Тарих | 1941-1970 жж. кеңес мектебі мен педагогикасы

Кеңес халқының фашистік Германияға қарсы соғысы көптеген материалдық күшті керек етті. Еңбекке жарайтын миллиондаған адамдарды бейбіт еңбектен бөлді. Соғыстың ауыр зардабы еліміздегі халық ағарту ісіне кеңес мектебінің өміріне әсер етпей қойған жоқ.
Сан мыңдаған жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер мен студенттер Кеңес Армиясы қатарына, халық жасақшыларына, партизандық күреске аттанды. Мұғалімдер мен оқушылар, колхоз бен совхоздағы ауыл шаруашылық жұмыстарына, металл сынықтарын, дәрі-дәрмектер жию ауруханадағы жаралыларға дәрігерлік жәрдем беру, әскер жанұяларына қамқорлық жасау жұмыстарына белсене араласты. Соғысқа жақын жерлердегі балалар тылға көшірілді. Жергілікті жерлерде ол балалар үшін үлкен қамқорлық жасалды. Мектеп-интернаттар ұйымдастырылды. Немістер уақытша басып алған жерлерде ондаған мың мектептер қиратылды және тоналды. Тек ғана РСФСР территориясында неміс басқыншылары 17 мыңдай, Украинада 20 мыңға жуық мектеп үйлерін қиратты. Онымен қатар мектептерде мұғалімдер жетіспеді.
Соғыстың алғашқы айларында мектеп мұғалімдері мен оқушылар қолына қару алып, өз Отанын қорғауға аттанды, олар өздері тәрбиеленген идеалына беріктігін, соғыста да, тылда да ержүректік пен ұйымшылдықтың және тәртіптің үлгісін көрсете білді.
Көптеген жасырын жастар ұйымдарды, олардың ішінде ерекше белгілі болған краснодондық “Жас гвардияны” ерекше атауға болады, олар фашист басқыншыларына жанқиярлықпен қарсы күресе отырып, ерліктің үлгісін көрсетті. Ондаған мың мұғалімдер мен оқушылар партизан отрядтарында күресті. Мысалы, бір ғана Беларуссияның партизан отрядтарында басқыншыларға қарсы 7 мыңнан астам мұғалімдер мен 30 мыңдай оқушылар қарсы күресті. Уақытша неміс фашистерінің басып алған жерлерінде Украинаның, Белоруссияның, Брянск, Псков және басқа облыстардың партизандық аудандарында мектептер кеңестік оқу бағдарламалары бойынша жұмыс істеуді жалғастырды.
Соғыстың алғашқы жылдарында шалғай тылдағы республика ретінде Қазақстанға күнбе-күн дерлік балаларды тиеген эшелондар келіп жатты. Бұлар майдан шебіндегі аудандардың балалары еді.
Соғыстың және экономикалық жағдайдың қиындығына қарамастан, партия мен үкімет-мектептер мен тәрбие мекемелерінің дұрыс жұмыс істеуі үшін ерекше қамқорлық жасалды. Мектеп үйлерінің, оқулықтар мен оқу құралдарының жетіспеуіне, мұғалімдердің жүктемелерінің ауырлығына байланысты туындаған көптеген мәселелер шешіліп отырылды. Соғыстың алғашқы жылдары ер мұғалімдердің негізгі бөлігі әскерге алынды. 1941 жылдың өзінде Белоруссиядан 10 мың мүғалімдер, Грузиядан 7 мыңнан астам мқғалімдер армия қатарына алынды. Соғыс астындағы аудандар мен тылдағы көптеген мектептер госпитальдерге, казармаларға, әскери-шақыру бөлімдеріне айналды.....
Рефераттар
Толық

Тарих | 1938 жылғы Мюнхен шиеленісі

1936 жылы Гитлер германдық бас штабына Австрияны оккупациялау жоспарын тағайындауға бұйрық берді. Бұл операция «Отто» деген атқа ие болды. 1937 жылы 5-қарашада Гитлер қарулы күштер басшыларына өзінің алдағы жоспарларын мәлімдеді. Германия алдында өзінің «өмірлік кеңістігін » кеңейту мәселесі тұрды. Ол оны Шығыс Еуропа – Польша, Белоруссия, Украинада таба алды. Осы мақсатқа жету үшін үлкен соғыс ашу қажеттілігі туды, ал ол сол аудандарда тұратын халықтың қырылуына алып келетін еді. «Майн Камфта» айтылғандай, Тафтон нәсіліне жататын елдерді рейхқа біріктіруден басқа Гитлерде Австрия республикасын қосып алудың екі себебі болды. Австрия Германияға Чехословакия мен оңтүстік-шығыс Еуропаға жол ашты. Вена басшылары кабинетіне австриялық ұлтшылдық партиясын кіргізу арқылы Австрия саясатын өз бақылауына алу сәті келді деп есептелінді. 11-наурызда Гитлер мен Галифакстың кездесуі өтеді. Англия Германияның Гданьск, Чехословакия және Авсрияны жаулап алуына рұқсат берді. Ағылшын үкіметі ағылшын-герман қарама-қайшылықтарын қандай-да болмасын амал-тәсілдер арқылы шешуді қалады. Гитлер Шушнигтен қамаудағы ұлтшылдарға амнистия беру және Австрия үкіметі басына ұлтшыл Зейнс-Инквартты қоюды талап етті. 12-наурызда Германия қоршауға алды. 13-наурызда Австрияның Германияға қосылуы жариаланды. Муссолини Австрияның аншлюсін мойындауына тура келды. 1938 жылдың сәуірінде Англия, Франция, АҚШ Австриямен барлық дипломатиялық қарым-қатынастарды үзіп, оның аншлюсін қабылдады. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | 1929-1933 ЖЖ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС

Дағдарыс 1929 ж. Қазандағы Нью – Йорк фондылық биржасында миллиондаған акциялардың бағасының миллиардтаған долларға кеміп кетуіне байланысты үрейден басталды. Бұл бағалы қағаздар рыногігің апатқа ұшырауы еді. Акциялармен биржалық алып – сатушылық және олардың курсын 1928 – 1929 жж. Экономикалық серпіліс кеіндегідей жасанды түрде асыру осындай салдарға алып келетіні күмәнсіз еді. Бірақ биржа апаты терең экономикалық дағдарыстың тек сыртқы көрінісі ғана болды.
Экономикалық циклдің міндетті кезеңі болып табылатын экономикелық дағдарыстардың ең басты себептерінің бірі - өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе – теңдіктің бұзылуы болып табылады: шығарылған тауарлар рыногіндегі ұсыныс оларға деген төлем қабілеті – сұраныстан асып кетеді. Тауарлар жатып қалмасын деп өндірушілер әдетте дағдарыс кездерінде бағаны кемітеді, өндірісті азайтады, жұмысшыларды қысқартады, капитал салымын кемітеді. Өндірісті рыногтің тарылғын көлеміне дейін теңестіру циклдік дағдарыстан автоматты түрде шығудың алғашқы адымы болып табылады. Бұл бұрын болған экономикалық дағдарыстарға тән көрініс болатын. Бірақ 1929 – 1933 жж. экономикалық дағдарыс ерекше болды.
Дағдарыстан шығудың автоматтық механизмінің «істемей қалуы» көп жағдайда капиталистік шаруашылықтың құрылымының өзгерістерімен байланысты болды. Капитал мен өндірістің аса ірі бірлестіктерде шоғырлануы ірі бірлестіктерге олардың өндіріске монополиялықтарына байланысты бағаны төмендетпей, бір мезгілде өндірісті қысқатуға мүмкіндік берді. Дағдарыстың аса ұзаққа созылуы дағдарыстан автоматты түрде шығудың дәстүрлі рыноктің механизмнің бұл жағдайда істемейтіндігін, сол себепті мемлекеттік реттеу механизмінен толықтырылуы тиіс екендігін көрсетті. Халықаралық тауар алмасу процестеріне кедергі келтірген қолдаушылық саясаты да дағдарыстан шығуды қиындатты.
XX ғ бірінші үштігінде жасалған жаңа техника мен технологияның жаппай өндірісті қамтамасыз етуге мүмкіншіліктері бар болатын. АҚШ – та жаңа дәуірдің белгісі автомобиль шығару болды. Жаппай өндірісті бастау үшін жаппай сатып алушы, жаппай тұиынушы қажет. 1929 – 1933 жж. дағдарыста дәл осы өндіріс пен тұтынудың, ұсыныс пен сұранымның арасындағы сәйкессіздік көрініс тапты.
Ақырында, дағдарыс бұрын болып көрмеген мөлшерде тұрақты жаппай жұмыссыздық туғызды, миллиондаған адамдар үшін аштық, бүліктер мен көтерілістер қауіп төндірді, яғни әлеуметтік мәселелер шиеленісе түсті.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың аса маңызды ерекшелігі циклдік дағдарыстың ұзақ мерзімдік құрылымдық дағдарыспен тура келуінде болды. 30 жж. циклдік экономикалық дағдарыс әдетте әрбір 101 – 15 жылда бір рет келетін құрылымдық дағдарысқа тура келді. Орыс ғалымы Н.Д.Кондратьев 20 жж. өзінде – ақ экономикалық дамудағы «үлкен циклдкр» немесе «» теориясын тұжырымдаған болатын. XX ғ аса ірі экономикалық және саяси сілкіністері экономикадағы «ұзын толқындар» теориясының дұрыстығын дәлелдеп берді.
Экономикада «ұзын толқындар» деп ұзақтығы шамамен алғанда 48 – 55 жылға созылатын экономикалық белсенділіктің оқтын – оқтын ауытқып тұруын айтады.....
Рефераттар
Толық

Тарих | 1925-1933 жылдар арасындағы халықаралық қатынас

ХХ ғасырдың 20 - жылдарында мемлекеттер арасында өткізу нарықтары үшін күрес, және Таяу Шығыстағы шикізат көзі үшін күрес басталды. Англия дипломатиясының мақсаты - Таяу Шығыс территорияларын бақылау және француздардың әсерінен босату болды. Англия француздарды Сириядан шығаруға тырысты. Сондай-ақ, Франция арабтардың Англияға қарсы болуын қолдап отырды. Оларды қолпаштап отырған болатын. Иракта өз мандатын сақтап қалу мақсатында Англия ағылшын - ирак келісіміне қол қойылуына қол жеткізіліп, 1924 жылы қабылданды. Келісім Англияның Орта Шығыстағы орталық ауданында үстемдігін берді. Ал Ирак Үндістанға, Мосул мұнайына және Мысырға өтер жолды жауып тұрды. 1922 жылы - ақ Англия Мысырдын тәуелсіздігін ресми түрде мойындады. Ал Суданда Египет - Судан мемлекетін құруды талап ететін шиеленіс болғанда, Лондонда Макдональд пеп Мысыр үкіметінің басшысы Загул-Паша арасында келіссөздер өткізіле бастады.

Мысырдың ағылшын әскерлерін өз территориясынан шығаруды талап етуі; ағылшын кеңесшілерінің төмендетілуі, Мысырдың сыртқы саясатындағы еркіндікті, Мысырдың Суданға құқығын мойындауды талап етулері толығымен ескерілмеді. 1924 жылы 6 қарашада Булупд үкіметіне Чемберленнің келуі ағылшын - мысыр қарым-қатынастармен мүлдем бұзып жіберді. Бұл кезде 1925 жылы Мароккода Риф облысында жаңа толқулар болды. Оның қатысушылары Риф мемлекетін өз еркімен құрды. Испандықтарға қарсы Риф тайпаларының соғысы ұзаққа созылып, экономикалық саяси дағдарысқа әкелді. Испания диктаторы Пимо де Ривьера Франциядан көмек сұрады. Мароккоға жіберілген француз әскері 1926 жылы көтерілісті басты. Ағылшын дипломатиясы Францияның ішкі істеріне араласпады. Әскери қимылдардың Танжерге ауыспағандығынан қорықты. Сол себепті ол Франциямен Мысыр және Таяу Шығыс мәселелерін шешуге асықты. Одан кейін Англия Рим мемлекетін отарлауға көмектесті. Бірақ Риф мемлекеті Испания астында қалды. Рифтермен бір уақытта Франция Сирия друздармен соғыс жүргізуге мәжбүр болды. Көп өтпей -ақ друздардың көтерілісі кең етек алып, бүкіл мемлекетке жайылып екі жылдай уақытқа 1927 жылдың күзіне дейін созылды. Англия Сириядағы соғысты Шығыста өз мәселелерін шешу үшін пайдаланды. 1924 жылы Ұлттар Лигасының отырысында Англия өкілі Эмери Ирак парламенті атынан Ирак үстіндегі мандатты ұзарту талабымен шықты. Келесі жылы Ұлттар Лигасы одағы Туркияның қарсылығына қарамастан Иракқа

Мусоль ауданын берді. 1927 жылы Ұлыбритания мен Ирак арасындағы келісім барысында,Иракты тәуелсіз мемлекет етіп мойындады.....
Рефераттар
Толық

Тарих | 1917-1941 ж.ж.кеңес мектебі мен педагогикасы

Халық ағарту ісінің барлық жүйесін қайта құру революцияның алғашқы күндерінен басталады. 1917 жылы 9 қарашадағы декрет бойынша, Ағарту ісінің мемлекеттік комиссиясы ұйымдасты, ол негізінен халыққа білім берудің жаңа жүйесін құрудың негіздерін талдаумен айналысты.
Халық ағарту комиссары А.В.Луначарский (1875-1933) жұртшылыққа мұғалімлерге және оқушыларға үндеу тастады. Бұл үндеуде ол халық ағарту саласындағы Кеңес үкіметінің негізгі қағидалары мен міндеттерін сипаттан берді: жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқыту, мектептердің барлық сатыларында жалпы білім алуға болатындығы, мектептің діні болуы, білім беруді демократияландыру, жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескеру.
Халық ағарту ісін басқарудың ескі жүйесін тарату басталады. 1918 жылдың 18 маусымында Халық Комиссарлар Кеңесі “Ресей Социалистік Кеңес Республикасында халық ағарту ісін ұйымдастыру туралы ереже” қабылданды, ереже бойынша республикада халыққа білім беруді жалпы басқару халық ағарту Мемлекеттік комиссиясына жүктеледі, ал жергілікті жерлерде губерниялық, уездік және болыстық халыққа білім беру бөлімдеріне. Халыққа білім беру бөлімдерінің жанынан білім беру кеңестері ұйымдастырылды, еңбекшілердің әртүрлі ұйымдарының өкілдерінен, мұғалімдерден, оқушылардан тұратын кеңесші органдар болып табылады.
1918 жылы 30 мамырда барлық оқу орындары мен жалпы білім беретін мекемелерді Халық ағарту комиссариатының қарамағына беру декретке қол қойылды. Барлық жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындарын Халық ағарту комиссариатының қарамағына жинақтау мектеп реформасының бірлігін қамтамасыз етеді. 1918 жылы 20 қаңтарда Халық комиссарлары кеңесінің “Шіркеулік және діни қоғамдарда ар-намыс еркіндігі туралы” декрет қабылданды. Онда шіркеуді мемлекеттен және мектепті шіркеуден бөлуді жариялады. Бұл декретте ар-намыс еркіндігі жарияланды, белгілі бір дінге қатысына байланысты кез-келген шектеушілік пен жеңілдіктер алынып тасталды; әрбір адамның кез-келген дінді ұстауға немесе ешқандай ұстамауға еркі бар екендігі атап көрсетілді. Декрет барлық мемлекеттік және қоғамдық, сонымен қатар жекеменшік оқу орындарында діни қағидаларды оқытуға тиым салынды. І Бүкілресейлік халықағарту съезінде (25 тамыз – 4 қыркүйек 1918 жыл) екі сатылы бірыңғай мектептің жүйесі мақұлданды: І сатысы - 5 жыл және ІІ сатысы – 4 жыл; бұл екі сатысы бірігіп, тоғыз жылдық жалпы білім беретін орта мектепті құрады. Кеңес үкіметінің жоғарыда көрсетілген декреттері мен шаралары контрреволюциялық элементтер – буржуазиялар, помещиктер және буржуазия зиялылары тарапынан ерекше қарсылықты кездестірді.....
Рефераттар
Толық

Тарих | БӨКЕЙ ОРДАСЫ ТАРИХИ МУЗЕЙЛІК КЕШЕНІ

Кең байтақ қазақ даласының батыс бөлігінде орналасқан шежіресі бай, табиғаты сұлу өлке - Бөкей ордасы ауданы. XIX ғасырда мәдениет, өнер, білім, орталығы болған ғажайып өлкенің тарихы тереңнен бастау алады.
1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп - қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 жылдың 11 наурызында "Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұрапы хан ұлын езіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын" деген жарлық рескриптісін шығарады. Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылмен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады.
1806 жылдың 19 мамырында Патшалық Үкіметтің арнайы жарлығымен хандықтың территориялық көлемі 6500 мың десятина болып бөлінді. Жарлықта: "Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтарға үлкен және Кіші өзендерінен Богда тауларына дейін, одан Чапчачи арқылы Дудацк немесе Телепнев ватагаларына және теңізге дейін көшуге рұқсат беріледі" деп көрсетіледі.
1808 жылы 17 шілдеде Бөкей хандығы Астрахан әскери губернаторының және Орынбор шекара комиссиясының қүзырына бағынышты болып бекітіледі.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы иснтитутына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | БУМЫН ҚАҒАН

Бумын қаған (? – 552 ж.) - түркілердің өздері «Мәңгі ел» деп атаған әйгілі Бірінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі. Оның алғаш тарихқа танылуы түркі еліне Батыс Вей империясының елшілерінің келуімен тікелей байланысты. Бұл кезде түркі елі Жыужән қағанатының құрамындағы, соларға темір кенін өндірумен айналысатын бодан ел болатын. Бумынның бұл кездегі билік лауазымы ұлы йабғу (даиеху). Оған ол түркі елінің басшысы болған әкесі Ту (Туву) өлгеннен кейін, мұрагерлік жолмен ие болған.
Кезінде хатталып, қағаз бетіне түспегендіктен, Батыс Вей империясынан елші келгенге дейінгі түркі елінің де, оның басшысы Бумынның да тарихы белгісіз. Сондықтан да болар тарихшылар ортағасырлық түркілердің тарихын, шартты түрде, осы елшілер еклген да тун жылнамасының он бірінші жылынан, яғни 545 жылдан бастайды.
Елшінің келген мақсаты түркілердің Батыс Вей империясының бақталасы Шығыс Вей империясының одақтасы болып отырған Жыужән мемлекетіне қарсы қойып, қарсыластар күшін әлсірету әрі оларды күресте өздерінің жақтасы ету болатын. Бумынның аса ірі саясаткер, көреген басшы екенін танытатын тұс та, міне, осы кез. Ол алып империяның айдапсалына елігіп, билікке таласушылардың қол шоқпарына айналмай, өз саясатын жүргізе біледі.
Асылы, Бумын өзін империя қолдайды екен деп, аңдаусыз аяқ басудың апатқа ұрындырарын мейлінше ұққан сақ жан. Жылнамалар жеткізген тапшы деректер осыны дәлелдейді. Ол Батыс Вей секілді империяның қолдауын пайдаланып қалайын деп, телылар сияқты жанталасып, бірден атқа қонбайды. Батыс Вейдің елшісі кеткеннен кейін оларға өзінің елшісін жіберіп, бар жағдайды өз адамдары арқылы толық біліп алады. Күресте көмектеседі деген империясының өз көмегіне зәру мүшкіл хәлін көреді. Азаттық күресінде тек өз күшіне ғана сүйену керектігін, қазіргі жағдайында қыздырманың тіліне еріп, қарсы шыққанменен, дәуірлеп тұрған жыужәндарды жеңуге шамасы жетпейтінін түсінеді. Сол себепті де ол ешкім күтпеген әрекетке барып, жыужәндарға қарсы жорыққа аттанған телы тайпаларын қолдау орнына, оларға тосыннан тиісіп, бүкіл елін өз қарауына қосып алады.
Бұл ретте «Жыу кітабы» (Жыушу): «Осы кезде (546ж.) телылар жыужәндарға қарсы жаза жорығына шығады. Тумын (Бумын) өзіне қарасты тайпаларды бастап, оларға орта жолда бүйірден тиісіп, талқанын шығарады. Сөйтіп 50 мың түтіндік бүкіл елін бағындырады» деген дерек береді. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Бұрындық хан

Бұрындық хан – Керей ханның үш ұлының бірі. Бұрындықтың қашан дүниеге келгені белгісіз. Орта ғасырлардағы жазба деректердің үзік-үзік мәліметтеріне сүйене отырып, оның өмірінің 40-50 жылдық кезеңін қалпына келтіруге болады.

Бұрындық ханның өмірі Қазақ хандығы тарихының алғашқы дәуірімен тығыз байланысты. Сондықтан да хандық тарихындағы ірі оқиғалар мен дамулар оның өміріндегі белестер болып есептеледі. Жазба деректердің өте тапшылығына қарамастан, Бұрындық хан өмірінен бірнеше белесті айқын көруге болады.

1. Оның Қазақ хандығы құрылуының екінші кезеңдегі атқарған рөлі, бұл шамамен 1469-1472 жылдарда болған;
2. 1472-1473 жылдардан XV ғасырдың 90 жылдарының ортасына дейін, қазақ хандығының батыста ноғай мырзаларымен және оңтүстікте Сыр бойы қалалары мен өңірлері үшін күрестегі атқарған рөлі;
3. XV ғасырдың 90-жылдарының ортасынан XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығы ішіндегі Қасым сұлтанмен арадағы қайшылықтар, Шайбани ханмен одақтасу, қазақ қоғамындағы беделін жоғалтып, елден кетуі.

Бұрындықтың хандықтың құрылу үрдісіне қатынасуы 1469-73 жылдардағы оқиғалардан көрінеді. Осы жылдары Қазақ хандығына қатысты мынандай оқиғалар болған еді: 1469 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанның батыс жағындағы Қазақ хандығына қарсы жорық ұйымдастырып, сол жылдың қараша-желтоқсан айларында орта жолда қайтыс болды. Орнына екінші ұлы Шайх-Хайдар отырады. Оның билігі туралы деректердің бәрі оң баға бермейді. «Тарихи Кипчакидің» авторы Ходжамқұлы-бек Балхи оның жеке басына мынадай сипаттама береді: «Ол жұмсақ мінезді және жігерсіз адам болатын, басқару ісіне өз бетінше қадамдар жасауға қабілетсіз еді» (XV-XVIII ғ.ғ. Қазақ хандығы тарихының материалдары.- Алматы, 1969.- Б.393). Осыны пайдаланып Әбілқайырдың кешегі жаулары әр тараптан жорықтар жасай бастайды. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Бұхар жырау жырларының көркемдік ерекшелігі


18-ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі өкілі, жырау-Бұхардың шығармаларының көркемдік ерекшелігі туралы айтпас бұрын жыраудың сол өзі өмір сүрген дәуірде көтерген мәселелері, жырлаған тақырыптары туралы зерттеуші-ғалымдар мен әдебиетшілердің пікірін келтіріп өткен жөн. Өйткені жырдың тақырыбын білмей тұрып, оның көркемдік ерекшелігін ашып көрсету мүмкін емес.
Әдебиет тарихын зерттеушілердің айтуынша 18-ғасыр – қазақ поэзиясының кең өріс алған тұсы. Бұл, бір жағынан, әріден келе жатқан жыраулық дәстүрдің одан әрі дамып, жаңақырларынан көрінген кезеңі болса, екінші жағынан, ақындар мектебінің күш ала бастаған шағы болды.
“18-ғасыр қазақ қоғамы үшін, Ш. Уәлихановтың сөзімен айтсақ,қан жосыған ішкі-сыртқы жорықтар мен ұрыстардың заманы болды.Әсіресе өзінің елдік дербестігін сақтап қалу үшін ханнан бастап қарашаға дейін ат үстінде жүрген жаугершілік заман еді”- дей келе академик, профессор Р.Сыздықова 18-ғасырдағы поэзияның басты тақырыптары ретінде:
1.Ел қорғау, яғни елдік-ерлік тақырыбы;
2.Әлеуметтік-қоғамды суреттейтін жаңа соны тақырып;
3.Дінге, мұсылман дініне қатысты мәселелер
-сөз болғандығын айтады.
Ал енді Бұхар жырау шығармашылығына келсек, жоғарыда аталған тақырыптардың бәрін оның творчествосынан кездестіреміз. Оған дәлел Бұхардың: “Ей, айтшы, Алланы айт”, “Ақтың үйі мешіті”, “Ханға жауап айтпасам”, “Айналасын жер тұтқан” және т.б толғаулары жатады....
Рефераттар
Толық