдың қалмаққа қарсы соғыста мың баланың жасағын басқарғандығы туралы мәлімет беру 2. Нұрмағанбет Қосжанұлының «Сартай батыр» дастанында негізінен шындықтың барын таныстыру. 3. Сартай батыр ғана емес, Әлім тайпасынан шыққан қара қылды қақ жарған әділ би болғандығын дәлелдеу. 4. Халқымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткізуге қол жеткізуге атсалысқан батырларымыздың бірі Сартай батырдың өшпес ерліктерін уағыздау.
Ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі - Халқымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткізуге атсалысқан батырларымыздың бірі Сартай батырдың өшпес ерліктерін жаңғырту.
Ғылыми-зерттеу жұмысының жаңалығы - Сартай батырдың қазақ тарихындағы алатын орнының анықталуы .....
Ғылыми жобалар
Толық

Әріптер мен әліпбидің шығу тарихы

Абстракт (аннотация)
Зерттеудің мақсаты: Әріптер мен әліпбидің шығу тарихын зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
 Әріптердің қолданысқа еңуін қарастыру;
 Қазақ әліппесінің атасы А.Байтұрсынұлы;
 Латын әліпбиіне көшу заман талабы;
 Зерттеу жұмысына сүйене отырып, ұсыныс жасай алу;
Зерттеу жұмысының болжамы:
Егер «Әріптер мен әліпбидің шығу тарихы» тақырыбына байланысты пікірімді толық жеткізе алсам, оны әрі қарай толықтырып, жұмыс жүргіземін деп ойлаймын. Әділ қазылар ғылыми жұмысымды құнды .....
Ғылыми жобалар
Толық

Қымыз: тарихы пайдалы қасиеттері мен қолдану жолдары

8 «А»сынып оқушысы Яковенко Жанна,Оспанова Жанна 9 «А» сынып оқушысы бірігіп «Қымыз:тарихы пайдалы қасиеттері мен қолдану жолдары»тақырыбындағы зерттеу жұмысында казіргі уакыттағы халық арасында күнделікті қолданыста ұмыт бола бастаған ұлттық сусынымыз қымыз туралы іздене келе, оның пайда болу тарихына токталған. Тарихты жаңғырту арқылы қымыздың жасалу жолдары мен емдік касиеттеріне мән берген. Қазақ ақындарының қымыз туралы айтқан өлеңдеріне шолу жасаған.
Ғасырдан ғасырға жалғаскаи заттай мәдениетіміздің.....
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батырлар

Кіріспе
Жонғар экономнкасының негізі орасан зор жайылымдық жер аумағында бытырап жатқан көшпелі мал шаруашылығы болатын. Халық саны бір миллионға жуық, сондай-ақ 0,5 миллион басқа халықтардың өкілдерінен құралды. Әкімшілік және шаруашылық бөлінісі ұлыс болды. Ол отоктардан, жастар мен ангалдардан тұрды. Оток , сонымен қатар әскери құрылым (хошун) болып та саналды. Жоңғарлардың әскери ұйымы ұйымы қазақ жасақтарының әскери ұйымының құрылымна ұқсас болды. XVIII ғасырдың басына қарай Жоңғарлардың негізгі қауымдары Торғауыттар мен дербенеттермен Тарбағатай, Монғол Алтайы Ертістің жоғары ағысы жаңындағы қолайлы жайылымдары алып жатты. Бұл жерде Коряков форпосына дейін қоныстанды Қара ертіспен оның салалары бойында, сондай – ақ Қобда өзенінің алқабында хойоттар тұрды. Чоростар Іле өзенің жоғарғы және орта ағысы мен оның салаларымен алқабын мекендеді.....
Курстық жұмыстар
Толық