Тарих | XV ғасырдағы тарихи жағдай Керей мен Жәнібек

XV ғасырда қалыптасқан саяси-тарихи жағдайлар қазақ халқының ұлттық мемлекет болып құрылуына елеулі ықпал етті.Қазақстан жерінде шаруашылықтың дамуы көшпелі мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысатын аймақтарда айқын байқалды.Шаруашылықтың түрлі саласында өзара байланыстар нығая түсті,қолайлы жағдайлар қалыптасты.Тілі,материалдық және рухани мәдениеті жағынан өзара жақын этникалық топтардың бір-бірімен тығыз қатынасы орнады.Қазақ тайпаларына өз жерінде көз алартып,зорлық-зомбылық жасаушыларға ұзақ,әрі табанды қарсылық көрсетіп,тойтарыс беруге ұмтылыс көрініс таба бастады.Қазақ,қырғыз,ноғай,ішінара өзбек,ұйғыр,қарақалпақ халықтарының қандас-туыстық ынтымағы қалыптасып,нығая түсті.
Дегенмен,қазақ тайпаларының жекелеген бөліктерінің бірнеше саяси бірлестіктерге-мемлекеттерге кіруі туыстас этникалық топтардың бытырап кетуіне алып келді.Саяси және экономикалық байланыстардың үзілуіне әкеліп соқтырған үздіксіз жүргізілген соғыстар,рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас-тартыстар мұндағы халықтардың бірігіп нығаюын тежеп отырды.Дәл осы кезде іс жүзінде біртекті халыққа айналып отырған қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды.
Бұл міндеттердің шешілуі үшін қазақ хандығын құру нақты мүмкіндік туғызды,сәтті тарихи жағдайлар қалыптасты.Қазақ халқының бірігуінің,құрылуының іс жүзінде аяқталуына мүмкіндік туды.Бұл жағдайлар Қазақ мемлекетін яғни хандығын құрудың негізгі себептерімен алғышарттары еді. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қиыр Шығыстығы халықаралық жағдай

Ағылшын - герман антогонизмнің өрлеу шағында, Қиыр Шығыста да қиын-қыстау кезең туындаған болатын. 1884 жылы Жапонияның Кореяны отарға айналдыру үшін жасаған төңкерісі және 1884-1885 жылдары қытай - француз соғысы осы аймақта жаңа шиеленістердің басталғанын көрсетті. Мұндай тоқыраудың тууына себеп болған: жапон капитализмінің өркендеуі және оның феодалдық-милитаристік элементерінің ықпалға ие болуы.

Жапонияның билеуші табы Кореяда Қытайдың билеуіне төзе алмай, Микадо үкіметі бұл елді басып алуды жоспарлады.

1894 жылға қарай саудамен айналысқан 20 мың жапондық Кореяға табан тіреді. Жапон капиталы үкімет қолдануына сүйене отырып, Корей нарығына тереңдей енуді көздеді. Алайда, бұл ұстанымдар орындалмай, 80-жылдары Жапонияға қарағанда Қытай үлесі артты.

Феодалдық қатынастардың құлдырауы жэне шетел капиталының енуі таптық күрестің өрши түсуіне әкелді. 1893 жылы Кореяда шаруалар көтерілісі бұрқ етіп, Тонхаютар сектасы елдегі келеңсіздіктерде басқарьш отырды. Сеулдегі бас резидент Юань Шикай Корей Сарайына көтерілісшілер әскерін мойындауға шақырды. 1994 жылы 5 маусымда ол Солтүстіктің істері жөніндегі кеңесші Ли Хун-Чжанға тез арада бүлікшілерді басуға әскер жіберді.

Қытай бұл ұсыныстан бас тартты, ал реформаларды Корея өз жасауы тиіс деп жариялады. Ал Жапония болса, өз әскерін эвакуациялай алмайтынын айтты. 1894 жылы 9 мамыр көтеріліс ошағынан таяу маңда Қытай әскері қоныстана бастады. Жапонияда осы уақытта өкімет басында Ито Хиробулли кабинеті тұрды.

9 маусымда Корея астанасы жапон әскерінің қолына көшті. Сеулдің оңтүстігінде орналасқан Қытай іскеріне шабуылға аттанды. Корея және Қытай тығырыққа тіреді. Жапония өкіметі 14 маусымда жиналыс өткізді. Тонханилерді бірге басып, Жапон, Қытай комиссиясы реформа, Корея үкіметін тазалау туралы ұсыныстар жасалды. Бұл жағдай жүзеге асса, Жапония мен Қытай бірігіп, Кореяны қамқорлыққа алар еді. Қытай үкіметі

Жапонияның ұсынысын қабылдамай, Кореядаға көтерілістер тоқтатылды деп жариялады. Қытай өз әскерін Кореядан әкетуге міндеттелді. Ал Жапония өз әскерін эвакуациялауы туралы ойлары жоқ екенін айтты. 13 шілдеде Муцу Оториге тағы бір құжат жіберілді. Онда: «Қазіргі таңдағы біздің басты міндетіміз Қытай мен Жапония арасында қақтығыстарды тездету» - делінген. Англия мен Ресейдің Қиыр Шығыстағы саясаты. Ли Хун-Чжанның Еуропа державаларының бұл іске кірісуі негізсіз болмады. Қытай мен Кореядағы Англияның ықпал аймағының кеңейюі және Ағылшын буржуазиясының бұл елдердің капиталына үстемдік еткісі келуі басқа да бақ таластарды болдырмауға тырысты. Англия бүкіл Қиыр Шығысты өзіне бағындырғысы келді және ірі капитал орындары мен ірі металлургияны өзіне қаратуды ойластырды. Мұндай саясатты жүзеге асыруға Ұлыбританияның гегемондығымен жүзеге асқан Жапон - қытай одағы көмегін тигізді.

Англияға сонымен қатар, Жапонияның сауда бақталастығыда әсерін тигізді. 80-жылдардың аяғы мен 90 - жылдардың басында ол ағылшын капиталын біршама артқа сырып тастаған болатын. Әсіресе, Ланкаширдегі тоқыма фабрикасына, Гонконгтегі көпестерге, Шанхай сеттльменттеріне ауыр тиді. Англияның Қиыр Шығыстағы қызығушылығы 1889 жылғы Лондонда жарияланған «Қытай ассоциациясы» атты саяси құжаттың жариялануынан кейін арта түсті.

Англия күшті позицияны Кореяда ұстанды. 1885 жылы Корея үкіметі кедендік қызметке ағылшындықтарды тағайындарын мәлімдеді. Корея импортында Ағылшын тауарлары бірінші орында тұрды. Жапонияның Кореяны жаулап алуы осы елде Англияның ықпал етуін тоқтатуға жол ашар еді.

Қытайдың билеуші органдарында жасалған саяси бағытқа наразылық туындады. Император Гуансюй және оның жақтастары Жапония мен соғыс туралы ойлар тастады. Оған қарсы «Солтүстік үндеу» лидері Ли Хун - Чжан Қытай соғысқа дайын еместігін мәлімдеді. Үмітті Батыс державаларына артты. Қытай өкіметімен жүргізілген саяси сызық осы екі топтың қақтығысынан туындады.....
Рефераттар
Толық

Тарих | XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы Латын және Солтүстік Америкадағы халықаралық қатынас

XIX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған экономикалық және әлеуметтік проблемалар (капитализмнің қарқынды дамуының салдарлары) АҚШ-тың сыртқы саясатының және халықаралық мәселелерге қатынасының өзгеруіне әкеліп соқтырды. Ірі кәсіпкерлер шикізаттың жаңа көздері мен өнімді және шикізатты шығарудың жаңа рыноктарын белсенді түрде талап етті. Рыноктарды қайта бөліске түсіру үшін күресті айналып қаша алмады.

Америка континентіндегі гегемонияны алу үшін АҚШ сол кезде өте танылған панамериканизм козғалысын (ол американдық мемлекеттердің қызығушылығының бірлігін уағыздаған) кең көлемде пайдаланды. 1869-1890 жылдары АҚШ алғашқы американаралық конференцияны шақырды. Онда 1910 жылы "Панамерикандық одақ" деген атауға өзгертілген жанында тұрақты коммерциялық бюро құрылған өзара - экономикалық ақпаратты алмасу мақсатында американ мемлекеттерінің Халықаралық Одағы құрылды.

АҚШ дипломатиясының әдеттегі құралы бұрынғы доктриналарды кеңейтіп талқылау болған. Бұл жағадй Олни доктринасымен де болды, оған сылтау болған Венесуэла мен Британдық Гвианасының Ориноко өзенінің сағасы үшін болған шекаралық дау еді. Ол үшін күрестің ушығуына бұл жерде табылған алтын қоры болды. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Р.Олнидің 1895 жылдың 20 шілдесіндегі сөзінде Америка территориясында еуропалық бақылаудың болуының еш мән-мағынасы жоқ деген. Бұл позицияны анықтау үшін Монро доктринасы сілтеме жасалынды. Нәтижесінде Ұлыбританияға АҚШ-тың талаптарын орындауға тура келді, оның қолдауын иелену үшін Венесуэла мен Британдық Гвианасының арасындағы шекара АҚШ-тың қызығушылықтарын ескеру арқылы жүргізілді, Америка Құрама Штаттары ерекше белсенділікті Қиыр Шығыста да жүргізді. Олар Жапонияның агрессиялық саясатын қолдап, бәсекелестерін әлсіздендіргісі келді. 1876 жылы Кореяда тең емес келісімге қол жеткізген Жапониядан соң Америка Құрама Штаттары 1882 жылы сол аймақта өзінің азаматтары үшін сауда, өнеркәсіп, теңізде жүзу, құқықты жағдайының жағымды жағдай жасауға қол жеткізді.

Америка Құрама Штаттары Қытайға еніп, ондағы еуропалық державалардың ықпаларының өсуіне кедергі жасауға тырысты. 1884 жылы Америка Құрама Штаттары Гавай аралдарында Перл-Харбор әскери теңіз базасын орнатты. Америка Құрама Штаттары кәсіпкерлері Гавай экономикасында басты рөл атқарды, әсіресе қант өндіруде. 1893 жылы Америка Құрама Штаттары елшісі бастаған бір топ плантаторлар Гавайда патша-әйелді тақтан түсіріп, онда қуыршақ үкімет құрды, ол үкімет келісімге қол қойылғаннан кейін бір ай өткен соң Гавайды АҚШ-тың құрамдас бөлігі деп таныды, бұл аннексия 1898 жылы заңды түрде бекітілді.

Америка Құрама Штаттары Самоа аралдарын да жаулап алмақшы болды, бірақ онда Англия мен Германияның қарсы әрекетіне тап болды. Нәтижесінде 1889 жылы үш державаның кондоминимумы орнатылды, бұл АҚШ-тың Тынық мұхит суларындағы тағы бір базасын ....
Рефераттар
Толық

Тарих | XIX ғасырдың 70 жылдарындағы халықаралық қатынастар

Ресей мен Англияның Батыс Еуропа континентіндегі германдық гегемонияға бірігіп қарсылығы Азиядағы осы екі державаның қақтығысына қарамастан, 1875 жылы жүзеге асырылды.

ХІХ ғасырдың I жартысында британдық үкімет осы бөліктегі ағылшын-орыс қарым-қатынасына өзінің түсінігін білдірген. Ағылшындық нұсқауына сай, Ресей Үндістанның көптеген облыстарын бірінен кейін бірін жаулап, үзілместен шабуылдап отырған. Орыс саясатының басты мақсаты осы елді жаулап алу болды. Бірақ, бұл тек қана таза ой болды.

Англия өзінің үнділік иеліктерін қорғап, сонымен қатар Осман империясына қол сүғылмаушылықты бақылап отырды. Себебі, ол Еуропадан Үндістанға көпір болып саналды. Бұл нұсқау көптеген ағылшын көк кітаптарында және парламенттік дебаттарында дамып отырды. Оны көптеген атақты публицистер Уркварт, ал кейін Роулинсон алды және көптеген тарихи кітаптардың авторларымен шеңгерілген болатын. Оның ықпалы Англияның шегіне дейін тараған.

Бұл нұсқау тенденциялы болды. Бірақ, жағдай бұлай болған емес, Ресей тек қана шабуылдады, ал Англия тек қорғанды. Орталық Азиядағы қарама-қарсы екі экспансия кездесті. Ресей де Англия да шабуылдаушы саясатты жүргізді, сонымен қатар екі держава бір-бірінен сескенді.

Таяу Шығыстағы жағдай басқа күйде болмады, екі держава Константинопльде өздерінің ықпалын орнатуға тырысты және осы мақсатты жүзеге асыруда бір-біріне кедергі жасап отыруға тырысты. Ресей бұғаздарында бақылау орнатуға тырысты, сонымен қатар Қара теңізден британдық қолға өтуге мүмкіндікті бермеуге тырысты.

Орыстардың да, ағылшындардың да Орталық Азияда жаулаушылықтың, стратегиялық ойлар мен саудаға байланысты қызығушылықтар, сонымен қатар әскери күшінің демонстрациясы арқылы жауланған елдерінде өзінің билігін нығайтуға тырысты. Үндістанда британдық отарлаушылар халықтық көтерілістерден сескеніп, үнемі қорқынышта болды. Қандай да болмасын шетел әскерінің жақындауы халықтың наразылығын келтіреді деп санады. Бұл сонымен қатар ағылшын ықпалының таралуын тудырды, Персияда, Ауғанстанда, Қытайда көрші аудандарына және Бирмада толық билік ету мүмкіндігі болды.

Кейіннен, орыс өнеркәсібі үшін ортаазиялық мақта үлкен маңызға ие болды.

Ресейге қосылу отарлық режимінің орнауына әкелді. Ол орыс капитализмі кеңейіп өсуіне жол ашты және Ресей "ескірген бөлімінің" яғни, өзіндік держава мен феодалдық өкілдердің болуын ұзартуына әкелді. Осылайша, Орталық Азияға қосылу патшалықтың, орыс әскери-феодалдық империализмнің кеңеюі буржуазияның да қызығушылығы мен пайдалылығын тудырды. Келесі жылдары осыған мақта базасының ұйымдастырылуы қосылды.....
Рефераттар
Толық

Тарих | XIX ғасырдың 40 60 жылдар аралығындағы халықаралық қатынастар

1848 - 1849 жылдар аралығындағы революция жеке мемлекеттер ішіндегі реакцияға ғана қарсы емес, сонымен қатар, монархиялық Еуропадағы халықаралық қатынастар жүйесіне де қарсы болды. 1848 жылы «веналық жүйе» жаңа соққыға тап болды.

1848 жылғы революцияның Германия мен Италия үшін басты мәселесі, осы елдердің феодалдық езгіден босату және осы елдерді біртұтас ұлттық буржуазиялық мемлекетке айналдыру болды. 1848 - 1848 жылдар аралығындағы революция Венгрияның австриялықтардың қол астынан азат етілуіне және Габсбургтер империясын құлатуға әкелер еді. 1848 жылғы Польшадағы революция Польшаны қайта қалпына келтіру проблемасын қайта туындатар еді.

1848 жылғы буржуазиялық - демократиялық революцияға қарсы реакциялық таптар мен оның үкіметі қарсы шықты. Әрбір мемлекеттердің феодалдық - абсолюттік реакциясы революцияға қарсы қозғалысқа бірігіп шықты және де осы қақтығыста дипломатия соңғы орында еместігі көрінеді.

1848 - 1849 жылғы революция дамыған жұмысшылар табының қолында жүруі еуропалық дипломатияға өзінің үлкен әсерін тигізді. 1848 жылға дейін британдық буржуазия барлық революциондық салттардан бас тартты, әсіресе, жұмысшы таптан сескенді. Англияның буржуазиялық — демократиялық плутократиясы реакцияның ең басты, ең маңызды қорғаны болды.

Азияда Пальмерстонның басшылығымен британдық үкімет және басқа да британдық буржуазиялық лидерлері агрессия саясатын жүргізді, ал Еуропада Балқан жартыаралы халқына Түрік сұлтандарының езгісін қолдаған. 1848 - 1849 жылдары Англия өзінің ақшасын, флотын және дипломатиясын революциялық - демократиялық қозғалыстың сәтті жүруіне кедергі келтіру үшін және еуропалық халықаралық жағдайдың өзгерулерін минимумға дейін жеткізу және де отарлық экспансия үшін бостандықты сақтауға қолданды.

Бірақ, 1848 - 1849 жылдардағы халықаралық қатынастардың мазмұны тек қана революциялық және контрреволюциялық күштердің арасындағы қақтығыспен сарқылмады. Дипломатиялық келіссөздерге орыс -ағылшындық және ағылшын - француздық қарама - қайшылықтар өзінің үлкен әсерін тигізді. Сонымен қатар, ұлттық және агрессивті буржуазияның талпынысы үлкен басты маңызға ие болды. Еуропа державаларының Шлезвиг - Гольштейн мәселесіне және 1848 жылғы Германияның ұлттық бірігу проблемасына деген қатынасы. 1848 - 1850 жылдары бүкіл ұлы державалар - Англия, Ресей, Франция, Австрия жэне Пруссия Германияның революциялық бірігуіне қақтығыстарында үйлесімге келді. Бұл германдық проблеманы шешу жолы еуропалық және сонымен қатар германдық реакция ушін де қажет болмады. Австрия мен Пруссияның қақтығысында және Англия үкіметінің, Германияның, Ресейдің және Францияның феодалдық езгілерін сақтап қалу және Еуропада өздерінің саяси үстемдігін сақтау мәселесі көзделді.....
Рефераттар
Толық

Тарих | XIII-XIV ғғ. Қазақ мәдениеті

Тарих толқынында қазақ әдебиеті үшін жарқын белестерге толы бір кезең XV-XVIII ғасыр әдебиеті. XIII-XIV ғасыр моңғол шапқыншылығы зырдаптарынан бас көтеріп, жаңа заман, жаңа өмірге бет бұрған халықтың жаңа шежіресі басталды. Алтын Орда құлап ноғай, қазақ рулары дербесеігін алып бөлініп шығып, Ақ Орда халқының жеке мемлекет болып қалыптаса басталу тарихында да заман өз қиындығын кездестірді. Бірінші орынға елдікті,қазақ ұлтының біртұтастығын мақсат еткен қайырымды хандармен бірге, елді басып –жаншуға, өзге елдермен қазына үшін соғыстырып ел берекесін кетіруге, халықты қалың тобыр деп қана түсінетін қатігез хандар да кездесті. Осы бір аға мен іні хандық үшін жауласып,әке мен бала билік үшін араздасып, аждаханың аузындай хан тағы үшін бала әкесін,іні ағасын жұтқызып жіберіп жатқан, хандар билігі жиі-жиі ауысып, ел басына біркелкі заман орнату қиынға соққан кезеңдерде ел қамы үшін , ұлт жаны үшін тарих төріне әдебиеттің құрметті өкілдері жыраулар келген еді. Моңғол шапқыншылығының зардабы кезіндегі сопылық әдебиеттен кейін, XV ғасырдан бастап қазақ мәдениеті алға өрлеп әдебиет, музыка,ғылым саласы қайта жанданды. Осы бір кезде тарих тұғырында да, әдебиет әлемінде де елеулі орны бар жыраулар поэзиясы қалыптасты.
XV ғасырдың біріншісі жартыснда Жәнібек пен Керей хандардың қазақ хандығын құрып, қазақ деген елдің дербес өмір сүруіне байланысты осы кезеңде қазақтың төл әдебиеті, әдеби тілі қалыптаса бастады.Сонау қазақ фольклорынан бастау алып ертегі-аңыздар, жұмбақ-жаңылтпаштар, эпостық жырлар сияқты халықтың, халық ауыз әдебиетінің еншісінде ғана емес, жеке авторлық шығармалар дүниеге келді. Мұндай жыр иелерін жырау деп, олрдың жырларын толғап, халық арасында таратушылар жыршы деген атқа ие болып,әдебиетте жеке сипат ала бастады.
Осы тұста жыршы кім? Жырау кім? Жыршы мен жыраудың ақыннан айырмашылығы неде? деген сұрақтар туады.
Ең алдымен жырға келетін болсақ, «Жыр-(көне түркі тілінде «иыр»)- 1.кең мағынада поэзиялық шығармалардың жалпы атауы...2.тар мағынасында қазақ халық поэзиясындағы 7-8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры» деген анықтама «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген екен. Ал, зерттеуші Ш.Ш.Уалиханов «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» атты еңбегінде «Жыр дегеніміз рапсодия. Ал жырламақ деген етістік тақпақтап айту деген етістік тақпақтап айту дегенді білдіреді.Барлық далалық жырлар қобыздың сүйемелдеуімен тақпақтап айтылады»,-деп көрсеткен екен.....
Рефераттар
Толық

Тарих | 1986ж. ҚАРАҒАНДЫДАҒЬІ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОБЛЫСТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРІНЕ ӘСЕРІ

1986 ж. ызғарлы және қанды күнінің өткеніне биыл 20 жыл толып отыр. Сол бір күні КСРО шын мәнінде құлдырады және Қазақстан мемлекеті егемендікке бір қадам жақындады.
Желтоқсан оқиғалары туралы көп айтылып және жазылып келеді. Дегенмен, әлі де қозғалмай жатқан жайлар бар. Осы күнге дейін оның мәні мен мазмұнын, шын келбетін толығымен ашатын деректер мен құжаттар жарияланып, қалың жұртқа ұсынылмады. Сонымен қатар баспасөз беттерінде, ғылыми зерттеулер мен сұхбаттарда көбінесе Алматыда еткен оқиға талданып жүр. Ал шындап келгенде бұл оқига жалпы қазақстаңдық сипатта болған еді. Жастар наразылығы Алматыда басталып, ол Қазақстаннын көптеген аймақтарына, соның ішінде Қарағандыға да тарап кетті. Қарағандылықтар оңы сырттай бақылаушы болып қана қалмай, оған үн қосып, белсене ат салысты. Студенттер мен жұмысшы жастар алматылық құрбыларына жасалып жатқан қиянатты білсе де, тәуекелге бел буып, топтасып алаңға шықты, әділетсіздікті тыюды талап етгі. Жергілікті халық санын келімсектер әлденеше рет орап алғанына қарамастан, жалындаған жастарымыз қаймықпай, сол кездегі сыңаржақ саясатқа қарсы шықты. Алайда сол кезде облыс орталықтарында не болып жатқаны туралы ешкім жұмған аузын ашқан жоқ. Кейбіреулер сол жағдайды қозғап керегі не, ұмытсақ қайтеді дегенді айтады. Халықтар достығын нығайтып, олардың өзара түсіністігі негізінде бірлікке шақыру бізден осыны талап етеді деген сылтауды алға тастайды. Алайда бұл дәлелді себеп емес. Тарихи беттерге жүгінсек, бүтін бір халыққа жауыздық көрсетіп, онын мүддесіне қысым көрсету ешқашан ұмытылмаған. 20-шы жылдардағы әскери коммунизм, күштеп жер аудару мен ұжымдастыру, 30-шы жылдардағы қолдан жасалған аштық, 30-50-ші жылдардағы ұлттық интеллигенцияның талантты бөлігін қуғын-сүргінге ұшырату тәрізді қайғы-қасіреттердің халқымыздьщ санасынан шьиып, ұмыт болуы мұмкін емес. Қазақстан тарихында осындай кайғылы беттер өте көп. Соның бірі — ызғарлы желтоқсан оқиғасы. Мақаламыздың негізгі максаты — Желтоқсан көтерілісі Қарағандыда қалай өрбіді, оның негізгі алғышарттары мен салдары, облысымыздың қоғамдық өміріне әсері деген сұрақтарға жауап беру.....
Рефераттар
Толық

Тарих | 1985 1991» жылдар аралығындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ұйымдар

КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді.
Дағдарыстың себебі өте көп болды. Мысалы, экономикалық жағынан алғанда ғылыми-техникалық прогрестің өндіріске енгізілуі баяу етті, өнімдердің сапасына емес, санына көп көңіл бөлінді т.б.
Қоғамдық өмірде халықтың тұрмыс деңгейі күрт төмендеді, әлеуметтік мәселелерге көңіл бөлінбеді, қылмыс тым кебейді.
1985 жылы наурызда К.У. Черненко қайтыс болғаннан кейін, КОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы қызметіне М.С. Горбачев келді.

 Қайта құру бағыты

1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды ғылыми-техникалық прогресс негізінде қайта құру бағыты жарияланды. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елді жаңару бағытына бастауға міндет алды.
Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В. Гришин, Ленинградта Г.В. Романов, Қазақстанда Д.А. Қонаев, Әзірбайжанда Г. Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғы-шарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен-күнге қиындай берді.
Негізгі себептері. 80 жылдарға қарай халық шаруашылығындағы тоқыраушылық айқын көрінді. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмір де отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.
Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Мәскеуде ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендігі сөз жүзінде ғана болды.
Қазақстан партия басшысы Д. Қонаев өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д. Қонаевтың өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Д. Қонаев маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік, экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.
1985 жылғы сәуір айында Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Онда Орталық партия Комитетінің бас хатшысы М.С. Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру жөнінде шешім қабылданды. Бірақ бұл шешім тек сөз жөзінде қалды. Оны Қазақстанның партия, кеңес органдары қызметінен байқауға болады.
Тоқырау жылдарында одақтың барлық аумағында, оның ішінде Қазақстанда да басқару ісіне жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар орын алғаны белгілі. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік – экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген аутқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамында бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | 1980-1991 ж.ж. Кеңес мектебі мен педагогикасы

80-жылдардың бас кезінде жалпы алғанда халыққа білім берудің кеңестік жүйесінің және оның ішінде жалпы білім беретін мектептің дамуында басты оқиғалармен ерекшеленді. Партия “Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасының негізгі бағыттарын” (1984) дайындады. Бұл құжатта жастарды оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми негізделген тұжырымдамасы жасалынды, қазіргі жағдайда оларды өмірге және еңбекке даярлау, бірыңғай, еңбек, политехникалық мектеп туралы идея одан әрі дамыды, білім беру саласындағы партияның стратегиялық бағыты белгіленді.
Реформаның қағидаларының дамуына партия бірнеше қаулылар қабылдады, онда рефроманы іске асырудың жолдары нақтылы талданылды және білім беру органдарының мектеп басшыларының, мұғалімдердің, шығармашылық одақтардың және ұйымдардың реформаны іске асырудағы міндеттері айқындалды.
70-80-жылдары мектептің жағдайы күрт төмендеді, кризис пен тақыраудың белгілері байқала бастады. Ондай жағдай оқушылардың сабаққа деген қызығуы болмады, балалардың тәртібі мен қойылатын талап түсіп кетті, жанұяның тәрбиелік жауапкершілігі әлсіреді, мектеп еңбектен қол үзді, тәрбие жұмысындағы формализм, процент қуушылық, бағдарламалардың ғылыми негізделгендігі, шамадан тыс ауырлығы, ескі әдістер мен тәсілдер кеңінен орын алды.
Елде қалыптасқан крезисалды жағдай қоғамдық өмірдің тереңдей және шиеленісе түскен тоқырау және қолайсыз құбылыстардың негізінде қалыптасқан екі негізгі қайшылықтардың себебіне байланычты болды.
Бірінші қайшылық ерекше өскелең қоғамдық өмірдің жалпы адамға және оның ішінде мектеп оқушыларына қойылған талаптармен мектептегі тәрбие мен оқытудың ескірген мазмұнымен, түрлері мен әдістерінің арасындағы қайшылық.
Екінші қайшылық мектептің барлық өмірін ұйымдастыру сипаты мен балалардың өздерінің арасында пайда болды. Өзгеріске ұшыраған өмір мектеп оқушыларына жаңа талаптар ғана қойған жоқ, оның өзін де өзгертті. Балалардың рухани және материалдық қажеттіліктері, қызғулары артты.
Көпшілік ақпарат құралдарының дамуы балаларды жан-жақты хабардар етті. Қоғамдық өмірді демократизациялау әлеуметтік белсенділік, өздерінің азаматтық құқтарын түсіну, қоғамдық оқиғаларға қаысу, қызығуы бойынша ерікті бірігу үшін жағдайлар жасалды.....
Рефераттар
Толық

Тарих | 1980 ­90 жылдардағы тарихи роман

Мезгілі жағынан бұл дәуір әдебиеті жиырма жылдан астам уақытты қамтиды. Бірақ бұл қоғам дамуы мен ой ­ пікірдің алмасуы жағынан біртекті емес. Жеке адамға табыну саясаты сыналғаннан кейін қоғамдық ой ­ пікірде болған «жылымық» бұл тұста біраз тежеуге түсті де, идеология саласында партиялылық қайтадан бұрауын қатайтуға тырысты. Л. И. Брежнев тұсында бұл саясатты мойындаушылар қуғынға ұшырап, әдебиет пен өнердің кейбір қайреткерлері шетелге кетуге мәжбүр болды. Алайда бір адамның билеуіне құрылған қоғамның И. В. Сталин өлгеннен кейінгі жағдайы жөнделе қоймады. Социализм экономикасы құлдырауға түсті. Жамап ­ жасқауға тырысқан М. С. Горбачевтің «қайта құру» бағыты да оған пайдалы ықпал ете алмады. Мұның аяғы 90 ­ жылдардың басында КСРО ­ ның тарауына әкеліп соқты.
Жалпы алғанда, бұл дәуірде Қазақстандағы әдеби қозғалыс қарқынмен жүрді. Қаламгерлер қатары молайып, 600 ­ ге жетті. Әдебиет жанрларының барлық түрі өзінің тұрақты кадрларын дайындап, қатар, тең дамыды. Реалистік әдебиеттің беталысын танытатын проза, оның үлкен жанрлары кең көлемде өрістеді. Поэзия заманның озық идеялары мен жаңалықтарын танытуда қашанда ұшқырлық танытты. Театр репертуарын байытуда қазақ драматургтері мол үлес қосты. Әдебиеттің негізгі жанрларын байытудағы және қоғамдық ­ әлеуметтік өмірдегі белсенді қызметімен сөз өнерінің жас күштері алға шықты. Ә. Кекілбаев, С. Жүнісов, М. Мағауин, Т. Молдағалиев, Қ. Мырзалиев, Ф. Оңғарсынова, Ш. Мұртаза, Ә. Тарази, М. Шаханов, Қ. Жұмаділов, Д. Исабеков, тағы басқалардан құралған талантты топ осы кезеңде өздерінің мол творчестволық мүмкіндіктерін айқын танытты. Қазақ әдебиетінің табысы одақ және дүние жүзі көлемінде мойындалып, олардың тәуір шығармалары орыс және шетел тілдеріне аударылды.....
Рефераттар
Толық